Тақырыбы: Выготскийдің балалар ойыны туралы пікірі.                               

Ойынның даму тарихы

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек — бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі.«Ойын» сөзі мағынасының түп–төркіні қуаныш, әзілге сәйкес  келеді. Мысалы,  Ежелгі Рим халықтарында «ойын» сөзінің  мағынасы  қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен  ұштасып жатыр, еврей тілінде  әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде  жас баланың іс – әрекетін,  ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды  меңзейді.  Бұл қазақ халқының  мақал – мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, «Асық ойнаған – азар,  доп ойнаған – тозар, кітап оқыған – озар» нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс–әрекетін білдірсе, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» мақалында ойын сөзі әзіл–қалжыңға сәйкес келеді.Ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан  Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан. Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды. Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған            К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер,               В. Фриге, Р. Ван дер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т. б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған. Антик ойшылдары ойынды адам мен өмір арасындағы  байланысқа балайды. Себебі, философия «Дүниені, оның құрамына енетін бөлімдерін жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін, жалпы заңдылықтарды  ашуға тырысады». Ойын — өмірдегі, іс-әрекеттегі пайдасыз және сонымен қатар аса  қажетті маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Кеңестік педагогика және психология ғылымдарында ойын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский,  С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылды. Ойынды шетел зерттеушілері — К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. зерттеді.

    Ойын арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Кез келген тәрбиешінің басты мақсат- міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақт жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.

Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда,  «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» – деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың  жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып,  оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің  шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.Ойын ешқашан өзінің қызығушылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны сипаты өзгереді. Балалардың психикалық ерекшеліктерін негізге ала отырып ой танымын, қиялын, тілін, ой өрісін дамыту мақсат етілген. Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

You May Also Like

Дүниеге көзқарас туралы ақпарат

Кіріспе Философияны зерттеуге кіріскен уақыттан бастап, көп адамдарда бұл пән туралы өзіндік…

Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту

Тақырыбы: Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім…

Қиын да, қызық мамандығым, шығарма

  Ұстаз болу – жүректің батырлығы,                                                                  Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.…

Таразым – менің туған өлкем

Таразым – менің туған өлкем Жоба мақсаты: Ежелгі Тараздың мәдени ескерткіштерімен танысу,…