Тақырыбы: «Қазіргі таңдағы семіздіктің проблемалары»

Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан -2030 стратегиясын іске асырудың негізі 

Секциясы: Биология 

Аннотация

Қазіргі таңда артық салмақ мәселесі бүкіл Әлемдегі күрделі мәселелерге айналып отыр . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша 2015 жылға қарай 2,3 Миллиард ересек адам артық салмаққа ие болып , ал 700 миллион адам семіздікке шалдықпақ . Әсіресе , балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздіктің таралуы алаңдатады , деп мәлімдеді баспасөз клубының спикерлері . Оның көрсеткіші бүгінгі күні 1970 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 10 есе жоғары , бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына үдемелі қаіп тудырады . Мәселенің мәні балалар Өздерінің мұғалімдері немесе дәрігерлердің сөзіне қарағанда , коммерциялық жарнаманың әсеріне көбірек шалдыққыш келетіндігінде болып отыр .

Аннотация

Сегодня проблема лишнего веса – одна из самых серьезных проблем в мире.  Всемирная организация здравоохранения прогнозирует, что к 2015 году 2,3 миллиарда взрослых людей будут иметь избыточный вес, а 700 миллионов – ожирение.  Особое беспокойство вызывает распространенность ожирения среди детей и подростков, говорится в сообщении пресс-клуба.  Сегодня он в 10 раз выше, чем в 1970-е годы, что представляет растущую угрозу для здоровья подрастающего поколения.  Проблема в том, что дети больше подвержены коммерческой рекламе, чем их учителя или врачи.

Annotation

Today the problem of being overweight is one of the most serious problems in the world.  The World Health Organization projects that by 2015, 2.3 billion people will be overweight and 700 million obese.  Of particular concern is the spread of obesity among children and adolescents, the press club said.  Today it is 10 times higher than in the 1970s, which poses a growing threat to the health of the younger generation.  The problem is that children are more exposed to commercial advertisements than their teachers or doctors.

Кіріспе

«Семіздікті қой ғана көтереді» деп ұлы дана халқымыз айтпақшы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, әлем халқының 1/5 бөлігі немесе 1,7 млрд адам артық салмақтылар қатарына жатқызылады. Бұл топтардағы адамдардың 250 миллионы созылмалы семіздік ауруы мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шалдыққан. Әлемдегі мезгілінен бұрын болатын әрбір үшінші өлім-жітімнің семіздік пен адамның аз қимылдауынан туындайтын аурулармен байланысты екендігі анықталған. Қазіргі кезде семіздіктің таралу қарқындылығы соншалық, осылай кете берсе бұл сандар 2025 жылға қарай екі еселенбек. Әр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10 пайызға өсіп отыр. Бұл мәселе – біздің елімізде де соңғы уақыттары кең етек ала бастады. Мамандар семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбаудан және аз қимылдаудан пайда болатындығын айтады. Артық салмақтылар жүрек-қантамырлары ауруларына, жатыр мойны мен аналық, аталық бездердің, сүт безінің, тоқ ішектің, бүйректің, бауырдың және өт қабының қатерлі ісіктері, остеопороз, артрит, тыныс алу ағзаларының ауруларына жиі шалдығады. Сондай-ақ, бұл дертке шалдыққандарды өмір жасы да 7 жылға қысқаратын көрінеді. БҰҰ-ның баяндамасына сенсек, Қазақстандағы ересек адамдардың 24,4 пайызы семіз. Ұйым сарапшылары «төрт миллионға жуық қазақстандықтың немесе елдің әрбір төртінші тұрғынының артық салмағы бар» деп есептейді. Бұл, әрине, алаңдатарлық, дабыл қағарлық жағдай.

Алматы қаласының медициналық орталықтардың бірінің дәрігер-диетологы қазақстандықтардың семіздікке шалдығуының үш себебін атайды. Біріншісі – жұрттың белгілі бір азық-түліктің калориясы мен денсаулыққа зиянын білмеуі. Екіншісі – тамақтың сапасы. «Тез дайындалатын тағамдардың көбі көшеде сатады. Ары-бері ағылған көліктерден бөлінген улы заттар тамаққа түсіп, денсаулыққа зиянын тигізеді» дейді дәрігер-диетолог. Дәрігер семіздіктің үшінші себебі — жұрттың фастфуд тағамдарға әуестенуін атайды. – қаламызда мұндай мекемелердің саны жыл санап өсіп келеді. Оқушылар мен студенттердің көбі дұрыс тамақтанбайды. Егер адам таңғы асты ішпей, бірден түстенсе, артық салмақ жинайды. Таңғы, түскі, кешкі мезгілде тамақтану режимін сақтамайтындар көп. Сондықтан артық салмағы бар жасөспірімдер көбейіп келеді, — дейді. Балалар денсаулығының нашарлауының бір себебі – мектепте жəне үйдегі үйлесімсіз тамақтануы. [1]

Ғылыми зерттеу жұмысымда осы тақырыпта болмақ. Қазіргі кездегі балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тарап кеткен семіруді алдын алу амалын  анықтауға арналған.

Өзектілігі: Қазіргі кезде семіздік мәселесі Қазақстан халқы үшін де назар аударарлық мәселеге айналып барады. Сондықтан осы мәселені шешу жолын анықтау жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Гипотеза: Артық дене салмағын анықтау алдын алу шаралын қарастыру

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  1. Семіздік және оның адам денсаулығына тигізетін әсері туралы материалдар жинау
  2. Семіздік мәселесін жанжақты сараптай отырып, артық дене салмағын анықтау; оны алдын алу шараларын көрсету.
  3. Мектептегі семіздік деңгейін сараптау
  4. Семіздікті алдын алу шешімін ұсыну

Тәжірибелік маңызы: ұсынылатын зерттеу нәтижелерінің болашақта балалар мен жасөспірімдер арасында семіздікті алдын алу және дені сау ұрпақ өркендету бағытында қолдану үшін зор мүмкіндікке ие.

Ғылыми жаңалығы: жобаның негізгі мақсатына сай, балалар мен жасөспірімдердің семіздік  мәселесін тиімді жолмен  шешу.
І. Әдебиетке шолу

1.1 Семіздік дегеніміз не және оның салдары

Семіздік – бұл организмде майдың шамадан артық жинақталуымен сипатталатын, денсаулықтың бұзылысына апаратын жағдай. Бұл жағдай ауру алды немесе ауру ретінде саналады. Семіздіктің таралуының өсуіне сай барлық əлем үшін өзекті мəселе болуда. ДДҰ сарапшылары 2000 жылмен салыстырғанда 2025 жылға таяу семіздікке шалдыққан адамдар санының екі есе артатындығын бол- жауда. Бұл сан АҚШ халқының 45-50 %, Австралия мен Англияда 30- 40% құрап, Бразилияда 20% аспақ. Қазақстанда ересек халықтың 36,1%- да артық салмақ бар, ал 24,0% семіздіктің түрлі дəрежесіне шалдыққан. Семіздіктің барлық жерде жиі кездесуінің артуына байланысты ДДҰ семіздікті едəуір экономикалық ауыртпалығы бар эпидемиялық ауру ретінде сипаттауда. Дамыған елдерде семіздікке шалдыққан аурулар- ды емдеуге кететін қаржы көлемі денсаулық сақтау саласының барлық шығындарының 10% құрауда, ал тікелей жұмсалатын қаржы барлық шығынның 3% – 5% құрайды.

Балалар мен жасөспірімдердің семіздігіне үлкен назар бөлінуде, бұл жуырда ғана мəселе ретінде аталды. Бұрынырақ балалар семіздігі сирек кездесетін, көптеген жылдар бойы балалық шақтағы семіздік пен ересек жастағы дене салмағы арасында байланыс болуы туралы дəлелдер болмай келді. Бірақ, жақында алынған деректер балалардың 10% клиникалық семіздікке шалдығуы мүмкін екендігін жəне артық салмағы бар жасөспірімдердің көпшілігі ересек жаста да артық салмағын сақтауы айқын екендігін болжауға мүмкіндік береді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) артық дене салмағы мен семіздікті бағалауда қарапайым сандық критерий – дене салмағы индексі (ДСИ), Кетле индексін тиімді санайды. [3]

Семiздік денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Оған қоса, артық салмағы бар адамдар ауыр психологиялық қиындықтарға душар болады. Өйткенi бiздiң қоғам сымбаттылық пен арықтықты бағалайды. Бұл әсiресе әйелдер мен жасөспiрiмдерге қиынға соғады.

Дәрiгерлер семiрудiң келесi себептерiн анықтаған:

  1. Тұқым қуалаушылық;
  2. Эндокринды аурулар;
  3. Аз қимылдау және тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы;
  4. Мидың нақты бөлшегінiң жарақаттануы;
  5. Кейбiр психикалық ауытқулар.

Семiрудiң 4 дәрежесі және 2 кезеңі болады: дене салмағы үнемі өсіп тұратын үдемелі, және артық салмақ болса да, ары қарай үлкеймейтін тұрақты кезең.

I дәрежелі семіздік: дененiң нақты салмағы идеал массадан 29%-ға дейін асады.

II дәреже: дененің нақты салмағы идеал массадан 30-40%-ға дейін асады.

III дәрежелі семіздік: 50-99% пайызға дейін асуы.

IV дәреже: айырмашылық 100%-дан жоғары.

Семіздік әрқашан ағзаның жұмысын тежейді: жүрек жұмысы ауырлайды, қан айналымы бұзылады, демікпе пайда болып, адам тез шаршайды, инфекциялардан қорғанысы әлсірейді.[5]

Семіздікке көбінесе бүйректегі тас ауруы да қосарланады. Толық адамның артық салмаққа байланысты ұдайы қосымша дене жүктемесіне душар болатындығы белгілі. Жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары, əрі қарай – салмақты аурулар (миокар–диодистрофия, АГ, атеросклероз) пайда болады. Тыныс алу жүйесінің де қызметі бұзылады, аздаған дене жүктемесінің өзінде ентігу, ұйқышылдық пайда болады, қан айналымының жеткіліксіздігі өршиді. Семіздіктің, қант диабетінің, жүрек-қантамыр дерттерінің қосарлануы кейде «Х метаболикалық синдромы» аталады.

  Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары Айқын: артериалдық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт. Ықтимал: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, жүрек жеткіліксіздігі.

Метаболикалық аурулар Айқын: II типті қант диабеті, глюкозаға төзімділіктің бұзылысы, гиперинсулинемия, дислипидемия. Ықтимал: өт тасы ауруы, гиперурикемия, бауырдың майлық дистрофиясы.

 Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары Айқын: буындардың кері бұзылыстық аурулары, остеоартрит. Ықтимал: тізе буынының артрозы.

Қан ұюы жүйесінің бұзылысы Ықтимал: гиперфибринемия, қан плазмасындағы плазминоген тежеуіші концентрациясының азаюы.

Тыныс алу жүйесі қызметінің бұзылысы Айқын: түнгі апноэ. Ықтимал: бронх демікпесі.

Онкологиялық аурулар Кейбір жаңа ісіктер пайда болу қаупінің айқын артуы (мысалы, эндометрийдің, сүт безінің, жуан ішектің қатерлі ісіктері)

Жыныстық жүйе бұзылыстары Ықтимал: либидо, ұрықтылықтың төмендеуі, етеккір айналымының бұзылыстары. [5]

1.2. Семіздікті емдеу

Артық салмақты өз бетіңізбен толық емдей алмайсыз, алдын ала дәрігермен кеңескен дұрыс. Мүмкін семіздік белгілі бір аурудың салдары шығар. Бұл жағдайда сол ауруды емдеу керек.

Семіздікті емдеу тәсілдері:

  1. Дәрі-дәрмексіз тәсілдер. Калориясы төмен азыққа негізделген емдәм мен жүйелі дене жаттығулары. Барлық диеталар келесі талаптарға сай болу қажет: калорияның айқын тапшылығын қалыптастыра отырып, денсаулыққа зиянын тигізбеу үшін тиімді және үйлестірілген тағам пайдалану. Бірде-бір дәрігер өте аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектесетін диетаны құптамайды. Семіздіктен біртіндеп арылу қажет.
  2. Дәрі-дәрмекті тәсіл. Дәрігер тәбет қашыратын және құнарлы заттардың сіңірілуін азайтатын немесе гормоналды жағдайыңызды қалыпқа келтіретін препараттарды жазып беруі мүмкін.
  3. Хирургиялық тәсілдер:

– Липосакция, яғни тері астынан артық майды алу;

– асқазан көлемін кішірейту үшін кигізілетін арнайы сақиналарды асқазанға орнату операциясы;

– Абдоминопластика – салбырап қалған немесе тым үлкен қарынды жоятын ота.[6]

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Семіздік даму қаупін анықтауға арналған сауалнама арқылы семіздігі бар оқушыларды анықтау.

Теориялық бөлімнің деректерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу, ұштастыру, тұжырым жасау мақсатында зерттеу жұмысымның бірінші бөлімі өз мектеп оқушыларының артық дене салмағын анықтау мақсатында мысалы ретінде өз сыныбымды алып семіздік даму қаупін анықтауға арналған төмендегідей сауалнама жүргіздім.

Мен №104 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларының 6-11 сыныбынан сауалнама алдым.  Сауалнамаға әр сыныптан  20 (10 сынып 14)  оқушы қатысты.   Сауалнаманы арнайы дұрыс тамақтану институтынан алдық. Сауалнама оқушыдағы семіздік қаупін анықтауға арналған.

Семіздік даму қаупін анықтауға арналған сауалнама

Аты жөніңіз___________________

  1. Сіздің тамақтануыңыз үйлесімді ма?

А)  Иə     Ә) Жоқ    Б) Кейде

  1. Сіздің дене белсенділігіңіз жиі ма?

А)  Иə     Ә) Жоқ    Б) Кейде

  1. Газдалған сусындар ішесіз бе?

А)  Иə     Ә) Жоқ    Б) Кейде

  1. Сіздің беліңіздің өлшемі 80 см (əйелдер үшін) жəне 94 см (ерлер үшін) асады ма?

А)  Иə     Ә) Жоқ    Б) Кейде

  1. Теледидар алдында тамақтанасыз ба?

А)  Иə     Ә) Жоқ    Б) Кейде

  1. Теледидар алдында күіне 1 сағаттан артық уақыт өткізесіз бе?

А)  Иə     Ә) Жоқ    Б) Кейде

  1. Жедел дайын болатын тамақ жиі ішесіз бе?

А)  Иə     Ә) Жоқ    Б) Кейде

Ескерту: Егер Сіз «иə» деп 2 немесе одан артық рет жауап берсе, семіздік даму қаупі жоғары.

  • Мектеп оқушыларының дене салмағының индексін

(Кетль индексін) (ДСИ) анықтау

Ғылыми зерттеу жұмысымыздың екінші бөлімі бойынша біз мысалы ретінде алынған сынып оқушыларымыздың дене салмағының индексін анықтадық. ДСИ индексін төмендегі формула бойынша анықтаймыз:

ДСИ  =  Салмақ  (кг)  /  Бой  (м2).

Мысалы:  Адам салмағы  =  80  кг,  бойы  —  1,8  м.

ДСИ  =  80  кг  /  (1,8  ´  1,8)  м2  =  80  кг  /  3,24  м2  =  24,69  кг [12] 

Кесте №1 Семіру классификациясы  (ДДҰ)

ДСИ Дәрежесі ДСИ бағалануы
18,5—23,9 Қалыпты салмақ Қалыпты салмақ
24,0—29,9 Артық салмақ Артық салмақ
30,0—34,9 1 дәрежелі семіздік Семіру
35,0—39,9 2 дәрежелі семіздік Қатты семіру
40,0-тан көп 3 дәрежелі семіздік Шамадан тыс семіру

  ДСИ анықтау үшін біз:

  1. Оқушылардың бой өлшемдерін алып кестеге толтырдық.
  2. Салмақтарын өлшеп алып кестеге толтырдық.
  3. Кетле индексі бойынша зерттелуші оқушылардың ДСИ анықтадық.

ІІІ. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

3.1. Семіздік даму қаупін анықтауға арналған сауалнама нәтижесі.

Сауалнама нәтижесі бойынша мен төмендегі диаграммалық есеп жасадым. Нәтижесі бойынша зерттелушілердің 32 пайызы 2 ретте ия деп жауап берілген. Яғни, бұл сауалнама бойынша зерттелушілердің 32 пайызында артық салмақ қаупі бар екенін анықтадық. Зерттелушілердің 18 пайызы дұрыс тамақтанбайтынын және  22 пайызының дене қимылының аз екенін анықтадым. Сұрақтардың сандық нәтижесі диаграмма -1, ал сауалнама қосымшада сурет ретінде келтірілген.

Диаграмма-1.

  • Мектеп оқушыларының дене салмағының индексін анықтау нәтижелері.

Ғылыми зерттеу жұмысымыздың екінші бөлімі бойынша біз мысалы ретінде алынған сынып оқушыларымыздың дене салмағының индексін анықтадық. Зерттелушілердің 8 пайызында дене салмағының индексі артық салмақты екенін көрсетті. Бұл бір мектептің бір сыныбы бойынша. Зерттелуге қатысқан 100 оқушының 2 артық салмақты екенін Кетле индексімен  анықтадым. Бұл кеседегі тамшының бірі болсада артық салмақ бар екенін көрсетеді.

Кесте №3 Зерттелген оқушылардың ДСИ көрсеткіштері % (пайызбен).

Зерттелушілер саны ДСИ нормасы

 

Артық салмақ  Семіздік

ДСИ  30-дан көп

Оқушы саны % Оқушы саны % Оқушы саны %
100 98 92 2 8

Қорытынды.

Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы.  Сол қазынамызды сақтақтайық, әдебиеттерге сүйене келе, аурудың 56 пайызы артық салмақтан екенін анықтадық.

Ал ғылыми зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, сауалнама нәтижесі зерттелушілердің 32 пайызында артық салмақ қаупі бар екенін анықтадым. Зерттелушілердің 18 пайызы дұрыс тамақтанбайтынын және  22 пайызының дене қимылының аз екенін анықтадым.

Ғылыми зерттеу жұмысымыздың екінші бөлімі бойынша зерттелушілердің 8 пайызында дене салмағының индексі артық салмақты екенін. Зерттелуге қатысқан оқушылардың екеуі  артық салмақты екенін Кетле индексімен  анықтадым. Бұл кеседегі тамшының бірі болсада артық салмақ бар екенін көрсетеді.

«Ауру астан» деп қазақ атамыз бекер айтпаса керек. Семіздіктің алдын алу мақсатында салаутты өмір салтын ұстана отырып, дене белсенділігін арттырып, спортпен шұғылданып, суды көбірек іше отырып дұрыс тамақтану мәдениетін сақтағанымыз жөн.

«Дұрыс тамақтану – семіздіктің алдын алу»  екенін ұмытпайық!

Жұмыс мазмұны Зерттеу әдістері Ескерту
1 Қазіргі кездегі артық салмақтың таралуы туралы оқи  отырып, танытып,  жетекшіммен   ойласып,  осы  тақырыпты  зерттеуді  жөн  көрдім Қызығушылық  таныту  

 

 

 

 

2 Ұстазымның  басшылығын ескере  отырып,  іздеп  тапқан  материалдарымды  жинақтай  бастадым Жинау  

 

 

 

 

3 Жинақтаған  материалымды  біріктіріп,  жобаның  жазу  үлгісіне  салуға  бағыттадым Талдау , жобаны  жазу  

 

 

 

 

4 Әрбір  жазылған  жұмысымды  жетекшіме  таныстырып отырдым. Бағыт – бағдар  алдым Талдау  

 

 

 

 

5 Жұмыс  жүйелі  жазылу  үшін, жобаның  әр  қадамында  жазу  ережелерін  ескердім Ережелермен  танысу  

 

 

 

 

6 Материалдарды  толыққанды  жинақтадым Жинақтау  

 

 

 

7 Зерттеу  жұмыстарымды  өзім оқитын мектеп оқушылар арасында  жалғастырдым. Зерттеу,  талдау,  жинақтау.  

 

 

8 Жинақтаған  материалды  фотоға  түсіріп,  жобама  кірістірдім. Жобаға  кірістіру  

 

 

 

9 Материал  қорын  арттыру  мақсатында  кітапханаларға  барып, кітаптар  мен  газет  -журналдардан  метериалдар арқылы  толықтыра  түстім Толықтыру  

 

 

 

 

10 Жинақтаған  материалдарды  толық  жобаға  түсіріп  жаздым. Талдау,жинақтау  

 

 

 

 

 

You May Also Like

Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді…

Маған ұнайтын спорт түрі-Футбол, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Маған ұнайтын спорт түрі – Футбол» Авторы: Адамбеков…

Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концептісі, ғылыми жоба

Неліктен шай ыстық суда қайнатылады, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Неліктен шай ыстық суда қайнатылады«  Секция: Бағыты:  «Неліктен шай ыстық…