Мектептің жаны-мұғалім

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.

Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнаақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…Ұстаз —  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі ниет  иесі. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

Нағыз ұстаз болу – бақыт, әрі абырой. Шындығында мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім»,- деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

Мектеп – жас ұрпақтың нәр алатын бастауы болса, мұғалім – тәуелсіздікке тірек болар сол бастаудың басты тұлғасы. Бүгінгідей зымыраған уақыт көшіне ілесу кез-келген ортада бәсекеге қабілетті болу, білім мен ғылым жетістіктерін меңгермей мүмкін емес. Рухани өрісі биік, ұлттық құндылықтарды ұлықтай білетін азамат тәрбиелеу, ұстаздардың, яғни, біздердің қолымызда.«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деп елбасы Н.Назарбаев ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеді. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Менің түсінігімдегі қазіргі ұстаз қандай болуы керек? Ұстаз – жауапкершілігі мол, заман талабына сай, жаңа технологияларды меңгерген, оқушының жанын баурап алатындай, яғни, «жанам деген жүрекке от беретін» тұлға болуы керек.

Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Ол кісінің қайсар мінезі, жауапкершілігі, ақжарқын пейілі, қызметіне деген адалдығы жас мамандар, яғни, біздер үшін үлгі болары анық. Әйгілі жазушы Ғ.Мүсірепов «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім» демекші Ғалия Мырзағұлқызы өз оқушыларын шыншылдық пен батылдыққа тәрбиелеп жүрген жан. Менің ұстаздық жолымда Ғалия Мырзағұлқызынан үйренгенімнен үйренерім көп.

Мен мамандығымды сүйемін! Өз мамандығын жақсы көрген жан әрқашан да жетістікке жетері даусыз. Алдыңғы буын ұстаздарымды үлгі етіп, болашаққа қадам басып, шәкірт тәрбиелесем еткен еңбек пен төккен терімнің зая кетпегені деп білемін.

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұлы қызметімді абыроймен алып жүру менің борышым!

You May Also Like

ӘБУ НАСЫР ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ, мақала

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ, мақала

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ Орта…

Жаһанданудағы ағылшын тілі, мақала

                                       ЖАҺАНДАНУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ  Аннотация Бұл баяндама қазіргі  жаһандану дәуіріндегі қазіргі замандағы…

Құдайберген Әлсейітов ақын ұрпақтары, мақала