Жоспар

 І. Кіріспе.

Жеңіс туын желбіреткен батыр

 ІІ.  Негізгі бөлімі

2.1  Ахмедияр Дауленұлы Хұсайновтың өмір дерегі.

2.2 Ахмедияр ата Кеңес Одағының Батыры атағын қалай алды ?

 ІІІ.   Қорытынды.

  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жұмыстын мақсаты :

Ұлы Отан соғысынын 75 жылдығына орай Кеңес Одағынын Батыры Ахмедиар Дауленұлы Хұсайыновты мәнгі есте қалдыру үшін кезінде құжаттарда кеткен қателіктерді түзете отырып, Ахмедиар атамыздың Кеңес Одағынын Батыры атағын 18 жасында алғанын республика көлемінде мойындату

Жұмыстың міндеті :

  1. Ахмедиар атамыздың өмір деректерін жинақтау.
  2. Батырдың отбасымен сұхбаттасу.
  3. Мұрағаттан дәлелдейтін құжаттар алу.
  4. Жұмыс бойынша қортынды жасау.

Жұмыстың жаңашылдылығы мен болжамы :

Кеңес Одағынын Батыры Ахмедияр Дәленұлы Хұсайыновтың Батыр атағын 18 жасында алғандығын дәлелдеп, атамызды мәңгі есте қалдыру үшін мектеп оқулықтарына енгізу

 Эпиграф   «Егер сен өткеніңе тапаншадан оқ атар болсаң,  болашағың саған зеңбірікпен жауап береді»

Расул Гамзатов

Аннотация

«Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих»- деген Ахмет Байтұрсынов атамыздың тамаша қағидасын ертеңгі жарқын болашақтың негізін қалайтын білімді, дарынды ұрпақ тәрбиесінің құдіреті ретінде бағытқа аламын. Адамзат қоғамы ғылыми-прогресс жетілген ХХІ ғасырға қадам басқанда білім берудің жаңа әлемдік кеңістігіне жол ашылды. Оқудың мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптасты. Негізгі міндет – оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, қосымша пәндерді оқып-үйренуге негізгі біліктіліктермен қаруландыру.

10а-сынып оқушысы Ахметов Жанель Ахметқызының «Жеңістің туын желбіреткен батыр» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу еңбегін ұсынғалы отырмын. Жанель Ахметқызы  «Қазақтан мендей қыз туса,осындай түзу жол қуса, ақиқат іздеп бел буса»,-деп осының бәрін халқының дамуы жолындағы жақсы ырымға балаған Кеңес Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайнов туралы ойланып, толғанады.

Тарихты білу, оны болашақтың керегіне жарату үшін қызмет ету – өз халқын, елін сүйген азаматтың парызы. Тарихтың таңғажайып әлеміне бойлай отырып, өлкеміздің тұнық төл бастауы бар екенін мақтаныш тұтады.

Өлкетану – өлке тарихының бір бұтағы екеніне назар аударып, ардагерлерімізді ардақтай білуге ой тастайды.

Эпиграф

« Если впрошлое выстрелить из пистолета, то будщее выстрелит в тебе из пушки»

Расул Гамзатов

План

І.Вводная часть (Введение)

ІІ. Биография Ахмедияра Дауленовича Хусаинова

ІІІ. Как Ахмедияр Хусаинов получил звание Героя Советского Союза

ІV. Заключительная часть

Аннотация

« Величие слова, его описание – история »- писал Ахмет Байтурсынов. Эти слова я ставлю во главу угла воспитаний образованного и талантливого поколения. Когда человечество шагнуло в ХХІ век, открылись пути в мировое пространство. Изменилось содержание образования и сформировалось новое мировоззрение. Основная задача педагога-научить детей  самостоятельно мыслить и проводить исследовательские работы, вооружить их знаниями и навыками для овладения дополнительными материалами.

Мой ученик Ахметова Жанель Ахметқызы  взялся  исследовать тему

« Герой, приблизивший победу ». Эта тема посвящена героизму нашего земляка в годы Великой Отечественой войны Ахмедия Хусаинова.

Святая обязанность каждого гражданина своей Родины-знать свою историю, чтить ее героев.

Краеведение является одной из веть нашей истории и заставляет задуматься над тем, что нужно помнить героизм своего народа.

The Plan

  1. Introduction
  2. The Biography of Akhmediyar Husainov

III. How Akhmediyar  Husainov received the title of hero of the Soviet Union.

  1. Final Part

Annotation

Akhmet Baitursinov wrote: «The greatness of the words is in its history«. I take the example of those words in the upbringing of educated and talented generation.

Now, the XXI st  century and the content of education has changed.

The main task of the teacher is to teach children to think  independently  and

to do creative and research work.

My student  Akhmetova  Zhanel’s  research work was on the theme `Hero«. This work  is dedicated to the Akhmediyar Husainov who was a hero of the World War II. We are proud that Akhmediyar Husainov was born in our native land- Zhalpactal.

Every citizen of the country should know about  his deed and heroism.

                                                        Кіріспе

«Отан от басынан басталады»- демекші, өн  бойындағы ұлттық  мақтаныштың  алғашқы  рухани   бастауларының  қайнар  бұлағы  өзінің  туған өлкесінен  тамыр  алып,  бүкіл жан  дүниеңді  оятып ,  өз отанының ұлт жанды азаматы екеніңді  сезіндіреді. Осы негізде 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлерді құрметтеу ұрпақтың парызы. Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәнгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес.

Батыс Қазақстан обылысының Жалпақтал  аудандық әскери   комиссариат арқылы 4000 ер азаматтар әскер қатарына шақырылып, Отанын қорғауға тікелей қатысқан. Солардың ішінен 1663 жерлестеріміз соғыстың сұрапыл от-жалынын бастарынан өткізіп, біздің болашағымыз үшін өз өмірлерін қиып, кеудесін оққа тосып, соғыс майданында қалғандығы анықталып отыр. Олардың 556-сы ұрыста қаза тапса     , 117-сі соғыста алған жарақаттан қаза болған, 4 адам неміс тұтқынында қалып, ауыр азап шеккендер, ал қалғандары әртүрлі жағдайларға байланысты хабар-ошарсыз кеткендіктері анықталып отыр.  Осылардың ішінде 36 офицер, 156 сержанттық әскери лауазымдарда   басқарушылық-жетекшілік жұмыстар атқарған.  Соғыс кезіндегі жауынгерлік ерліктері үшін жерлестеріміз  Мәжит Жүнісіов, Ахмедияр Хұсайнов Кеңес Одағының батыр атағына ие болған.

Сондай-ақ  соғыста жарақат алып немесе соғысты аяқтап елге оралған бұрынғы соғыс жауынгерлерінің елдегі еңбек  майданына  қосқан үлестері де аз болған жоқ. Ауданда аман қайтқандардың ішінен 9 адам Социалистік Еңбек Ерлері атақтарының иегерлері болды. Батырларымыздың есімдерін мәнгі есте қалдыру мақсатында Кеңес Одағының Батырлары Мәжит Жүнісовтің есімі өзінің туған ауылындағы Саралжын орталау мектебіне, Ахмедияр Хұсайнов есімі өзі көп жыл басшылық еткен Шәкен орталау мектебіне есімі берілді. Ахмедияр Хұсайнов соғыстан кейінгі бар өмірін Жалпақтал өңірінде өткізді.Осыған орай Жалпақталдың орталық көшелерінің бірі Кеңес Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайыновқа бір көшеге есімі бұйырды.

Өткенін ұмытқан елде болашақ болмайды-дейді қазақ даналығы.Сондықтанда алда 75 жылдығы аталғалы отырған Ұлы Жеңіс-бұл тек  КСРО-ның ғана жеңісі емес, бұл-түсіне білсе, бүкіл дүние жүзін фашизмнің басқыншылығынан қорғап қалған ұлы оқиға. Сол үшін кейінгі ұрпақ өткен соғыстың зұламатын өздерімен ала кеткен ағаларына өздерін қарыздармыз деп санап, соғыста қаза болған боздақ ағаларын мәнгі есте сақтаулары парыз.

Келешек жас ұрпақ сіздердің есімдеріңді, еліміздің бостандығы жолындағы өшпес ерліктеріңді ешқашан  ұмытпайды. 

« Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды ».                                                                                      

2.1 Ахмедияр Дәуленұлы Хұсаиновтың өмір дерегі.

Көне тарихымызға үңілсек Еділ ( Атилла ) бабамыз өз дәуіріндегі мызғымастай болған Рим империясын тізе бүктірсе, беріштің бел баласы Бейбарыс бабамыз Мысыр елінде қыпшақтар билігін орнатқан болатын. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресте қол бастаған Сырым, Исатай, Махамбет сынды батыр  бабаларымыздың есімдері халқымыздың мақтаныы. Сол бабалар жолын жалғастырған, қанымызға сінген осынау өр намыс пен батырлықтың үлгісін Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен өлкемізден шыққан ержүрек батырларымыздың бірі – Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайнов.

Кіші жүздің алты ата Әлімұлы құрамындағы Кете руынан шыққан Кеңес Одағының Батыры А.Д.Хұсайновтың өмір жолы жайлы. Ол 1924 жылы 10 мамырда ( құжаттарда 26 желтоқсан ) Бөкей Ордасында дүниеге келген. Әкесі-Дәулен Мырзабеков, анасы-Рысқаным. Бұл отбасында он екі бала болғандықтан Ахмедиярды балалары жоқ апа-жездесі асырап алады. Сондықтан фамилиясы Құсайынов (  құжаттарда Хұсайынов ) болып кеткен. Күні бүгін көзі тірі қарындасы Меруерт Дәулен қызы Ахмедияр ағадан 6 жас кіші екен. Меруерт апайдың естелігінен. Меруерт апай естияр болғанша ағасын көрмепті. Әкесі Дәулен кішкентай Ахмедиярды « Ұлың жоқ  қой » деп қарындасының бауырына береді.

-Тәтей апам Ахмедиярды ертіп, біздің үйге келіп, біздің үйге келіп жүретін. Бірге ойнаймыз. Туған ағам екенін бес жасқа келгенде ғана  білдім.Мен жеті жасқа толғанда тәтей апам қайтыс болып, Ахмедиярды үйге біржола алып келді. Арамыз алты жас. Сол күнен бастап атын атамай, аға дейтін болдым. Мен тентектеу болдым.

Бір күні сабақтан шыққан соң жайлауға барам деген ағамнан қалмай ілесіп кеттім.Жаяу адамға біраз жер. Жетектесіп келеміз. Айнала жайқала өскен қызғалдақтар. Мен: «Қызғалдақ терем», десем, ағам: «Шаршайсың!» деп тергізбейді. Бірбеткей едім, таласып жүріп, теріп алдым.Бір уақытта алдымыздан түйеге мінген адам шыға келгені. Ағам қолын шошайтып: «Ана кісі қызғалдақты күзетіп жүр. Сенің гүлді жұлғаныңды көрсе, ұрсады»,-деді. Қорқып кетіп, қызғалдақты астыма басып отыра қалыппын .Түйелі кісің менімен ісі жоқ, бүлкілдеп жанымнан өте шықты. Тұрсам есіл қызғалдақтар мыжылып, өліп қалыпты. Меруерт Дәуленқызы Ахмедияр атамыздың балалық шағы туралы осылайша сыр шертеді.

Сүйегі сонау Магнитагорск қаласында жатқан Дәулен қарттың он баласынан жалғыз көз де осы апамыз. Алдынғы аға-апасы Мұхамедияр мен Айтқаным соғыстан бұрын көз жұмса, өзінен кейін Сұлтанияр, Сұлтанкерей, Ахметкерей, Гүлмәруандар жас кезінде қайтыс болыпты.

Ал, Ахмедияр батыр соғыстан елге оралғанда жорғалап жүрген інісі Бақтыкерей бертін келе, 1973 өмірден озды. А.Д.Хұсайнов 1931 жылы Орда ауылындағы Максим Горький (Әйгілі Жәңгір хан мектебі) атындағы мектепте оқып,1941 жылы кәмелеттік аттестат алып жатқан сәтте Ұлы Отан соғысы басталды. 1940-1945 жылдар аралығында комсомол қатарында. 1945 жылдың қараша айынан,1947жылдың 2мамыр айына дейін КОКП-сы                                      мүшелігіне кандидат. 1947 жылдың мамыр айынан толық қанды КОКП-ның мүшесі.

Бір күні түс кезінде қолына шақыру қағазын табыс етіпті. Сол бойда шарт түйініп жолға жиналады. Ата-ана, жақын-жанап, ауылдастары қимай қоштасып, ақ тілектерін айтып жатты. Әкесі Дәулен: « Ез болма, балам , ер бол! Өлтіре соқ итаршы жауды»-деді қысқа ғана тұжырып. Кім екенін байқай алмады, жиналған топтың ішінен біреу-Сіздерді Исатай мен Махамбеттің аруағы қолдасын! –деп дауыстады.
1942 жылы маусым айында « Ленин » колхозының Сартөлген деген жерінен әскерге алынып, ІV-Украин майданы құрамындағы 116-миноатқыштар взводы сабында шайқастарға қатысады. Қырым қақпасы атанған  Мелитопольді фашистерден азат ету шайқастарында асқан ерлігімен көзге түскен жауынгерге 1943 жылдың 1 қазан айында Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.1945 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына түседі. Ахмедияр Дәуленұлы  1947 жылы Вера Нәжімединқызына үйленеді. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын ойдағыдай бітірген жұбайлар елге ұстаз болып оралып, Орал педагогикалық институтында дәріс береді. 1951-1956 жылдар аралығында Қазақ ССР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтында ғылыми қызметкер болды. Елге оралған 1956-1959 жылдары « Жұлдыз » орта мектебінің директоры, 1959 жылы Фурманов аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі. 1972 жылы Фурманов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарып,халық ағарту саласында қызыметтер атқарды.

Ахмедияр атамызды Отан алдында сіңірген еңбегі үшін  « Ленин ордені » және « Алтын жұлдыз ». Медальдары:  « Ұлы Отан соғысындағы Германиядағы Жеңіс 1941-1945 жж », «Еңбектегі ерлік », « Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығы 1941-1945 жж », « Совет Армиясының 50 жылдығы », « В.И.Лениннің туғанына 100 толуына байланысты юбелейлік медальі», « Қазақ ССР-нің 50 жылдығы,Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 25 жылдығы », « Қазақ ССР халық ағарту ісісің үздігі » белгісімен,  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің « Құрмет грамотасымен » екі рет  марапатталды. Туысқан Советтік Украинаның азат етілуіне 30 жыл толуына Украина Коммунистік партиясы Орталық Комитеті, Жоғарғы Советі мен Министрлер Советінен құттықтау грамота және значок алған. Ахмедияр батырдың Зайыбы Вера Нәжіметдинқызы баласы Алтаймен бірге Жалпақтал ауылында  тұрады. Оралда, Алғайда, Санкт-Петербургте де ұл-қыздары тұрады. Жоғарыда жазылған 1930 жылы туған қарындасы Меруерт Қаратөбе ауданының « Қоскөл » ауылында тұрады. Ұрпақ тарихына өшпес із қалдырған «бар білгенімді, қолдан келгенін халқым  үшін, ел үшін істедім »-деген Кеңес Одағының Батыры Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайнов зейнетке шыққан соң Орал қаласына барып, 1986 жылы мамыр айының

5-күні қайтыс болды.

                                                                                                                  

    2.2 Ахмедияр ата Кеңес Одағының Батыры атағын қалай алды?

«Қымбатты Аяхмедияр! Сізді және сіздін семьяңызды қаһарман Совет Армиясының туған күнімен құттықтаймыз. Әрқашан да деніңіз сау болып, өмірде бақытты болуынызға шын жүректен тілектестік білдіреміз ».

Бұл сияқты құттықтау телеграммалар мен хаттар Совет Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайновқа көптеп келіп жатады.

Мына бір құттықтау Леннинградтан келіпті. Қол қоюшы Совет Одағының Батыры, запастағы  подполковник Николай Шашкин. «Қадірлі Ахмедияр және Вера, – делінген онда,- Сіздерді  жана жылмен құттықтап, зор бақыт тілейміз. Дендерініз сай болып, Отан игілігі үшін бұдан былай да жемісті енбек ете берулеріне тілектеспіз».

Екінші құттықтау сонау Қиыр Шығыстағы Амур бойынан жолданыпты. Қол қоюшы Алешков Михаил Романович-завот жұмысшысы.

Үшінші хат Мелитопольден. Оны жолдаушы Мохов Николай Владимирович – облыстық статистика басқармасының бастығы. Мұндай телеграммалар жолдап хат жазғандардың бәрі де Ахмедиярға және оның семьясына ұзақ өмір, зор бақыт тілейді.

Кен байтақ Совет Одағының Солтүстік батыс шетіндегі Ленинградтан бастап, сонау Қиыр Шығыстағы Амур өлкесіне дейін атағы жайылған, Киев пен Мелитопольдан құттықтаулар жауып жатқан Ахмедияр Хұсайнов кім еді?

Бұл одан 72 жыл бұрын болған еді. Неміс –фашист басқыншыларына қарсы Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан кезі. Ордадағы Максим Горький атындағы орта мектепті жаңа ғана бітірген Ахмедияр ата өз тілегімен майданға атанды. Армия қатарына шақырылуға әлі жас болса да, ол ел басына күн туған осындай кезде әрбір Совет азаматының орны тек қана майданда, өзінің елін, жерін жаудан қорғауда деп білді.

Ахмедияр ата қызмет ететін бөлімше өзінің жауынгерлік жолын 1942 жылы Сталинград майданындағы ұрысқа қатысудан бастады.82 милиметірлік миномет батерясында наводчик болды. Берілген команда бойынша дәлдеп атып, жаудың талай бекіністерін талқандады. Бірнеше рет жау бекіністерін барлауға шығып, фашистердің қай жерде, қандай бекіністері бар екендігін анықтады.

Сталинград түбінде жауды талқандағаннан кейін Совет Армиясының басқа да бөлімдерімен бірге Ахмедияр Хұсайновтың қызмет еткен бөлімі 1943 жылы 14 қазанда Мелитополь қаласына жетті. Оларды алдында  Мелитопольді фашист басқыншыларынан азат ету міндеті тұрды.

Фашистер қаланы          екі жыл иемденіп, оны мықты бекініске айналдырған болатын.  Сондықтан, біздің әскери   Мелитопольде немістер күшті қарсылық көрсетті. Әрбір үй үшін, әрбір шаршы метр үшін кескілескен ұрыс болды.

Жауынгерлер жауып тұрған оққа қарамастан іргелі жылжи отырып, қаланың шеткі көшесін жаудан тазартты. Бірақ, ызаланған жау ақыры күшін жинап, қайта – қайта шабуылға шығып, мықтап қарсыласты. Екінші көшені алу үшін де, кескілескен ұрыс болды. Қаланы жаудан босату үшін, ең алдымен, оның алдыңғы шебіндегі тобының қарсылығын талқандау керек.

Бұл міндетті орындауға кіші лейтенант Карапетов бастаған жауынгерден екпінді топ құрылды. Олар шебер де батыл қимылдап, дұшпанның алдыңғы шебіндегі окоптарына, блиндаждары мен траншеяларына басып кірді. Біздің жауынгерлердің қимылана төтеп бере алмаған немістер бекіністерін тастап қашуға мәжбүр болды. Біраздан кейін бұл бекіністерді қайта алу мақсатымен танктер шабуылға шықты. Фашистердің атакаларына біздің жауынгерлер қатты тойтарыс берді. Бірақ, Карапетовтың тобы жау қоршауында қалып қойды. Олармен арада байланыс үзілді.

-Жау қоршауында қалған екпінді топқа кім барады? – деп сұрады рота командарі жауынгерлерден.

Бұйрық – алған бекіністі бермей, берік ұстау жөнінде болатын. Сол кезде шаршы топтан суырыла шыққан қазақ жігіті:

-Маған баруға рұқста етіңіз, жолдас командир, – деді. Бұл Ахмедияр Хұсайнов атамыз болатын.

Командир жас жігітке сүйсіне қарап:

  • Жарайды. Өзімнің ойымдағы да сен болатынсын, – деп ризалышылығын берді, тапсырманың өте жауапты екенін ескертті. Қалай болған жағдайда да алдағы екпінді топқа бұйрық және гранаталар жеткізуді мұқият тапсырды.
  • Құп болады, жолдас командир, бұйрық орындалады! – деп жөнеле берген Ахмедиярды командир сәл тоқтатып:
  • Жолың болсың, сақ бол! – деп шығарып салды.

Түскі сағат екінің мезгілі. Ахмедияр жау қоршауында қалған топқа қарай жер бауырлап жылжып келеді. Жаңбырдай жауған оқтан бас көтеруге болмайды. Қаулаған өрт қаланы түгел шарпыған. Екі жақтан да күшті атыс болып жатыр. Минометпен зеңбірік снарядтары әр жерде гүрс-гүрс жарылуда, ілгері жылжып келе жатұан Ахмедиярда бір ғана ой – қайткен де жау шебінен өтіп, қоршаудағы топқа жету. Сондықтан ол тіпті дәл қасына түсіп түсіп жарылып жатқан снарядтарды да елер емес. Алғашқы кезде денесі аздап қалтырағанымен кейін бойын бекітіп алды. Бір кезде жетті – ау, әйтеуір, Ахмедияр плацдармдағы жауынгерлерге бұйрық табыс етілді. Тапсырма орындалды.

Ахмедияр Хұсайнов келген кезде екпінді топтың халі нашар болатын. Он жауынгердің оны ерлікпен қаза тапқан, үш жауынгер жаралы, тек жалғыз сержант Николай Шашкин ғана аман екен. Бұйрықты Шашкинге жеткізе отырып, алған бекіністі ұстап тұруға енді Ахмедиярдың өзі де кірісті.

Ахмедияр келгеннен кейін немістер үш рет бекініске шабуыл жасады. Николай Шашкин екеуі оның барінеде ойдағыдай төтеп беріп, фашитерді алға бастырмады. Осы ұрыста екі-ақ жауынгер 30-дан астам неміс фашистерін жер жастандырды.

Қараңғы түсе гитлершілер қайт шабуылға шықты. Бұл кезде сержант Николай Шашкин үш  жаралы жауынгерді алып, кейіндегі бөлімшеге кеткен-ді. Енді Ахмедияр бекіністе жалғаз өзі қалды.

Біздің жақтан оқтын әлсірей бастағанын сезген жау қайта атакаға шықты. Төніп келген фашистерге Ахмедияр жалғаз өзі оқ жаудырды. Жау оны тірілей қолға түсірмек болып, әлденеше рет алға ұмтылды. Осы ұрыста ержүрек жауынгер өзі жаралы бола тұрса да өзі бірнеше фашисті сұлатты. Осы кезде жау қоршауын бұзып, бекініске жетіп үлгерген әскери бөлімнің жауынгерлері жас жігітті жаралы, қаңсыраған күйіне қарамастан жаумен жалғыз шайқасып жатұан жағдайда кездесті. Батольон рота командирі Ахмедиярдың ерлігіне риза болып «Ленин Комсомолыны мүшесі деген құрметті атақты ақтадын, жарайсың сарбазым», деп құттықтап, қолын қысты және өзін дереу госпитальге жөнелтті.

Мелитопольді фашистерден азат етудегі осы ерлігі үшін Ахмедияр Хұсайновқа Совет Одаңыны батыры деген құрметті  атақ  берілді.

Бұл кезде Ахмедияр ата 18 жаста болатын. Ол өзіне Совет Одағының Батыры атағы берілгенін  госпитальда жатып естіді. Мелитополь үшін болған шайқаста үлкен ерлік көрсеткен сержант Николай Шашкинге де Совет Одағының Батыры атағы берілуі оны қатты қуантты.

Біз ардагерлерімізді жақындап келе жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, қалған өмірлерінде мықты денсаулық, бақытты да ұзақ ғұмыр тілейміз.

ІV.Қорытынды.

Қорыта келе, Ахмедияр Хұсаинов- ХХ ғасырдың ең ауыр дерті фашизмнің барлық ауыртпалығын басынан кешкен Бөкей өңірінің аса лайықты азаматтарының бірі. Халқы мен Отанына адал тұлға өзінің биік гуманистік, адами қасиеттерін сақтап қалды. Ахмедияр Хұсаиновтың өмірі мен қызыметін зерттеу және болашақ ұрпақтарға жеткізу ісі өзектілігін сақтап қала бермек. Азаматты қалыптастырған кеңестік идеологиялық талаптар емес, ең бірінші оның бойындағы ұлттық рух, қайсар мінез, табандылық қасиеттері еді. Ахмедиар Хұсаинов бейбіт өмірдің қиындықтарын жеңуде де болашақ ұрпаққа үлгі болды.

Өткенін ұмытқан елде болашақ болмайды-дейді қазақ даналығы.Сондықтанда  75 жылдығы аталып өтпек Ұлы Жеңіс-бұл тек  КСРО-ның ғана жеңісі емес, бұл-түсіне білсе, бүкіл дүние жүзін фашизмнің басқыншылығынан қорғап қалған ұлы оқиға. Сол үшін кейінгі ұрпақ өткен соғыстың зұламатын өздерімен ала кеткен ағаларына өздерін қарыздармыз деп санап, соғыста қаза болған боздақ ағаларын мәнгі есте сақтаулары парыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

І.Ахмедияр Хұсаиновтың жеке мұрағатынан.

ІІ.Орал өңірі газеті. 1975жыл.

ІІІ. « Ұлы Отан» соғысы » энциклопедиясы. 1972 ж.

ІV. « Мы эту землю Родиной зовем ». Александров-Гаи.  2008 г.

  1. БҚО Мемлекетті мұрағаты Жалпақтал филиалының № 340 тектік қор құжаттары.

Жетекшінің пікірі

Ұлы Отан соғысы-өткен ХХ ғасырдағы ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы алапат соғыс. Қатал да қаһарлы жылдар бойы қаһармандықпен соғысқан миллиондаған адамдардың қатарында Қазақстанның жауыгерлері де ерлікпен шайқасты. Олар фашизмге қарсы соғыста нағыз батырлықтың үлгісін көрсете білді.

« Жеңіс туын желбіреткен батыр » ғылыми жобасында Ахметова Жанель Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Ахмедияр Хусаиновтың Отан қорғаудағы батырлығын мақтанышпен жаза отырып, соншама жыл өтсе де ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайтынын, кешегі Отан қорғаушы жауынгер соғыстан аман-есен оралғаннан кейін еліміздің көркеюіне үлес қосып, ерен еңбегімен халық ағарту саласында келелі істер атқарғандығы жөнінде жазады.

Оқушы Ахмедияр Хусаинов өмірінен тың деректер мен мәліметтер келтіреді. Ахмедияр атамыздың 18 (он сегіз )жасында алғандығын құжаттармен дәлелдейді.Ардагер ұстаздың тарихи тұлғасын өнегелі ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен танытып, ерлікті сәттер өткен жылдар үлесінде кетсе де, Ахмедияр Хусаиновтың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайтынын, келешек ұрпақ парызы майдангерлеріміздің ерлік шежіресі мен өнегесі тарих беттеріне алтын әріптермен жазылатынын білдіреді.

                  Ғылыми жетекші:     А.М.Утешев                                                                                           

You May Also Like

Сүлік- сиқырлы емші, ғылыми жоба

Жоба тақырыбы: «Сүлік- сиқырлы емші» Мақсаты: емдік қасиеттерімен аты аңызға айналған «әулие…

Влияние качества молока на организм человека, научная проект

Паспорт проекта Наименование проекта Внеклассная информационно-познавательная деятельность школьников Основной разработчик  проекта Консультанты…

Африкалық Ахатин ұлуы, ғылыми жоба

Секция: биология Тақырыбы: «Африкалық Ахатин ұлуы» Аңдатпа: Әлемде ұлудың бірнеше түрлері бар…

Алманың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Алманың пайдасы мен зияны Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын,…