Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер.

  1. Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары.
  2. Қарлұқ және Оғыз мемлекетері.
  3. Қимақ және Қыпшақ хандықтары.

4.Қарахан мемлекеті.

5.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.

6.Қарақытайлар Жетісуда.

7.VI-XIIғғ. түркі халықтарының шаруашылығы мен мәдениеті.

Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.).

VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі.

Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны.

Қазақстан жеріндегі ескі түрік мемлекеттері.

Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-Жабғы қаған кезінде күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және саяси құрылысы, қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні. Көшпелі мал шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың басқа елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары. Батыс түрік қағанатының құлауы.

Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы – Үш – елік қаған. Түрік-түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары. Соғды мен қарым-қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда. Арабтарға қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман мәдениеті таралуының әсері.

Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқтардың Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы қырғын шайқасқа қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және оның сыртқы саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі. Саманилердің Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы. Қарлұқ тайпаларының арасында ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және қалалар.

Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз тайпаларының Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег – қаңғар тайпаларын ығыстыруы және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері және олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз мемлекеті. Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діні. «Қорқыт ата дастаны».

Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қағанаттың сыртқы байланыстары. Қимақ және Қыпшақ тайпалық бірлестіктері, қалалары. Көрші тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде  Қимақ қағанатының әлсіреуі. Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.

Қыпшақ хандығы. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңдері. Қыпшақтардың этникалық құрамы және қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ даласы – «Дешті Қыпшақ». Қыпшақ конфедерациясының мемлекет- тік құрылысының ерекшеліктері. Қыпшақтардың шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен, Византиямен, Грузиямен, Египетпен, Индиямен байланыс- тары. Қыпшақ сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі үстемдігі. Ежелгі Русь жылнамаларындағы «половецтер» (құмандар). Қыпшақтардың қазақ және басқа да түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі.

942 жылы Қарахан мемлекетінің қүрылуы. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан. Мұндағы әскери-үлестік жүйе және феодалдық жер иеленушіліктің түрлері. Қағанатта исламның мемелекеттік дін болып жариялануы. Абу-Насрдың басшылығымен қараханидтердің Орта Азияда үстемдігінің орнауы. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Феодалдық қырқыстар. Салжұқтардың көтеріліп шығуы. Кидандардың (қарақытайлардың) басқыншылығы және Қарахан мемелекетінің ыдырауы.

Кидандар (қарақытайлар) мемелекеті (1128-1213 жж.). Елюй-Даши басқарған кидан тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аударуы. Олардың Орта Азия салжұқтарымен жүргізген соғыстары. Кидандардың (қарақытайлардың) басқару жүйесіндегі ерекшеліктер.

Наймандар одағы-ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. VIII ғ. наймандардың Ертіс пен Орхон өзендері арасындағы мекені. Наймандардың шаруашылығы, саяси құрылысы. Наймандардың Шыңғыс әскерімен қақтығысы және олардың Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне қоныс аударуы.

Керейттер (X ғ. басы), этникалық құрамы. Керейттердің алғашқы мекендеген жерлері-қазіргі Монголия мен Алтай аймағы. Керейттердің Қазақстан жеріне қоныс аударуы.

Жалайырлар-Шин-жехан әулеті кезінде Монголиядағы белді ұлыстар- дың бірі.Қоныс тепкен жерлері жоғарғы Орхонның Селенга өзеніне құятын беткейлері.

Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы.

VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.

IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.

Орта ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.

Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық мәдениеттері болды. Алайда, олардың мәдениеттерін жеке – жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе болып жатқан қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардыңVI–XII ғғ. өзінде тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық басым болған.

Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген.

Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.

Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.

Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген.

Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды.

Орта ғасырлық мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті

Мал шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылы- ғына негізделген еді. VI—XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Орта ғасырлық қоғамда малға жеке меншік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен қүлдар бүқарасы тіршілік еткен.

Орта ғасырлардағы жазба деректердің мэліметтеріне қарағанда феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз жэне түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының қүрамында қыста жаюға неғүрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі түрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста жэне аң аулауда пайдаланатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. «Бүл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мүндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан»,— деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.

Жылқы санының көп болуы эрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы кли­маты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол жэне еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр жэне қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын — қымыз дайындайтын.

Жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда асыл түқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кез­де алыс қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мүның өзі түркі тайпаларының белгілі бір топтарының түрақты қыстаулары бар жар- тылай көшпелі түрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр үстағанын көрсетеді. Ірі қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Ба­тыс Қазақстанға ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Қүмды жэне шөпсіз жерлер- де түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.

Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Әл Джахиз «Көшпелі түріктер аң аулағанда, әсіресе қарақүйрықтар мен қүландарды қуған кезінде ғажап төзімді»,— деп көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға қүс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен үстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында түратындар балық аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі — мал шарушылығына көмекші ғана болған.

Егіншілік. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сүранымды арттырған. Мүның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шүғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен үштасып жатты.

IX—XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орта- лығы болды. Мүнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Қүйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты жэне сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған жэне Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тэрізді темір шоттар жэне темір, не шойын үштары бар, жер жыртатын қүралдармен /омаш/ өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дэнді үнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу түрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен жэне шарап жасаумен айналысты, бақша жэне бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен жэне Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта жэне төменгі ағыстарының бойында да суландыру қүрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылған.

Қолөнер кәсібі. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кэсібімен де шүғылданды. Қүмыра жасаушылардың, үсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушы- лардың істеген заттарына халықтың сүранымы күшті болды. Саз балшық бүйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында жэне Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен кұстар бейнеленген қүйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнеленген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен эшекейленген қүмыра та­былды.

Орта ғасырдағы қалалық мәдениет. Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың орта- сында қалалық мэденнет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар жэне Сауран тэрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мүнда көптеген тауарлар өндірілді, бүл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. «Исфиджаб,— деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,— Түркістан шекарасындағы Мәуераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген жэне керемет қалаларының бірі, жері қүнарлы, ағаштары көп, суы мол жэне ғажайып бақтары бар».

Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан ІІ-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлүқтар мен қарахандардың астанасы болды. XI ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы — Тараз жэне Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың қүралы қызметін атқарды. XI ғасырдың 70-жылдарынан кейін күміс қүю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында, Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат жэне т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Қүл-Шуб, Жүл-Шуб, Қүлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тэрізді қалалар орын тепкен. Тек VI-XIII    ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-үсақты 25 қала болған. Бүл Харанжуан, Жүл, Навакет, Бунджикет, Қүрмырау, Суяб, Баласағүн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.

VII—XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте жэне оңтүстік- шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.

Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ, Жент, Барлышкент жэне т.б. қалалар орналасқан. Орталық жэне Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, I Іұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. I Іұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жүбаныш пен ¥лыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында — Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті қүрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа- хатун (X—XI ғғ.), Айша-бибі (XI—XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сэулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бүрынғы өткен заманның сэулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, қүм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет қана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.

Жазу мен ғылымның дамуы. VI—VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық жэне Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын қүрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен экімшілік жэне елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тэрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық.

Шежірелерде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға “қажетті адамдардың аттарын, салық пен малдың санын” есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константннопольге II Юсти­ниан императоры сарайына келген елші соғды Маниах қағаннан “скиф жазуымен” жазылған хатты әкелген. “Мүның не жазу” екендігін түрік қағанатының — Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазыл- ған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Сөйтіп, руна эріпі пайда болғанға дейін түріктерсоғдыәліппесінкеңіненқолданғанын, олТүрікқағанатының бірінші ресми жазуы болғандығын білеміз.

Жаңа жазба — көне түрік әліппесі — түріктердің арасында VII ғ. бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден қүрылып, 37 немесе 38 әріптен түрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен ерекшелінеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дэл бере білді. Әдеби жэне тарихи түрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топқа бөлінеді. Моңғолнядан табылған руна ескерткіштері Орхон, Тола жэне Се­ленга өзендері алқаптарында шоғырланған. Бүл топқа Білге-қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады: Кошо- Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор қүрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхнр-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның үсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Бүл жазулар “орхон ескерткіштері” деп аталады.

Тува жэне Минусин аймағындағы Енисей ескерткіштеріне жататын қүлпытастарда, тастарда, алтын жэне күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі белгілі болса, Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында түрмыс заттарына жазылған, элі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі.

Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар жэне молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар (барлығы 50-ге жуық жазулар).

Шығыс Түркістан ескерткіштеріне Түрфандағы көне қүрылыстың қабырғасында жазылған 4 жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше ірі мәтіндер, қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады.

Ал Жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобына —   Талас алқабындағы қүлпытастардағы, теңгелердегі, түрмыстық заттар мен агаш таяқтардагы 12 жазуды, ал Фергана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдагы 17 қысқа жазу жатады.

Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының бірі — бага жетпес асыл мүрасы — жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің жэне басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің қүрметіне арналған руна мәтіндері ең қүнды әдеби шығармалар ретінде жэне сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан.

Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығанды- ғына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шық- қан Әбу Насыр ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн Узлак эл-Фараби ат-Түріктің (870—950) ғылыми еңбектері куэ. Немістің шығыста- нушысы Ф.Дитеритстен бастап Дж.Сартонға дейінгі мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері, тарихшылар әл-Фарабиді кереметтеп, үлы түлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логика- ны, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен қүқықты зерттеді. Оған “Муаллим ассана” — “екінші үстаз” деген атақ берілген. Бүл жерде “екінші” деген Аристотельден кейінгі дегенді білдіреді. Эл- Фараби шын мэнінде әлемдік дәрежедегі ғалым болды, ол өзініц шығармаларында араб, парсы, грек, үнді мәдениетімен түрік мэдениетініц жетістіктерін бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты “Китаб аль-музык аль-кабир” атты ецбегінде музы­ка мәселесіне ерекше мэн береді. Ол ғылымды, білімді жацғыртушы болды, бүл оныц “Ғылымды топтау туралы сөз” деген ецбегінде қамтылды.

Әл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше мэн берді, өйткені, солардыц арқасында шын мэніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бүл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деген, Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау жэне астамшылық жат нәрсе деген. Рухтыц еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидіц қолжазбалары элемніц көптеген кітапханаларында сақталған. Әл-Фарабидіц осы ецбектері арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оныц ықпалымен Ибн Руштіц, Ибн Синаныц, Омар Хайямныц, Роджер Бэконныц, Леонардо да Винчидіц жэне өзге де ойшылдардыц дүниетанымы қалыптасты.

Дамыған орта ғасырлар кезеціндегі тағы бір ірі эдеби поэтикалық шығарма “Қүтадғу білік” немесе “Қайырымды білім” поэмасы болып табылады.

“Қүтадғу білік” ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей IX ғасырдан бастап-ақ ықпалды, іргелі елдік қүрған қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп түрған заманда Жүсіп Хас- Хаджиб жазған. Ол X ғ. соңы мен XI ғ. алғашқы жылдарында қазіргі қазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағүн шэһарында туып өскен. Жүсіп Баласағүн айтулы этикалық-философиялық еңбегін 54 жасында жазған. Баласағүн қаласында бастаған бүл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі эмірі Сатүқ Боғра ханға тарту етеді.

“Қүтадғу білік” 6520 бәйттен түрады жэне 124 бэйттің қосымша- сы бар. Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан қүралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: үйғыр жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб қарпімен жазылған каир мен намангандық нүсқалары. “Қайырымды білім” тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бүл қоғамдағы эртүрлі тап өкілдерінің мінез-қүлық ережелерін суреттейді. Білім — билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмүнына арқау болған. Жүсіп Баласағүнның осы еңбегі арқылы Қарахандар дэуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық қүнды пайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың экономикалық, әлеуметтік-түрмыстық ахуалы, әскери істі үйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Еңбекте сол заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады.

“Қүтты білік” атты даналық дастаны ғүлама атын күллі Түран еліне, Шығыс әлеміне танытты. Батыс пен Шығысты кең шарлап кеткен бүл әдеби жәдігер он ғасырдай мерзім өткенде өз атамекеніне оралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді. Сол X—XII ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін аса қүнды, өміршең. “Қүтты білік” — ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның түңғыш шығармасы.

Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашқари (1029—1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072—1074 жж. жазған “Түркі тілдерінің сөздігі” («Диуани лүғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық жэне лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. “Түркі тілдерінің сөздігі” — XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық қүндылықтары мен мінез-қүлық норма- ларын сипаттайтын түркі мэдениетінің ескерткіші, онда ата- бабаларымыздың бүрынғы мүралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология — исламиың элемеиттері меи оиың бір тармағы суфизм туралы да айтылған.

“Сөздік” қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық мәдениеті, түрмыс- салты туралы, этнонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен сусындар атаулары туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер мен дэндер туралы, астрономиялық терминдер, металдар мен ми- нералдар туралы, географиялық терминология мен номенклатура туралы, қалалар, аурулар мен дәрілер атаулары, тарихи жэне мифологиялық батырлар, діни жэне этникалық терминология туралы, балалардьщ ойыны мен ойын-сауықтар туралы және т.б ”. Махмуд Қашқари өзінің кітабында мынандай негізгі жанрларды бөліп қарастырады: түркі тілді фольклорлық-түрмыс-салт жэне лирикалық эндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден аса мақалдар, мәтелдер жэне шешендік сөздер.

Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл жэне ақын Қожа Ахмет Яссауи ортагасырда өмір сүріп артында мол мүра қалдырды. Оның өмірі мен қызметі Яссы (Түркістан) қаласымен тыгыз байланысты. Оның “Диуан-и хикмет” атты кітабы сақталган. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. “Диуан-и хикметте” исламның негізгі ережелері мен қагидалары баяндалады. Автор 4 үстанымды, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, магрифатты түсіндіруге ерекше мэн береді. “Шариат” — ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі, “Тарихат” — суфизм идеясы, “Хакихат” — қүдайга қүлшылық ету, бірігу. “Магрифат” — дінді танып-білу. Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, магрифатсыз хакихат жоқ. Ол “Хикметте” Алланың атын түріктер бүрын өзінің қүдайы санаган Тэңір атымен жиі алмастырып отырган. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң да халықтың даму багытын бір арнага салуга күш жүмсады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бүқараның гасырлар бойы қалыптасып қалган сана-сезімінен, олардың ұстапып келген Тэңірге табынушылық — шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейін мүндай процесс “Түркі халқының мүсылмандығы” деген атауға ие болды. Осы орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол эділдікті, рухани тазалықты жэне адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мүндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, қүдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі қүрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін- өзі тануы мүмкін емес,— деген қағиданы үстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғүмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға арнады.

Осылайша VI—XII ғасырларда кең толғамды, парасатты пайымдаулары мол ғылыми мүралардың, ақындық өнердің үздік дара туындыларының дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың қүнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық-саяси жағдайлардың заңдылықтары, алғышарттары болғаны күмәнсіз. Бүл классикалық шығармалар сол кездің өзінде белгілі дәрежеде әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік-эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді.

Сөйтіп, VI—XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай — ғылымның дамуына, феодалдық негіздің нығайып, мемлекеттік қүрылымдардың шығуына, отырықшы-егіншілік мәдениет пен қалалардың өсуіне, этникалық шоғырланушылық процестердің күшеюіне әкелді.

You May Also Like

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсету мамандарына арналған оқыту курстары

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсету мамандарына арналған оқыту курстары МАҚСАТЫ: Қоғамдық тамақтандыру…

АСКОН-ның кешенді шешімдері, дәріс жоспары

12-дәріс. АСКОНның кешенді шешімдері АСКОН (Санкт-Петербург қаласы) компаниясы 1989 жылы құрылған. Оған…

Есеп және аудит

МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ- ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ             Есеп және аудит– БҰЛ…  Экономикалық…

Гипогидратация немесе сусыздану

151Гипогидратация немесе сусыздану. Организмнің сусыздануын, оның дөрежелерін жөне салдарларын ең алғаш XVII…