Жоспар:

žМұрын қуысын күту.

žМұрын демалысының бұзылуын алдын алу.

žМұрын қуысынан сүртінді алу.

Мұрын қуысын күту.

žЕгер науқас өздігінен мұрын жолдарын тазалай алмаса, мейірбике қатқан қабықты алып тастауға тиіс. Бұл үшін науқастың басын шалқайтып, металл зондқа вазелин майына матырылған мақтаны орайды да оны мұрын қуысына кіргізеді, содан кейін айналдыра сүртіп, қатқан қабықтарды алып тастайды. Қабыршақтарды кұрғақ мақтамен алуға болмайды, өйткені қанатып алу мүмкін.

Мұрын демалысын ың бұзылуын алдын алу.

Мақсаты: Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу.

Қажетті заттар: мұрынға тамызатын дәрі, мақтадан жасалған турунда, тамызғыш, вазелин майы, салфетка.

Ісәрекеттер:

1. Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз.

2. Турунданы вазелин майына батырып алыңыз.

3. Пациенттің басын артқа қарай шалқайтыңыз

4. Сол қолдың төрт саусағын маңдайға қойып, бірінші саусақпен мұрынның ұшын жоғары қарай тартып, оң жақтағы мұрын қуысына 2-3 см тереңдікте турунданы айналдыра отырып, мұрын қуысын тазалаңыз. Ал сол жағына басқа турунданы салып, тазалаңыз.

5 Таза тамызғышқа қажетті мөлшердегі дәріні сорып алып, басын 

шалқайтып, әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан дәріні тамызыңыз.

6. Мұрынға аз уақытқа мақта тампонын салыңыз.

Аяқтың, шаштың күтімі. Жыныс мүшелерін жуу

žМұрын қуысынын тексерудің негізгі мақсаты мұрынның қалыпты мирофлорасын  және жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын тексеру.Стерилденген пробирка оның ішіне стержн салынған.Стержіннің  аяқ жағында мақтадан жасалған тампон болуы керек.Пробирканың сыртында “Н” деген белгімен лабораторияға жібереміз.

Мұрыннан сүртінді алудың техникасы.

žНауқасты отырғызып,басын кішкене шалқайтуын сұранамыз.

žСол қолмен пробирканы алып,оң қолымызбен  мақтаға оралған стержінді аламыз,стержін  еш жерге тимеуі керек(стол,қабырға)

žПробирканы штативке саламыз.

žСол қолмен науқастың мұрнының ұшын шамалы көтереміз.

žОң қолмен стержінді айналдырған қалыпта мұрынның жоғарғы қуысына мұрын жолына кіреміз.

žКелесісінде екіншісіне мұрынның терең қуысына 1,5-2 см жерге кіреміз.

žТампонды алып бөгде затқа тигізбей тез арада пробиркаға саламыз.

žПробирканы лабораторияға жібереміз,алынған күні мен сағатын жазамыз.

žЕскерту:

žАлынған сүртінді лабораторияға 2 сағат көлемінде кешіктірілмей жеткізілуі керек.Лабораториялық  тексеру бұл қосымша тексеру  әдісіне жатады  және тексеру әдістерінің ішіндегі маңызды  болып есептеледі науқастар үшін.Бұл тексеру әдісі диагноз қою үшін маңызды  орын алады.

You May Also Like

Баланың жас ерекшеліктері туралы ұғым

Анықтамасы: Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас…

Кошки в приметах разных народов

Тема: Кошки в приметах разных народов Введение Глава 1. Изучение литературы. Раздел…

Балалардың балабақшаға бейімделуінде кездесетін қиындықтар және олардан шығу жолдарына байланысты ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіргендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп, икемделеді. Бұл…

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру Барлық өндірістік мекемелерде сораптык кондырғылар қолданылады.Көбінесе поршенді…