Жеке тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнерінде эстетикалық тәрбиенің  рөлі

Егеменді Қазақстанының қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.

Еліміздің   перспективалық   бағыттарына   сәйкес   бейнелеу өнерінің   оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:

  1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;
  2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
  3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын      дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.
  4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек қызметінде қолдана білуге үйрету.
  5. Оқушылардың шығармашылық қызметтерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.
  6. Мектеп оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің атақты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.

Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсам, олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.

1.Бейнелеу өнерін орта мектепте оқыту ең бірінші жалпы білім, берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады.

Көпшілік қауым мектептегі  бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке -жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.

Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүниені тануға жәрдемдеседі, ойлауға  және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.

Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу – ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.

Өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан   жақты дамуына ықпал етеді.

Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың теориясы философия, мен эстетикаға, педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің  теориясы мен практикасына сүйенеді. Бұл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын  әдістемесінің ғыыми негізделуін қамтамасыз етеді.

Кейде мектептегі бейнелеу өнерін оқыту сыңар жақты түсініледі. Барлық ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға аударылып, білім мен оқыту екінші кезекке шығарылады. Тәрбені оқытудан бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер мектеп суретшілерді дайындамайды сондықтан, көркемдік білім беру қажет емес деп ойлайды.

2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар  эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.

Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.

Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі, талғамы және идеалы қалыптасады. Эстетиісалық тәрбие адамды игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге бастайды. Орта мектептің міндеті-эстетикалық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен эстетикалық эмоциясын тудыра отырып әсемдікке тарта отырып, шығармашылық мүмкіндік тудыра отырып, оқушылардың әсемдік талғамын тәрбиелеу болып табылады.

Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс.

Мектеп оқушысын белсенді өмірге дайындау жан -жақты білім және тәрбиемен қатар оның жеке қабілеттерін дамыту әсемдік заңдылықтары арқылы өмір сүріп, жаңаны жасауға үйренуін көздейді.

Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сүлулыққа аударып,  оларды байқауға, сезуге, қабылдауға,  сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс. Әсемдік талғам   адамның   туғанан   пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерінің мұғалімі.

Мұғалім балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын, гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы  бөяулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын қызыға түседі. Мектептегі сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре білуге үйретеді. Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.

Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін жоғары бағалаған. Ол эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздері мен салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің болмысқа деген эстетикалық көзқарасының, талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етті.
Абай «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген оймен балаларды өз халқының өнерін меңгеріп қана қоймай, басқа халықтардың да өнер-білімін, ғылымы мен тілін үйренуге шақырады. Әрбір халықтың «тілін меңгерген, өнерін білген кісі онымен бірдейлік» пікір таластыра алады, оған жалынышты болмайды, өзінің тұрақты көзқарасы, ой-пікірі болады, әрбір халықтың өнеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажырата біледі деп өз пікірін «Жиырма бесінші сөзінде» одан әрі жалғастыра түседі. Сөйтіп, ғылым мен өнердің мазмұнын, қажеттілігін талдап түсіндіре отырып, оған балаларды тартып, қызықтыруға, «барыңды салсаң да… балаң бала болсын десең – оқыт», «көкірек – көзі ашылады» деп, ғылым мен өнердің бала болашағы үшін қажет екендігіне ата-аналардың көзін жеткізуге ұмтылады.
Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген.
Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі ғұлама ағартушы идеясының, ой-пікірі мен ақыл-өсиетінің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе бүгінгі таңда, қоғамның жаңаруы, демократиялануы үрдісінде, еліміздің егемендік алып, тарих қайта құралып жатқан кезде жеткіншек ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рөлін түсінуге тиіс.
Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көп жақты. Сондықтан да оның дамуы біреуде жоғары, біреуде төмен болуы адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н.Г.Чернышевский былай дейді: «Әсемдіктің адамға ететін әсері – ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда бөлінетін жарқын қуаныш сезіміне барабар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз».
Тәрбиенің қай саласы да негізінен балаларға, жас өспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады. Жастарға эстетикалық тәрбие беруді халқымыздың дәстүрлерімен сабақтастыра жүргізе білу бүгінгі күн талабы. Осы орайда «Эстетикалық тәрбиенің мақсат-міндеттері қандай?»,  деген сұрақ туады.
Эстетикалық тәрбие – бұл өнер шығармалары және шынайы құбылыстарды эстетикалық түйсіну қабілетінің, сонымен бірге өмір жолындағы өз шығармашылық қабілетін арттырудың мақсат-бағдары, даму жолы.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіре білу.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік-құлықтылығына игі әсер ету;
• Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отыра, халықтық дәстүрлердің қыр-сырын түсінуге, табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді үйрету.
• Әдеби шығармалар, өнер құралдары арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
• Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
• Қоғамдағы, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу және оларда байқай білу қабілетін дамыту;

You May Also Like

Мектептің жаны-мұғалім, мақала

Мектептің жаны-мұғалім Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Өмірде мамандықтың түрі көп.…

Жаңартылған бағдарламаның жәй күйін жетік түсіндік пе? мақала

«Жаңартылған бағдарламаның жәй күйін жетік түсіндік пе?» Жаңа технологиялар қарыштап дамыған сайын,…

Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі, мақала

«Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі» «Мақала» Жеті жұрттың тілін біл, Жеті…

Listening as one of the most challenging skills for English learning students

Listening as one of the most challenging skills for English learning students…