“Р” дыбысының артикуляциясы
Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді;
Тілдің ұшы альвеоларға қарай жоғары көтеріледі, тілдің өзі қатыңқы, арқа тұсы көтеріңкі, тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады;
“С” дыбысының артикуляциясы
Ерін жымиып тұрады;
Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;
Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады;
Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық пайда болады, сонымен ауа жолы жүреді;
Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады;
Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;
“Ш” дыбысының артикуляциясы
Ерін аздап дөңгеленеді;
Тістер не қысылған, не жақындаған, арасында жіңішке саңылау1-2 мм болады;
Тіл таңдайға ожауланып көтеріледі, оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді.
Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды;
Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді;
“Л” дыбысының артикуляциясы
Тілдің ұшы күрек жоғарғы тістерге қарай көтеріледі;
Тілдің екі жақ шетімен азу тістердің арасында ауа жолы шығатындай саңылау бар;
Тілдің түбір жағы көтеріңкі, Л дыбысын айтқанда төмен қарай түсіңкі;
Дауыс желбезегі біріккен және дірілдеп тұрады;
Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады.
“К” дыбысының артикуляциясы
Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында саңылау сақталады;
Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді;
Ол фонетикалық жағдайға қарай өзгеріп отырады;
Дыбысты айту кезінде тіл мен таңдай байланысы қопарылып, арттағы ауа қысымына жол ашады;
Жұмсақ таңдай көтеріліп ауа жолын жабады;
“Ы” дыбысының артикуляциясы
Ерін белсенді емес, төменгі жоғарғы тістердің арасында саңылау болады;
Тіл ұшы төмен, тіл үстінің орта кейінгі бөлігі;
Таңдай ортасына көтерілген тіл бүйірлері түпкі азуларға тиеді;
Тіл и дыбысындағыдай кейінге орналасады;
Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрын жолын жабады, дауыс перделері бірігіп, тербеледі;
“Ү” дыбысының артикуляциясы
Еріндері құбырға ұқсап, ұшы сүйірленіп алға созылады;
Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтағы жағдайда сақталады;
Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де, екі жағы көтеріліп, үстіңгі азу тістерге қабысады;
Тілдің ортасында ауыз қуысымен еркін шығатын астау пайда болады;
Жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолы жабылады;
“Ә” дыбысының артикуляциясы
Екі езу сәл кері тартылып, жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді;
Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады;
Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де, үсті көсіліп көлбеу жатады;
Дауыс шымылдығы жабық болады;
Жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолымен жабылып тұрады;
“І” дыбысының артикуляциясы
Еріндері дыбыстың шығуына қатыспай жатады;
Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы бір-біріне жақын келіп тұрады;
Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де, үсті көсіліп көлбеу жатады;
Дауыс шымылдығы жабық болады;
Жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолымен жабылып тұрады;
“Қ” дыбысының артикуляциясы
Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады;
Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі-бір қашықтағы жағдайда сақталады;
Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де, үсті көсіліп көлбеу жатады;
Дауыс шымылдығы жабық болады;
Жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолымен жабылып тұрады;
“Ң” дыбысының артикуляциясы
Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады;
Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі-бір қашықтағы жағдайда сақталады;
Тілдің ұшы төмен түседі де, арты таңдайдың түбіне барып жабысады;
Ауа мұрын жолы арқылы шығады;
“Ө” дыбысының артикуляциясы
Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы ара қашықтықтан бір шама үлкендеу болады;
Тілдің ұшы төмен түседі де, сәл артқа қарай тартылады;
Ортасының көлбеулігі бір деңгейде сақталады, ауа қуысымен еркін шығады;
Жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолы жабылады;
Дауыс шымылдығы жабық болады;
2 comments
8DAY la nha cai uy tin hang dau Chau A hoat dong tu nam 2019 va duoc cap giay phep kinh doanh hop phap. 8 Day chuyen cung cap cho nguoi choi cac tua game truc tuyen nhu: ca do the thao, xo so…do bao mat bang he thong hien dai va nhieu uu dai hap dan khac
website: https://8day-vn.com/
Sexually transmitted diseases, lesbians, 150 p144 where can i buy priligy online safely