Баяндама: Компьютердің адам өміріндегі рөлі

Біле бер,қанша білсең –тағы тіле

Жетерсің мұратыңа біле ,біле

Жүсіп Баласұғын

Компьютерлер  біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Ол біздің өміріміздің барлық салаларына кірді және өмірімізді бұл ақылды машинасыз көру мүмкін емес. Біз,  балалар  үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді. Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді.Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино  көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер,тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейне жазбаларды  да көру мақсатында пайдалана аласыз. Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді .Мысалы , арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып ,өзіңіз жаңа күйлер  мен    саздар құрастырып , клиптер енгізіп , айта берсек , өз әуендеріңізді  компьютерде орындай да аласыз. Жұмыс  істеп тұрған  компьютер өз айналасында толқын  ұзындығы 1,5м болатын  электромагниттік  өріс құрайды ,сол өріс аясында түскен адам зиянды ультракүлгін сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің  тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар , микротолқынды пештер, теледидар және     радиоқабылдағыштар саналады . Осындай құралдарды компьютер тұрған     жұмыс бөлмесіне  орналастырып , оларды пайдалану дұрыс емес , өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін  зиянды  әсері радиация тәрізді  бірте-бірте қосыла келе көбиіп отырады.Компьютер алдында  ұзақ отырғанда,  көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады.Ауру бірден басталмайды.Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады.Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды.Ересек адамдардың пікірінше, ойынды  балалар ойнауы қажет. Ойын ойлау қабілетін, есте сақтауды, зейінді дамытады . Балалар көп ойнайды: қуыршақтар, дойбы,  құрастыру… Әрине қазіргі заманның балалары компьютерлік ойындарына әуестенеді. Компьютердің алдында отырғанда үнемі ересек адамдардан еститініміз: «Компьютердің алдында көп отырма!», «Тіке отыр!», «Бұл ойындарды саған ойнауға болмайды!». Менде мынандай сұрақ туындайды «Ал неге болмайды, маған қызықты  ғой!!!» Бұл сұраққа алған жауабым: «Компьютер адам ағзасына кері әсерін тигізеді, барлық ойындар пайдалы емес.». Ең  қорқыныштысы -компьютерлік ойындарға тәуелді болу.

Мен көп ойлана,компьютермен жұмыс істеу пайдалы, біздің ақпарат іздеу жұмысына зор көмегі бар деген шешімге келдім. Бірақ ол қатаң ережелерді сақтауын талап етеді және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек. Баланың ағзасына әсер етпеу- бұл сәтте маңызды. Біздің мектепте барлық компьютер бөлмелерінде компьютердің қауіпсіздігі туралы ақпараттар бар.

You May Also Like

Дебат, авторлық бағдарлама

— «Дебат» авторлық бағдарламасына Пікір Ұсынылып отырған бағдарлама 9-11сыныптарға Қазақстан тарих сабағына …

Қатпарлы қамыр мен пармезаннан дайындалған спиральдар

Қажетті өнімдер: – 250 г қатпарлы қамыр; – 70 г үккіштен өткен…

Сабын және синтетикалық жуғыш заттаp

Сабын және синтетикалық жуғыш заттаp[өңдеу] Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Сабын —…

Құрамында мыс бар баланстан тыс кендерді кешенді өңдеу, дәріс жоспары

4 дәрістің Құрамында мыс бар баланстан тыс кендерді кешенді өңдеу Дәрістің конспектісі:…