Жобаның тақырыбын таңдауға негіздеме:

Мені барлығымыз күнде жеп жүрген

“Ара балының” пайдасы қызықтырды. Бізде тәтті тағамды балдай дейді.

Барлық балалар  басқа жеміс-жидектермен бірге ара балын сүйсініп жейміз.

Өте тәтті тамақ. 

Сол ара балы қайда, қалай пайда болады, оның түрлері, адамға пайдасын зерттеп білгім келді.

Жұмысымның мақсаты:

Әр түрлі тәтті ара балының пайдасын  зерттеу және бал туралы түсінігімді тереңдету.

Жұмысымның міндеттері:

1.Бал арасы туралы танысу.

2.Бал туралы материалдарды оқып-зерттеу.

1.Балдың түрлерімен танысу.

2.Балалардың балға қызығушылығының себебін анықтау.

3.Адам денсаулығына пайдасын зерттеу.

Жұмыстың кезеңдері:

1.Интернет желісі мен әдебиеттерді пайдаланып, тақырыптың  теориялық негіздемесін табу.

  1. Зерттеу барысында табылған деректер мен зерттеу нәтижелерін әзірлеу, безендіру.
  2. Тәжірибе жүзінде сарамандық жұмыс жасау.
  3. Қорытынды жасап, шешім шығару.

Қажетті ресурстар:

1.Техникалық жабдықтау: компьютер,  Интернет желісі, принтер;

2.Баспа материалдар:

  1. «Дүниетану» кітабы ; «Журналдар»
  2. Суретке түсіру үшін фотоаппарат.
  3. Ақ және түрлі-түсті қағаз, түсті қарындаштар, субояулар.

Бал жинайтын аралар,

Гүлдерді күнде аралар.

Тәтті, тәтті балдарды,

Жақсы көрер балалар.

Ара балы пайдалы,

Оны қайдан табады?

Ара деген жәнтіктің,

Омартасынан алады. 

Бал аралары  – Қазақстанда жиі кездеседі.

Бал арасы аналық, аталық, жұмысшы болып бір ұяда өмір сүреді.

Жұмысшы аралар гүлдерден бал жинайды. Аналық аралар бала араларды күтіп өсіреді. Бал жинаушыларды омарташылар дейді. Олар арнайы киім киеді. Киімі жоқ адамды Ара шағып алуы мүмкін. Онда ауырады, ара шақса суық сумен жуады.

Бал аралардың өнімі – әр түрлі балдар.

Бал түрлері:Түйе бұршақ, Жөке, Шайқурай, Шабындық, Таңқурай.

Ара балының пайдасы:

*Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық-янтарь түсті болып келетін хош иісті. Ол глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

*Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті. Бактерияға қарсы қасиеті бар. Оның тамақ ауруларына пайдасы мол және ұйқыны жақсартады. 

*Шайқурай (киппей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

*Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр алтын түсті болады. Бұл балмен тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

*Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Таңқурай балды суық тигенде, тұмаудың алдын алу үшін пайдаланады.

Біз ара балын неге жақсы көреміз?

Ол тәтті тағам.

Балды араларды өсіріп алуға болады

Балды тамаққа пайдалануға болады

Бал түрлі аурумен  күресуге көмектеседі

Қорытынды.

Зерттеу арқылы мына шешімді шығаруға болады:

– Бал арасын өсіріп, сатса пайда табуға болады. Тапқан ақшаға оқулық, киім алып, ата-анамызға көмектесеміз.

– Еңбек етіп үйренеміз, табиғатты сүйеміз.

–   Балдың қасиетін біліп өзімізді емдей аламыз. Ауырған балаларға көмектесеміз.

You May Also Like

Су асты қалалары, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Су асты қалалары»  Авторы: 10-сынып оқушысы Ақтай Дінмұхамед…

Алкоголизмнің жасөспірімдер арасындағы зиянды әсері. ғылыми жоба слайд

Кентауым гүл бағым, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Кентауым гүл бағым» Орындаған: Қошан Лаура Пікір Білім…

Менің мысығым, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Менің мысығым» Мазмұны Аннотация________________________________________________ Кіріспе___________________________________________________ Негізгі бөлім _____________________________________________ Зерттеу…