Тақырыбы: «Балам – менің баға жетпес байлығым»

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Ата – аналардың қарым – қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата – анамен оқушы арасындағы қарым – қатынасты нығайту.

Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер, доп және т.б

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы.

  1. «Сәлем сөздің анасы» амандасу.
    2. . «Гүл теру» жаттығу
    3. «Жанұя бақыты» жаттығуы.
    4. «Менің балам қандай?» ойыны
    5. «Балама қандай жылулық беремін?»
    6. Бейнеролик Аңыз «Мінсіз емес»
    7. Рефлексия  Рыленковтың методы бойынша.
  2. Қорытынды.

Тренинг барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Балам – менің баға жетпес байлығым» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер!

Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Қатысушы  ата аналарды  ортаға  шақырамыз

І. «Сәлем сөздің анасы» дегендей  біз  бүгін  сіздермен  ерекше түрде  амандасамыз. Шеңбер  болып  тұрамыз.   Мен  айтып  отырамын  сіздер орындап  отырасыздар.

Көршіңді  сол  жақтан  құшақта, Көршіңді  оң  жақтан  құшақта.

Оң  жақтағы  көршіңе  бір  жыми. Сол жақтағы  көршіңе  бір  жыми.                                              Екі  көршіңді  қолдан  ұстап  «сәлем»  де.

ІІ. «Гүл теру» жаттығуы. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата – аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір – бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

  • Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
  • Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс – әрекетіңіз.
  • Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
  • Бала  тәрбиесі  үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
  • Балаларда  қызғаныш,  өзімшілдік  мінездің  қалыптасуы неден?
  • Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
  • «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

  ІІІ.   «Жанұя бақыты» жаттығуы.
Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасында жиі айтылытын сөздерді  жазу керек.

Қатысушылар  отбасы суретін  салып  болғанша  көрермендер  «Әке» бейне  баянын  тамашалайық

 

  1. «Менің балам қандай?» ойыны
    Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
    Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.
  2. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны
    Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с.

Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.

  1. Бейнеролик Аңыз «Мінсіз емес»
    Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
    «Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
    Не үшін ұяласың?
    Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
    Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
    Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
    Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
    Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
    Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.

ҮІІ. Рефлексия  Рыленковтың методы бойынша.

Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін не бірнешеуін таңдайсыздар.

Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл-күйлеріңізді анықтайды.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.

Балан үйрек – мен нақты өзіме ұсыныс алдым.

Ортан терек – маған қиын болда, ұнаған жоқ.

Шылдыр шүмек – менің бағам психологиялық жағдайға берілген баға.

Кішкене бөбек – мен үшін жеткіліксіз болды.

ҮІІІ.  Қорытынды.
Ата – анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой – өлкесі,- деп Абай атамыз ата – ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

You May Also Like

Сандық химиялық анализ, тест жауаптарымен

5В074800 – Фармацевтикалық өндірістің технологиясы Сандық химиялық анализ Келесі әдістердің қайсысы сандық…

Демалыс орындықтарын жасау жобасы

“Демалыс орындықтарын жасау жобасы” Кіріспе. Өнеркәсіптегі техникалық прогресс дәнекерлеу өндірісінің үнемі жетілдірілуімен…

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсету мамандарына арналған оқыту курстары

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсету мамандарына арналған оқыту курстары МАҚСАТЫ: Қоғамдық тамақтандыру…

Әр түрлі фондағы натюрмортты қағаз бетіне тиімді орналастыру

Тақырыбы: Әр түрлі фондағы натюрмортты қағаз бетіне тиімді орналастыру Мазмұны  Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… Тарау…