Пәкістанның босқын қазақтары: ел президенті мен қазақ халқына үндеу жолдады 

          Ата-бабалары Ауғанстаннан Пәкістанға босып келген этникалық қазақтардың ұрпақтары еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқан отандастарымыздың жақындарына қайғырып көңіл айтты. Мемлекет басшысы мен ел халқына Карачи қаласындағы 40 отбасы үндеу жариялады.

          Үндеуде өз тағдырларын айтып, елдегі бейберекетсіздікке бейжай қарай алмайтындарын, қазақстандықтардың әлемдегі ең бақытты халықтардың бірі екендіктерін де атап өткен. Бұдан бөлек, тарихи отандарының дамуы үшін халықты ел президентімен бірге болуға шақырады.

«Біздің көпшілігіміз Карачиде жарық дүниенің есігін аштық. Ата-бабаларымыз Ауғанстанға Совет әскері кірген кезде, тағдырдың тәлкегіне түсіп осында босып келген. Сізге бұл үндеуді жазудағы басты мақсат – сүйікті Қазақстанымыз да орын алған жаппа тәртіпсіздіктерге бейжай қарай алмадық», – дейді.

«Жүрегіміз де, көзіміз де әсем Алматы мен бірқатар өңірлердің ойрандалғанына қатты қынжылды. Біз Пәкістанда өмір сүріп, атамекеніміз Қазақстанның табиғаты мен көрікті жерлері үшін мақтанамыз! Қазақстандықтар әлемдегі ең бақытты халықтардың бірі екенін ұмытпаса екен. Өйткені Алла Тағала атажұртымызға көптеген қазба байлықтарды нәсіп еткен», – делінген үндеуде.

Әрбір сәт сайын тарихи Отанымыздағы жағдайларға алаңдаумен болғандарын жеткізеді. Одан бөлек, атамекеніміз де енді мұндай қан төгістер болмасын дейді. Осы үндеумен қандастарымыз қаза тапқан азаматтарымыздың жақындарына, олардың артында қалған жетім-жесір отбасыларына көңіл айтты.

Ел халқын сабырға шақырып, бірлік пен ынтымақта болуларын да атап өтті.

«Бақытты елде өмір сүріп жатқандарыныздың қадірін біліңіздер. Сіздер босқындар өмірінің қаншалықты ауыр әрі тағдырларының қиын екенін білмеулеріңіз мүмкін. Босқын болып жүрудің қаншалықты қиын екенін білгілеріңіз келсе, біздердің жағдайларымызды сұрасаңыздар болады», – деді олар.

Пәкістандағы барша ағайындар атажұртымыздың әлі де дамып, басқа елдерден озық болуы үшін Алладан жәрдем тілейтіндерін жетікізіп жатыр.

«Қазақстанның гүлденуі үшін қазақ халқын ел президентімен бірге болуға шақырамыз», – деп отандастарына Карачиден ыстық сәлемдерін үндеуде жолдайды.

Қадірәлі САРЫПБЕК

You May Also Like

Тауың бауырынан салат

Тауың бауырынан салат Қажетті өнімдер: 7г қырыққабат, 3 қызанақ, 100 г зәйтүн…

Жұмсарту және ұқалау. Массаждың адам денсаулығына пайдасы.

Үгудің ең күрделі тәсілі – илеу немесе жұмсарту. Басқа тәсілдерге қарағанда бұл…

Жылқы туралы жалпы сипаттама

Кіріспе 1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері 1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері 1.2…

Обучение критическому мышлению – главный способ развития функциональной грамотности учащихся