Жылқы мен атты қалай өсіру керек?

Жылқы

Алдымен жылқы не екенін біліп қояйық. Жылқы-адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі. Қазақ халқы жылқы малын ерекше құрметтеп, қадірлей білген. Оған дәлел, батырларымыз бен хандарымыздың өзіне тиесілі арғымақтарының есімдері күні бүгінге дейін тарихта сақталуы. Жылқыны таңдап мінуде де ерекше ережелер бар.

Жылқы өсіру– жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы.

Жылқы өсірудің пайдасы

Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру қазақ халқының ата кәсібі болып табылады.Мен айтқандай, жылқыларды ет, сусын және көлік ретінде қолдануға болады. Олардың қолдануы себебі, қымыз А және С витаминдеріне бай. Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай-ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады.

Жылқы өсіру бығыты/жерлері

Жылқы өсірудің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи-шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын

көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы заттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т.б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемл. шаруашылықтар (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т.б.) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы шаруашылығында ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орт., оңт., шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады.

Ат

Біз жылқыны қай жерде, қалай,тіпті жылқы не екнімізді білдік.Енді жылқының ерекше түрін қарастырамыз.Ол-Ат.

Ат — жылқының көлік немесе жүк тасымал ретінде пайдалану үшін қолға үйретілген түрі.

«Ат — ердің қанаты» дейді қазақ. Аттар кезінде елдің соғыс күші ретінде де бағаланды. «Аттан!» , «аттану», «атқа қону», «ат артына бөктеру», «ат жалын тартып міну», «ат жарату», «ат жарыс», «аттан аудару», «атқа шабу», «ат құлағында ойнау», «ат мінгізіп, шапан жабу» және тағы басқа тұрақты тіркестер мен терминдер Аттың қазақ халқының тұрмысында, көшпенділер тіршілігінде қандай рөл атқарғандығын анық аңғартады.Осыған қарамастан батырлар жырында Аттар үлкен рөлді атқарады.Ең танымал Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы,

Бөгенбайдың Қызыл аты, Ақанның «Құлагері», Тілеулі батырдың Кез құлағы, Бармақ батырдың Сандалкөгі, Исатайдың Ақтабаны, Амангелді ба­тырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің Ке­раты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұбары, Ерқосайдың Торысы, Сегіз серінің Бозжорғасы және тағы басқалары.

Аттардың ат жарысына дайындалуы!

Ал сіз білесіз бе аттарды қалай дайындайды?

Біріншіден, Құлындарды бір жастан кейін жарыстарға дайындала бастайды. Кәсіби мамандардың тілінде – «терді шығарып, демін шығарыңыз». Шабандоз және жаттықтырушы қатты жұмыс істеп, оннан астам көгеруді толтырады.Аттың жас кезеннен, яғни құлын болғанда дайындалуы себебі, егер сіз атпен айналыспасаңыз және оны құлын жастан бастап қарапайым топтарға үйретсеңіз, ол өсіп, физикалық өсіп келе жатқанда, бұл күтпеген және күңгірт

бола түседі және оның айтарлықтай мөлшерін және керемет физикалық күшін ескере отырып, оны қайтадан өсіру және дайындайу өте қиын болады. Сонымен жылқының иесіне ғана емес, айналасындағы адамдар үшін де қауіпті болуы мүмкін.

Екіншіден, Ат жарысы аттардың қашықтығы мен жасына байланысты түрлерге бөлінеді. Сондықтан шабандоздар арнайы аттарды таңдайды. Ұзын арадағы жарыстар – бұл адам мен ат үшін өте маңызды мәселе. Мұндай жарыстарға тек күшті және салауатты аттар ғана рұқсат етіледі. Көбінесе, мұндай жүгірістер үшін қысқа қашықтықтарға арналған жарыстардың нәтижелері бойынша жылқылар таңдалады.

Үшіншіден, секіру де қиындық тудырғанда маңызды болып табылады, жаттығу биіктікте ғана емес, ұзындықта да секіру мүмкіндігін дамытуға бағытталған.Сондықтан шабандоздар

секіретін, төзімді және ең бастысы жылдамдақ бойынша аттарды таңдайды.

1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Өнімнің өзіндік құнын талдау

9 ТАҚЫРЫП.  ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ 1. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері…

Қолданбалы бағдарлама

Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратынқолданбалы…

Ұялы робототехниканың тиімділіктері

Ұялы робототехниканың тиімділіктері «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің…

Профилактика болезней сердечно- сосудистой системы и повышение грамотности населения в формировании и ведении здорового образа жизни научный проект

Сердечно-сосудистые заболевания (ССЗ) являются основной причиной  смерти во всем мире: ни по…