Қымбат дәрі-дәрмектен әлдеқайда емі күшті әрі қарапайым адамның қолдана алатын йоголық жаттығу. Орындалуында аса қиындық жоқ, бұл жаттығу – ардхаматсенрасана (бұралу) деп аталады. Интернет желісіндегі арнайы сайттар арқылы ардха-матсенрасана жаттығуы жөнінде әр оқырман кең көлемде мағлұмат алуына болады.

Аталмыш жаттығудың жасалу жолы, адам ағзасына терапевтік әсері туралы аз-кем тоқталайық!!!

Аяқтарыңыз алшақ ұстап жұқа төсенішке отырыңыз. Оң жағыңыздағы жинап өкшеңіздегі жыныс мүшесіне жақындатыңыз. Сол аяғыңыздан оң аяғыңыздың үстінен асырып балтырыңыздың сырты оң тізеңізге тиіп тұратын етіп отырыңыз. Кеудеңізді сол жаққа бұрып оң қолыңызды сол аяғыңыздың тізесінен асырып сол аяғыңыздың қшын ұстаңыз.. Солға қарай тағы сәл бұрылып иегіңізді сол жақтағы иығыңыздың үстінде ұстаңыз. Сол қолыңызды арқаңызға салып ұшын оң жақтағы жанбасыңызға тигізіңіз. Бұралған кезде деміңізді асықпай ішке тартыңызда кідіртіңіз, яғни тыныс алуды тоқтатыңыз. Осы қалыпта қиналмай шыдағаныңызша отырып, содан кейін асықпай алғашқы қалыпқа оралыңыз. Бұлшық еттеріңізді босаңсытып аз уақыт тыныс алыңыз. Одан соң оң аяғыңыздың сол аяғыңыздың үстінен асырып, алғашқы жаттығу ретімен тыныс алып, кідіріңіз. Екі жаққа бұралып қалып сақтағанда 1 рет деп санап, жаттығуды 2-3 рет қайталаңыз.

Бұл йоголық жаттығудың адам ағзасындағы бездерге, атап айтқанда қалқанша безі, ұйқы безі, бүйрекүсті безі, аналық (аталық) бездерінің жұмысына пайдасы орасан. Сонымен қатар, жүйке жүйесін нығайтады, Арқа, сан бұлшықеттерін шынықтырады, омыртқа сырқаттарын емдейді. Омыртқаның иілгіштігін арттырады, қартаюды тежейді. Қарын көлемін кішірейтіп, ас қорыту мүшелерінің қызметін реттейді. Аяқ, иық буындарына тұз жиналудың алдын алады. Бауыр, он екі елі ішек және зәр шығару мүшелерінің дерттерін емдеуге септігі зор. Жалпы, нақты айтқанда адамның бүкіл ағзасының қуатын арттырып, 12 мүшенің әрбіріне ғарыш нұрымен ем жүргізеді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ұйқыны қалпына келтіру жолдары!

Сіздерге ұйқыны қалпына келтірудің басты, тиімді жолдарын (сыннан өткен) айтамыз. 1.Қорқыныштан құтылудың…

Что такое Танграм?

Танграм (от китайского «семь дощечек мастерства») состоит из семи плоских фигур, или…

Балалардағы тіс жарып шыққанға дейінгі тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының пайда болуы себептері.Алдын алу жолдары

Балалардағы тіс жарып шыққанға дейінгі тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының…

Жылқыны қалай өсіру керек?

Жылқы мен атты қалай өсіру керек? Жылқы Алдымен жылқы не екенін біліп…