«Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың уақыты» 

Н.Ә. Назарбаев           

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында география сабағындағы инновациялық бағыт.

       М.Әуезовтың «Халық пен халықты ел мен елді теңестірген білім» деп айтқан сөзі адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы болып табылады. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалақты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейде шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

География сабағын тереңдетіп оқытудың тиімділігі оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есінде сақтау,ойлау қабілетін, тіл байлығын, ой-өрістерін кеңейтіп,зеректік,іскерлік және зияттық қабілеттерін арттырады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақты жан-жақты деректермен толықтырып , түрлендіріп жүргізуге болады.

Қазір жаһандану әлемі,технология әлемі.Қазіргі таңдағы еліміздің өзгерістер дамудың жаңа стратегиялық бағыттары жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. ХХІ ғасыр – сандық технологиялар заманы. Ақпараттық технологиялар қарыштап, озық инновацияның дәуірі келді.География сабағында 10 сыныпта өткен «Солтүстік Еуропа елдері» тақырыбы бойынша теориядан практикаға ауыса  отырып сабақтың сапасын жақсарту мақсатында өткен сабақ туралы деректерді ұсынамын.

  1. Google Maps сайтын пайдаланып оқушылырдың картографиялық құзыреттерін қалыптастыру,экономикалық-географиялық салыстырмалы сипаттама жасауға Әлемдік Трансұлттық компаниялар тізбектерін орналасқан елдер мен сол мемлекеттердің қалаларын көруге және саяхат жасауға мүмкіншіліктері болады. ІТ технологияны Google Maps сайтын пайдаланып оқушылар «Солтүстік Еуропа» елдерін астаналарын Стокгольм қаласын  көріп ол қалада Теле2 байланыс жүйесінің штаб пәтері орналасқандығы туралы айтты. . Сайтты пайдалану нәтижесінде Норвегия мемлекетінің шекарасын  Google Maps арқылы белгілеп берді.Келесі оқушы Гетеборг қаласына саяхат жасау мүмкіншілігін алып «Volvo» концерні орналасқандығын  айтты.Келесі оқушы сабақ барысында Дания елінің Торвальдсен музейін аралауға мүмкіншілік алып «Венера» мен «Меркурий» және т.б. скульптураларын көрді. Классицизм мен скульптура туралы қосымша білім алып, оқушы скульптур Торвальдсен туралы деректерді келесі сабақта оқып келді.  Google Maps сайтының тағы бір құндылығы сабақ барысында Тронхейм қаласынан Эстерсунд қаласына көлікпен бару мүмкіншілігін алды. Бірақ ғаламтор желісін пайдалану нәтижесінде  оқушы көлікті озі таңдайды.Практикалық тапсырмаларды орындау барысында келесі оқушы Осло қаласы мен Стокгольм қаласының арақашықтығын ғаламтор арқылы өлшеу мүмкіндігін алып 414 км екендігін анықтады.Сабақты түрлендіру мақсатында дат ертегісін жазушы  Ханс Кристиан Андерсен ертегісін «Руса́лочка» көрді.
  2. Seterra соm сайтын пайдалану нәтижесінде картографиялық кескін картамен онлайн картамен жұмыс жасау мүмкіншілігі нәтижесінде «Солтүстік Еуропа» елдерін астаналарымен бірге көрсете білді.Сабақта оқушылардың қызығушылығы салдарынан келесі сабақта . Ең алғашқы символ «@» в Швецияда «піл тұмсығы»

( «хобот» или «слон») шыққандығын жазып келді.Әлемге Швеция        не сыйлады? деп сұрақ қоя отырып мысалы: Тоңазытқыш ,  компьютерлік тышқан , «шведтік стол» біздің өмірімізде жиі кездесетін үрдіс болғандығын айтты.

  1. «Солтүстік Еуропа» елдері энциклопедиясы жазылды, онда көптеген қызықты деректер келтірілді.

Әлемге әйгілі шведтік квартет АВВА , Глобен-Арена немесе  Глобус — спорттық арена  Стокгольм қаласында. Әлемдегі ең ірі сфералық құрылыс туралы тың деректерге тола құнды туынды шықты. Оқушылыр ең соңында «Солтүстік Еуропа» елдері жайында видеоролик дайындап әкелді. Сабақ барысында ZipGrade пен Quizlet сайттарымен де жұмыс жасалады. ZipGrade сабақ барысында бағалау кезінде пайдаланған тиімді. Quizlet географиялық терминдерді үш тілде пайдалану мүмкіншіліктері болады. Оқушылар «Қазақстанға визуалды саяхат» атты видеороликтер шығарды. «Қазақстанның жетістіктері мен ерекше аймақтары» жайында өткен тақырыптан кейін осындай шығармашылық туындылар пайда болды. «Қазақстан энциклопедиясы» жаңа жинақ жазылды.

  1. Қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналатындығын ескеріп сабақ өттім.

7 сыныпта өткен сабақтың тақырыбын «Мұхиттағы тіршіліктің пайдасы,медицина мен өмірде пайдалану және мұхиттағы ерекше табиғат феномендерінен үзінді» деп алдым. Сөйлесу бөлімі арқылы Дүние жүзілік мұхиттың пайдасын түсіндірдім. «Проблемалық ситуация» туғызу арқылы оқушыларға мына төмендегідей сұрақтар қоямын:

Мұхиттың өнімдерінің медицинаға пайдасы бар екенін білеміз бе?Күнделікті өмірде біз мұхит өнімдерін емдік мақсатта қандай дәріні үйде,мектепте,емханада жиі пайдаланамыз?-деп сұрақ қоямын.Оқушылар: әр түрлі пікірлер айтады. Жауапты оқушылыр нақтылау мақсатында тест тапсырмалары ретінде сұрақтарды қойдым. «Ой қозғау» бөлімі арқылы оқушыларға мынадай мәліметтерді  мысалға келтірдім:-Қиыр Шығыс теңіздерінде ламинария балдыры кездессе,ал Қара теңізде филофора қызыл балдыры өседі.Осы  филофора мен ламинариядан  йод дәрісі алынады.

Ал треска балығының еті дүкенге, майын аптекаға   жібереді. Одан балық майы  алынады. Тресканың бауыры пайдалы. Онда  «А» және «Д»дәрумендері болады. Мұхитта кездесетін акуланың да майы пайдалы болып саналады.Теңіз капустасын жапондықтардың сүйіп жейтін тағамдары,себебі дәруменге бай капустаны көз жанарын жақсарту мақсатында және бауырмен ауыратын адамдарға талғамды ас ретінде емдік мақсатта беріледі,міне балалар  мұхит өнімдерінің адамзат баласына осындай үлкен пайдасы бар». «Ас адамның арқауы»-Ал балалар біздің қазақ халқы қонақжай ,дастархан мәзірін әдемілеп,ерекше дайындамаса көңілдері толмайды,күнделікті өмірде болсын,қонақта болсын мұхиттың қандай өнімдерін жиі дастархан үстінен көруге болады?»

Жауап: Күн Шығыс елдерінде «Агар-агар» қызыл балдырынан пісірілген мармеладты Қазақ халқының дастарханынан да жиі көруге болады.Ал планктонды «Болашақ асыраушысы» деп мұхитқа шығатындар тегін атамаса керек… Себебі біз дүкеннен жиі голландиялық сырды сатып алғанды ұнатамыз,ал сол сырдың дәмін жақсарту үшін планктон ұсақ криль шаянын қосады.Міне сондықтан аузыңнан дәмі кетпейтін,дәмді сырға бәріміздің құмар болатын құпияның сыры осы крильда екенін екінің бірі біле бермейді.Осындай өмірмен байланысты тапсырмалар мен қосымша деректерді сабақта жиі пайдаланамын.

You May Also Like

Использование дидактических игр на уроках в начальной школе

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ДИДАКТИЧЕСКИХ ИГР НА УРОКАХ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ  «Без игры нет, и…

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту- өмір талабы, мақала

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту- өмір талабы. «Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білуі…

Мектептің жаны-мұғалім, мақала

Мектептің жаны-мұғалім Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Өмірде мамандықтың түрі көп.…

Мектеп оқушылары арасында ағылшын тілін оқытуды жетілдіру бойынша көлеңкелі театрдың тиімділігі

  Мерекелік іс-шаралар сценарийлері(SHADOW THEATRE) Мектеп оқушылары арасында ағылшын тілін оқытуды жетілдіру…