Мақсаты:

Инклюзивті білім беруде  мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларына  арт-технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану, бала бойындағы  дарындылық және  шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік туғызу.

Міндеттері:

  • Педагогика мен психологияда қолданылатын арт-технологиялардың негізінде арт-терапияның техникалары мен тәсілдерін пайдалану арқылы бала жанын түсіну, ішкі күш-жігерін айқындау
  • . Тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктерін тани білу, бала бойындағы қабілетті айқындау.
  • Психикалық және кейбір физикалық ауытқулар- баланы енжарлыққа, немқұрайлылыққа әкеліп тірелуіне жол бермеу.
  • Арт-технологияның тиімді тұстарын пайдалана отырып, баланың өзін өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс – тәсілдер іздеуіне жол ашу.

 

  • Инклюзив– сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
  • Инклюзивті білім беру –  жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқытуИнклюзивтік білім беру негізінде –
  • Барлық адамдарға тең қарым- қатынас
  • Балалар арасында дискриминацияны болдырмау,
  • Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.

Арттехнология

Арттехнология – жаңа оқыту технологиясындағы  арт-терапияның озық үлгісі деп қарастыруымызға болады.    Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.

Бала бойындағы қабілеттілік

Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», — депті. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.

Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттерін ашу, олардың өз бойындағы мүмкіншіліктерін пайдалана алуына жағдай  жасау, бала бойындағы өмір сүруге деген  құлшынысын арттыра отырып сенмін оятады.

Арт теропиясының түрлері

библио терапия

маска терапия

драма терапия

фото терапия

құм терапия

оригами

музыкалық терапия

қуыршақ терапия

гүл терапия

ойын терапия

ертегі терапия

қозғалмалы-би терапия

Арт технологияны қолдану

Мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларын оқытуда арт-технологияны қолданудың  ерекшеліктері баланың эмоционалдық дамуы, қысылуды түсіру, сезімге және көркем қиялға үйрету – бұл ойын, қиял, шығарма арқылы өтетін жол. Театрландырылған ойындар, сабақта әртүрлі театрлық тәсілдерді қолдану педагогикалық процестің қатысушысы болатын баланың белсенді қатысуына арналған.                                                                              Оқушылардың қызметін жандандыру үшін ертегі-сабақ, саяхат – сабақ, байқау-сабақ, тергеу – сабақ, ойын – сабақ сияқты сюжеттік сабақтар жүргізіледі. Осы ойын тобының көмегімен балалар үлгі немесе нұсқау бойынша іс-қимыл жасайды. Осындай ойындар барысында оқушылар қарапайым ұғымдармен танысады, шотты, оқуды, жазуды, сызуды, бейнелеуді меңгереді. Ойындардың бұл тобында келесі тапсырмаларды қолдануға болады: ертегі кейіпкеріне бейне  құрастыруға, сөз ойлап табуға, дыбыстардың үйлесімділігін  анықтауға, сандық өрнектерді құрастыруға, іс-әрекет тәртібін анықтауға, түс үйлесімділігін анықтауға  осы сияқты фигураны салуға мүмкіндік алады.

 

3-сыныптың «Көркем еңбек» пәнінің 7-сабағында «Құстарды аялайық» тақырыбын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға келесі тапсырмаларды беру арқылы олардың іс-әрекет қимылдары мен қол моторикасын жетілдіре түсеміз.                                          Мысалы,Тапсырма 1.  Суретке қарап қарлығаш бейнесін салып үйрен.

Дененің негізгі бөліктерін сыз Қарлығаштың дене пішімін сомда Қанаттың негізгі бөлшектерін сыз
 

 

 

 

 

 

 

Дайын бейне

Дайын бейнені боя

 

Тапсырма 2.  Мінекей, қарлығаш бейнесін суреттеуді үйрендің, енді осы бейнені ермексазбен бедерлеп үйренеміз.

Қорытынды

       Арт технология -көркем өнерді өз бойынан шығара білу, яғни шығармашылық қабілетін тану.

   Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі болып табылады. Бастауыш сынып  оқушыларының қабілеттері  екі түрлі әрекетте дамиды.     Біріншіден – кез – келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден – кез – келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.          Оқу әрекетінен  шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс – тәсілдер іздейді. Проблемены өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Әнші болғым келеді

Әнші болғым келеді… Менің әжем әнді жақсы айтатын. Жан тартпаса да, қан…

Тобықтың зақымдары, сынықтары

Тақырыбы:   Тобықтың зақымдары, сынықтары Жоспар: І. Кіріспе Тобық анатомиясы. ІІ. Негізгі бөлім…

Балалар салоны

Жобаның  мәні және мақсаты Жобаның  мәні-балаларға арналған мамандандырылған сұлулық салонын ашу және…

Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері. Қазақстанда шешілу процесі

Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері. Қазақстанда шешілу процесі Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Экологиялық…