«Саулық–сақтықта».

Адам денсаулығы оның өз қолында. Денсаулық адамға берілген ең құнды да, ең баға жетпес байлығы. Әр адам ауырмаса, ештеңе мазаламай тұрса, ол – қандай нәрсені болса да орындауға дайын. Қасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге қуана дайын болады.

Ата-анамыз және мұғалімдер мен дәрігерлер бізге денсаулықты бала кезден қорғау, сақтау керек деп айтып отырады, әрдайым еске салады. Әсіресе, телефон немесе компьютермен жұмыс жасаған кезде, теледидар алдында отырғанда, ұзақ отырудан көру қабілетіміз нашарлайды деп. Біз өмірімізді телефонсыз елестете алмаймыз. Бірақ та, дұрыс пайдалана білу ережесіне сай уақытымызды жоспарлауға тырысамыз.

«Саулық-сақтық та» деген ұғымды, сөзді жиі естіп жүреміз, газет, журнал беттерінен де оқып жатамыз. Деніміз сау болсын десек, өзіміз өз денсаулығымызға қамқорлық жасауға тырысуымыз, әрекет жасауымызға тиістіміз. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы, тұқым қуалаушылық, күнделікті өмір салтымыз – бәрі де денсаулыққа әсер етеді.Диетаны сақтаудың да орны ерекше. Көкөністер мен жемістер күнделікті әрдайым тамақ мәзірінде болуы керек. Белсенді өмір салтын ұстану керек. Спорттық жаттығулар жасап, бимен, қозғалысты ойындармен айналысу да өз жемісін береді.

Адамның денсаулығына жаман әдеттер әсер етеді. Сондықтан бала кезден бастап, денсаулық- бұл баға жетпес сыйлық екенін ұмытпай, жеке гигиенамызды сақтай білуіміз керек.

Денсаулық пен саулық – егіз ұғым, өмірдің мәні, тірегі. Осы кезден бастап, ойланып, саулықтың –сақтықта екенін ұмытпай, өз болашағымызға деген жол қазір басталуын біліп жүргеніміз дұрыс. Өйткені, қазір сақтыққа назар аударып, өз денсаулығымызды күте білсек, ертең ер жеткенде ауырмай, толық мәнді өмір сүре алатынымызды біле жүргеніміз жақсы болар еді.

32 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жалпы білім беру мектебінде оқушылармен ұлттық оркестрді ұйымдастыру, дипломдық жұмыс

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Жалпы білім беру мектебінде оқушылармен ұлттық оркестрді ұйымдастыру МАЗМҰНЫ  Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………….…

Социальная столовая

Сегодня, к сожалению, очень много людей, находятся за чертой бедности. В силу…

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары, курстық жұмыс

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС  Тақырыбы: «Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары»  (Туризм экономикасы…

Шаш өсіруге арналған тұнба

Қазіргі уақытта шаштың түсуіне байланысты, көптеген адамдардың шаш өсіруге байланысты сұрақтары көптеп…