«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23 тармақшасынажәне «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданды.

Инватаксидың қалаушысы – Роман Колпаков. Кезінде мойыннан жарақат алып, мүгедектер арбасымен ғана қозғала алатын еді.

Кейін, оның әкесі баласын қала ішімен тасымалдау үшін “минивэн” кең авто-көлігін сатып алады. Содан Романға өте күшті ой келеді, ол мүгедектерді тиімді тасымалдау.

Жобаның міндеттері:

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды авто-көлікпен қамту;

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлік белсенділігін арттыру;

Моральды және физикалық тұрғыда көмек көрсету;

Жұмысты сапалы түрде жасау;

  • Әлеуметтік орта – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңызды орын алады. Осыны ескереотырып, адамдардың тұлғааралық өзара әрекеттесе отырып байланыс құруына арналған кедергісіз орта қалыптастыру керек. Мендік мақсат жай орта емес, шығармашылық тұрғыдан бірге дамитын орта қалыптастыру болып табылады.

Қызметтерді алу үшін мүгедек инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет

1. Өтініш (еркін нысанда);
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

Қазіргі таңда Қазақстанда инватакси ұғымы кеңінен таралуда, бірақ қолданыста әлі күнге дейін өте нашар. Сондықтан, бұл қызметті одан әрі дамыту үшін мынандай шаралар қолдану қажет, олар:

  • Ең алдымен барлық мүмкіндігі шектеулі адамдарды кресло-арбамен қамту қажет
  • Сонымен қоса, әр қаланың маршруттық автобустарда кемінде 2 жолаушы есігі көзделуі тиіс. Оның біреуі кресло-арбадағы мүгедекке автобусқа кіруге және шығуға мүмкіндік беретін жабдықпен жабдықталады.

Қорытынды:

  • Қорыта келе, мен осы жобаны одан әрі дамытқым келеді. Мүмкіндігі шектеулі жан өзің еркін сезіну қажет. Инватакси мүгедек адамға керек қызметтің бірі болып табылады. Денсаулық ақаулары бар адамдарды қоғамнан алыстатуға болмайды.

      О тағдырым қатал едің сен неткен,
      Жарым-жанмын, мүгедекпін мен әттең.
      Мойымаймын мен мүгедек болсамда,
      Тілдесемін ойнап күліп көппенен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Шаттық салаты

Қажетті өнімдер: – 2 тал тауық саны; – 4 жұмыртқа; -15 тал…

Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру

 Жылжымалы құрамды қабылдау Сапардан паркке оралған соң,жүргізуші жолдаманы толтырып, оны кезекші механикке…

Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы, баяндама

Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы Мақсаты:…

Сауда капиталы, сауда пайдасы және айналым шығын.

Қоғамның экономикалық даму тарихынан белгілі сауда капиталының пайда болуы құл иеленушілік дәуірдегі…