1. Айналдыру моментін үйкеліс күшімен, динамикалық күштермен немесе электромагниттік полемен беруді жүзеге асыратын күш муфтасын қалай атайды? ілініс
  2. Қозғалтқышты трансмиссиядан уақытша ажыратуға және оларды жайлы қосуға арналған құрылым қалай аталады? ілініс
  3. Көлік қөзғалысында ілініс қосылған жағдайында трансмиссия механизмдерін пайда болған қандай күштеулерден сақтайды? динамикалық
  4. Центрден тепкіш іліністерден басқалары қандай байланыста болады? тұрақты
  5. Бірдискілі іліністер қандай автомобильдерде қолданылады? жеңіл автомобильдерде, автобустарда, кіші және орташа жүк көтергішті автомобильдерде
  6. Екі дискілі іліністер қандай көліктерде орнатылады? үлкен жүк көтергішті және үлкен сыйымдылықты автобустарда  
  7. Көп дискілі іліністер автомобильдерде қолданылады? тек ауыр жүк көтергішті автомобильдерде  
  8. Гидравликалық іліністер қазіргі автомобильдерде қандай механизм ретінде қолданылмайды? жеке
  9. Бұрынырақтағы автомобильдер трансмиссияында гидравликалық ілініс фрикциялы ілініспен қалай қолданылды? тізбекті
  10.  Электромагнитті іліністер неге байланысты, тек жеке втомобильдерде қолданылды? күрделілігіне
  11. Фрикционды іліністе айналдыру моменті қандай күшіпен беріледі? құрғақ үйкеліс
  12. Қазіргі автомобильдерде айналдыру моментін беру үшін қандай құрғақ ілініс кеңінен тараған? бірдискілі құрғақ
  13. Бірдискілі іліністер қандай бөлшектерден құралады? жетектеуші және жетектелуші бөлшектерден
  14. Іліністе жетектеуші бөлшектерге не жатады? қозғалтқыш сермері , қаптама  және қысымдау дискісі
  15. Іліністе жетектелуші бөлшектерге не жатады? жетектелуші диск
  16. Қаптама немен және қайда бекітілген? болттармен сермерге
  17. Қысымдау дискісі немен қайда жалғастырылған? серпімділі пластиналармен қаптамамен
  18. Жетектелуші диск қайда орналастырылған? берілістер қорабының шлицалы бірінші (жетектеуші) білігінде
  19. Ілініс жетегіне не кіреді? басқыш, тартпа, айыр және қысымдау подшипнигі мен муфта
  20. Басқыш жіберілгенде, ілініс қандай жағдайда болады? қосылған
  21. Ілініс қосылғанда, жетектелуші диск сермерге ненің күштерімен қысымдау дискісімен қысылады? серпер
  22. Ілініс айналдыру моментін жетектеуші бөлшектерден жетектелуші бөлшектерге ненің үйкеліс беті арқылы беріледі? сермер және қысымдау дискісінің
  23. Басқышты басқанда ілініс қандай жағдайда болады? ажыратылған
  24. Муфта ажыратылғанда қысымдау подшипнигі маховикке қарай жылжып иіндерді бұрады, олар өз кезегінде қысымдау дискісін қай дискіден ажыратады? жетектелуші дискіден
  25. Іліністің жетектеуші және жетектелуші бөлшектерін қысу қысымдау дискісінің шетінде бірдей аралықта орналасқан нелермен жүзеге асыруға болады? бірнеше серіппелермен
  26. Фрикциялы іліністің жетегі қандай болуы мүмкін? механикалық, гидравликалық немесе электромагнитті
  27. Автомобильдерде ілістің қандай жетек түрлерін қолданған тиімді? механикалық және гидравликалық жетек
  28. Іліністің механикалық жетегі құрылымы бойынша қандай артықшылығы болады? құрылымы бойынша қарапайым
  29. Іліністің механикалық жетегі гидравликалық жетекке қарағанда қандай кемшілігі болады? ПӘК- і төмен
  30. Гидравликалық жетек ілінісінің қандай артықшылықтары болады? ПӘК- і жоғары
  31.  Гидравликалық жетек ілінісінің қандай кемшіліктері болады? сенімсіздігі
  32. Іліністі басқаруды жеңілдету үшін жетекте келесі нелер жиі қолданылады? күшейткіштер
  33. Сервосеріппелі күшейткіштердің қандай түрлері болады? механикалық, ауалы және вакуумды
  34. Сервосеріппелер іліністі ажыратуға қажетті максималды күшті неше %- ға төмендетеді? (20…40) %- ға
  35. Фрикциялы бірдискілі шетті (перифериялы) серіппелі іліністер қозғалтқыштың қай бөлігіне орнатылады? шойын картерде
  36. ЗИЛ жүк автомобильдерінде қолданылатын іліністің қысымдау дискісі қаптамамен, одан қысымдау дискісіне айналдыру моментін беретін немен жалғастырылған? пластиналы төрт жұп серіппемен
  37. ЗИЛ жүк автомобильдерінде қолданылатын іліністің қаптамасымен қысымдау дискі аралығында шеңбер бойымен бір- бірінен бірдей арақашықтықта неше серіппе орнатылған? 16
  38. Қысымдау дискісі мен серіппе аралығында қандай шайбалар орнатылған? изоляциялайтын
  39. Орнатылған жылу изоляциялайтын шайбалар неге арналған? серіппелердің қызуын төмендетуге
  40. Іліністі ажырататын төрт рычаг инелі подшипникті осьтер көмегімен неге жалғастырылған? қысымдау дискісімен және айырлармен
  41. Айырлардың қаптамадағы тірегі қызметін не атқарады? сфералық гайкалар
  42. Іліністің қысымдау дискісі жылжығанда айырлардың тербелмелі қозғалыс жасауын не қамтамасыздандырады? сфералық гайкалар
  43. Іліністі жинастырғанда сфералық гайкалармен ненің жағдайын реттейді? ажырату рычагының
  44. Іліністің жетектелуші дискісінде қандай бұрау тербелісті сөндіргіштер орнатылған? серіппелі- фрикционды
  45. Жұқа болат жетектелуші дискіге екі жағынан да престелген металласбесті композициядан жасалған нелер бекітілген? фрикциялы үстемелер
  46. Диск ступицамен трансмиссия айналмалы тербелісті сөндіргішінің нелерінің көмегімен жалғастырылады? сегіз серіппелермен
  47. Сөндіргіштің серіппелері трансмиссияның бөлшектерінің қандай көрсеткішін төмендетеді? тербеліс жиілігін
  48. Сонымен қатар серіппелер автомобиль қозғалысы басталған сәтте немесе берілістерді ауыстырғанда ненің жайлы ауысуына жағдай жасайды? айналдыру моментінің
  49. Іліністегі серіппелер автомобиль қозғалысы басталған сәтте немесе берілістерді ауыстырғанда айналдыру моментінің қандай ауысуына жағдай жасайды? жайлы
  50. Бұрау тербелістерінің сөндіргіші трансмиссия механизімдерінің қандай көрсеткішін өзгертеді? ұзақмерзімді қызметін
  51. Сенімді жұмыс істеуі үшін іліністе неше реттеу қарастырылған? екі реттеу
  52. Сенімді жұмыс істеуі үшін іліністе қандай реттеу болады? ілініс басқышының еркін жолы және іліністі ажырату иіндерінің жағдайы
  53. Іліністің басқышының еркін жүріс жолы немесе қысымдау подшипнигі мен іліністі ажырату иіні арасындағы саңылауды ретеу немен орындалады? реттеу гайкасымен
  54. Ілініс басқышының еркін жүріс жолы (35…50) мм болғанда, саңылау қандай болуы тиіс? (1,5…3,0)мм
  55. Реттеу іліністі толық қосып, ажыратуға не керек және оны қалай деп атайды? пайдалану реттеуі
  56. Кіші саңылауда қысымдау подшипнигі тұрақты немесе кезеңді ажырату иіндерін қысымдап, іліністің қандай жағдайын туындатады? тығылуын
  57. Іліністің тығылуы (пробуксовка) нені туындатады? қажалуды
  58. Көліктің қозғалысында қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығының жетектеуші доңғалақтардың бұрыштық жылдамдығына қатынасын өзгертетін трансмиссияның механизмін қалай деп атайды? берілістер қорабы
  59. Көліктің жетектеуші доңғалақтарының айналдыру моментін өзгертуге, қозғалтқышты трасмиссиядан ұзақ ажыратуға және артқа жүрісті алуға арналған құрылымды қалай атайды? берілістер қорабы
  60. Жетектеуші доғалақтардағы айналдыру моментін өзгерту жол жағдайына сәйкес көліктін оптималды жылдамдығын және өтімділігін, сонымен қатар қозғалтқыштың үнемді жұмысын қамтамасыздандыру үшін қажет құрылымды көрсетіңіз? берілістер қорабы
  61. Беріліс беріліс саны қалай анықталады? жетектеуші біліктің бұрыштық жылдамдығының жетектелуші біліктің бұрыштық жылдамдығының қатынасымен анықталады
  62. Көліктің түріне және қажеттілігіне байланысты, оларда беріліс қорабтарының нелері анықталады? түрлері
  63. Қазіргі кезде жеңіл және жүк автомобильдерінде қандай берілістер қорабы қолданылады? сатылы
  64. Соңғы уақытта жеңіл автомобильдерде және автобустарда қандай берілістер қорабының қолдануы жиілеуде? гидромеханикалық
  65. Гидромеханикалық берілістер қорабы неден құралады? гидротранформатордан, сатылы механикалық берілістер қорабынан
  66. Сатылы берілістер қорабы қандай тісті (шестернялы) механизм? сатылы
  67. Қорабтың беріліс саны жоғарғы берілістен басқа берілістерде қандай шамада болады? бірден үлкен
  68. Сатылы берілістер қорабында жоғарғы берілістер қандай болуы мүмкін? тік (Uк=1) немесе жоғарылататын  (Uк<1) болуы мүмкін
  69. Екібілікті берілістер қорабы қандай автомобильдерде қолданылуы мүмкін? қорабы кіші класты, алдыңғы жетекті және артқыжетекті, қозғалтқышы артында орналасқан жеңіл автомобильдерде
  70. Екібілікті берілістер қорабының беріліс саны қандай шамада болады? ..5
  71. Үшбілікті берілістер қорабы қандай автомобильдерде қолданылуы мүмкін? артқыжетекті жеңіл автомобильдерде, кіші, орта жүк көтергішті жүк автомобильдерде және автобустарда қолданылады
  72. Орта жүккөтергішті жүк автомобильдер үшін берілістер қорабының беріліс саны қандай шамада болады? ..6
  73. Көпбілікті берілістер қорабы берілістер санын ұлғайту мақсатында қандай автомобильдерде қолданылады? үлкен жүккөтергішті
  74. Берілістер саны көп болған сайын қозғалтқыш қуаты қалай пайдаланылады? жақсы
  75. Берілістер саны көп болған сайын қозғалтқыш қуаты жақсы пайдаланылуы немен түсіндіріледі? үнемділігімен
  76. Берілістер саны көп болған сайын тарту- жылдамдық және отын үнемділігі қандай болады? жоғары
  77. Екібілікті берілістер қорабының артықшылығы қандай? ПӘК-і жоғары
  78. Құрылымы бойынша екібілікті берілістер қозғалтқышпен, ілініспен, бас беріліспен және дифференциалмен салыстырмалы қалай дайындалады? бір блокта дайындалады
  79. Екібілікті қораптың құрылымы автомобильде қозғалтқыштың орналасуына байланысты қалай орналасатын болады? бойлық немесе көлденең
  80. Синхронизатордың қажеттілігі қандай? шестерняларды шусыз қосу мақсатында олардың айналыс жиіліктерін теңестіруге
  81.  Төмендеткіш қосымша берілістер қорабы қалай аталады? деммультипликатор
  82. Демультипликаторда неше беріліс болады? екі немесе үш
  83.  КамАЗ жүк автомобилінің берілістер қорабы қандай? бесбілікті, онсатылы, синхронизирленген
  84. Механикалық берілістердің ыңғайсыздығы қандай? ілініс басқышын басу мен ауыстыру сабын жылжытудың жиілігі
  85. Гидромеханикалық берілістер қорабы біруақытта берілісті автоматты немесе жартылайавтоматты ауыстырып нелердің міндетін атқарады? іліністің және берілістер
  86. Гидромеханикалық берілістер қорабында автомобильді басқару қалай жүзеге асырылады? отын беру басқышымен, қажет болғанда тежеу басқышымен
  87. Гидромеханикалық беріліс қорабы неден құралады? гидротрансформатордан және екі, үш, көпбілікті немесе планетарлы берілістер қорабынан
  88. Білікті механикалық қорапты гидромеханикалық қорапты негізінен қандай көліктерде қолданады? жүк автомобильдері мен автобустарда
  89. Білікті механикалық қорапты гидромеханикалық қораптарда берілістерді ауыстыру үшін не қолданылады? майда жұмыс істейтін көпдискілі муфталар
  90. Білікті механикалық қорапты гидромеханикалық қораптарда артқа берілістерді ауыстыру үшін не қолданылады? тісті муфтаны
  91. Фрикциондармен берілісті ауыстыру қозғалтқыштың айналыс жиілігін төмендетпестен қалай жүзеге асырады? сатысыз – сатылы
  92. Планетарлы механикалық қорапты гидромеханикалық қораптар қандай көліктерде кеңінен қолданылады? жеңіл, жүк автомобильдерінде және автобустарда
  93. Планетарлы механикалық қорапты гидромеханикалық қораптардың қандай артықшылықтары болады? құрылымының жинақтылығы, кіші металл сыйымдылығы
  94. Планетарлы механикалық қорапты гидромеханикалық қораптардың қандай кемшіліктері болады? күрделілігін, жоғарғы құнын, төменгі ПӘК- і
  95. Планетарлы механикалық қорапты гидромеханикалық қораптарда берілістер қалай ауыстырылады? фрикционды муфталармен және ленталы тежегіш механизмдермен
  96. Гидротрансформатор қайда орналастырылады? қозғалтқыштың иінді білігі мен  жетектеуші доңғалақтары арасында
  97. Гидротрансформатор қандай қалақшалы дөңгелектерден құралады? сорғы ,турбина және реактор
  98. Гидротрансформатор тұрқы ішінде беріліс қорабының бірінші білігімен жалғасқан қандай дөңгелек болады? турбиналы
  99. Гидротрансформатордың ішкі қуысының қандай бөлігіне дейін май құйылады? 3/4
  100. Гидротрансформатордың ішкі қуысына қандай май құйылады? тұтқырлығы төмен арнайы
  101. Жұмыс орындап тұрған қозғалтқышта гидротрансформатордың сорғылық дөңгелегі немен бірге айналады? семермен
  102. Гидротрансформатордың турбиналық дөңгелегінен май қайда барады? реакторға
  103. Гидротрансформатордың турбиналық дөңгелегінде ең үлкен айналдыру моментінің пайда болуы қашан туындайды? автомобильдің орнынан қозғалғанында
  104. Автомобильдің үдетілуіне байланысты сорғы және турбина дөңгелектерінің айналыс жиіліктері қалай өзгереді? жоғарылайды
  105. Реактордың айналыс жиілігі максималды шамаға жеткеннен кейін, гидротрансформатор айналдыру моментінің өзгеруі қандай болады? тоқтатайды
  106. Гидротрансформатор айналдыру моментін өзгертуді тоқтатқанда, муфта қандай режимге өтеді? Муфта
  107. Планетарлы беріліс қорабы гидротрансформатордың жұмыс диапазонын кеңейтуге арналған қандай механизмдерден құралады? бірнеше планетарлы механизмдерден
  108. Қандай беріліс қорабы қозғалтқыштың айналдыру моментін жетектеуші белдер арасында бөлістіреді? тарататын
  109. Осьтері сәйкес келмейтін тарату қораптары аралық біліктері болмағанда қалай ерекшеленеді? жинақтылығымен
  110. Жетектеуші белдердің блокирленген жетекті тарату қорабы жетектеуші доңғалақтардың тығылусыз, жолмен ілініс жағдайына байланысты тарту күшін қалай пайдалануға жағдай жасайды? толық
  111. Автомобильдің бұрылыста, тегіс емес жолмен қозғалысында жетекті блокирлеу доңғалақтардың әртүрлі жол жүруіне байланысты, доңғалақтарда не туындайды ? сырғанау
  112. Жетектеуші белдердің дифференциалды жетекті тарату қораптары қандай құбылыстарды болдырмайды? шиналардың қажалуын және отын шығынының ұлғаюын
  113. Жетектеуші белдерде күштеу бірдей болса қандай дифференциал қолданылады? симметриялы дифференциал
  114. Жетектеуші белдерде күштеу бірдей болмаса қандай дифференциал қолданылады? симметриясыз дифференциал
  115. Перифериялы лонжеронды қаңқалар қандай көліктерде жиі қолданылады? қаңқалы жеңіл автомобильдерде
  116. Перифериялы лонжеронды қаңқалар неден құралады? профильді лонжерондардан
  117. Перифериялы лонжеронды қаңқалардың профильді лонжерондардан құралуы нені ұлғайтады? бүйірлік соққыларға қарсылықты
  118. Қай жүк автомобилінің қаңқасы штампталған, тойтарылған қатты алып жүру жүйесін құрайтын екі бойлық лонжерондардан және жеті көлденеңнемелерден құралады? КамАЗ
  119. Аспа автомобильдің барлық массасын қандай бөліктерге бөледі? рессор астындағы және рессор астындағы емес 
  120. Рессор астындағы аспаға қандай бөліктер тіреледі? кузов, қаңқа, оған бекітілген механизмдер
  121. Рессор астындағы жолға тірелетін қандай бөліктер? белдер, доңғалақтар, тежеу механизмдері
  122. Үстіртті ажыратылатын қаңқалар қандай автомобильдерде қолданылады? ауыр жүккөтергішті
  123. Трансмиссия механизмдерінің картерлерін ажыратылатын үстіртті қаңқаның алып жүруші бөлігі ретінде қолдану автомобильдің массасын қандай шамаға төмендетеді? ..20 %- ға
  124. Ажыратылатын үстіртті қаңқа ложерондылармен салыстырғанда қандай айырмашылығы болады? жоғарғы қаттылыққа ие
  125. Өзі аударғыш автомобильдерде негізгі қаңқамен қатар тиісті жағдайларда автомобильдің жұмысында оны үлкен динамикалық күштеулерден сақтайтын қандай қаңқа қолданылады? қосымша қаңқа
  126. Қысқа қаңқа өзіаударғыштың қаңқасына ненің көмегімен бекітіледі? қапсырмалардың және болттық біріктірмелердің
  127. Қысқа қаңқа мен негізгі қаңқа аралығында не қойылады? арнайы төсемдер
  128. Өздігінен аударатын «КамАЗ» автомобилінің қысқа қаңқасы қандай құрылым? пісірмелі
  129. Үлкен күштеуде болатын қысқа қаңқаның артқы бөлігінде не болады? Х тәрізді күшейткіші
  130. Доңғалақты автомобильдің алып жүруші жүйесімен (рамамен немесе кузовпен) серпімділі байланысты жүзеге асыратын құрылымдар жыйынтығы қалай аталады? аспа
  131. Тегіс емес жолмен қозғалғанда автомобильдің рессор астындағы бөліктері қандай жиілікпен тербеледі? төменгі
  132. Тегіс емес жолмен қозғалғанда автомобильдің рессор астындағы емес бөліктері қандай жиілікпен тербеледі? жоғарғы
  133. Бағыттағыш , серпімділі, өшіретін (амортизатор) және стабилизациялаушы құрылымдардан автомобильдің қандай торабы құралады? аспасы
  134. Бағыттағыш құрылым доңғалақтың кузов пен жолға салыстырмалы ненің сипатын анықтайды? жылжуының
  135. Аспаның серпімділік құрылымы тегіс емес жолмен жүргенде доңғалақтан кузовқа берілетін нелерді жұмсартады? соққыларды
  136. Өшіру құрылымы тегіс емес жолмен жүргенде автомобильдің кузовының және доңғалағының тербелуін төмендетеді де, неге алып келеді? өшіруге
  137. Қандай құрылым бүйірлік кренді және автомобиль кузовының көлденең бұрыштық тербелісін төмендетеді? стабилизациялайтын
  138. Аспа стабилизатор орта бөлігінде кузовпен, ал шеттерінде немен байланысқан? аспа рычагтарымен
  139. Автомобильдердің барлық аспалары қандай түлерге бөлінеді? тәуелді және тәуелсіз
  140. Қандай аспанық олданғанда бір белдің доңғалақтары өзара қатты балкамен жалғастырылады, яғни доңғалақтардың бірінің қозғалуы екінші доңғалақтың қозғалуын туындатады? тәуелді аспаны
  141. Қандай автомобильдерде тәуелді аспалар әдетте артқы доңғалақтарда қолданады? жеңіл
  142. Қандай аспаларда бір белдің доңғалақтары өзара нақты байланыста болмайды, олар бір- бірінен тәуелсіз асылған және бірінің қозғалысы екішісінің қозғалысын туындатпайды тәуелсіз аспаны
  143. Тәуелсіз аспалар жеңіл ватомобильдердің қай доңғалақтарында қолданылады? алдыңғы және артқы
  144. Рессорлы аспаның серпімділі құрылымы ретінде не қолданылады? парақтық рессорлар
  145. Парақты рессорлардың артықшылықтары біруақытта аспаның нені орындауларында? бірнеше құрылымдардың функцияларын
  146. Парақты рессорларды негізінен қандай аспаларда пайдаланады? тәуелді аспаны
  147. Гидравликалық амортизаторлар құрылымы бойынша неге ұқсас? поршеньді сорғыларға
  148. Екі құбырлы амортизаторларда не болады? жұмыс цилиндрі және резервуар
  149. Төменгі қысымды амортизаторларда газдың іштегі қысымы қандай шамада болады 0,1 МПа
  150. Бір құбырлы газ толтырылған амортизаторлар екі құбырлыларға қарағанда қалай салқындатылады? жақсы
  151. Ауалы шина аспамен бірге қандай қызмет атқарады? жолдың тегіс еместігін жайландырады
  152. Ступица доңғалақтардың подшипниктерде белге орнатылуын қамтамасыздандырып не жасайды? доңғалақтың айналуына мүмкіндік
  153. Жетектеуші доңғалақ қозғалтқыштан трасмиссия арқылы берілген айналдыру моментін неге айналдырады? тарту күшіне
  154. Жетектеуші доңғалақ өз айналысын неге айналдырады ілгерлемелі немесе кері қозғалысқа
  155. Шабақты доңғалақтарда ступица мен ободты жалғастыру үшін не қолданылады? сым шабақтар
  156. Шиналар жиынтығы автомобильдің алғашқы құнының қандай шамасын құрайды? ..30 %- ын
  157. Шиналар жиынтығы автомобильдің пайдалану үрдісінде жалпы шығынның қанша бөлігі шиналарды қалпына келтіру шығындарын құрайды? ..15 %- ын
  158. Радиалды шиналар белгіленуінде 175/70 R13, мұндағы 175 шинаның қандай өлшемін көрсетеді? профилінің ені, мм;
  159. Радиалды шиналар белгіленуінде 175/70 R13, мұндағы 70 шинаның қандай өлшемін көрсетеді? профильдің биіктігінің еніне қатынасы
  160. Радиалды шиналар белгіленуінде 175/70 R13, мұндағы 13 шинаның қандай өлшемін көрсетеді? отырғызу диаметрі дюймде
  161. Радиалды шиналар белгіленуінде 175/70 R13, мұндағы R шинаның қандай өлшемін көрсетеді? радиалды шинаның шартты белгіленуі
  162. Шиналардағы бүйірлемелер каркасты неден қорғайды? зақымданудан және ылғал әсерінен
  163. Қандай шиналарда қозғалыс қауіпсіздігі жоғары, жеңіл жөнделеді, жұмыс уақытында аз қызады, ұзақ мерзімді, құрылымы қарапайым, массасы кіші? камерасыз шиналар
  164. Червякты секторлы рульдік механизмдер аз тараған, олар тек қандай автомобильдерде орнатылған? жүк
  165. Червякты механизм цилиндрлі червяктан және үлкен күштерді бергенде кіші қысымдарды қабылдайтын қандай сектордан құралады спиральді тісті бүйірлік
  166. Винтті рычагты рульдік механизмдер төменгі ПӘК – інен және реттеумен компенсацияланбайтын едәуір қажалуы болғандықтан қазіргі кезде қалай қолданылады? сирек
  167. Жеңіл автомобильдерде, орташа және үлкен жүк автомобильдерде және автобустарда қандай күшейткіштер қолданылады? ауалы және гидравликалық
  168. Жүргізуші ауалы күшейткішті тек қандай жол жағдайында ғана іске қосады? ауыр
  169. Гидравликалық күшейткіштер (гидрокүшейткіштер) кең тараған, олармен қазіргі автомобильдердің қанша пайызы жабдықталған? 90%-ы
  170. Гидравликалық күшейткіштердің іске қосылу уақыты қандай шамада? 0,2…0,24 с
  171. Автомобиль бұрылғанда күш рульдік механизмнен неге беріледі? өзекшеге
  172. Егер жүргізуші рульдік дөңгелекті тоқтатқанда, гидробөлістіргіш кері байланыс көмегімен гидроцилиндр поршеніне қандай әсері болады? тиісті жағдайда фиксациялайды
  173. Гидроцилиндр поршенін тиісті жағдайда фиксациялағанда қосымша май беру жүзеге асады ма? тоқтатылады
  174. Гидрокүшейткішсіз рульдік басқаруда жүргізуші рульдік дөңгелекке түсетін бұрылуға кедергінің ұлғаюында өсетін күшке байланысты нені сезеді? жолды
  175. Автомобильдің басқарылатын доңғалақтарына бұрылу кедергісі ұлғайғанда реактивті камералардың бірінде май қысымы қалай өзгереді? өседі
  176. Автомобильдерде қандай рульдік жетек қолданылады? артқы кесілген рульдік трапециялы
  177. Автомобильдің рульдік трапециясының бүйірлік рульдік тартпасының ұзындығын өзгертуге мүмкіндік жасайды? басқарылатын доңғалақтардың қиылысуын реттегенде
  178. Қай автомобильдің рульдік басқаруы алдыңғы жетекті, сол жақты, жарақаттық қауіпсіз, күшейткішсіз? ВАЗ
  179. Рульдік басқарудың жарақаттық қауыпсіздігі қандай құрылыммен қамтамасыздандырылады? арнайы сөндіру (демпферлі)
  180. Рульдік дөңгелек қандай құрылымы арқылы рульдік біліктің жоғарғы шлицалық шетінде бекітілген? сөндіру
  181. Рульдік білік екі бөліктен құралатын рульдік колонкамен бірге кронштейн көмегімен қайда бекітіледі? автомобаль кузовына
  182. Рульдік біліктің төменгі шеті эластикалық муфта арқылы тарту болтымен жетек шестернясының қай бөлігімен жалғастырылған? шлицалы шетімен
  183. Жетек шестернясының тісті рейкамен саңылаусыз ілінісін олардың қандай жүріс шамасында қамтамасыздандырады барлық
  184. Рульдік рейка бір шетімен қайда тіреледі металлкерамикалық тірекке
  185. Рульдік рейка екінші шетімен рульдік механизмнің картерінде арнайы шығыңқылармен фиксирленетін және резиналы сақиналармен қайда орнатылады? тығыздалатын ойықты пластмассалы втулкада
  186. Бір жағында рульдік рейканың жүрісі немен шектеледі? өзіне престелген сақиналармен
  187. Рульдік рейка екінші жағына жүрісі рульдік механизмнің картеріне тірелетін немен шектеледі? резинаметаллды топсаның втулкасымен
  188. Рульдік механизмнің картері автомобиль кузовының алдыңғы панеліне резиналы тірек не арқылы арқылы бекітіледі екі қапсырма
  189. Рульдік механизм картерімен кузов панелінің арасында не орнатылған? дірілжұтатын резиналы тірек
  190. Рульдік механизм картері қандай маймен толтырылған? консистентті
  191. Рульдік жетек екі рульдік тартпадан және алдыңғы аспаның телескопиялық қадаларының ұандай иіндерінен құралады? бұру
  192. Әр тартпа өзара гайкамен фиксирленетін, реттейтін немен жалғастырылған? құбырлы тартпамен
  193. Рульдік тартпалар телескопиялық қадалардың иіндерімен немен жалғастырылады? шарлы топсалармен
  194. Шарлы топса шарлы саусақтан, пластмассалы астардан, серіппеден құралып немен қорғалады? резиналы жабынмен
  195. Қандай жүйе қозғалыс жылдамдығын төмендетуге, тоқтатуға автомобильді белгілі жағдайда ұстап тұруға арналған? тежеу
  196. Қандай тежеу жүйесі автомобиль жылдамдығын тоқтауға дейін төмендетуге арналған? жұмысшы
  197. Жұмысшы тежеу жүйесі барлық тежеу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі, автомобиль доңғалақтарының барлығына әсер етеді және автомобильді қандай тежеуде қолданылады? қызметтік және экстренді (апаттық -белгілі уақыт аралығында)
  198. Қозғалмайтын автомобильді бір орында ұстап тұру қызметін қандай тежеу жүйесі атқарады? тұру тежеу жүйесі
  199. Жұмысшы тежеу жүйесі істен шыққанда автомобильді тоқтатуға арналған қандай резервтік тежеу жүйесі болады? қосалқы тежеу жүйесі
  200. Автомобильдің ұзақ және созыңқы ылдыйларға түскенде жылдамдығын шектеу қызметін қандай тежеу жүйесі атқарады? көмекші тежеу жүйесі
  201. Қандай тежеу жүйесі трансмиссия білігіне әсер етеді? көмекші тежеу жүйесі
  202. Қандай тежеу жүйелерімен тек толық массалары 12 т- дан жоғары жүк автомобильдері мен толық массалары 5 т-дан артық автобустар жабдықталады? көмекші тежеу жүйесі
  203. Тіркемелі тежеу жүйелерімен автопоезд құрамында жұмыс істейтін нелер жабдықталады тіркемелер
  204. Барлық тежеу жүйелерінің жыйынтығы автомобильді қалай басқару деп аталады тежеумен
  205. Қозғалтқышпен тежегенде тежеу механизмдері қолданылады ма? қолданылмайды
  206. Таулы жерлерде ұзақ ылдыйлардағы қозғалыста және үлкен болмайтын баяулауды алу қажет болған жағдайларда қандай тежеу қолданылады? қозғалқышпен тежеу
  207. Бірақ зая жүріс режимінде қозғалтқышпен тежеу қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан зыянды ма? зыянды
  208. Ажыратылған қозғалтқышпен тежегенде автомобиль нелермен ғана тежеледі? доңғалақтардың тежеу механизмдерімен
  209. . Тежеу механизмдерін іске қосу алдында қозғалтқыш цилиндрлеріне не беруді азайтады? отын беруді
  210. Тежеу жүйесінің әсері кезеңді тоқтатылатын тежеуде автомобиль доңғалағы сырғанау (бүйірлік сырғанау) шегінде ұсталып тұрылуы қажет, бірақ не болмауы тиіс? сырғанамауы
  211. Сырғанау басталғанда тежеу басқышына түсірілетін күшті кішірейтеді де, доңғалақтарға қандай мүмкіндік жасалады? жолмен доңғалауына
  212. Тежегіш баяулатқышпен тежеу неге әсер етумен орындалады? трансмиссия білігіне
  213. Доңғалақтың тежелуі колодкалардың фрикционды үстемесі мен тежеу барабанының арасындағы қандай күшпен жүзеге асырылады? үйкеліс күшімен
  214. Дискілі тежеу механизмінде тежеу дискісі неге автомобиль доңғалағымен бірге айналады? байланысқандықтан
  215. Гидрокүшейткіштің қандай жағдайында май сорғыдан гидробөлістіргішке, одан сорғыға циркуляцияланады? жұмыс істемегенде
You May Also Like

Дипломдық жұмыс, Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Д И П Л О М Д Ы Қ  Ж Ұ М…

Домна процесінде шойын мен шлактың қалыптасуының физика-химиялық негізі, дәріс жоспары

 Дәріс 5. Домна процесінде шойын мен шлактың қалыптасуының физика-химиялық негізі  Домналық балқытудың…

Инжекциялық-құймалы пресстеу әдісі. Полимеризация пластмассаның тәртібі мен кезеңі.

Жоспар: Полимеризация.Түсініктеме. Полимеризация кезеңдері. Полимеризация тәртібі. Инжекциялық-құймалы престеу әдісі Қорытынды Полимеризация Полимеризация…

Балқытылған ірімшіктен сорпа

Балқытылған ірімшіктен сорпа Қажетті өнімдер: 1 балқытылған ірімшік, 3 картоп, 1 сәбіз,…