ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА 3 D АНИМАЦИЯЛЫҚ СЮЖЕТТІК ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу біз үшін маңызды іс болып отыр. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде оқушыларды жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.

 Қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы жаңа тәсілдерді 3D Эксплейнер Видео үлгісімен оқытуда осы уақыт аралығында жаңа технологиямен оқушыларды оқытып алғашқы тәжірибиені аяқтағанша жүргіздім.

Ал қазір қазақ әдебиеті пәнін оқу мен оқытуда және  сыныптарда мәтінмен  жұмыс жасап жатырмын осы орайда әріптестеріме озық педагогикалық  тәжірбие ретінде осындай ғылыми мақаланы сіздерге ұсынып отырмын.

Оқу мен оқытуда мұғалім сабақтың табысты және нәтижелі өтуінің режиссері болып табылады. 3D Эксплейнер Видеоны пайдалана отырып қазақ әдебиеті пәнінен қосымша инновациялық әдіс ретінде жоспар бойынша қызықты мәтіндерді ықпалдастыра отырып, оқушыларыма қызықты 3  D видео жасап оқушылардың танымдық тұрғыдан оқытып нәтижеге жетіп жүрмін.

Үлгісін әріптестеріме ұсынып отырмын.

2-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі

Бағдарламаны ашып танысып шығасыз, өзіңіңізге қатысты ұнайтын шаблондарды таңдап қазақ әдебиет  пәні бойынша мәтінге қатысты  оқытуға немесе сабақ тақырыбын ашатын қызықты кейіпкерлерді таңдап алып, создать деген батырманы басасыз.

4-зерттеу 3D Эксплейнер Видеоны жасау үлгісі

Өзіңіздің сабақ тақырыбын ашатын тақырыпқа байланысты анимациялық сериал жасай аласыз. Мысалы: мен мәтінмен жұмыс жасауда және  оқуда әлемді дүниені тануды адамның жақсы қасиеттерімен байланыстырып оқытуға сізде үлкен мүмкіндік бар. Осы шаблондардан 7-8  шаблон таңдап аласыз және соңында вставить батырмасын басасыз. Мысалы мен «Өгіз бен бақа»  деген мәтін бойынша қызықты бір оқиға таңдап алдымда өзімнің шығармашылық идеямды қосып үлгі жасадым.

Бағдарламаны ашып танысып шығасыз, өзіңіңізге қатысты ұнайтын шаблондарды таңдап мысалы, қазақ әдебиеті пәні бойынша, немесе өзіңіздің тақырыпты ашатын анимациялық видеоға салуға және оқытуға болады. Немесе сабақ тақырыбын ашатын қызықты кейіпкерлерді таңдап алып, создать деген батырманы басасыз.

Осындай өзіңіздің қолыңызбен жасалған инновациялық идея видео сабақтарды немесе танымдық анимациялық сабақтар яғни, халық педагогикасы элементтері бар тапсырмалар, қазақ әдебиеті  пәнінен  оқушыларға өте қызық. Оларға бұл бір жағынан инновациялық оқыту барысында осындай анимациялық мултьсериал сияқты тапсырмалар арқылы, оқушыларға миға шабуыл тәсілін қолдана отырып, оқушының назарын аударту арқылы оқыту болып табылады.

А. Байтұрсынов мысалдары бойынша анимациялы сюжетті жасағандағы мақсатым – оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту. «Неге тыңдалым дағдысы?» деген сұрақ тууы мүмкін. Оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны да (айтылым,  жазылым,оқылым) дамыта алады. Яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасайды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша да, ауызша  да жеткізе алады.

Бір анимациялы бейнефильмді жасауға көп уақыт кеткеніне қарамастан, жасаған дүнием, анимациялы бейнефильмдерім, орамдылығымен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленді.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша, белгілі бір тақырыпқа жоспар құрып осындай видео жасап мәтінін көруге жібере аласыз, ішіне тапсырмаларда құрып. Бұл сізге тек шабыт қана әкелмейді. Білім алып отырған оқушыларыңызды танымдық тұрғыдан дамытады.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы тәрбиелік мәні бар мәтіндермен жұмыс жасаудың инновациялық тәсілдеріне қосымша акт құралдармен жұмыс жасау көрінісі жатады.

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

Қазақ әдебиеті пәнін жалпы  оқытудың мақсаты – білім алушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. Білім алушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ, ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының (газет-журналдар, т.б.) материалдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады.

Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің тақырыптық және тілдік ортақтығы арасындағы өзара байланыстың күшейтілуі арқылы білім алушылардың қазақ тілінің түрлі стильдерін бір оқу бағдарламасы аясында меңгеруіне ықпал етеді.         Мысалы біз қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы тәрбиелік мәні бар мәтіндермен жұмыс жасауда, әр тарау тақырыбынан басқа тағы  бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес берілген қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармалары да қамтылған. Атап айтсақ, Б.Қыдырбекұлының «Теміржолшы», Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды», Қ.Мырза Әлінің «Аралым» және т.б. Әдетте базалық білім V-IX сыныптарда әдебиетті қазақ тілімен бірге пән ретінде оқудан басталады. Онда әдеби шығарманың мәтінін оқып үйрену, талдау, жинақтау жұмыстары жүргізіледі. Көркем шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес болады.  X-XI сыныптарда білімнің міндеті күрделеніп, оқушының жұмысты талдау, эстетикалық қабылдау мүмкіндігі артады. Шығарманы талдауға, бағалауға қажетті білім, білік, икем-дағдылары қалыптастырылады.

Мен үнемі ізденісте жүретін, үйрене жүріп тәжірибе жинақтаған мұғаліммін. Осы орайда, мен қазақ тілі мен қазақ әдебиетіндегі мәтіндерді  оқытудағы өз инновациялық  іс-тәжірибеммен бөліскенді жөн көріп отырмын.

Жалпы сыныптардың қазақ әдебиеті пәні бойынша мәтіндердегі тәрбиелік мәнді ұғындыруда  мен көркем шығарма бойынша жасалынған түрлі фильмдерді көру, тыңдау, әңгіме желісі бойынша сөйлеу, өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылатындығын тәжірибие барысынан көрсете аламын. Мектеп бағдарламасындағы мәтіндерді қолдануда шығармалар бойынша түсірілген қазақша мультфильмдер, диафильмдер т.б. аз екені белгілі.

Бірақ ізденіс бар адам табады. Мен үнемі мәтіндермен жұмыс жасағанда оқушылардың ой-танымын кеңейту, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасау,  олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында А.Байтұрсынов мысалдары  («Өгіз бен бақа», «Екі шыбын», «Айна мен маймыл», «Қара бұлт», «Маймыл  мен көзілдірік»)  және Ы.Алтынсарин әңгімелері бойынша («Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Асыл шөп») тақырыптарына арналған мәтіндермен жұмыс жасауда, анимациялы бейнефильмдерді қолдана отырып, мәтіндерді жандандырып талдап тәрбиелік мәнін тереңдете түсуге тырысамын.

А. Байтұрсынов мысалдары бойынша мәтіндерге анимациялы мультфильмді қолдану арқылы – оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту. «Неге тыңдалым дағдысы?» деген сұрақ тууы мүмкін. Оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны да (айтылым,жазылым,оқылым) дамыта алады. Яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасайды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша да, ауызша  да жеткізе алады.

Қазақ әдебиеті пәнінен мәтіндердің тәрбиелік мағынасын ұғындыруда анимациялы мультфильмдер оқушыларға тың идея тастап, олардың  көркем ойлауына, өзіндік ой қорытуына, қызығушылықтарының артуына оң  ықпалын тигізеді. Факультативтік сабақтарда, сыныптан тыс оқуда да пайдалану өте тиімді.

Қазіргі білім беру саласындағы басты мақсаттардың бірі – ақпараттық технологиялық құралдарда құзіреттілігін таныта білетін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін ұстаз АКТ-ны   жетік меңгеруі керек.

Мен АКТ-ны сыныпта мұғалімге оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді құрал ретінде қолданамын. Тәжірибемнен байқағаным, АКТ-ны  барлық оқушыларды қатыстыруды, қамтуды болжамдайтын оқу әдісі ретінде қолдану өте тиімді екен. 

Өзімнің тәжірибе барысында мәтінмен жұмыс жасау барысында сабақты, тақырыпты меңгерту процесін жеңілдету, көрнекті түрде көрсету құралы қажеттігіне көзім жетті. Жоғарыда айтқанымдай, әдебиет сабағынан көрнекі құралдар аз, Қол қусырып қарап отыруға болмайды, тығырықтан шығатын жол іздестірдім. Мәтінмен жұмыс жасаудың бір жаңашылдығын тапқым келді.

Дидактикалық-иллюстративтік материал дайындадым. Жасаған иллюстрациялық материалдарым оң нәтижені көрсетті. Оқушылар иллюстрациялық дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, сауатты, ұтымды сөйлеуге, қиялдай, болжам жасай алуға төселді. Көркем ойлауға дағдыланды. Мәтіндермен жұмыс жасауда, оқушылардың тәрбиелік жағынан және ойлау жағынанда дағдылары шынайы түрде қалыптасты.

«Саятшы Ораз»
«Күй»

          Қорыта келе айтарым, әр мұғалім  – өз сабағының режиссеры. Ал әр сабақ – бір әлем. Оқушының асыл сөздің тұнығына мейірін қандыру мұғалім шеберлігіне байланысты.   Менің ойымша, әр  мұғалім  ізденіп, әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, мақсатына сай қолдана білсе, халықтың рухани байлығы – әдебиетін жан-жақты игертуге зор мүмкіндік алады.

You May Also Like

Мотивациясы төмен оқушымен жұмыс жоспары, мақала

Мотивациясы төмен оқушымен жұмыс жоспары. Білімінде олқылықтар байқалатын тақырыптар:   1Мәнерлеп оқу; 2.Шапшаңдыққа…

Тұлғаның семантикалық моделі, мақала

Тұлғаның семантикалық моделі Психологияда тұлғаға өте көп анықтама берілген. Біз –бұл қиын,…

Использование дидактических игр на уроках в начальной школе

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ДИДАКТИЧЕСКИХ ИГР НА УРОКАХ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ  «Без игры нет, и…

Мамандық таңдау – жауапты іс, мақала

Мамандық таңдау – жауапты іс Мамандық таңдау әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің…