Бағытталған соққы; біреуден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергенен кейін шабуылдау.

Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталган.

Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:

  1. белсенді еттер салмағының көлемімен;
  2. еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);
  3. жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.

Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар

  1. статикалық және
  2. динамикалық болып бөлінеді.

Статикалык жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді (мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады.

Дегенмен де дене жаттығуының көпшілігі динамикалық (жүру, жүгіру, жузу) болады.

Күштің, қуаттылықтың және олармен байланысты жұмыс жасаудың ең жоғары ұзақтығы көрініс беру дене жаттығулары күшті, шапшаңдық – күштілікті және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді. Қимылдың аз ғана шапшаңдығымен (сыртқы үлкен қарсылықпен) статикалық немесе динамикалык режимде керініс беретін негізгі еттердің барынша жоғары немесе барынша жоғары шамасындағыларды күш жаттығулары деп атайды. Күшті барынша кеп көрсетумен басты жаттығулардың ең жоғары ұзақтығы бірнеше секунд ғана құрайды. Үлкен қуат жұмсау, яғни салыстырмалы түрдегі үлкен күш пен жиырылу шапшаңдығы бір мезгілде көрінетін динамикалық жаттығулары шапшаңдық – күштілік жаттығулары болып табылады. Еттердің барынша жоғары қуаттылығын, жалпы қуаттылықтың 30-50 % -ын құрайтын (статикалық күш) сыртқы қарсылықтар кезінде дамытады. Күшпен жиырылатын еттер қатысатын жаттығуының ең көп ұзақтығы 3-5 сек. 2 минут аралығында болады. Шыдамдылық жаттығуына қимылды іске асыратын еттердің негізгі тобы жұмсалатын күш пен жиырылу шапшаңдығы онша кеп болмай, дамытатын жаттығуды, бірақ оларды қалпына ұстауға және бірнеше минуттен бірнеше сағаттарға дейін қайталауға болатындарды жатқызады.

Спорт және дене тәрбиесі адам қызметінің өзгеше саласы болып біздің эрамызға дейінгі 40-30 мың жыл бұрын еңбектен бөлініп шықты. Дене жаттығуларының мемлекеттік формада пайда болғанға дейін халық тұрмысында пайда болуы мен орындалуы оның адам өмірі үшін қажеттілігін көрсетеді. Неліктен дене жаттығулары еңбек қызметінен оқшаулана түсті? Бiрiншiден, бұның биологиялық алғышарты бар: дене қозғалысы адамның даму кезеңдерінде жүзеге асыратын табиғи қажеттілігі болып табылады. Екiншiден, ежелгi адам алдын ала дайындалған дене жаттығулары арқылы жұмысты жақсы жасауға болатынын түсінген. Сол кезеңде жұмыстың басым бөлігі қимыл-қозғалыспен тікелей байланысты болған. Қазіргі дене тәрбиесі мен спорттың негізі келесі нәрселерден тұрады: еңбек, әскери iс-қимыл (ату, лақтыру, күрес, т.б.), үлкен қашықтықтар мен кедергілерді жеңу (ат спорты, ескек есу, жүгіру, жүзу, т.б.). Дәрiгерлiк тәжiрибесi емдiк дене шынықтыру мен массаждың қалыптасуына негіз болды. Кейінірек, ХІХ ғасыр аяғы – ХХ ғасырдың басында техниканың дамуы велосипед, мотоцикл, автомобиль спорт түрЖАСТАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ 8 ЖАСТАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ лерінің пайда болуына түрткі болды. Осылайша, адам пайда болғаннан бастап табиғат күштеріне қарсы тұру арқылы тәжірибе жинақтап, еңбек құралдарын жасап, олардың өндірісін жетілдіре білген. Бұл тәжiрибені өскелең ұрпаққа жалғастырып отыру керек болды. Осының нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің формасы қалыптасқан. Алғашқы қауымдық құрылымның пайда болу кезеңдерінде дене тәрбиесі ерекше орын алды.

1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Мал шараушылығын автоматтандыру

Мал шараушылығын автоматтандыру Мектеп оқушысы болып жүрген кезімде мал шаруашылығымен көп айналысып,…

Робототехника- дәстүр, даму және инновация

Робототехника- дәстүр, даму және инновация тақырыбындағы жобасы Жоспар: Кіріспе. Робототехника туралы түсінік.…

Жүктіліктен соң құрсақ терісі созылса

Сіз бұл бетке енді келіп тұрған болсаңыз, осыны басыңыз! 1 стакан суға…

Жарнама туралы заңдар

Қазақстан Республикасының Заңы Жарнама туралы 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Заңның мақсаттары Осы…