Баяндама
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы

Мақсаты:

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, мәдениетін құрметтеуге, оқушылардың ғылыми ізденістерін дамыту.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ізденістерін дамытуда, заманауи белсенді әдіс-тәсілдердің маңызы

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс- тәсілдерді иннавациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық техналогияларды терең талдаудан өткізіп , өзіне тиімдісін таңдауы керек. Ж.Аймауытов « Сабақ беру -жай үйреншікті нәрсе емес,ол жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген .Демек біліктілікті арттырудың негізгі бағыты – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Сол бағыт шығармашылықпен, кәсіби шеберлікпен оқытуға негізделіп отыр. Бұл оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ. Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа әдіс-тәсілдердің айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа әдіс-тәсіл элементтерін өздерінің тәжірибелерінде жиі пайдаланып жүр. Тиімді әдіс- тәсілдер сапалы сабақ кепілі.
Синергетикалық тәсіл тұрғысынан алғандағы білім беру сапасын басқарудың негізгі жолдары мыналар: Жеке тұлғаның потенциясын ояту, қабылданған шешімдер нәтижелерін бағалау барысында ашық диалог жағдайының қалыптасуы, тікелей және кері байланыстың тепе-теңдігі, білім сапасын сараптау әдістерін түрлендіру, талаптар күрделілігінің артуы, оқушылар топтарында белсенді орталар құру.

Синергетиканың негізгі сапалық сипаттамасы өзін-өзі ұйымдастыру болып табылады.
Ғылыми зерттеу -ғылыми әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір обьект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген жұмыстармен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Тізбектелген сабақтар топтамасына енгізілетін жаңа әдіс – тәсілдер:
«Автор орындығы»,
«Бірге ойлаймыз»,
«Телефон»ойыны,Тренинг
«Өзіңді ғана емес,өзгені де таны»
«Кім тапқыр»,
« Инсерт»
«Венн диаграммасы»,
«Он сұрақ»,
«Ойлан,Бірік,Бөліс»,
«Маған көрсет»,
«Кім жылдам?»,
« Бес жолды өлең»
« Сиқырлы сандар»
«Менің бағытым»ойыны,
«Карта ойыны » әдісі
«Айналмалы доп»,
«Ұжымдық сурет «,
« Гүлдер » әдісі
« Бұл не?Бұл кім?»
«Ойлан ,тап»,
«Үш қадамдық сұхбат»,
«Миға шабуыл» әдісі,
«Әліпби желісі»,
«Интервью» әдісі ,
« Сәйкесін тап»
Саны бар атаулар

Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын:
Мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.
Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тыңдайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шығармашылық жұмыс орындағанын тәжірибемде кездесті.
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.

3-сыныпта Матай Аружан зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық «Мен зерттеуді үйренемін!» байқауында «Лимонның пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап 2 орынға ие болды.Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады. Жаңа әдістерді қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, тілдік қоры дамыды. Өмірге деген көзқарасы, өзіндік ой-пікірі қалыптасты.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.

Ұсыныс
Болашақта мұғалім оқушыларды өмірмен байланыстыра отырып, ғылыми зерттеу қабілеттерін, дарындылықтарын ашу жолдарын , тиімді білім беру арқылы дамытсақ.

You May Also Like

Сөйлеу әрекеттерін бағалау бойынша ұсыныстар

Оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, өз көзқарасын білдіруге, ойын жеткізіп айтуға дағдыландыру тіл…

Выготскийдің балалар ойыны туралы пікірі. Ойынның даму тарихы

Тақырыбы: Выготскийдің балалар ойыны туралы пікірі.                                Ойынның даму тарихы «Ойын» ұғымына түсініктеме…

Валютаны тұтыну қабілетінің паритеттері

                              Валютаны тұтыну қабілетінің паритеттері Сыртқы экономикалық операциялардың барлығын бірдей қамтамасыз ете…

Кәді, ірімшік және кеспеден жасалған пісірме

Қажетті өнімдер: – 1-2 кәді (1 000 г); – 1 болгар бұрышы,…