«Жаңартылған бағдарламаның жәй күйін жетік түсіндік пе?»
Жаңа технологиялар қарыштап дамыған сайын, ақпараттар ілегінің мөлшеріне тосқауыл қоя алмайтын дәрежеге жеттік. Себебі, техниканың дамуы қоғамның жаңаруына әкелсе, адамзатты өркениетке апаратын жолда сан таруға бөлініп, жаһандану дәуірінің күрделі сұрақтарымен қарсылап тұр. Оның мәні біреу –ақ. Жер бетінде адам ретінде сақталу және әр ұлт өзінің ұлттық болымысымен келешекке қадам басу. Ежелден келе жатырған адамзаттық құндылықтардың қадірін төмендете отырып, адамгершілік қағидалардың маңызын жоюға бұл күнде талпыныстар жасалып қана қойған жоқ, нақтылы іс –әрекеттермен жүзеге асырылуда. Осы орайда сан ғасырлық шерлі тарихымыздан еңсемізді көтеріп, міне ел болдық, мынау Тәуелсіз Қазақстан деген өміріміз басталғанда, ХХ ғасыр алпауыт ақпарат пен технологияның тайталасқа түскен заманы болды. Біз бұл қоғамнан бөлініп кете алмайтынымыз шындық. Ендеше әлемге түркінің ұрпағы болып туылған біздер үшін бүгінгі ғана емес болашақ Қазақстанның жаңа белестерін бағындыруда қандай мақсат, недей жол керек?
Әрине ұлттың болашағы ұрпағының қолында. Ұрпақтың кемелденуі тек тәрибе емес берілетін білімнің деңгейімен өлшенеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр сөзінде балаға берілетін білімнің сапсының маңыздылығын атай отырып, дамыған елдер қатарына қосылу үшін де озық тәжірибе мен кәсіби білім керек екенін алға тартады.
Осы орайда еңсемізді жиғанымызға отыз жыл тола қоймасада, біз алдыңғы толқындағы дамыған, көш бастаушы мемлекеттердің білім саласындағы қарқынды жетістіктеріне қол жеткізу үшін, озық тәжірибелерін пайдаланудамыз. Әрине, барлық бағдарламалар жеті рет ойланып, бір рет кесілетіні қақ. Шет елдің тәжірибесінің оң тұстарын ескере отырып, қазақ баласы үшін қара қазанда қайнату арқылы бойға жұғыстыруды, санаға сіңіруді көздейміз.
Қазіргі таңда технологияның дамуының жылдамдығы соншалықты, сағат санап өзгеріске түскен қоғамда өмір сүрудеміз. Заманың түлкі болса, тазы боп шал-деген бабаларымыздың көрегіндігінде шек жоқ екеніне, таңқалмай болмас. Өзгермелі қоғамға бейім ұрпақты тәрбиелей отырып, соңғы технологияларды меңгерту мектеп партасынан емес, тіпті балабақша орындығынан басталып кетті. Себеп не? Әрине, уақыт зымыраған сайын, адамзаттың да өсу қарқыны оның ішінде ғылыми зерттеулердің тереңнен жасалған толғамдары баланың ерте жастан қабілеттілігінің жоғары екендігін дәлелдеуде. Осы орайда дамыған елдер өз ұрпағын мейілінше сауатты, барынша, білімді ету жолында балаға білім беруді 4-5 жасынан қолға алған. Оған мысал ретінде бірнеше мемлекеттерді атап өткеніміз жөн. Яғни даярлық сыныптары мен қоса балабақшалардың өзінде робототехникамен бірнше тіл меңгерту курстары оқытылатын елдер қатында Жапония, Германия, Малазия, Сингапур т.б дамыған мемлекеттерді атауға болады.
Өзгелердің озық тәжірибесін еңгізуде өзіміздің ішкі даярлығымыз қандай дәрежеде болды. Әрине басты мәселе осы. Сонымен қатар білім алушы оқушы болса, осы оқушыға саналы түрде білімді жеткізуші мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен білімінің маңыздылығы біздің елімізде қаншалықты дәрежеде сай –деген маңызды сұрақ мазалайтыны сөзсіз.
Шыны керек, заманына қарай адамы демекші, қазіргінің баласын қызықтыру һәм 40 минут партаға отырғызып қойып, дәріс оқу оңай жұмыс емес. Оған әлде қашан көзіміз жетті. Сайдың тасындай біліміді деген шәкірттеріміздің өзіне жол ашып, шет ел ғылымына бет бұрыс жасадық. Бірақ, «Болашақты» бітіргендердің арасынан да елге келуден бас тартып, өз тамырынан бөлек көктеуді жөн санағандары қаншама?! Сонда , Әл Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»-деген тағылымының расқа шықаны ма? Сонда қалай етпек керек? Еліміз дамудың даңғыл жолына түсті, бірақ білім саласы әлі сол баяғы дәстүрлі сарынмен жүре бере ме? Жоқ, әрине жаңғыртуды, жетілдіруді білім саласынан бастадық. Білім саласына арналған бірнеше мемелкеттік бағдарламамалар қабылданды. Бірақ, неге көшке ілесіп кете алмай жатырмыз? Әрине уақыт өте аз оған біраз уақыт керек. Дегенмен, ілгері жылжып, көштің алдына шығу үшін, көшбасшының көрегендікпен көрген алдыңғы белестерін де арттағы керуен көре білуге һәм сезінуге тиісті. Себебі, бәріміздің илегеніміз бір терінің пұпағы, бір елдің қамы.
Соңғы жылдары елімізде атап айтқанда 2016 жылдан бері қарай білм саласында орта білім берудің жаңартылған бағдарламаға көшірілуі сатылы түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаны қабылдамастан бұрын, еліміздің бірнеше мектептерінде тәжірибеден өткізіп, әлемдік стандарт деңгейлерін саралап, еліміздегі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен мектептердің материалдық базаларының жағдайы алдын ала ескерілді. Неге жаңа бағдарламаға көшуге сұраныс артты. Ең басты мәселе жаңа ақапараттпен қаруланған жас буынға өз заманының тілінде білім беретін мектеп мұғаліміне деген қажеттілік туындады. Мектеп мұғалімінің алдында отырған оқушыны білім әлеміне қызықтыруы мен қатар өмірге қабілетті тұлға тәрбиелеу жауапкершілігі бар екені де даусыз. Осы тұрғыдан қарағанда, жаңартылған бағдарламаның негізгі мақсатыда, біріншіден, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыу; екіншіден, өз деңгейі және қалауына орай белгілі бір бағытты мектеп қабырғасынан игеріп шығу; үшіншіден, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Әрине, бәріміз білетіндей, жаңартылған білім мазмұны SMART мақсат пен нақтылы нәтижеге бағытталған. Әр ұстаздың өз әрекетінен шығатын нәтижені көре алу сезімталдық пен қоса ұстазға тән көрегендік қасиеттерге басымдық береді. Жаңартылған бағдарламаны бұрынғы дәстүрлі сабақпен салыстыра қараған тиімсіз деген пікірді ұстанамын. Таяқтың екі ұшы бар екенін ескергенде дұрыс. Себебі,жоғарыда атап өткенімдей , әр замманның өз буын өкілінің деңгейінде білім беріліп, ұрпақ мәселесін жетекші орынға қоюға міндеттеміз.
Кейде оқулық мазмұны мен бірге бағдарлама шеңберіндегі белсенді әдіс-тәсілдердің өзін сабақ беретін ұстаздың өзі жеткілікті деңгейде саралай алмай жатады. Егерде алдыңдағы оқушының деңгейіне, қабілет –қарымына сай таңдалған әдіс пен берілетін білім мазмұны жанасып жатса, ұстаз еңбегінің жанатыны даусыз. Жақында ғана сұхбат берген профессор,ғалым Асқар Жұмаділдәев «қазіргі жастар өте ақылды, олар артық ақпарат пен керексіз дүниеге бас қатырмайды, тек біздер аға буын өкілдері оларды қолдауға, бағыт беруге жарамай тұрмыз»-деген пікірін көзім шалды. Меніңше, өте орынды пікір. Қазіргі заман талабы да Абай айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан». Функционалдық сауаттылық-дегеніміздің өзі,өмір сүруге, қабілетті, қоғамның сұранысын қанағаттандыратын тұлға даярлау. Сабақтың тақырыптары мен мазмұныда күнделікті тұрмыспен етене жақын болуы шарт. Себебі, нағыз ғалымдар, табиғаттың өзі секілді құйрықты жұлдыздай жарқ етіп,ғасырлар тоғысында туады. Ал қалған барлық адамзат дүиеден өз орнын тауып, өмір сүруге құқылы. Сондықтан да қазіргі заманның талабы зияткерлік және танымдық қабілетке ие тұлғалардың арасындағы бәсекелестік болып отыр. Бірақ әр ұлт пен ел сол бәсекелстік жолында өз құндылықтарын жоймай, келешекке жетуге талпынады. Ендеше сіз бен біз игеріп жүрген жаңартылған бағдарламның да мазмұны, өмір сүруге қабілетті тұлға даярлау арқылы, әр баланың болашағына бағдар беру ғана, ал таңдау әр адамның өз қалауына қалдырылады. Ендеше осындай бағыт пен мақсат ұстандым деген адамды, бағалап, оның зор мүмкіндіктерінің ашылуына шектеулі баға қою (2-3-4-5 баға) қазіргі таңның сұранысынан қалып барады. Білім баға алу үшін емес, бағытын айқындауға жасалатын бағдар ғана. Бұл сөзімізді әдіскер ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Нағыз мұғалім әдіс-тәсілді көп білетін мұғалім емес, баланың сабаққа қызығушылығын арттыра алған мұғалім»-деген пікірімен ұштасады. Әр бір жаңа іс-әрекет ең алдымен қолданысқа енерде, әдет болып қалыптасқанша, бірнеше кедергілер мен тосқауылдарға тап болатыны сөзсіз. Жаңартылған бағдарламаның мазмұнын игеруде ең басты кедергі еліміздің мұғалімдерінің бағдарламаны егжей –тегжейлі түсіне отрып, қабылдауы және өз шәкірттеріне дұрыс бағытта бере алуы. Бұл дегеніміз қысқаша айтқанда, күнделікті сабаққа қол жетімді SMART мақсат қою, сол мақсатқа жетуде тиімді әдісті таңдау арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды ұсыну және оқушының өзі қабылдаған біліміне кері байланыс бере алуы болып табылады. Дегенмен, осынау үш қадамнан құралған жүйені, түсінбей, талқыға салып, оқушыға жеткізуде бірнеше кедергіге тап болып жатырған әріптестеріміз жетерлік. Жаңартылған бағдарламаның негізі де спералдық жүйеге негізделген. Оңайдан күрделіге қарай жүру. Ендеше, тағы бір мәрте білім мазмұны туралы ойлана отырып, оқуға, оқи отыра кәсіби ізденіске түсуге. Сол арқылы саралаған біліміздің өзектісін ғана шәкір жүрегіне жол таба отырып жеткізуге ұмтылайық, құрметті әріптестер!