БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ

Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек  және мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс .Оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет» – деп Елбасы  бүгінгі күні ұлттық білім беру саласына  өте жоғары талап қойып отыр. Біздегі  жалпыға бірдей орта білім беру жүйесі мектеп түлектері  өз білімдерін әлемдік оқу орындарында  әрі қарай кедергісіз жалғастырып әкететіндей дәрежеде бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуға тиіс. Өзгермелі заманда қоғамға бәсекелестікке қабілетті, дарынды да ізденгіш жастарды тәрбиелеу – кезек күттірмес мәселелерді бірі. Осы мақсатта елімізде жүргізіліп жатқан жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесі енгізілді. Бағдарламаның «Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтармен көрініс табуы да ұлттық кодты сақтауда ұлттық сананың, ұлттық руханилықтың кемелденген көрінісі. [1, 13]

Қазақстан Республикасының  тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып егемендік алуына орай қоғамды демократияландыруда,  ізгілендіруде  жас жеткіншектерді заман  талабына сай  жаңарту  бағдарламасы негізіне сай оқытудың маңызы да, мәні де зор. Қазіргі  кезеңде егемен еліміздің жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы озық көзқарас негізінде жан-жақты, жарасымды дамыған, қоғамдық саяси белсенділігі жоғары интеллектуалды адамдар етіп тәрбиелеу үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарының тәрбиелік сапасына аса көңіл бөлуді қажет етеді.Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, адам баласының заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдылықтарын тану нәтижесі. Білім – қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс – әрекет  жеке  тұлғаны  қалыптастырады.  [2, 9]

Жаңартылған бағдарламаны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие беруге, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.Нәтижесінде: – оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді,  жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады,  бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді,  жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді, ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.[3, 17]

Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты мақсаты мен ерекшелігі неде? Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың  әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топпенжұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Сондықтан да Қазақстандағы білім беру жүйесіне енген жаңартылған білім беру  бағдарламасы  өзіне тән ерекшелігі бар тың бағдарлама.Оның ерекшелігінің бірі – пән мазмұнының спиральды берілуі.Спиральділік қағидаты бойынша  құрылған  білім  беру

бағдарламасы  Джером Брунердің 1960 жылы шыққан «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде қарастырылып танымдық теорияға негізделеді. Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда 7 модуль негізге алынады.Қазіргі оқытуда мұғалім мәселе қояды,ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді.

Бүгінгі  білім беру  мазмұнын  жаңарту жағдайында тіл мен әдебиет пәнін оқыту жүйесі жылдан жылға жаңа сипат алып келеді.Бұл өзгерістер уақыт талабынан туындаған, жылдар бойы қалыптасқан жүйені қоғамның қарыштап даму талаптарына сәйкес бейімдейтін үдеріс болып табылады.Бүгінгі мектепте оқушы ақпаратты өте көп біліп меңгергенімен, оны қолдану және оны өз қажетіне жаратуға келгенде қиналатыны сөзсіз.

Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы туралы жиі айтылып, әсіресе, тілдік дағдыларды дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып жүр. Мектеп мұғалімдері оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында оқу жылдары бойы белсенді жұмыс жасағанымен, өкінішке орай сауатты жазу мәселесі орыс сыныптарында қиындықпен игертіледі.[ 4, 3]

Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту барысында көркем шығармалар мен мәтіндер арқылы оқушыларға ұлттық құндылықтар меңгертіледі. Әдеби, тарихи деректемелер,өлең, жырлар, мақал – мәтелдер ,аңыздар оқытылады.Оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда тиімді әдістер, пікірсайыстар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, ойындар, этикалық жағдаяттар ұсынылады. Сонымен қатар, ұлтжандылыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа тәрбиелеудің қайнар    көзі  әдеби  мағлұматтар  екені белгілі.Сол арқылы ұлттық құндылықтарды игерген, рухани бай, өресі жоғары, рухы мықты, білімді тұлға қалыптастыруға болады.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылар өз әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық тәсілдер арқылы тіл туралы, ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйренеді. Жаттығулардыорындау барысында грамматикалық жұмыстар орындайды. Жаттығулардың құрамымен танысып, өз бетімен әңгіме құрастырады. Өткен тақырып пен  жаңа тақырыпты байланыстырып, түрлендірілген жаттығу құрастырады. Интербелсенді әдістер қолданылады.Жаттығуларды орындауда критериалды бағалау жүзеге асырылады. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған бірақ оқушы үшін жаңа болып табылатын грамматикалық  проблеманы шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен шұғылданады. Осы бағытта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өтілген «Ең жақсы мамандық» тақырыбындағы білімді бекіту сабағында олардың белсенділігін  арттыру және оқу қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі сұрақтар қойылып жұптық, деңгейлік, топтық, шығармашылық тапсырмалар қолданылынып, интерактивті әдіс-тәсілдермен жүргізілді.

Екінші ерекшелігі – Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс -әрекет етеді.

Үшінші ерекшелігі – оқу мазмұнының ұзақ мерзімдіорта мерзімді,қысқа мерзімді құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.

Төртінші ерекшелігі – сабақтың мақсаты бойынша оқытуда оқушылардың тәрбиелік әлеуетінің арттырылуы, олардың бойында адамгершілік – рухани қасиеттердің қалыптастырылуы.

Бесінші ерекшелігі – оқытылып отырған білімнің уақыт талабына сай келуі.

Алтыншы ерекшелігі – қойылатын мақсат пен күтілетін нәтиженің бір –бірімен озара тығыз байланысты болуы.

Жетінші ерекшелігі – әр сабақтағы оқушылардаң алған білімдерінің  бағалануы, деңгейі, нәтижесі және оны өмірде қолдана алуы.Оқушыларға тапсырмамен бірге бағалау критерийлері беріледі, нәтижесінде әр оқушы өзінің  дайындығы арқылы  сабақтағы жетістік критерийін болжап біліп отырады. Оқушылар қойылған мақсат бойынша үй тапсырмасының берілген дискрипторы бойынша орындап, нәтижеге жетеді. Бағалау-оқыту нәтижесін анықтау мақсатында қолданылатын тәсіл.Берілген материалды меңгеру немесе меңгермеу фактісімен қатар, себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі.Бағалау ― оқыту үшін бағалау (формативті бағалау) әр сабақ кезінде,сабақ үстінде,оқушының барлық іс- әрекеті, ойлауы, түсінігі,тәртібі де бағаланады. Оқытуды бағалау (суммативті бағалау) белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, тесттер, тоқсандық, қорытынды жиынтық баға өлшемі. Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану деген заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері), дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады.[5,2]

Сабақтың қорытындысын жасау кезінде оқушылар синквейн стратегиясы бойынша бес жолдық тапсырма орындайды, топ жетекшілері бір-бірінің жұмысын бағалау парағына балдық жүйемен бағалайды. Сабақтың соңында рефлексия жүргізіледі. Сонымен қатар, оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат – міндеттерін меңгерту мүмкіндіктері туралы қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден – бір жол. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін,  өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

You May Also Like

Қазақ әдебиеті пәнін оқу мен оқытуда 3D анимациялық сюжеттік тапсырмалар құраудың практикалық маңыздылығы, мақала

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА 3 D АНИМАЦИЯЛЫҚ СЮЖЕТТІК ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАУДЫҢ…

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.   Слайд 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын…

Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ата-ананың рөлі, мақала

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы мен мәні. мақала

Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы мен мәні. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен…