«Үш тұғырлы тілді меңгеру- болашағыңның кепілі»

«Мақала»

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі  ғылым біл.

Халық даналығы.

Тәуелсіздіктің желісін көріп, өркениеттіелдердің  дамып, озық елдердің қатарына теңестіруге нық қадам басқанымызға – ширек ғасырдың жүзі болыпты.  Елбасымыз:“Жарқын болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары”. Студент жастар, мұғалім оларға қалай білім берсе, қалай тәрбиелесе –Қазақстанның болашағы солай болмақ- деп көрегенділікпен айтқан еді.

Заманның көркеюі үшін жастарымыз кәсіпкерлікпен айналысуы қажет, кәсібін көркейту үшін алыс-жақын шет елдерге шығуы қажет, ол шет елдерге шығу үшін халықаралық тіл ағылшын тілін жетік білуі қажет екеніне жалпы халықтың көзі жеткені қашан!  Осыны нұсқаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға өркениетті елдердің іс-тәжірибесін үйрену үшін, экономикамызды сыртқа шығару үшін – міндетті түрде ағылшын тілін еркін сөйлейтін деңгейде меңгеруің шарт- деп талап еткен болатын   Қазақ тілі- өзіңнің ана тілің, мемлекеттік тіл- оны білу шарт!   Орыс тілі- достық тілі оны меңгеру шарт, елбилігін сақтауға үлес қосу шарт!

Ағылшын тілі- жарқын болашаққа қадам бастыратын, өркениетті елдердің капитал жинау  тәрбиесін үйрететін, бизнесіңді дамытатын, өркениетке жеткізетін, байлыққа жол ашатын тіл- деп көрегенділікпен айтқан болатын.

Әр елдегі қазақ әр елдің тілін  меңгерсе- ол білім. Шетел тілінде сөйлесе – сол елде өмір сүріп кетуінің кепілі екендігі баршаға аян, бұл шет елде жүрген қазақтарға Н.Ә. Назарбаевтың айтқан сөзі болатын. Мысалға қытай таксистерінің ең сауатсыздары төрт тілде еркін сөйлейді екен: өз тіліне қоса ағылшын, орыс, қазақ тілдеріне еркін меңгерген. Ол бұның тіршілік етуі үшін, күнделікті табыс табуы үшін осы тілдерді білу қажетілігінен туған болатын!

Тіпті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзі « Тіпті қытайша болсада тіл үйреніңіздер, білімге тоймаңдар; артық жеген ас – адамды ауру қылады, ал артық білім -адамзаттың азығы »- деген екен.

Демек біз Елбасымыз нұсқаған Мәңгі ел болу үшін, өркениетті 30 елдің қатарына ену үшін – міндетті түрде «Заман талап еткен тіл» ағылшын тілін еркін сөйлей алатын болуымыз қажет.

Ондай жастарды, үш тілде еркін сөйлейтін жастарды, тәрбиелеп білім беру, біз, ұстаздардың, жауапты міндеті!

Тілге деген қөзқарас елге деген көзқарас…  Үш тілде еркін сөйлеу үшін көп тілділікті меңгерту  – тәуелсіз еліміздің өркениетін нығайту екендігін бүгінгі таңда жастарымыз да бүкіл халық та түсініп, Елбасымыздың осы жолдауын қолдап отыр.

Бүгінгі таңда ел қолынан басқа не мүдде болуы мүмкін?

Сондықтан ел қамын, ел болашағын ойлайтын әрбір білімді адамзат – ағылшын тілінде еркін сөйлесе, оның өз болашағы да жарқын болмақ!

Біз, ұстаздар ХХІ ғасырдың қазақ елінің шындап бағы жанатын ғасыр болуы жолында, қай жағынан да көсегесі көгерген халықтар қатарына қосылу жолында, бәріне де тәуекел етуіміз керек – ағылшын тілінде еркін сөйлеу білуге қол жеткізу үшін – еңбек ете білуіміз керек.

Егер, біз – тәуелсіз елімізді өркениеті озық елдер қатарына көргіміз келсе, өзімізде, ұрпақтарымыз да, сол қоғамда өмір сүргіміз келсе – ағылшын тілін еркін сөйлеу білуіміз қажет.

Халқының қамын ойлаған көшбасшы орға жығатын емес, өрге шығатын жол сілтейді!

Олай болса біз Н. Ә. Назарбаевтың «Көптілділік»саясатына «қолдау» көрсетуіміз қажет – себебі ол шара біз жастар үшін, біздің болашағымыз үшін, ұрпақтарымыз үшін – болашағы айқын игі шара!

ХХІ ғасыр мәдениеттің білім мен ғылымның, ақыл-ой бәсекелесінің ғасыры болмақ!  Көптілділік сауатымыз артпайынша – экономикамыздың алға өркендей алмайтынын ұғынуымыз қажет!

Нарық кезеңі – алға ұмтылған адамның құтын қашырады, ал алғырдың, көптілді меңгерген адамның несібесін асырады – деген Елбасымыз Ғылым Білім саласына да үлкен жаңалықтар енгізді!

Ағылшын тілін – бала-бақшадан бастап үйретілуін жолға қойды.

Себебі, ғылымның дәлелдеуінше 3-6 жас аралығында баланың сөйлеу қабілеті өте тез дамиды екен! 6жасар бала отбасында өзгелердің сөйлеуінен 6000 сөзді меңгеріп сөйлеп кетеді екен. Ал осы кездегі, осы жастағы балаға ағылшыншы үйретуді неге қоймасқа! Ол балаң үшін де, ата-ана үшінде өмірің үшін де – сенің жарқын болашағыңның кепілі емес пе?!

Ғылым білім саласына енген жаңаша оқыту бағдарламасында тағы бір жаңалық – мектептерде информатика, тарих, биология, физика пәндерін – ағылшын тілінде жүргізу ұсынылған.

Әрине, көптілділікті тезірек меңгерту жолын іздеген болар.

Дегенмен, ағылшын тілі маманы физикалық терминдерді жаттап алып, « 45» минутын «амалдап» өткізуі мүмкін, бірақ физика ғылымын өз пәнінің ұстазындай, яғни, физика маманындай, түсіндіре ала ма? Жеріне жеткізе ұғындыра ала ма?

Осы жағын әлі де болса ойлау қажет сияқты.. Ал физиканы жүргізетін пән мұғалімі – өтсін десек, ол енді ағылшын тілін үйреніп, еркін сөйлеп кетуіне қанша уақыт керек?

Ағылшын тілін қате сөйлеп, шәкіртке күлкі болмай ма?

Мен өзім 7 жылдан бері ағылшын тілі маманымын ұстазбын. Осы жаңашылдық ұсынысына қосар өзіндік идеям, өзіндік ұсынысым:

  1. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту – өте құптарлық іс. Мен оған қуана қосыламын. Өз пәнімде еңбек етіп еркін сөйлесем де, мен – физиканың тылсым сырларын, теорияларын, физиканың шешуі қиын есептеріне ағылшынша тарата түсіндіре алмайтынымды мойындаймын.

Олай болса: Осы оқу жылынан бастап, кезек күттірмей осы пәндердің факультеттерінде (информатика, физика, биология) енді білім алып жатқан студенттерді үш тілде, әрине ағылшын тілінде сабақ беруге әзірлесе, мүмкіндік болса шет елдерде  оқыта алса – Елбасының жолдауы нәтижелері орындалар еді! Университет қабырғасында Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде меңгеріп келген жастар, мектеп шәкірттеріне сол пәндерді еркін меңгертер еді – деген ұсынысымды өз әріптестері мақұлдайтыныма сенемін.

Білім ғылым саласына келген қарлығаштай  жаңаша әдіспе, әлемдік әдіс-тәсілдермен білім беру технологиясын қуана құптағандардың бірімін. Деңгейлік курстардан өтіп келген тәлімгерлердің сабағына кіріп, алып келген нұсқаулықтарын оқып, өзіме тәжірибе жинадым, жинаған тәжірибемді практикамда қолдана бастадым.  Сабағымда 7модульді қолдану аясында: Сыни тұрғадан ойлау әдісін көбірек қолданамын.

Әсіресе Сократтық сұрақ жауап әдісі – маған өте ұнады.

Біздің пәніміз «Тіл үйрену» «ағылшынша сөйлеуді үйрену» пәні болғандықтан сұрақты дамыта оқыту әдісі арқылы өрбітіп, сұрақ қою арқылы студенттерімнің ағылшын тілін де еркін сөйлеуіне мүмкіндік жаратудамын.

Екінші ұсынысым: Өзіміз жасап жатқан регион – аймақ Маңғыстау облысы көлемінде облыс ұстаздарының семинар сабақтарға қатысу қиындықтар туғызады – оның орнына «Онлайн сабақ» беру үлгісіне облыс көлемінде кеңесі құрылып, 9 айлық оқу мерзімінде күніне бір мұғалімнің сабақ беруіне күнтізбе жасап, тәжірибе алмассақ!- сонда бір аймақтағы, яғни мінез-құлық өзгешелігі, салт-дәстүрі бар аймақтың  Маңғыстау шәкірттеріне жаңашыл сабақ өтудің дәстүрін Онлайн сабақ беру арқылы жолға қойылса!

Үшінші ұсынысым: Ағылшын тілі оқулықтары электронды оқулықтар, видеороликтер бәрі орыс тілділер немесе Америкалық шәкірттер өмірінен алынған.

Біздің қазақ мектептеріне мүлдем ұқсамайды. Оқушылардың мінез-құлықтары, ұстазға деген дөрекіліктері, киім үлгілері, өздерін ұстауы – біздің қазақ мектептеріндегі қазақы менталитетке сай тәрбие алған, Атаға қарап өскен ұл мен, анаға қарап өскен инабатты да ізетті қыздарымыз бойына сіңіріп өскен қазақ  халқының ұл-қыздарына тән қасиет: ұстазды сыйлау, ата-ананы сыйлау, бір-бірін сыйлау, ауызбіршілікті болу, сынып бірлігі, ел бірлігін сақтау қасиетін бойына сіңірген шәкірттерге видеороликтердегі көріністер сай келмейді.

Ұсынысым: қазақ мектептеріндегі оқушылар өмірінен оқулықтар, видеороликтер, электронды оқулықтар жасалса!

Төртінші ұсынысым: Ағылшын тілі оқулығындағы жаттығу жұмыстары, тақырыптардағы мысалдар, адам аттары әңгімелер барлығы қазақ ұлтының салт-дәстүріне негізделіп оқулық жасақталса.Біз қазақ өмірін, қазақ салт-дәстүрін ағылшын тілінде  баяндасақ. Оқулықтағы адам аттары да қазақы есімдер мен бейнеленсе. Сонда біз Ағылшынша сөйлейтін қазақтар болар едік – деп өзімнің төрт ұсынысымды әріптестерім де, ата-аналар да, шәкірттер де қолдайтынына сенемін!

Тілегім: өміріңіз көркейсін де, жайнасын! Ұл-қыздарын, ағылшынша сайрасын! Қазақ елі – Мәңгілік ел атанып, Елдігімді – бірлігіміз қолдасын!-деп ұстаздық тілегімді жолдаймын.

You May Also Like

Ұстаз мәртебесі, мақала

Мен қазіргі заман педагогімін, мақала

Жаңартылған білім беру –заманауи қажеттілік, мақала

«Жаңартылған білім беру –заманауи қажеттілік» ХХІ ғасырда, бүкіл ғаламдану заманында, соның ішінде…

Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының ерлік жолына тағзым, үздік мақала

«Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының ерлік жолына тағзым»  Туады ерлер ел…