Робототехника- дәстүр, даму және инновация тақырыбындағы жобасы

Жоспар:

  1. Кіріспе. Робототехника туралы түсінік.
  2. Робототехниканың адам өміріндегі маңызы.
  3. «Робототехника мектебі» 
  4. Ұлт жобасы

Робототехника дегеніміз роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Жалпы робототехника адам өміріне дендеп келе жатқан болашағы өте зор сала. «Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейтіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрген. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие екен. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Джон Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсеткен.

Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар, әртүрлі орталарда әртүрлі жолмен қолданылады. Қолдану мақсаты мен сыртқы келбеті әртүрлі болғанымен, құрылымына келгенде баршасында 3 бірдей жерлері бар:

Әр робот механикалық негізі – құрылғы, рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді. Мысалы, робот лай мен құмның үстімен жүретін болса, шынжыр тракторлар қолданылуы мүмкін. Механикалық жағы ойлап табушының бір бөлек мәселенің шешімі, робот жүретін жердің қоршаған ортасына байланысты. Роботтың формасы атқаратын функциясымен тікелей байланысты.

Не үшін робототехника? Біріншіден, бұл әлемде ғылыми зерттеулердің басым бағыты. Роботтар өндірістің жоғары технологиялық салаларына еніп, біздің өмірімізде күнделікті тұтынатын теледидар немесе телефон сияқты қалыптасқан затқа айналуда. Ерте ме, кеш пе роботтар адамның алмастырылмайтын көмекшілері болмақ, бірқатар қауіпті және ауыр жұмыстарды өз мойындарына алатынына ешкім күмән келтіре алмайды.

Екіншіден, білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін робототехника сабақтары. Робот құрастыру үрдісі – шығармашылық, берілген тапсырмалардың дайын жауаптары жоқ. Сондықтан да жаңаны іздеу үшін, бұрынғы бар білімін пайдалануға тура келеді.

Үшіншіден – тұлғаның дамуы үшін мақсат қоя білуге негізделген шығармашылық іс-әрекеттік тәсіл. Компьютерлік технологиялар заманында өмір сүретін жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған.

Робототехника мектебі

Бүгінде «ақылды» ойыншық көліктер өмірімізге дендеп ене бастады. Сан салада медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Төбеде қалықтап жүріп, мерекелік шараларды бейнеге түсіретін робот-дрондарға, күрделі механизмдерді көз ілеспес жылдамдықпен және асқан дәлдікпен құрастыратын робот-қолдарға көз үйрене бастады. Оны айтасыз, сарапшылар алдағы 20 жылда адам істейтін жұмыстың тең жарымын роботтар атқаруы мүмкін деп отыр. Қысқасы, біздің заманымыз – робототехника заманы десек артық болмас. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Біздің мемлекетімізде осы бағытта дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Осы бағыт-бағдарда оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында инновациялық үйірмелер пайда бола бастады. Біздің Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжінде 2019 жылдың қыркүйек айынан  бастап «Робототехника мектебі»  ашылды. Робототехника мектебіне қызығушылығы бар студенттерді қабылдады. Жалпы ашылғаннан кейін мені робототехника мектебінің студенттер арасында жетекші етіп сайлады. Мектепті танысытырып өтсем:«Робототехника мектебінде» бастапқы кезенде студенттер механика немесе алгоритмдер туралы негізгі білімдер оқытыла бастады. Екінші кезеңде оқушылар «Makeblok» жиынтығынан робот жасап көре білді. Бұл қызықты, креативті кезең оқушыға жақсы көңіл-күй сыйлап, оның моторикасын жақсартады. Одан бөлек, осы кезеңде студенттер арасында командалық қарым-қатынастар қалыптаса бастады, топтық жұмыс жақсарады. Осы кезендерден кейін роботтарды басқаратын бағдарламаны жазу басталды. Қызықты және дұрыс бағдарламаны жазуды осы жердегі оқытушылар жеке дара әр оқушыға түсіндіріп, көрсетеді.
Жалпы, «Робототехника мектебі» жоғары технологиялармен жабдықталса, су жаңа «Makeblock» құрылғысын қондырғысының көмегімен балаларды халықаралық сайыстарға дайындайды.

Елбасы Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасындағы «ХХІ – ғасырдағы ұлттық сана туралы» тармағында: «Ұлттық жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» — деп өте әдемі айтқан еді. Демек, рухани жаңғыру – ұлттық сананың түрлі тармақтарын қиыннан-қиыстырып, бір арнаға тоғыстыру деген сөз. Елбасы айтқандай, халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Соның бірі – ұлт ойындары.

  Ұлттық ойындар арқылы, баланың бойына ұлттық тәрбиені, өшпес рухты, қазақы болмысты қалыптастыруға болады. Жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу аса маңызды.

Атап айтса, “Арқан тартыс”, “Көкпар”,     “Теңге алу” сияқты Ұлттық ойындарымызды техника саласымен сабақтастырып, өскелең жас ұрпақтың білім дәрежесіне даңғыл жол ашу – біздің басты мақсатымыз. Жаңаша ойлайтын жастардың қабілетін шыңдай түсетін мұндай идея кемде – кем.

Сол мақсатпен мен осындай игі жобаны ұстазыммен және командаммен іске асырайын деп отырмын. Біздің техника саласын ұлттық ойынмен сабақтастырумыздағы басты міндет, басты ниет осы болып тұр.

 Көкпар ойыны командалық ойын болғандықтан, біз оқушылар арасында командалық жұмысты ұйымдастырамыз. Топтағы оқушылар 2 командаға бөлініп, әр команда 3 роботтан құрастырады.Ойын ережесі:

  1. Роботтың салмағы 1 кг аспау керек;
  2. Роботтың көлемі 20х20 см болу керек;

Ойын барасында роботтар оқушылардың басқаруымен ойнатылады. Серке орнына роботтар үшін біз жасанды ойыншық қоямыз. Алаңда 2 тайқазан,  айыппұл алаңы орналасқан.  Роботтар арасында өтетін көкпар ойыны толық Көкпар ойының ережесі  бойынша ұйымдастырылады.  Командалар тайқазанға неше рет «серкені» салғаны бойынша ұпай есептелініп, жеңімпаз команда анықталады. Көкпар ойыны 2 турдан  тұрады, әр тур 5 минут ойнатылады.

  Теңге алу ойыны. Теңге алу ойыны шапшаңдық пен ептілікке үйретеді. Ойын ережесі:

  1. Роботтың салмағы 1 кг аспау керек;
  2. Роботтың көлемі 20х20 см болу керек;
  3. Роботтың жылдамдығы жоғары болу керек;

Теңге алу ойынында роботтар қара сызық бойында орналасқан қызыл шүберекке оралған теңгелерді алу керек. Бұл ұлттық ойын барысында біз роботтың уақыт көрсеткішіне және жинаған теңгелерін есепке ала отырып, жеңімпазды  анықтаймыз. 

Работотехниканың пайдасы. Бүгінде бала санасын дамытып, ой-өрісін тереңдетіп, жетілдіру мақсатында робот техникасын оқыту оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын оқу ортасындағы қызықты әрі тәжірибелік жаттығуларды ұсына алатын бірегей оқу құралы ретінде танылуда. Ғылыми әдебиетке жасалған шолу көрсетіп отырғандай, робот техникасы балабақшадан бастап университетке дейін барлық деңгейде жаратылыстану және техникалық білім беру сипатына айтарлықтай әсер етіп отырған дамушы салаға жатады.

Оқушылардың робот техникасы саласында білім мен жұмыстың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі қазіргі заман адамының жалпы ақпараттық мәдениетін, сондай-ақ инженерлік-техникалық шеберлігін одан әрі жетілдірудің негізі болып табылады. Бұл салада жүргізілген зерттеулерде роботтардың оқушылардың түрлі пәндер (физика, математика, химия, информатика және т.б.) бойынша оқуына, сондай-ақ зерттеу дағдылары, шығармашылық ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу, қарым-қатынас жасау және командада жұмыс істеу дағдылары сияқты танымдық, метатанымдық және әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады.

Қорыта келгенде робототехника дамыған елдер тізбегінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания мемлекеттері де бар. Бұл елдердің де робот жасау ісіне қосқан үлестері мол. Ал аталмыш сала Қазақстанда енді қарқын алып келеді. Сондықтан егемен еліміздің дамуына робототехника саласын дамытуға өз үлесімді қосамын. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Күнбағыс себеті ревматизмнен құтқарады

Ревматизмнің қандай кесел екенің бәрі білсе керек. Ол жүрек – қантамыр жүйесі…

Қaзaқ публицистикaсының тapихы

Қaзaқ публицистикaсының тapихы сонaу ХІХ ғaсыpдың екінші жapтысынaн – Шоқaн, Ыбыpaй, Aбaй…

Бензин. Семей жанар-жағармай құю станцияларындағы бензин сапалары.

МҰНАЙ — негізінен әртүрлі молекулалық массадағы көмірсутектердің күрделі қоспасынан және басқа да…

Туа біткен иммунитет

2-ШІ БӨЛІМ. ТУА БІТКЕН ИММУНИТЕТ  1-ші ТАРАУ. ТУА БІТКЕН ИММУНИТЕТТІҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ.…