ТАҚЫРЫБЫ: «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР»

Үздік мақала

Ел аузында Маңғыстаудың бойында 362 әулие барлығы айтылады, әрі барлығы да тірлікте болған, олар өз еліне, халқына қалтқысыз қызмет еткен делінеді. Әр әулиенің өзіне тін қайталанбас қасиет ерекшеліктері болғаны елге аян. Әрқайсысының киесі мен шапағыта ыда әр алуан түрлі болған. Бірі адам тамырын ұстау арқылы көріп – танып отырғандай, баян етіп берсе, бірі қырық бір құмалақты ашып, сол арқылы айқын болжамдар жасаған. Ал, кейбірі кісінің бет-жүзіне қарап отырып-ақ, келген шаруасы мен ниет-пиғылын ашып беріп отырған. Олардың арасында түс көру, оны жору арқылы көріпкел, болжампаздар болған. Олар жайында халық арасында, көптеген қызықты әңгімелер сақталып қалған. Әр жердің тұрғылықты халқына ежелден таныс ескерткіш-белгілері бар. Соның ішінде,біздің киелі Маңғыстау өңірінде ескерткіш-белгі – «киелі орындар» көптеп кездеседі. Қазір солардың біразына тоқталып өтуді жөн көрдік. Оларды туралы көп адамдар естімеген және біле бермейді.

Соның ішінде Сұлтан үпі – ел аузында сақталған деректер дәйегіне қарағанда, Құл-Сүлейменнің немересі. Су апатына тап болғандарың қорғаны ретінде елге белгілі болған. Кезінде адамдар, «Сұлтанүпі, сақтай көр, пендеңді су апатынан» деп сиынады екен. Сұлтанепенің сүйегі Каспий теңізіне жақын Ащымұрын және Ойра аралығында жерленген.

Көпел біле бермейтін бізде, Сабынды әулие деген қасиетті қорым бар. Сабынды әулие – Маңғыстау ауданының Ақтөбе ауылдық кеңесіне қарасты, Қарабарақтының оңтүстік жағында орналасқан ескілікті қорым. Топырағы кәдімгі сабын сияқты көпіршиді, кір ашады. Бұл табиғи қасиеті әлі күнге дейін сақталып келеді. Жергілікті тұрғындар осы қорымның топырағының қасиетіне қарай оны «Сабынды әулие» деп атаған. Ал ескі қорымға келіп түнеушілердің қатары қай кезде де аз болмаған.

Саназар әулие – қазіргі Форт-Шевченко қаласынан 35 км қашықтықтағы киелі орын. Саназар Адайдың Тобыш, оның ішінде Жаңайдың малын бағады. Бай, Саназардың бойындағы қасиетін аңғарады да, оған арнайы еншісін беріп, өз алдына отау көтереді. Сөйтіп, өзімен тең дәрежеде ұстайды. Біреуден түңіліп, ренжісе, жаны күйіп қарғаса айтқаны мүлт кетпейді екен. Саназар әулие  18ғ-дың 2 жартысында өмір сүрген қасиет иесі, киесі мол адам болған. Кейін Саназар әулие бейітінің тұсынан зиярат етпей, бұрылмай өткен адамның ойлағаны орындалмай, жолы болмайды. Қазіргі таңда осы әулиенің ұрпақтары Маңғыстау облысының әр шалғайында кездеседі.

Тұрыш ата (1832-1928) – Адай руының Балықшысыннан туған көріпкел, емсек кісі. Хиуа медресесінде оқып білім алғаннан кейін туған жеріне Сам құмына келіп, мешіп салып, бала оқытқан. Ишан атағымен танымал болған. Ол дем салып, сонымен бірге, жылан мен қарақұрт шаққанда уын қайыру тәсілін білген.

Қаңғырқаз әулие – Шайырдың батыс ағындағы киелі орын, ескілікті қорым.Маңында қара тастан қаланған медресе,әлде мешітке ұқсас бір құрылыс орыны сақталған.Аңыз бойынша жаугершілік заманда жаулары осында бала оқытып отырған молданы 40 шәкіртімен қса өлтірген.Солардың қатарынан Қаңғырқаз есімді шәкірт өзгелерден оқшау барып жан тапсырған көрінеді.Сол жерге өзгелерден бөлектеу жерленген шәкірт қабірінен тамыр тартқан қос бәйтерек өсіп шығады.Бірақ осы қос бәйтерек Бекет-Ата дүние салған күні бір сәтте жапырақтарынан айырылып,тамырымен қопарыла құлайды.Осымен байланысты жергілікті тұрғындар Бекет-Ата Қаңғырқаздың аян-пірі болыпты деседі. Сырқаттанған жандар қорымға келіп түнейді,мінәжат етеді.

Бала әулие – Шайырдағы Қырықкез қорымының оңтүстік жағынан 5 км-дей қашықтықта орналасқан киелі орын.Аңыз бойынша Қырықкез қырғыны тұсында шабылған басын көйлегінің етегіне орай сала жүгірген баланың келіп,жеткен жері екен делінеді.Бала жүрегі жеті күн  бойына соғып жатыпты.Жұртшылық сол баланың денесін жатқан жеріне арулап жерлейді.Кейін бейіт басынан от шығып, ерекше қасиет белгісін таныта бастайды.Жергілікті тұрғындар Бала әулие деп атап,кейін түнеп,мінәжат ететін орынға айналдырады.

Қаңға баба қорғаны – Қаңға баба бейітінен 3-4 км-дей қашықтықтағы дөң маңында орналасқан. Қорған уақытша,керуеннің жолына бекініс және шаруашылық үшін өңделмеген тастардан шамамен 11-12ғ да тұрғызылғын.

Қошқар-Ата қорымы – Ақтау қаласының солтүстік жағынан 17 км қашықтықтағы Ақтау-Форт-Шевченко жолының бойында орналасқан.Қорымда 300-ге тарта ескерткіш бар.Бұл ескерткіштер-негізінен ортағасырлық тас қоршау,қойтас тәрізді  тас белгілер,соның ішінде ерекше көзге түсетіні қошқар мүсінді ескерткіш.

Асау қорымы – Кіші жүз батыры Асаудың есіміне байланысты аталған.Қорымда 200-ге тарта ескерткіш,оның  ішінде күмбезді там,сағана,қойтас,құлпытастар бар.Сонымен қатар сәулет ескерткіштерінің тағы бір түрі сандықтас та кездеседі сандықтастарының салыну дәрежесі де өзгеше. Мұнда елге танымал Барақ батыр мен Асау батыр жерлеген.Асау қорымы Тұрыш ауылының 13-км дей қашықтықта.

Жер асты ғимараттары. Маңғыстау мен Үстірт тарихи ескерткіштерінің үлкен бір тобын жер асты ғимараттары құрайды.Олар негізінен өлкенің таулы өңірлерінде шоғырланған.Жер асты ғимараттарының ең ежелгі үлгісі Сарытас шығанағына таяу сай бойындағы Шақпақ-Ата мешіті болып саналады. Мешіттің шығыс жағындағы кіре берісі үш бұрышты арка кескінді. Арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр.Есіктен кіргеннен кейін үлкен зал,оның едені шыға беріс есікке қарай еңкейіңкі.Төрт бұрышта қабырғадан жартылай қашалған төрт ұстын бар.Мешіт ішінің ішкі қабырғаларында араб әрпімен жазылған кісі аттары,құран сүрелері,сопылық өлендер,аттың,өгіздің нобайы бейнеленген.

Шопан –Ата жер асты мешіті Оңтүстік Манғыстау өңірінде,бағзы Хорезм керуен жолының бойында. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме.Оң жағында тағы бір шағын бөлме,оның едені биік.Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген.Мешіт үсті тастақты жүлге.Жүлге бойынан суағарлар жасалып,олардың тоғысқан жерінен сыйымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған.Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында  құдық бар.Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шарша етіп қашалған бөлмелер орналасқан.Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ.Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзіміне меңзейді.

Қараман-Ата ескеркіші  Маңғыстаудың   орталық     бөлгінде,ол үшін бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме,оған жалғас намаз оқитын зал.Онда төбені тіреп тұрған ұстындар бар.Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман-Ата Шопан-Ата әулиенің інісі екен делінеді.Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған,бірақ ол уақыт өте құлап қалған.

Маңғыстаудың енді бір жер асты мешіттері Бекет әулие 1750-1813 есімімен байланысты.Соның бірі Бейнеуде диаметрі 4,5 м төбені ұңгіп,киіз үй түрінде жасаған ескеркіш.Үйдің батыс жағында михраб,солтүстік бетінде шағын дәліз үшінші бөлмеге апарады.Ескерткіш қабырғаларында ою-өрнектер салынбаған.Бекет-Атаның Бейнеудегі мешітіне 1825 жылғы 1 Үстірт экспедицияның құрамында Э.А. Эверсман,А.О.Дюгмель сияқты ғалымдар келіп ескерткіштің суретін салып қалдырған.

Бекет-Атаның бұдан басқа Жем өзенінің бойында,Арал теңізінің жағасында,Оңтұстік Үстіртте де жер асты мешіттері болған.Ел аңызы Бозашыдағы Тасым ойындағы шағын мешітті де Бекет атаның есімімен байланыстырады. Оңтүстік Үстірттегі Оғыланды тауының үлкен төбесінен қашалып жасалған жер асты мешіті көлемі,жасалу техникасы жағынан күрделі құрылыс.Ескерткіш кіре беріс дәлізден,дұға оқитын залдан,тұрғын бөлмеден,қабірханадан тұраы.

Бекет –Ата мен оның бірнеше ұрпақтары осындағы қабірханада жерленген.

You May Also Like

Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының ерлік жолына тағзым, үздік мақала

«Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының ерлік жолына тағзым»  Туады ерлер ел…

Асық ойыны – ұлттық қазынамыз, мақала

Тәуелсіздік толғауы. мақала

Бала тәрбиесі – маңызды іс, мақала

Бала тәрбиесі – маңызды іс «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым…