- Ерлі-зайыптылар жанжалдарының негізгі себептерін анықтаңыз.
Ерлі – зайптылар арасындағы дау – жанжалдың туындау себептерін зерттеу қазіргі таңның өзекті мәселесі болып отырғаны бәрімізге мәлім.
Мамандардың айтуынша дау – жанжалдың 80-85% жанұяда болады. Ал тек 15 – 20 % әртүрлі себептерден болады делінген. Жанұядағы дау – жанжал тек қарым – қатынастарға ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік – психологиялық отбасы мүшелерінің денсаулығына да әсерін тигізеді
Отбасындағы келіспеушілік – бұл жанұя мүшелері арасындағы келіспеушілік және әртүрлі қарама – қайшы көзқарастар мен мотивтерден туындауы. Отбасындағы дау – жанжал, келіспеушіліктің өзіндік ерекшелігі бар, осындай келіспеушіліктерді алдын – алуда және шеше білуде психологтың көмегі қажет.
Отбасылық келіспеушілік өз себебімен ерекшеленеді, олардың маңыздысы болып:
– Отбасы мүшелерінің бостандықтарының шектелуі, іс-әрекеті, өз ойын айтуына шек қойылуы;
– Отбасы мүшелерінің ауытқулары: алкоголизм, наркомания т.б.
– Отбасы мүшелері біреуінің қызғануы, өз керегін пайдалануға шектелуі, құмарлығын қандырудан қалуы;
– Отбасы мүшелерінің арасындағы қалыптасқан қиын қарым – қатынас;
– Шешуге қиын материалдық тұрғыдағы проблемалар;
– Ерлі – зайыптылар арасына туысқандарының түсуі;
– Ерлі – зайыптылар арасындағы сексуалдық жағынан проблемалардың туындауы.
- Педагогикалық жанжалдардың алдын алу бойынша ұсыныстар жасаңыз.
Педагогикалық ұжымдағы жанжалдардың алдын алудың барынша тиімді тәсілі – жағымды орта қалыптастыру, әкімшілік пен педагогтар қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру, эмоционалды күйді өзіндік реттеу тәсілдерін меңгеру.
- Жасөспірім шақтағы тұлғааралық қақтығыстардың мәнін ашыңыз.
Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы жанжалсыз қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызу үшін, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, ұжымдық негізге сүйеніп отбасыларын ұйымдастыру, ата-аналардың балаларының ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіле отырып, өз ауызша талаптарын білдіргені септігін тигізеді. Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қақтығыстар отбасылық қарым-қатынастардың жойылуына, білімнің жетіспеушілігіне, жасөспірімдердің психикалық дамуындағы жеке психологиялық өзгерістерге және ересектердің төл мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты. Жасөспірімдердің қақтығысты іс-әрекеттері олардың дара болмыс ерекшеліктерін, жас ерекшеліктеріне сай психикасының өзгеруі ескерілмеген, ересектердің оларға қатысты қарым-қатынасының түрі мен сипаты өзгермеген кезде пайда болады.