Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік

Ұстаз – қасиетті, қастерлі сөз десеңізші! Әрбір адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір түтіп, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп
ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай ұстаз екінші анамыз.
Мейрімі төгіледі көзінен.
Алғаш сабақ беріп тұрған кезінен,
Екінші- анаң оны біл сен әрдайым
Ол ұстаз ғой алғаш әріп үйреткен,
– деп, әліпбиді үйреткен, сандарды жаттатқызып, адамгершілік құндылықтарға баулиды.
Ұстаздың өмірге көзқарасы – оның идеялық намысы.Ойларын балаларға жеткізу үшін терең түсініп, жан-жақты дайындықпен, сонымен қатар, балалардың бойына әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру.
К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қанша жетік білгенімен, педогогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейді»
Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену-бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуы қажет.
Ұстаздық педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттерді үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Педагогикалық әдеп- ұстаз әрбір нақты жағдайда балаларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке балалар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады.
Л.Толстойдың: «…мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластырса және оны оқушының шама-шарқымен салыстыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» деген сөзінің мәні жойылмағанын түсіну керек. Оқушыны оқыта отырып, қабілетсіз оқушы болмайтынын, оқушылардың дара қасиеттерін танып – білуге мүмкіндігі шектеулі әдістеме барын ұстаз түсінеді және өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді. Сондықтан, ұрпақ болашағы – ұстазға байланыстылығын түсінеді. Мұғалім алдынан бір –біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшілігі бар мыңдаған шәкірт өтеді.
«Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын», – деп А.Байтұрсынов айтқандай бала- біздің болашағымыз. Жаңа әлем болашағын даярлайтын мұғалім атағына
өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын, жоғары моральдық қасиеттері бар мұғалім ғана бұған лайықты бола алады. Мұғалім қазіргі өте алғыр балалардың бойындағы дарындылықты таба алады және тұтанып тұрған отты мезгілінде үрлеп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, талабын қанағаттандырып отыратын асқан шеберлігін жүзеге асыра білуі қажет. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, қызметін табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады. Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерін, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек.

Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл- ой және шығармашылық әлеуметі қалыптасқан, рухани -адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашы ұстаз қажет.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім – шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман бола алатын, мақсат қойып және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылатын тұлға. Ең алдымен, мұғалім – адамгершілігі өте жоғары адам. Заман талабына сай қазіргі педагог педагогикалық, психологиялық ғылымның озат идеялары мен ғылыми теорияларын өз іс- тәжірибесінде сыннан өткізіп, талдап, оны тәжірибелік тұрғыда қолданып, әр күн сайын толықтырып отырумен де ерекшеленеді. Атақты Аристотель сөйленер сөздің үш элементтен құралатынына – яғни шешеннің өзі, ол тілге тиек етер негізгі нысан және тыңдаушылар кеңінен ерекше мән берді. Бүгінгі таңда шешен ретінде- мұғалім, тыңдаушы ретінде – оқушы, ал тілге тиек етер нысан- пәндік бағдарлама,оқулық мазмұны болмақ. Шынында да оқытудың сан алуан құралдары ішінде оқулықтың орны ерекше. Оны мектептегі білім- тәрбие беру қызметінің бірегей педагогикалық, әрі оқыту, әрі оқу құралы деп түсінеміз. Мұғалім – өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық иесі. Мұғалімнің беделі-білімде. Мұғалімдік жоғары деңгейге сәйкес болу үшін өзін педагогтық мамандығына арнаған әрбір адам өмірге және кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қажетті жаңа мінез бітімдерін қалыптастырып, мінез-құлығындағы кемшіліктерден арылып өзін-өзі жетілдіруге тырысу керек. Өзінің кәсіби потенциалын ауқаттандыруда және әрдайым жаңаруда қоғамның талабына сай жас ұрпақты жаңа деңгейде оқыту қажет. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары бойынша анықталады. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы ірі өкілі,белгілі ағартушы Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттаған: Балаларға білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті. Мазмұны мен сипаты жағынан мұғалімнің еңбегі индивидуалдың, немесе жеке адамның еңбегі болғандықтан, белгілі бір пәнді оқытатын адамның оқушыларға тәрбиелік әсері оның жеке басының ықпалына байланысты деген ұғым тууы мүмкін. Ал шын мәнінде олай емес. Мұғалім – ең алдымен қоғамның рухани байлығы оның құрамында моральдық сана және этикалық принциптер ережелерді өзінің бойына сіңіріп,б елгілі бір дәрежеде меңгерген адам.
Е.Синицаның «Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік» деген кітабының 21 бетінде мына бір абзацқа мән берейікші: Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегінде жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік-жігер, ұстамдылық,ілтипаттылық,дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік,орынды мысқыл, ептілік әзіл-оспаққа үйірсектік, көзқарас және дауыс ырғағының мол болуы. Тегінде әдеп, мәдениеттілік – амандасудан басталады. Ұстаз- мектеп жүрегі.

You May Also Like

АСКОН-ның кешенді шешімдері, дәріс жоспары

12-дәріс. АСКОНның кешенді шешімдері АСКОН (Санкт-Петербург қаласы) компаниясы 1989 жылы құрылған. Оған…

Бағытталған соққы; біреуден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергенен кейін шабуылдау.

Бағытталған соққы; біреуден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергенен кейін шабуылдау. Дене…

«Экономикалық талдау» және «Қаржы есептілік талдау»  экзамен сұрақтары

          «Экономикалық талдау» және «Қаржы есептілік талдау»  экзамен сұрақтары Емтихан билеті № …

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері  Жапония Екінші…