Алманың пайдасы мен зияны

Сараптама

Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.

Прaктикaлық жұмыс жүргізілген, оқушы өздігінен сұрақтарға жауап алып тақырыпты кеңінен ашуға тырысты. Алманың пайдасы мен зияны туралы зерттеді.

Бұл жобада  Сулужан  алма ағашының қыр-сырын танытуға, оның жемісінің адам өмірі үшін пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін ашуға толығырақ  мәліметтермен, жaңа сөздермен танысады. Осыған байланысты өз жасына сай  қызықты ақпараттарды да тапқан. Тәжірибе жасап, одан дұрыс қорытынды да шығaрған.    Алған білімдерін практикада қолданады.

Жоба өздігінен ізденіске, жаңа деректер табуға aрналған. Оқушылар ізденіс арқылы қызығушылық артады.

Қорыта aйтқанды оқушылардың іздемпаздық арқылы шеберліктерін шыңдайды. Дүниетанымдылығы артады. Тақырыптарды тереңдетіп оқуға қызығушылықтары оянaды.

Жоба жетекшісі:                    Атамбаева Н.С.

 Аннотация

Назарларыңызға ұсынылып отырған жұмыс  алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Алма жемісінің құрамында адам денсаулығына қажетті және пайдалы дәрумендердің жеткілікті мөлшері бар. Осы заттардың пайдалы жақтарын көрсете отырып, олардың қандай ауруларға шипасы бар екендігін жүйелеп, талдап көрсеткен. Сондықтан өмір талабына сай салауатты өмір салтын ұстануға мейлінше көмектеседі.

Мазмұны

Сараптама

Аннотация

Мазмұны

Кіріспе——————————————————————————————3 бет

1.Алманың түрі——————————————————————————-5 бет

  1. Алманың құрамындағы дәрумендер————————————————–5 бет
  2. Алманың адам ағзасына пайдасы——————————————————6 бет
  3. Алманың адам ағзасына зияны———————————————————7 бет

5.Алманың отаны—————————————————————————-8 бет

6.Алманың зиянкестері———————————————————————8 бет

7.Алмадан жасалынатын тағамдар.——————————————————9 бет

Қорытынды ———————————————————————————-10 бет

Пайдаланған әдебиеттер——————————————————————11 бет

Кіріспе

Жеміс (лат. Fructus)-жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті жалған жеміс деп те атайды. Жеміс тұқымынан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды алма.

Алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады.

Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Жұмыстың мақсаты: Адам өміріндегі алманың маңызын анықтау. Алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау жолдарын қарастыру

Зерттеу жұмысының міндеттері:

– Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу;
– Алмадан жасалатын тағамдар мен сусындардың жасалу жолын көрсету;
– Алманың құрамында көптеген дәрумендердің бар екенің көз жеткізу, оның ішінде темірге тоқталып, күнделікті пайдалануды ұсыну;

  1. Алманың түрлері.
  • Антоновка – дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.
    •  Багайлық мальт – фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.
    • Сұрғылт анис – жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.
    •  Мичурин естелігі – жемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.
    •  Шілделік черненко – жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді
    •  Кинга – жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.
  1. Алманың құрамындағы дәрумендер

Алма құрамында 83—88 % су,  7,5—16 % қант,  0,2—0.8 %  қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық,  0,28—1,0 %  илік заттар,  А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері,  көптеген минералды заттар бар. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік  дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.

А дәруменi – ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.

В1 дәруменi – организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 – ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін.

В2 дәруменi – басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.

С дәруменi – ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.

Р дәруменi – жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.

Е дәруменi – бұлшық еттердің қызметін жақсартады.

Сондай – ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ең бастысы – алма темірге бай.

  1. Алманың адам ағзасына пайдасы

Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген.алманың құрамындағы темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.

Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.

Артықшылықтары:

  • Дәрігерлер көптеген аурулардың алдың алу үшін, күніне бір алма жеуге кеңес береді.
  • Жасыл алмадан аллергия болмайды.
  • Ол шөлді басады. Өйткені, 87%-ға судан тұрады.
  • Құрамындағы калий мен кальций, тіс эмальін және сүйектерді қатайтады.
  • Бір күнде 2 алма жейтін болсаңыз, холестерин деңгейі 16%-ға төмендейді.
  • Алмалар теріге пайдалы. Ол бетті ағартып, терідегі ұсақ тесіктерді және қабынуды кетіруге көмектеседі.
  • Инсульттін болу мүмкіндігін 50%-ға азайтады.
  • Ғалымдардың айтуынша, алманы тұрақты түрде тұтыну, асқазан безінің қатерлі ісігінен (рак поджелудочной железы) сақтайды.
  • Асқорытуды жақсартады және ішекті тазартады. Таза ішек – зор денсаулықтың кілті.
  • Жасыл алма ұзақ уақыт бойы қортылады. Сондықтан, аштық сезімі білінбейді.
  • Ішек инфекциялары кезінде пайдалы. Өйткені, оның құрамында каротин, темір және марганец бар.
  • Бұл жемістің көмегімен гастрит ауруын емдеуге болады. Ол үшін оны жақсылап жуып, таңертен жеу керек.
  • Йод – алманың құрамында көп мөлшерде болады. Ол – қалқанша безі (щитовидная железа) ауруының алдын алуына көмегін тигізеді.
  • Алма шырыны мидың қартаюна жол беремейді. Сондықтан, Альцгеймер ауруына шалдығу мүмкіндігі төмендейді.
  • А витамині – тұмаудан және басқа да жұқпалы аурулардан сақтайды.
  1. Алманың адам ағзасына зияны

Алма мен алма шырыны адамның тісіне айтар­лықтай зиянын тигізеді. Мұндай күтпеген жаңа­лықты Лондон корольдік колледжі­нің Стоматология институ­ты­ның ортопедтері ашты.The Daily Mail-дың хабар­лауынша, мамандар алманың адамның тісіне зияны газдалған сусындарға қарағанда, төрт есе жоғары екенін анықтаған. Адам алма жеп отырғанда жемістің қышқылы тістердің сапасын бұзып үлгереді екен. Бұл жайт 18 бен 30 жас аралығындағы 1000-нан астам адам қатысқан зерттеу барысында бел­гілі болды. Алманы сүйіп жейтін ерік­тілер арасында тіс дентинінің бұзылу қаупі 3,7 есе жоғары болып шықты. Зерттеу нәтижесінде, маринад­талған пияз бен грейпфруттың, кері­сінше, тіске зияны жоқ екені анық­талды.Екіншіден, құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі асқазандағы жараны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген.

  1. Алманың отаны

Алманың отаны – Қазақстан екендігін білесіз бе? Білмесеңіз, біле жүріңіздер! Ғалымдардың пікірінше, ғаламшарымыздағы барлық алма атаулының арғы атасы қазақтың жерінде өскен! Адам ата мен Хауа ананың алғашқы мекені, олар қуылған Жаннат бағы жайлы христиан дінінде де, Исламда да айтылады. Христиандықтар Хауа анамыз дәмін татып көріп, жұмақтан қуылуына себепкер болған жеміс алма болған деп санайды. Еуропалық мәдениетте алма – таным символы, кейбір ғалымдар алманы тыйым салынған ерекше сезімнің – махаббат пен ынтықтықтың символы деп біледі. Демек, адам баласының жер бетіндегі алғаш мекені, Жер шарындағы алма жемісінің алғаш пайда болған жері – Алатау өңірінде орналасуы әбден мүмкін.Алма отанының біздің елімізде орналасуы тек бір ғажайып тұжырым деп ойлаған боларсыздар, дегенмен бұл ғылыми дәлелденген дерек. Оксфордтық ботаника профессоры доктор Барри Джунипер және француз зерттеушісі Кэтрин Пэкс бұған дәлел ретінде генетикалық талдамаға негізделген зерттеу жұмысын ұсынады.

Ғылымдағы бұл жаңалық – батыс зерттеушілерінің көпжылдық ізденісінің нәтижесі. Ғалымдар қазірде белгілі барлық алманың сұрыптарына генетикалық талдама жасап, жер бетіндегі алғашқы және, бәлкім, сол Тауратта айтылатын жұмақтағы алма жемісінің отаны – Қазақстан, дәлірек айтсақ Алмалы шатқалы  екендігін мойындады. Бұл мекен сан ғасыр бойына осылай аталып келеді. Алматы қаласының атауы да осы алма жемісінен шыққандығы баршаға мәлім.

  1. Алманың зиянкестері

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

  1. Алмадан жасалынатын тағамдар.

Алмадан компот жасау әдісі. Піскен жемістерді таңдап алып, суық суға жуып, қабығын тазалап, жеміс сабағын, тұқымын, зақымданған жерлерін алып тастайды да, кесіп бірнеше бөлікке бөледі. Кесілген жері қоңырайып кетпес үшін 1%-тік тұз ертіндісіне 15 мин салып қойылады. Сонан соң 85-90° температурадағы ыссы суда 5 минут бойы ұстау керек. Егер алма қышқыл болса, ыссы суда аз ұстайды. Алманы қайнап жатқан суға салуға болмайды, себебі алма пісіп кетеді. Суға салғаннан кейін одан алып, суын сорықтырып, әзірлеп қойған банкаларға салып, оның үстіне ыссы сиропты құяды. Сонан кейін банка аузын қақпақпен бастырып, ыссы су ішінде 9 мин, литрлікті – 12 мин, 3 литрлікті – 32 мин қайнатады. Стерилизациялап болғаннан кейін аузын жақсылап бекітіп, сол судың ішінде суытады.

Алмадан повидло жасау: Повидло жасауға тосаптан, желеден қалған алманы пайдаланады. Алманы жуып алып, еттартқыштан өткізіп, алынған ботқаны кастрюльге салып, қант қосады да 1 стакан ботқаға 1 стакан қант қосылады, араластыра отырып жайлап қайнатады. Қоюланғаннан кейін, қайнатуды тоқтатып, суытады. Сонан соң оны банкаларға салып, аузын май, су өткізбейтін (пергамент) қағазбен жауып, салқын, құрғақ жерде сақтайды.

Алмадан мармелад жасау:Алманы жуып, оның ортасындағы механикалық тканді тұқымдарымен алып тастап, эмальды ыдысқа салып, духовкаға қойып пісіреді. Піскен алманы езіп, ботқаға қант араластырып, былғап тұрып жайменен қоюланғанша қайнатады. Әзір болған мармелад суығаннан кейін банка аузын пергамент қағазымен жауып тастайды да, құрғақ, салқын жерге сақтайды. 1 кг алмаға 650 грамм қант салынады.

Қорытынды

Мен қорыта келе алманың пайдалы екенін және оны тұтынуды ұсынамын. Ас үйінде апталап, айлап тұратын азықтың бірі – алма. Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді. Өмірді ұзартады. 2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды.

Есте сақтау қабілетінің жақсаруы. Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады.

Инфаркт, инсульт қаупін азайтады. Әдетте инсульт, инфаркт, атеросклероз аурулары LDL-холестеринінің көп болуынан туындайды. Ал алма ол холестерин санын 23 пайызға азайтады. LDL-холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді. Ісік ауруларының алдын алады.

Алманы жумай жеме! – дегім келеді. Жалпы алманың пайдасын көп екенін білдік және оның зияндылығын ұмытпаған абзал.

You May Also Like

Тұрмыстағы математика мен абакус тәсілдері, ғылыми жоба

«ТҰРМЫСТАҒЫ МАТЕМАТИКА МЕН АБАКУС ТӘСІЛДЕРІ» Мазмұны: Кіріспе……………………………………………………………………………………….8 I тарау Негізгі бөлім 1.1.…

Алма құрамындағы дәрумендер, ғылыми жоба

Алма құрамындағы дәрумендер Мақсаты:  Адамдардың өмірінде пайдаланып журген алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау…

Әл-Фарабидің философиясы мен трактаттарындағы адамгершілік мәселелері, ғылыми жоба

Қаламгер Жүкең өткен жол, ғылыми жоба

Мазмұны І Кіріспе——————————————————————————–1-3 бет Жауынгер-журналист ІІ.Негізгі бөлім———————————————————————-4-15 бет ІІ.1. Майдангер Жүніс Шәукебаев…