Коммерциялық банктің несиелік саясаты.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиеліе процессті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді.

Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. 

Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымстыру барысындағы банктің стратегиясы және тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуы тиіс:

  • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

  • несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
  • несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
  • сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
  • ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет.

Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік прцессті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай –ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалыға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға)  және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылым-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастырудыжәне бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несиеберу туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуеклдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қаьылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. 

Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • несиелік пртфельді басқару;
  • несиелеуге бақылау жасау;
  • құзіретті бөлу принциптері;
  • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
  • несиелер бойынша зиян шегу шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:

  1. несиелеу саясаты
  2. несиелеу стандарты
  3. несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты – бұл банкте нсеиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандртында мынаай сұрақтар қарастырылады:

  • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
  • несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
  • қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
  • құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
  • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалыға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).

Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.

Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритмін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі. 

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

  • банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
  • несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
  • несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
  • несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.

Банктың Несиелік саясатының принциптері

Банктің Несиелік саясатының п ринциптерІ
1 2
Жалпы принциптері Өзіне тән арнайы прициптері
Ғылыми тұрғыдан негізделу табыстылық, пайдалылык
Оңтайлы болуы қауіпсіздік , сенімділік
Тиімділігі  
Несиелік саясат     элементтерінің бірегейлі мен уүдіксіз байланысы  

Жалпы, жоғарыда айтылған принциптерінің сақтау банктің Несиелік саясатының тиімділігін арттырудың алғышарты болып табылады.

Сонымен, Несиелік саясаттыың прициптері мен мақсаттарын, оған тікелей жэне жанама түрде әсер ететін факторлар жиынтығын ескере отырып жасағанда гана Несиелік саясат тиімді жэне оңтайлы болады деп саналады. Ал банктің тиімді де оңтайлы Несиелік саясаты банктің өзінің, экономикасының өркендеуі мен гүлденуіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

Жоғарыда тілге тиек етілген жағдайлар банктің тиімді Несиелік саясатын жасаудағы жалпы көзқарастарды біріктіруге мүмкіндік береді. Алайда іс жүзінде Несиелік саясатты қалыптастырып, жүзеге асыру үшін көптеген факторларды ескере отырып талдау жүмыстарын жүргізіп отыру маңызды шарт болып табылады.

You May Also Like

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі, курстық жұмыс

Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………………… 1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің…

Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер

Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер. Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары. Қарлұқ…

Электронная вахта через Html, Css, Php, MySql

Система «Электронная вахта» – это проект автоматизации контроля доступа для учебных заведений…

Компьютердің адам өміріндегі рөлі, баяндама

Баяндама: Компьютердің адам өміріндегі рөлі Біле бер,қанша білсең –тағы тіле Жетерсің мұратыңа…