Ревматизмнің қандай кесел екенің бәрі білсе керек. Ол жүрек – қантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы – аллергиялық ауруға жатады. Сондықтан да ревматизмге немқұрайлы қарамау керек. Өйткені, байқалмай біртіндеп басталған ревматизмнің шектірер зардабы мол екен. Тізе, білезік, шынтақ, иықтың буындары қызарып, табан, балтыр буындары ісінеді.

Міне бұл сырқат туралы білері аз адамдарға қол – ақтың сырқырағанын ерен санамай жүре бермеңіз. Жалпы, ревматизм емделуі қиын күрделі кеселдің бірі болып саналады. Сондықтан алғашқы кезеңде алды алу керек – ақ. Аурудың алғашқы кезеңінде халықтық емдер көмектесе алады.

Күнбағыс

Кәдәмгі құнбағыстың жайқалып өсіп тұрғанын көрген боларсыз. Бір жылдық бұл өсімдіктің көп гүлді себет – гүлшоғырын халықтық емде кеңінен қолданады екен. Күнбағыстың тұқымшалары, яғни жемістері әлі піспеген кезде гүлшоғыр, тұқымшалары жұмсақ, әппақ шағында кесіп алып, гүлшоғыр себетін келтіру керек екен. Гүлшоғыр себетті ұсақтап турап, 2 литрлік банкаға салып, 1:5 қатынасында спирт құйыңыз. Сосын балаларға арналған арналған сабынды(кез келген түрі жарамды) үккіштен өткізіп, ұнтақталған оның бір ас қасығын әлгі банкаға саласыз. Әбден араластырып, күн түсетін жерде, 8-10 күн ұстау керек. 9-шы күні осы дәрілік қоспаға дәкіні малып, қақсап ауыратын барлық  буындарыңызды  сүртіңіз. Таңертең және кешке күнде бір рет аяқ-қол буындарына жағып, сүртіп отырасыз.

Жүгері шашағын кептіріп, ұсақтау керек. 3 шай қасық жүгері шашағын 3 стақан суға салып қайнатыңыз. Бір рет қайнаған соң, отты бәсеңдетіп, 10 минут қайнатыңыз. Жарты сағат тұндырып, 1 стаққаннан күніне үш мезгіл қабылдаған жөн. Астан 1 сағат бұрын қабылдаңыз. 6-8 апта жүгері шашағынан дайындалған тұнбаны, ішкеннен соң бұлшықеттердің ісіп, қысып ауыртатынынан айығасыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қой етінің пайдасы?

Қақақтың халық емінде ерте заманнан бері төрт түліктің бірі қойдың терісі, өкпесі,…

Жақсылық жасай білейік

«Жақсылық жасай білейік»                                                                                                                                       Мақсаты:Оқушыларды жақсылыққа, мейірімділікке үйрету.       …

Жылдың төрт мезгілі, шығарма

Жылдың төрт мезгілі Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгіл  үш айдан…

Мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларын оқытуда Арт-технологияны қолданудың ерекшеліктері

Мақсаты: Инклюзивті білім беруде  мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларына  арт-технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану,…