Қоспасы бар балық
Қажетті өнімдер: 1 дорада балыгы (280°С), 50 г кеді, 50 г болгар бұрышы, 2 тісше сарымсақ, 1 лимон, 50 г ақ құрғақ шарап, бұрыш, салат жапырақтары, 50 г пияз, 50 г цуккини, 30 г балдыркөк, 2 тал тасшөп, 20 г зәйтүн майы, тұз, черри қызанағы, аскөк
Дайындалуы: бүтін балықты басынан аяғына дейін кесіп, ішкі бөліктерін алып тастаңыз. Тұздап, бұрыштап, лимон цедрасын іші-сыртына жағыңыз. Болгар бұрышы, балдыркөк сабағы, цуккини және кәдіні таяқшалап тураңыз. Табада өсімдік майын қыздырып, сарымсақ бөліктері мен тасшөпті қуырып алыңыз. Майға дәм берген соң, сарымсақ пен тасшөпті алып тастаңыз. Болгар бұрышын қосыңыз. 2 минуттан соң кәді мен цуккиниді қосыңыз. Соңында пияз бен балдыркөк сабағын қосыңыз. Тұз бен бұрыш қосып, тағы 5 минут бұқтырыңыз. Дайындап алған балықты көкөністермен фарштаңыз. Ыстыққа шыдамды қалыпқа фольга төсеп, фаршталған балықты са-лып, бұқтыру үшін ақ шарап құйыңыз. 180°С температурада 15 минут пісіріңіз. Дайын болуына 5 минут қалғанда өсімдік майын жағыңыз. Лимон, қызанақ, салат жапырақтарымен дастарқанға ұсыныңыз.
балдыркөк – сельдерей