Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіргендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп, икемделеді. Бұл құбылысты адаптация дейді. «Адаптация» латын сөзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағнаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Ал, бұл жерде біз бейімделудің бір кезеңі болып табылатын сәбилердің мектепке дейінгі ұйымға келгендегі алғашқы бейімделу процесі нің қандай,қалай өтетінін айтып өткіміз келеді.

Жалпы балалардың барлығы алғаш рет мектепке дейінгі ұйымға келіп түскенде бейімделу кезеңі арқылы өтеді. Бейімделу адам организмінде өте қиын жағдайда өтеді, ол, физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық сияқты әр түрлі деңгейде болады,

Организмнің жаңа әлеуметтік жағдайда бейімделуі баланың мінез құлқына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің нашарлауына т.б. өзгерістерге әкеледі.

Бейімделу процесінің алғашқы кезеңі қиын жағдаймен басталса, ол, дезадаптация, яғни кері жағдайдың туындауына әкеледі. Бұл денсаулық, мінез- құлық,бала психикасына әсер етеді.

Баланың бейімделу мүмкіндігі ерте жаста шектелген, әлеуметтік ситуацияға немесе ұзақ күнді балабашада өткізу сияқты стрестік күйі эмоциялық бұзылушылықтар және психофизикалық даму темпісінің бәсеңдеуінен көрінеді. Баланың балабақшаға үйренісіп кетуі ұзаққа созылуы мүмкін. Яғни, бұның бәрі бала организмінің барлық психофизиологиялық жүйесіне күш түсіруіне байланысты.

Психологтар мен дәрігерлер баланың балабақшаға бейімделуінің үш деңгейін қарастырған, яғни жеңіл, орташа, қиын деңгей.

Жеңіл жағдайда бала мінез- құлқы ай ішінде қалыпқа келеді. Тамаққа тәбеті алғашқы аптасында жөнге келеді, ұйқысы 1-2 аптадан кейін дұрысталады. Ауруы сырқауы орын алмайды. Балада қуанышты, тұрақты қалыпты эмоциялық жағдай туындайды. Үлкендермен қарым қатынасы белсенді, балалармен, айналасындағылармен, жаңа жағдайға тез бейімделеді. Бейімделудің орта кезеңінде ұйқысы мен тамаққа деген тәбеті 20-40 күн дегенде қалыпқа келеді. Бір ай бойы көңіл күйі тұрақсыз боып келеді. Баланың эмоциялық көңіл күйі кері эмоциялық реакциямен көрінеді. Егерде ересек баланы үнемі қолдап, көмектесіп отырса мінез- құлық белсенділігімен таным деңгейі айқындалып, жаңа жағдайға тез бейімделеді.

Қиын бейімделу кезеңі баланың ұзақ уақытқа созылған аурушаңдылығымен байқалады. Бейімделу кезеңінің қиын жағдайда өтіп жатқанын агрессиялық іс- әрекеттерінен, белсенді, эмоциялық күйлері:жылау, айқайлау көрінеді. Ал,кей балада бұл үнсіз жылау, төмен белсенділік, тырысу сияқты көріністер арқылы болуы мүмкін.

Бейімделу кезеңінің ағымы төмендегі факторларға тәуелді:

1. Жасы

2. Денсаулық жағдайы

3. Қатар – құрбыларымен қарым қатынас жасай алуы.

4. Даму деңгейі

5. Ойыншық немесе заттай іс- әрекеттерді қалыптастыра алуы

6. Үйдегі күн тәртібі балабақшадағы күн тәртібіне жақындығы.

Мектептегі дейінгі ұйымға ауыр бейімделудің себептері:

1. Үйдегі үйренген күн тәртібінен бақшадағы күн тәртібіне сәйкес келмеуі.

2. Баланың өзіндік әдеттерімен ерекшеленуі.

3. Ойыншықтармен ойнай алмауы.

4. Жай мәдени- гегиеналық әдеттерінің балада қалыпта қалыптаспағандығынан.

5. Бөтен, танымайтын адамдармен қатынас жасауының тәжіребиесіздігінен. Үлкендер үнемі балалар бақшаға үйренісіп кеткенінше және де стрестің ұзаққа созылмауына көмектесу қажет. Балалар ерте балалық жаста эмоцияға берілгіш, еліктегіш болып келеді. Олар қасиетінен көрген нәрсесін тез қабылдап, эмоциясын ешқашан жасырмай көрсетеді. Бала бақшаға алғаш келгенде жақын адамның қолдауының болғаны өте маңызды.

МДҰ-ға алғаш келген баланың бейімделу кезеңіне ата- аналардың берер көмегі

1. Баламен қарым- қатынас ауқымын мүмкіндігінше үлкейтуге тырысыңыз. Баланың көңілін бөтен адамдардың мінез- құлңы мен әрекеттеріне аударуын және сәйкесінше қарым- қатынасқа түсуін қадағалап, үйрету керек.

2. «Қарғаға ұқсап.ұшайық,Қоян сияқты секірейікші» деген сияқты әрекеттер арқылы

қозғалысын дамыту қажет.

3. Балаға ойыншықтарды айыа білу керек екенін түсіндіру:сюжеттік- көрсетілімдер,баламен қосылып ойнау т.б.

4. Басқаларға көңіл аудара білу,ойыншықтарымен бөлісіп,аяушылық білдіру сияқты қатынасты үйрету.

5. Айта кететін бір жайт, кейбір балаларды МДҰ ға бермеуге болады. Бұл қандай жағдайда? Кейбір ата аналар баласының топ ішінде өз бетінше әрекет ете алмайтынын көреді. Мыс: горшокққа отыра алмауы. Олар қорқып сонан соң балалар бақшасына баласын апарудан бас тартады. Бұл үлкендердің балаларын өздерінен айырғылары келмейтінінің белгісі.

6. Өз-өзіне қызмет етуге үйретуі

Балабақшаға келгеннен бастап бала:

– өздігінен орындыққа отыру

– кеседен өздігінен ішу

– қасықты қолдана білу

– жуынғанда,киінгенде белсенді болу сияқты қызметтерді өзі атқаруға үйрету.

Ата аналар барлық көрсетінін үлгілерін көзқараспен түсіндіріп тұру керек. Баладан талап етушілік қадағаланып отыру қажет. Талап етіп сөйлегендегі мақам бұйырып емес, достық мейірімділік қатынаста болуы қажет. Егер бала өтінішті орындағысы келмесе сіздің ызаңызды келтірсе, сіз одан бұл ұнамайды маған, бала айтқанды тыңдамаса маған қиын болрды деп өз сезіміңізді білдіріңіз.

Егерде…….

Бала балалар бақшасына енді барып жүрсе не істеу қажет…

1. Балалар бақшасының жұмысшыларымен тығыз қарым- қатынаста болуыныз қажет.

2. Баланы бала бақшаға біртіндеп үйретіңіз.

3. 8 сағатттан артық баланы бақшада қалдырмаңыз.

4. Тәрбиешілерге балаңыздың әдеттері мен ерекшеліктерін ескертіп жүріңіз.

5. 4-10 күндегі балабақшаға баруын қысқарта тұруыңызға болады.

6. Үйде қалыпты, жайлы жағдайды ұстаныңыз.

7. Жаңа жаңалықтармен балаңызды еліте бермеңіз.

8. Балаңызға үнемі қамқор, шыдамды болып, қадағалап отырыңыз.

Ата- анамен айырылысар кезде жыласа не істеу қажет…

1. Балаңызға бақшадан күтіп алатынңызды айт.

2. Өзіңді қалыпты ұстап, балаңыздың алдында мазасыз күй кешіңіз.

3. Балаңызға өзінің үйдегі сүйікті ойыншығын немесе қандай да бір үйде ұстанатын затты беріңіз.

4. Тобына өзіңіздің суретіңізді әкеліп қойыңыз.

5. Әртүрлі қоштасудың әдістерін үйреніп, қолданыңыз.(мысалы, ауа арқылы сүю, арқасынан қағу т.б)

6. Балабақшадан алып кетерде,балаңызға абай болыңыз.

7.Балабақшадан кейін балаңызбен саябақта қыдырыңыз немесе балаларға арналған алаңқайда.

8. Кешкілік жанұялық мереке ұйымдастырыңыз.

9. Балаңызға қозғалмалы ойындармен ойнауға мүмкіндік беріңіз.

10.Кешкілік жанұялық мереке ұйымдастырыңыз.

11. Балаңызға деген сүйіспеншілігіңіз бен қамқорлығыңызды аямаңыз.

12. Ең басысы, шыдамды болыңыз!

Егерде балаңыз ұйықтағысы келмесе…

1. Алғашқы мазасыздану белгілері (тырысу, көзін сүрту) белгілерін байқаңыз.

2. Балаңызға қалыпты ойын(мыс, бірігіп сурет салу,оқиға құрастыру) балаңыздан ойыншықтар оянып кетпеу үшін сыбырлап сөйлеу керек деп алаңдатыңыз.

3. Кешкі туалатке барар кезде балаңызға сумен ойнауға мүмкіндік жасаңыз.\

4. Құлақ асқысы келмеген балаңызға айқайламай, өзіңізді қалыпты ұстаңыз.

5. Ұйықтар алдында арқасынан сипап,массаж жасап беріңіз.

6. Балаңызбен қосылып ән айтыңыз.

7. Балаңызбен әңгімелесіңіз, бірге кітап оқыңыз.

Балаңыз ойын артынан ойыншықтарын жинамаса…

1. Осының қажеті бар ма, жоқ па соны шешіңіз.

2 Балаңызға мысал болсын деп, өзіңіз артынан жинаңыз.

3. Ойыншықты жинап жүріп, балаңызға ойыншықты жинау қажет екенін

айтыңыз.

4. Ойыншықтарды бірге жинасыңыз.

5. Балаңызға мейірімділікпен ойыншықты жинауын өтініңіз.

6. Ойыншықты жинауды бала ұйқыға жатар алдында істеңіз.

1 comment
  1. Hi there,

    We run an Instagram growth service, which increases your number of followers both safely and practically.

    – We guarantee to gain you 300-1000+ followers per month.
    – People follow you because they are interested in you, increasing likes, comments and interaction.
    – All actions are made manually by our team. We do not use any ‘bots’.

    The price is just $60 (USD) per month, and we can start immediately.

    If you’d like to see some of our previous work, let me know, and we can discuss it further.

    Kind Regards,
    Megan

    Unsubscribe here: https://removeme.click/unsubscribe.php?d=barinbil.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Күз–молшылық айы

Күз–молшылық айы. «Күздің бір күні – қыстың бір айын асырайды» -деп халық…

Проект «We learn English together»

«We learn English together» он для тех, у кого есть желание и…

Көлік құралдары құрылысының негіздері

Айналдыру моментін үйкеліс күшімен, динамикалық күштермен немесе электромагниттік полемен беруді жүзеге асыратын…

Мен әлемді  үнсіз қалпында  елестете алмаймын!

Мен әлемді  үнсіз қалпында  елестете алмаймын!  Сіз өміріңізде тыныштықты сезіп көрдіңіз  бе?…