Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

                                                                 Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

                                                             Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                                                              Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деп- Ғафу Кайырбеков жырлағандай, осы өлең жолдарын оқығанда, мен ұстаз мамандығының қиын да қызық мамандық екенін сезінемін. Қазіргі таңда ең басты маселе жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру.. Бұл–қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған болатын. Бұл идеяның негізі мынадай: «Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары мемлекет» ретінде тануы керек.Олар: қазақ тілі –мемлекеттік тіл,орыс тілі –ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі –жаһандық экономикаға кірігу тілі.Басқаша айтқанда,үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен түсіндіруге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз,орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Қазіргі таңда мен Абай атындагы педагогикалық колледжінің  ағылшын тілі мамандығының 2 курс студентімін. Болашақ ұстазбын. Мен бұл мамандық жолын қалай таңдадым? Өмірде қиынның қиыны мамандық таңдау. Мамандық таңдауда көп адамдар қателесіп жатады.Көбінесе мамандық таңдауда кездесетін қиындықтар түрінің бірі – ата-анасының немесе достарының айтқан пікіріне құлақ асуы. Бірақ маған мамандық таңдауда аса қиын болған жоқ.Осы мамандықты таңдауда бірінші себеп мектеп қабырғасында оқып жүргенімде ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Утегенованың  сабақ бергені маған өте қатты ұнайтын,соның нәтижесінде менің ағылшын тілін үйренуге деген құштарлығым арта түсіп, осы мамандықты таңдауға қызығушылығымды оянды. Сабақ берген ұстазымның еңбегі  менің болашақ мамандығымды таңдауда зор ықпалын тигізді. Қазіргі кезде Г.Утегенова С.Абланов атындағы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп, еңбек етуде. Ал екінші себебім, шет тілінде басқа елдердің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру қызығушылығымды оятты. Мамандық таңдауда жол көрсеткен ұстазыма деген алғысым шексіз. Осы колледже оқу барысында жыл сайын арнайы бекітілген мектептерде педагогикалық тәжірибеден өтудеміз. Тәжірибеден өту барсында сабақтың өту барысымен, сабақ өтудің тиімді тәсілдерін үйрендім. Сонымен қатар өзіме бекітілген сыныппен тарбие сағаттары, сынптан тыс іс-шаралар өткіздім. Осы педагогикалық тәжірибе барысында тусінгенім әр оқушы қайталанбас-тұлға. Әрқайсысының өз қалауы,өз талғамы, қабілеті бар.Сол ар оқушының мінезіне, қабілетіне сай тәрбие мен бағыт-бағдар беру қиынның қиыны. Сондықтан да  қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы бірге жүретін ұстаз мамандығы иелеріне тілегім -еңбек жолында үнемі жаңалыққа ұмтылып, саналы да білімді, тәрбиелі шәкірттеріңіз көп болсын!!!

You May Also Like

Электро-байланыс дипломдық жұмыс

 Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4 Технологиялық бөлім Қазіргі замандағы электрбайланыс……………………………………………………………..5 1.1. Электробайланыстың бағыттаушы жүйелерінің негізгі…

Жасушаның химиялық құрамы

Жоспар 1 Ағзалық заттар 2 Бейағзалық заттар Ағзалық заттармен адамзат өте ертеден…

Приёмы развития ораторского искусства для эффективности публичных выступлений

«Приёмы развития ораторского искусства для эффективности публичных выступлений» Автор: Иманалыулы Динмухаммед Оглавление…

Жемістердің адам денсаулығына пайдасын білесіз бе?

Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды,…