Жобаның  мәні және мақсаты

Жобаның  мәні-балаларға арналған мамандандырылған сұлулық салонын ашу және қызмет ету.

Жобаның  мақсаты-Қарағанды қаласында балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту және шағын тұтынушыларға   шаштараз қызметін сапалы көрсету.

САЛОН ЖАЙЛЫ:

  • Бірегей атмосфера;
  • Үй-жайдың және жиһаздың жарқын авторлық дизайны;
  • Балалар шаштараз креслолары-машинкалар;
  • Ойындар мен сурет салуға арналған ойын аймағы;
  • Кәсіби балалар шеберлері;
  • Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі;
  • Және әр келушіге сыйлықтар.

Біздің салон – “Beauty kids” деп аталатын болады.

Салонда жасалған «Сиқырлы ертегі» атмосферасы мен «балалар» интерьері балаларды ғана емес, ата-аналарды да қуантады. Салонның қабырғалары сүйікті мультперсонаждардың бейнелерімен суреттеледі, ал айналасында – көптеген ойыншықтар болады!

Жобамдағы жеңілдіктер

Жобамда тегін қызмет көрсету мәселесіде қарастырылады. Олар, әлеуметтік тұрғыда көп балалы, мүмкіндіктері шектеулі балалар және 1-3 жастағы балаларға тегін қызмет көрсетуді қарастырамын. Сонымен қатар балалар мерекесінде және балалардың өз туған күндерінде салондағы барлық қызмет түрлерін тегін көрсету қызметтері болады.

Еліміздің әр түрлі білім саласы бойынша мектеп оқушыларына жеткен жетістіктеріне мысалы, халықаралық,облықтық, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орын алғандарға жігерлендіру мақсатында бір жылға балалар салонынан қызметтің кез келген түрін тегін ұсыну қызметтерін қарастырдым.

Жобамдағы бұл жеңілдіктер ,ата аналарға да қаржылай тұрғыдан көп көмек деп ойлаймын. Қайырымдылық жасау, жақсылық жасау ізгі іс деп білемін. Осы жобаны болашақта жүзеге асырғым келеді.

            Керекті құрал жабдықтар: Саны Құны
Тарақтар жиынтығы 3 1500 (4500)
Шаш кептіргіштері 3 5000 (15000)
Шаш қысқартатын машинка 3 6500 (19500)
Шаш қиятын қайшы 5 700 (12000)
Шаштараз сумкасы 5  2000 (10000)
Акваграимге арналған бояулар 2 3000 (6000)
Балаларға арналған маникюр лактар жиынтығы 2 2500 (5000)
Жұмыскерлер киімі 5  5000 (25000)
Интерьер заттар,ойыншықтар 1 20000
Құлақ тесетін пистолет 3 9500 (19000)

 

                  Керекті заттар      (құрылғылар): Саны Құны
Айнасы бар стол 5 120000 (600000)
Машинка түріндегі балалар креслосы 2 50000 (100000)
Шаштаразға арналған орындырықтар 2 50000 (100000)
Диван 1 150000
Кресло 2 100000 (200000)
Шаштараз арбалары 5 3900 (19500)
Ресепшн столы 1 30000
Плазмалық телевизор 1 150000
Маникюр столы 1 20000
Киім ілшіш 1 15000

Қорытынды

Қорытындылай келе  «Beauty kids» салоны – балалаларға арналған мамандандырылған сұлулылық салоны болады.

Бұл жұмысқа жалпы есептегенде 2 000 000(+-) тг кетеді.

Жүргізілген зерттеу сұлулық салонын ашу сияқты бизнес түрі өте тиімді және перспективті болып табылатынын көрсетті. Оның жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі қолайлы орналасу орнының, жоғары білікті персоналдың болуы, сондай – ақ кәсіпорынның нарықтағы жұмыс істеуінің объективті экономикалық-қаржылық жағдайларына байланысты сауатты жұмыс жүргізу болып табылады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Мұрын сілемейлі қабығынан сүртінді алу.

Жоспар: žМұрын қуысын күту. žМұрын демалысының бұзылуын алдын алу. žМұрын қуысынан сүртінді…

Балам – менің баға жетпес байлығым, Тренинг

Тақырыбы: «Балам – менің баға жетпес байлығым» Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы…

Мәдениеттегі эзотерика феномені, дипломдық жұмыс

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС Тақырыбы : «Мәдениеттегі эзотерика феномені» «Мәдениеттану» мамандығы бойынша РЕФЕРАТ Диплом…

Мыс кендерін үйінді, жер астында сілтілеу әдістерімен кешенді өңдеу, дәріс жоспары

5 дәрістің Мыс кендерін үйінді, жер астында сілтілеу әдістерімен кешенді өңдеу Дәрістің…