Мотивациясы төмен оқушымен жұмыс жоспары.

Білімінде олқылықтар байқалатын тақырыптар: 

 1Мәнерлеп оқу;

2.Шапшаңдыққа оқу;

  1. Оқылған мәтіннің мазмұнын жеткізу;

4.Сурет бойынша әңгіме құрау;

  1. Шығарма жазып үйрену; 

Олқылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізу 

Тақырып және жұмыс түрі күні
1 Өлеңдерді, мәтіндерді мәнерлеп оқуға үйрету  
2 Дауыс ырғағына, тыныс белгілеріне көңіл бөлдіру.  
3 Күнделікті сабақта шапшаң оқуға уақыт бөлінеді  
4 Қосымша шапшаң оқуға көңіл бөлу. Хрестаматия кітабы, кіапханадан алынған кітаптары қолданылады.Үйге күнде оқуға беріледі.  
5 Сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрату  
6 Әңгімелерінің дұрыс құралуына көңіл бөлу  
7 Әртүрлі тақырыптарда шығармалар жазып үйрену  
8 Шығармаға жоспар құрап үйрену  
9 Сөйлемдерін жүйелі түрде дұрыс құрай білуге үйрету  
10 «Менің досым» тақырыбына шығарма жазу  
11 Шығармаларын талдау. Қатемен жұмыс
12 Ертегі оқыту.  
13 Оқыған кітаптарының мазмұнын айтқызу  
14 Мақал-мәтел жаттау  
15 Әр оқушыға өлеңді мәнерлеп оқуға уақыт беру, оқығандарын өздері оқушылар бағалайды  
16 Сурет бойынша әңгіме құрату  
17 Шапшаңдыққа оқыту.  
18 Шығарма жазу «Менің жетістігім»  
19 «Бұл қандай әңгіме?» ойыны  
20 Жеткен жетістіктері жайлы әңгімелеу  

Білімінде олқылықтар байқалатын тақырыптар:

1.Бір таңбалы екі таңбалы сандар нумерациясы

2.бір таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу және азайту

3.Бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу

4.Сөзді есептерді түсіну және шығара білу

Олқылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізу 

Тақырып және жұмыс түрі күні
1 Жаңа сандар бірлігі – ондықтардың құрылуы. Разрядтар және кластарға жіктеу  
2 Бір және екі таңбалы сандарды қосу және азайту  
3 Бір және екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту  
4 Нөлден аяқталатын сандарға қосу және азайту  
5 Ондықтан аттап өту арқылы қосу және азайту  
6 Сандардың көршілерін табу  
7 Сандық сәуледегі санның орнын анықтау  
8 Масса, ұзындық, уақыт өлшем бірліктері  
9 Белгісіз қосылғышты табу  
10 Белгісіз азайтқышты табу  
11 Теңдеуді шешу  
12 Сөзді есептерді шыңару  
13 Сандарды салыстыру  
14 Көбейту кестесін үйрену
15 Көбейту кестесін үйрену  
16 Бөлуге есептер шығару  
17 Бөлуге арналған есептер шығару  
18 Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері  
19 Тест жұмысы  
20 Жеткен жетістіктері. Қорытынды сабақ  

Білімінде олқылықтар байқалатын тақырыптар: 

1.Дыбыс және әріп. Дыбыстық талдау

2.Сөз тіркесі. Сөйлем және сөйлем мүшелері

3.Сөз және оның мағынасы

4.Сөз таптары . Сөз таптарына ажырату

5.Сөз құрамына талдау

  1. Көркем жазу
  2. Диктант жазу

Олқылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізу 

Тақырып және жұмыс түрі күні
1 Буын үндестігі және дыбыс үндестігі  
2 Дыбыстық талдау жасау  
3 Әртүрлі тақырыпта мәтін құрастыру  
4 Сөздерді дұрыс буынға бөлу  
5 Сөздерді дұрыс тасымалдау  
6 И,Й әріптерінің жазылуы  
7 Я әріпінің жазылуы  
8 Қосарлы дыбыстардың айтылуы және жазылуы  
9 Н және ң әріптерінің емілесі  
10 Диктант жазу  
11 Біріккен сөздер, олардың жазылуы  
12 Қос сөздер түрлері  
13 Зат есім.  
14 Сан есім  
15 Сын есім.  
16 Етістік  
17 Сөз таптарын қайталау  
18 Шағарма жазып үйренеміз  
19 Мазмұндама жазып үйренеміз  
20 Жеткен жетістік. қорытынды сабақ  

Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жүргізу бағдарламасы

1.Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау мақсатында тест сауалнамаларын өткізу.

2.Оқушыларды жұмысқа психологиялық тұрғыдан дайындау.

3.Ата-аналармен кеңесу.

4.Білімдерінде кеткен олқылықтарын анықтау мақсатында жұмыс жүргізу.

5.Олқылықтарды жою үшін жеке сабақтар өткізу.

6.Сабақ үстінде жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

7.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту үшін психологиялық тренингтер өткізу.

8.Тексеру жұмыстарын өткізу.

9.Тоқсандық бағаларын қадағалау.

10.Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас ұйымдастыру.

11.Нәтиже жұмыстарын өткізу.

Мотивациясы төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспары 

Мақсаты:

Оқушының жеке дамуының жетістігіне жағдай жасау

Міндеттері:

  • Диагностика (олқылықтардың себебін анықтау)
  • Үлгерімі төмен оқушылардың пәнге қызығушылығын сабақтан тыс уақытта еліктіру
  • Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастыру
  • Сынып кабинетінде базалық деңгейдегі картотекалық материалдарды жинақтау

Күтілетін нәтиже:

  • Пәнге қызығушылығының артуы
  • Оқушының шығармашылық қабілетінің артуы
  • Үлгерімі төмен оқушылардың өзін – өзі бағалауының көтерілуі
  • Повышение самооценки у слабоуспевающих детей
Мүмкін болған кемшіліктер бойынша үй тапсырмаларын орындауға жұмыс беру
Үйге тапсырма беруде қиындық туғызатын тапсырмаларға  қайталау жұмыстарын орындау арқылы дағдыларын қалыптастыру
Үй тапсырмаларын орындау ережелерімен таныстыру, ереженің орындалуын қадағалау

 

Оқушыларға қиындықтар  туғызбас үшін үй  тапсыр -масын беруде басқа да пән мұғалімдерімен байланыс жасау

 

Оқушы жұмысының мүмкін болған қателіктерін анықтауда өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру
Өз бетінше жұмыс жасауда деңгейлік тапсырмаларды қолдану, оңай жаттығудан күрделірекке өту арқылы білімділігін арттыру
Жұмыс орындауда нұсқау беру. Өздік жұмыс орындауда қиын болған сұрақтарды мұғаліммен бірге шешу
Оқушылар жұмысына жан-жақты көмек оқушының өз бетінше білім алуында бірізділікті қалыптастыру

Мотивациясы төмен оқушыларға көмек көрсету жұмысы бойынша тиімді шаралар жүйесі 

  1. Оқу іс- әрекетін жоспарлауда көмек көрсету (біліміндегі олқылықтарды жою үшін  орындау және қайталау тапсырмалар минимумын жоспарлау, талдау бойынша оқу іс-әрекетін алгоритмдеу және тән қателерді  жою, т.б.)
  2. Оқу іс- әрекеті барысында қосымша нұсқаулық жүргізу.
  3. Оқу іс- әрекетін көтермелеу сыйақы, табыс жағдаятын құру, белсенді еңбекке баулу және т.б.
  4. Оқу іс- әрекетін бақылау, оқу іс- әрекетіндегі өздік бақылауды безендіру және т.б.
  5. Өздік көмек көрсетудің алуан түрлері.
  6. Мұғалімнің оқушымен жеке сабақтары.

Сабақ үстінде үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсету.

Сабақ кезеңдері Оқу барысында көмек берудің алуан түрлері
Оқушының дайындығын бақылау үрдісі Сауалнама кезінде оқушы мен мұғалім арасында ерекше қарым-қатынас орнату. Тақта алдында тұрып, сабақты қайталауына мүмкіндік бере отырып, сауалнаманың өткізілу барысын баяулату. Оқушыға дұрыс жауап жоспарының үлгісін ұсыну.Баға арқылы оқушыны мақтап, сергіту.

 

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру Оқушының оқу материалын түсіну дәрежесінің көрсеткіші болып табылатын оқу материалын меңгеруге деген қызығушылығын қолдау шараларын қолдану. Көмекші тапсырмалар беру.Өз ұсыныстарын айтуға, қорытынды жасауға баулу.

 

 

Сабақта  өздік жұмыс атқару барысы Үй тапсырмасын деңгейлеп беру. Алдында орындалған тапсырмаға ұқсас тапсырма беру. Орындалу  әдіс- тәсілдерін естеріне түсіру. Өздік жұмысын ұйымдастыру. Қателерін көрсетіп, түзету.

 

 

Өздік жұмысын ұйымдастыру Үлгерімі төмен оқушыларға шамасы келетіндей тапсырмалар жүйесін таңдау. Тапсырманың орындалу барысын  оқушыларға жеткілікті  тілмен түсіндіру. Кездесетін қиындықтарды айтып, кеңес-кеспелерді қолдану арқылы іс-әрекетке бағыттау.

 

 

Мотивациясы жоғары оқушымен жұмыс жоспары.

Мотивациясы жоғары оқушыларға қойылатын талаптар

1-2 сынып

. 1.Шағын әңгіме, шығарма жаза бастайды;

. 2.8-9 өлеңді жатқа айту;

. 3.Ауыз әдебиеті үлгілерін (шешендік сөз, мақал-мәтел, жұмбақ) меңгере бастау;

. 4. Жарыстарға қатысу;

.5. Логикалық есептерді шығара білу;

3-4 сынып

. 1. Тереңдетілген бағдарлама негізінде білім деңгейі сараланады.

.2. Оқушылар қосымша оқулықтармен жұмыс істейді.

. 3. Өтілген тақыраптар бойынша әңгіме, эссе жазу.

. 4. Шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді. (альбом, дидактикалық материалдар)

. 5. Сөйлем талдаудың кешенді жолдарын меңгереді.

. 6. 8-10 шешендік сөзді жатқа айтады.

  1. Қар сөздерді жатқа білу.

Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс

  1. Мектепішілік, аудандық байқауларға қатысу.
  2. Мектепішілік мәнерлеп оқуларға қатысу.
  3. Мектепішілік сайыстарға қатысу.
  4. Мектепішілік олимпиадаларға қатысу.
  5. Абай оқуларына қатысуға дайындалу.
  6. Мағжан оқуларына қатысуға дайындалу.
  7. Махамбет оқуларына қатысуға дайындалу.
  8. Шығармашылық жұмыстарға белсене қатысу.
  9. Сурет көрмелеріне қатысу.
  • Өлеңдер жазу.
  • Ғылыми жұмыстар жазу.
  • Логикалық есептер шығару

Қазіргі заман талабына сай көп тілді меңгерген, білімге талпынған, шығармашылық ойлау қабілеті жетілген мотивациясы жоғары балаларды оқыту және тәрбиелеу.

. Жалпы білім беретін мектептің алдындағы басты міндет – әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын айқындау және дамыту.

. Білім беру әртүрлі әдістермен, оның ішінде ғылыми іздену қызметімен ұштасады.

Менің басты міндетім:

. 1.Оқушының жеке ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу;

. 2.Шығармашылық ғылыми ізденіске оқушының өзіндік интеллектісінің дамуын назарда ұстау;

. 3. Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру;

. 4.Жеке тапсырмаларды қабілетіне қарай таңдату;

. 5. Аталған тақырыпты ашуға оқушыға қосымша материалдарды табу көздерін айту;

. 6. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландырып, шешендік сөз саптауға үйрету;

. 7. Қазақ тілі мен әдебиет пәніне оқушылардың іздемпаздығын шығармашылық қабілеттерін дамыту;

. 8. Оқушының білім деңгейін көтеріп, қызығушылығын арттыру;

. 9. Оқушылардың өзіндік жұмыс жасауға белсенділігін шыңдау;

. Осы мақсатпен оқушыларға әртүрлі баяндама, очерк, мақала, шығарма, эссе, әңгіме, реферат, ғылыми жұмыстар орындатамын.

Мотивациясы жоғары балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру түрлері

. 1.Қабілетті балалардың жеке ерекшеліктері мен икемділіктерін дамыту үшін әртүрлі тестілер мен анкеталарды тиімді пайдалану.

. 2. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу және оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын назарда ұстау.

. 3. Қабілетті оқушылардың білім деңгейін педагогикалық-психологиялық арнайы әдістемелер бойынша жүйелі тексеріп отыру.

. 4. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін ғылыми конференцияларға, семинарларға олимпиадаларға оқушылармен дайындық жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру.

. Жақсы нәтижелерге жету үшін қолданбалы курстар, элективті куртік сабақтардың, ғылыми жұмыстардың маңызы зор. Оқу жылының соңында осы курстардан алған білімдерін қорғаулары да өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс жоспары 

Жұм ыс түрлері күні уақыты
1 Дарынды балаларды анықтау, шығармашылық жұмыстарын айқындау қыркүйек-қазан
2 Дарынды балаларман жұмыс жасаудың жоспарын құру қыркүйек-қазан
3 Математика және логиканы дамытуға жаттығулар Дүйсенбі
4 Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, тіл байлықтарын дамыту Сейсенбі
5 Шығарма, мазмұндама, эссе жазуға жаттығу Сәрсенбі
6 Өлеңдер жаттату

 

Бейсенбі
7 Мектепішілік байқауларға қатысу

 

Жұма

Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс жоспары 4сынып

Ай Апта Бағыт
Олимпиада ОҒҚ Сайыстар
Қыркүйек 1-2 Мотивациясы жоғары оқушыларды байқап, жұмыстың бағытын анықтау
3-4 Оқушылардың математика,қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын анықтау Оқушылардың ғылымға деген қабілетін анықтау «Мәнерлеп оқу» сайысына қатысу,шығарма жазу (тілдер апталығында)
Қазан 1-2 Олимпиадаға қойылатын талаптармен таныстыру Ғылыми жобаға қойылатын талаптармен таныстыру «Ақ бота»
3-4 Математика ,қазақ тілінен тапсырмаларды жазбаша түрде орындау Ғылыми  жоба туралы жалпы мәлімет
Қараша 1-2 Кітапханаға барып қосымша математикадан,қазақ тілінен  мәліметтер жинау Ғылыми  жоба түрлері «Кенгуру»
3-4 Мектепшілік олимпиадаларға қатысу Жоба мәтіннің құрылымы Мектепішілік олимпиадаларға қатысу
Желтоқсан 1-2 Қалалық олимпиадаларға қатысу Ғылыми жұмыстарының тақырыптарын таңдау Мектепішілік ғылыми жобалар сайысына қатысу
3-4 Математика ,қазақ тілінен тапсырмаларды жазбаша түрде орындау Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру Қашықтықтағы олимпиадаларға қатыстыру
Қаңтар 1-2 Өздігінен жұмыс жасату Әдебиеттермен жұмыс
3-4 Тесттер Деректерді жинау, тәжірибе жоспарын құрастыру
Ақпан 1-2 Логикалық тапсырмалар орындату Тәжірибе жасау, зерттеу ұйымдастыру
3-4 Диктант,шығармалар жазу Зерттеу жасау
Наурыз 1-2 Тесттер Зерттеу жасау Аудандық олимпиадаларға қатысу
3-4 Қосымша әдебиеттермен жұмыс Зерттеу нәтижелерін анықтау
Сәуір 1-2 Тесттер Рефераттар жазу
3-4 Тесттер Рефераттарды қорғау
Мамыр 1-2

3-4

Тесттер Ғылыми жұмысын жазу  

 

 

 

 

You May Also Like

Listening as one of the most challenging skills for English learning students

Listening as one of the most challenging skills for English learning students…

ӘБУ НАСЫР ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ, мақала

Қазақ әдебиеті пәнін оқу мен оқытуда 3D анимациялық сюжеттік тапсырмалар құраудың практикалық маңыздылығы, мақала

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА 3 D АНИМАЦИЯЛЫҚ СЮЖЕТТІК ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАУДЫҢ…

Функционалдық сауаттылық, мәтіндік жұмыс, мақала

Функционалдық сауаттылық.                Мәтінмен жұмыс ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25…