Секция: Этномәдениеттану

Тақырыбы:  Қазіргі заман музыкасының жасөспірімдерге әсері.

Мазмұны

І. Кіріспе …………………………………………………………………………………………….1

ІІ. Негізгі бөлім.

Музыка  туралы ұғым ……………………………………………….2

  1. Музыка және оның  қасиеттері……………………………2-7
  2. Музыканың адамға тигізетің әсері……………………………8-13
  3. Қазіргі заман әуендерінің жасөспірімдерге әсері…………………14-15

ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………………………………….16

—ның  ғылыми жобасына                                                                                                                        

ПІКІР

                     —ның ғылыми жоба жұмысына ұсынған «Қазіргі заман музыкасының жасөспірімдерге әсері.» атты ғылыми жұмысы талапқа сай орындалған.Тақырыптың өзектілігі: Музыка ,соның ең алдынғы қатарындағысы қазіргі заман музыкасы, жасөспірімдер мен жастардың өмірінде айтарлықтай маңызды орын алады. Дәл  осылар музыканың ең басты тұтынушылары болып келеді. Қазіргі заманда жасөспірімдер әуендері өте белсенді тындайды. Қоғамдық көліктерде,үйде,далада және т.б.  Қалай болғанда да осы барлық музыка жасөспірімнің эстетикалық тәрбиесі мен өмірлік көзқарастардың  пайда болуына әсерін сигізеді. Сондықтан жобаның негізгі мақсаты: Қазіргі заман музыкасының жасөспірімдерге әсерін  олардың рухани қажеттіліктері мен  қызығушылықтарын есепке ала отырып негіздеу. . Адам өміріндегі өзекті мәселенің бірі болып қала беретіндігі және оны зерттеуде адам баласы әлі де көптеген ізденістер жасайтындығы деп алынған.

        Музыкалық өнер туралы өте сезгіш өнерлер ара-арасындағылар туралы айтады.Поэзия немесе кескіндеме, мысалға, мүмкін емес ғана емесдеңгейдефизиологиялық реакциялар,музыкамен қабылдана алады,керісінше парасаттың қосындысыз шығарсын және мұндай тындау және музыка тартуды көкжиек жеткілікті (нақтылы сарындар, дискотекадағы билері ,сөзді бұзылыстары бар аурулардың ән салуы және логикалық аппараттың бұзылуы арқылы тиімді ойлауды  медитацияланатын тәжірибесі кең. Музыканың нейрофизиологиялық әсері баяғыдан дәрігерлікте қолданады.Музыка барлық дертке ем.Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. «Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ» деп Ю.Фучок өте тауып айтқан.

    Зерттеу барысында Музыка адамды шаттыққа бөлеп,мұң-зарын сейілткен.Музыканың әсер-ықпалының кұштілігі соншалық,ол адамдардың мінез- құлқы мен салт-дәстүрін де өзгерте алады екен. Бүгінгі заманымызда өзіне тартатын сан-алуан ақпарат әлемдері бар. Ал олардың мазмұны қандай,баланың тәрбиесіне қалай әсер ететінін үнемі қадағалап отыру қиындықтар туғызып жатады. Сондықтан да Анастасия өз жобасы арқылы осы мәселенің шешімін табуға өз жобасы арқылы жасөспірімдер қандай әуендер тындайды, олардың мазмұны қандай, бала психиологиясына қандай әсер етеді осы жайлы жақсы зерттеу жұмысын жүргізді. Өзі қызыға іздеген осы жоба жұмысының нәтижесі болашақ ұрпақтың сналы да салауатты болып өсуіне үлесін қосатыны сөзсіз.

                     Дегенмен ғылыми жобаның кемшіліктері де жоқ емес.Жалпы оқушының жұмысын бұданда терең қолдануға болады.Бұл ғылыми жобаны-ғылыми практикалық конференцияға ұсынуға болады деп ойлаймын.

 Абстракт

Жасөспірімдер музыканың ең басты тұтынушылары болып келеді.Қазіргі заманда жасөспірімдер әуендерді өте белсенді тындайды: қоғамдық көліктерде, үйде, далада және т. б. Кейбіреуі музыканың көмегімен дем алса, кейбіреуіне музыка ойын тиянақтап, белгілі бір мәселенің дұрыс шешімін табуға көмектеседі.  Бүкіл әлемде музыканың алуан түрлі жанрлары кездеседі, оларға: классика, рок, реп, металл, дапстеп және т.б. Қалай болғанда да осы барлық музыка жасөспірімнің эстетикалық тәрбиесі мен өмірлік көзқарастардың пайда болуына әсерін тигізеді. Ал эстетикалық тәрбие мен жеке тұлғаның қалыптасуы көптеген жазушылар мен педагогтардың (Макаренко, Кабалевский, Сухомлинский, Ушинский) пайымдауынша баланың осы жасөспірімдік, мектепшілік жасында ерекше маңызды.Табиғаттың, қоршаған орта мен адамдардың әдемілігін сезіну баланың өмірге деген қызығушылығын тудырып, жанжақтылығы, ой-қабілеті мен есте сақтау қабілеті сияқты психологиялық процесстерді дамытады.

Міне осы себептерден, мен қазіргі жасөспірімдердің қандай әуендерді тындайтындығын және онынң жасөспірімдерге қалай әсер ететіндігін зерттеу қазіргі заманның өзекиі тақырыбының бірі деп ойлаймын. Мен  түрлі мәліметтер, бақылау жұмыстары  және сауалнамаларға қортынды жасай отырып  анықтаған мәліметіме қорытынды шығаруға тырысамын

Абстракт

Молодежь является  основными  потребителями музыкальной продукции.
В наше время подростки активно слушают музыку: в транспорте, на улице, дома, на занятиях и т.д. Кто-то с помощью музыки расслабляется, кому-то наоборот, музыка помогает сконцентрироваться и найти верное решение в определенной проблеме. В мире существует множество разновидностей стилей музыки: классика, поп, реп, металл и т.д. И вся эта музыка так или иначе влияет на эстетическое воспитание подростков, на формирование жизненных идеалов и принципов. А формировать личность и эстетическую культуру, – отмечают многие писатели, педагоги, деятели культуры (Макаренко, Кабалевский, Сухомлинский, Ушинский) – особенно важно в наиболее благоприятном подростковом или школьном возрасте. Чувство красоты природы, окружающих людей, вещей создает в ребенке особые эмоционально-психические состояния, возбуждает непосредственный интерес к жизни,  обостряет любознательность, развивает мышление, память, волю и другие психологические процессы.

Поэтому я считаю что исследовать какую музыку слушает наша молодежь и как она влияет на формирование личности человека одна из глобальных тем нашего времени. Я пытаюсь изучит и вынести вердикт по этому поводу с помощью разных информаций, наблюдений  и конечно же  провиденных мной анкет среди молодежи.

Аbstract

Young people are the main consumers of music production.

Nowadays, teenagers are actively listening to music : in transport, in the street , at home , in the classroom , etc. Someone with the help of music is relaxing, someone on the contrary , the music helps to concentrate and find the right solution to a certain problem . In the world there are many varieties of styles of music: classical, pop , rap , metal, etc. And all this music somehow affects the aesthetic education of young people , on the formation of life ideals and principles. A form personalities and aesthetic culture – note the many writers , teachers , artists ( Makarenko , Kabalevsky , Sukhomlinsky , Ushinsky ) – particularly important in the most favorable adolescence or school age. A sense of the beauty of nature surrounding the people, things creates a special child emotional and mental state , to bring a direct interest in life, sharpens the curiosity, develops thinking , memory , will, and other psychological processes

Therefore, I believe that focusing on what music to listen our young people and how it affects the formation of the human person is one of the global themes of our time. I’m trying to explore and reach a verdict on this issue with the help of different information , observations, and of course me providence profiles among young people

Кіріспе                                                                                                                        1

Тақырыбы: Қазіргі заман музыкасының жасөспірімдерге әсері.

Өзектілігі:Музыка, сонын ең алдынғы қатардағысы қазіргі заман музыкасы, жасөспірімдер мен жастардың өмірінде айтарлықтай маңызды орын алады. Дәл осылар музыканың ең басты тұтынушылары болып келеді.Қазіргі заманда жасөспірімдер әуендерді өте белсенді тындайды: қоғамдық көліктерде, үйде, далада және т. б. Қалай болғанда да осы барлық музыка жасөспірімнің эстетикалық тәрбиесі мен өмірлік көзқарастардың пайда болуына әсерін тигізеді.

Мақсаты:Қазіргі заман музыкасының жасөспірімдерге әсерін  оладның рухани кажеттіліктері мен қызығушылықтарын есепке ала отырып  негіздеу.

Міндеттері:

1.Музыка және оның жалпы адам өміріне әсерін талдау

  1. Қазіргі заман музыкасының жасөспірімдерге әсерін білу.
  2. Сауалнама жүргізу арқылы жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау.
  3. Алған мәліметтерге талдау жасап қорытынды шығару.

Зерттелу нысаны:

14-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің тындайтын әуендері

Зерттелетін нысанның сипаттамасы:

Балалық шақтан жастық шаққа ауысатын жастағы қыз және ер балалардың тыңдайтын әуендері.

Зерттеу пәні:психология пәні

Зерттеу әдістері: Сипаттама беру, сауалнама,бақылау, мәліметтерді талдау

II.Негізгі бөлім                                                                                                                  2

1.Музыка және оның қасиеттері

Музыка (гр. Μουσική от гр. μούσα — муза) — Музыкалық дыбыс, көркем бейнеге идеялы – қызу мазмұн iске асыратын көркемөнер бiр түрi. Адамның сезгiш қабiлеттiлiктердiң жұмысшы дамытуынан ажырағысыздың музыканың дамытуы тарихи контекстте тiптi – өзгеретiн мәдени шарттардағы музыкалық материалының адамын акустикалық игерудi жүрiс музыканың тарихының өте iргелi деңгейiн құрайды.

Музыкалық өнер туралы өте сезгiш өнерлердi ара-арасындалар туралы сияқты айтады. Поэзия немесе кескiндеме, мысалға, мүмкiн емес ғана емес деңгейде физиологиялық реакциялар, музыкамен қабылдансын қабылдана алады, керiсiнше парасаттың қосындысысыз шығарсын, және мұндай тыңдау және музыка тартуды көкжиек жеткiлiктi (нақтылы сарындар, дискотекадағы билары, сөздi бұзылыстары бар аурулардың ән салуы және логикалық аппараттың бұзылуымен арқылы тиiмдi ойлауды ажыратуды медитацияланатын тәжiрибе) кең. Музыканың нейрофизиологиялық әсерi баяғыдан дәрiгерлiкте қолданылды.[1]

Музыка барлық дертке ем

Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. ”Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ”

деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамды шаттыққа бөлеп, мұң –

зарын сейілткен. Музыканың әсер – ықпалының күштілігі соншалық, ол

адамдардың мінез – құлқы мен салт – дәстүрін де өзгерте алады екен. Сөзіміз

дәлелді болу үшін қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін

еске алайық: ”Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы

еншілей туады. Ал, қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса, туа бітетін

қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі

ғана, әрі – беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер.                                                                                                                               Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада

халықтың санамен сарғайып, мұңға батқаны; егер ерке де еркін, жайдары да

жеңіл, иірім – қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың

шат – шадыман ғұмыр кешкені; егер қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі,

қоштауы асқақ, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда халықтың өзіне –

өзі сенімді де табанды болғаны; егер қоңыржай да ашық, орнықты да

қалыпты, байсалды да шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да

ізетшіл болғаны; егер шалқар да шалқымалы, жүрекке жылы, жанға жайлы

әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені; ал егер

жабайылардың әндері сияқты шегіне жете бүлініп – бұрмаланған, жанығып –

жан ұшырған, ырду – дырду әуен бел алса, онда халықтың бұзылғандық пен

бейбастақтыққа белшесінен батқаны” (Трактат о музыке юэшу) –

Исторические записки (”Ши цзи”. М., 1986. ІV том. 74, 81, 82 – б.). Сөйтіп,

Сыма Цянь халықтың музыкасы арқылы олардың ішкі және сыртқы

тіршіліктерін аңғарып, анықтауға болатынын айтады.

Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат.

Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз

дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су

сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан – жануарлардың

боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы,

талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің

ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың

қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!

Халқымыздың білгір сазгері, академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы:

”Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін

шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда

қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар…” — деп ерекше

тебірене жазыпты.

Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән,

сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше

қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу

процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды

сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.

Ежелгі гректер музыка мен медицинаны қосып, оған қамқоршы етіп бір

Құдайды — Аполлонды беріпті. Музыканың адам денсаулығына, көңіл –

күйіне әсер ететіні жайлы мәліметтерді ұлы дәрігер Эскулаптың, ежелгі грек

математигі‚ философы Пифагордың, философтар Аристотель мен Платонның

еңбектерінен табуға болады. Музыка ырғағы күш – қуат беріп, көңіл – күйді

к жігерін екі – үш еселендіреді” деп орыс армиясының белгілі қолбасшысы А.

В. Суворов дәл айтқан.

Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде ақ белгілі

болып, ол біздің дәуірімізге музыкатерапия немесе вакалотерапия ретінде

жетіп отыр. Музыканың дыбысына, ырғағына байланысты адам организмі

әрқалай әсер алады. Сондықтан, оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге,

олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі. Мысалы, әсерлі

музыка эндокринді бездер қызметін едәуір жақсартады да, гормондар бөліну

күшейе түседі. Музыка ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді.

Музыканың адамға әсері оның қандай аспапта орындалуына байланысты.

Мысалы, сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер

етсе, скрипка мен фортепиано адамның жанын жай таптырып, жүйкесін

тынықтырады екен. Ал, қазақтың екі шекті музыкалық аспабы қоңыр

домбыраның күмбірлеген үні, киелі қылқобыздың жүрек елжіретер сырлы

сазы қалай сізді бей – жай қалдыра алады?

Музыкатерапия қазіргі кездері невроздар мен неврастения секілді ауруларды

емдеу мақсатында, шаршап, ұйқы қашқан кезде жүйкені тыныштандыратын

ем ретінде пайдаланылып жүр. Музыкатерапия гипертониялық, жүректің

ишемиялық аурулары мен нейроциркуляторлық дистония сырқатын емдеуде

де қолдау тапты. Ғалымдар музыканың тіршілікке қандай пайдасы барын

анықтау үшін бірде мынадай тәжірибе жасаған. Гүл өсірілген плантацияның

өтеретінін әскери мамандар да ертеден мойындаған. ”Музыка армияның

бірінде үнемі жанға жайлы сазды музыка ойнап тұрған да, ал екінші бір

плантациядағы гүлдер музыкасыз жай тәсілмен өсірілген. Тәжірибенің

қорытындысында ғалымдар музыка ырғағымен өскен гүлдердің жақсы да

әсем болып өскенін анықтаған.

Тағы бір тәжірибе музыка сазымен сауылған сиыр сүтті әдеттегіден көбірек

бере бастайтынын дәлелдеді. Өз ұлтымыздың да музыка мен сазды әуенге

байланысты неше бір аңыздары бар. Солардың бірі — ботасынан айырылып,

көздерінен жас сорғалап боздап тұрған аруанаға сырлы сыбызғымен ән

ойнағанда жаңағы түйе боздағанын тыйып, бойы босаңсып, иіген екен. Міне,

әннің құдіреті!

Осы келтірілген мысалдардан – ақ музыканы тек адам ғана емес, бүкіл

табиғат ұнатады екен, ол бәріне қажет екен. Зейін қойып, зер салсаңыз,

табиғаттың әрбір құбылысы, әрбір суреті таңғажайып саз, музыка емес пе?

Мәселен, ағаш жапырағының сыбдыры, бұлақ суының сылдырай аққаны,

құстардың үні, шегірткенің шырылы, араның ызыңы, көбелектің көлбей

ұшуы… Сезіне, түсіне білген адамға бәрі әуен, бәрі музыка.

Табиғат аясында бірер сағат болудың өзі адамға бір аптаға қуат, күш – жігер

беретіні сондықтан. Мысалы, жұмыстан шаршап келгенде 15 – 20 минут

жанға жайлы жеңіл музыка тыңдасаңыз, жаныңыз сергіп сала беретінін, күш

– қуат аз уақыттың өзінде қалпына оралатынын байқайсыз. Жігерлі, екпінді

де шабытты музыка адамдарға жігер қосып, ерлікке бастайтыны белгілі.

Мысал үшін өзіміздің елдің әнұранын (мемлекеттік гимнді) алайық. Ол

ойнағанда бойыңда елге деген, халқыңа деген ерекше ұлттық сезім пайда

болып, сол елдің азаматы екеніңді ерекше мақтаныш тұтатындай күш пайда

болмайды емес пе?

Сазды да сырлы музыка, әсіресе, жасөспірімдер мен жас балалар үшін қажет

– ақ. Музыка олардың орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой –

өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке,

қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Расында да, музыка – адамды ерекше рахатқа бөлейтін ұлы күш. Ән – әуен

адам сезімін баурап алып, жанға жайлы, мол эмоциялық сәттер туғызады.

Тартымды да мәнді музыка – дертке де шипа.[2]

2.Музыканың адамға тигізетін әсері

Музыканың ағзаға әсері

Қазақтар жас нәрестесін бесікте, «бесік жырын» айтып тербетіп өсірген. Бұл

біздің ата-бабаларымыздың ән, күй әуенінің адам ағзасына айрықша әсер

ететіндігін, оны өнер, білімге тәрбиелеп, жақсылыққа, сұлулыққа қарай қанат

қақтыратынын ерте кезден-ақ білгендігі. Сірә, содан болар, қазақ «Ән –

көңілдің ажары», – дейді. Өнер зерттеушілері ән-күйдің ізгілікті сенімді адам

жанына ұялататынын баяндайды. Осы сенім тіршіліктегі орныңды айқындап,

өзіңе ту сыртыңнан қаратады. Ал енді ғалымдар ән-күйдің дыбыстық

жүйесінің ми бөлшектеріне импульстер жіберетін айтады. Дыбысты сезімтал

немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдап, эффекторлық жүйке ұштары оны

өткізетін көрінеді. Ән-күйден адам жанында ұя-лайтын ізгілікті сенім-адам

ағзасына шипалы ем де болып шықты.

Талас тудырмайтын ақиқат, шығыс халқы, мұсылмандар әскері жаумен

шайқасқа түсер алдында олардың рухын көтеру үшін барабанды да

пайдаланған, қобызды да құйқылжытқан. Жүйке ауруларын да музыка

арқылы емдеген. Қазақ халқының ән-күйінің шығарылуы мен

қабылдануының өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін өнер зертеушілері

былайша пайымдайды:

«Қазақ халқы төрт түліктің тісіне ерген, шаруашылығы– бақташылық, ішкен-

жегені, кигені, тұтынғаны бастан-аяқ түгелдей дерлік мал өнімдері. Соның

ішінде әсіресе қой мен жылқы еті, сүті. Үй – тұрмыс жиһаз әбзелдері де мал

өнімдерінен-терісінен, сүйегіінен, жүнінен жасалған. Ыдыс-аяқтары (торсық-

қары-ннан, ұлтабардан, саба-теріден, т.б.) төсеніштері де (киіз, сырмақ,

бөстек, тулақ) сондай. Ұлттық өнердегі өрнектер де (қошқар мүйіз, түйе

табан, аша тұяқ, басқұр, желбаулардағы басқа да әшекейлі бедерлер осыны

аңғартады. Бұл бедер әншілік пен күйшіліктен де байқалады. Мәселен,

домбыра күйлеріндегі ашық көгілдір (шартты түрде «Алпыс екі Ақжелең»

деп аталатын күйлер тобы – саумал қымыз салдарындай), қоңыр сарындар

(бұл қобыз күйлеріне де тән. Қоңыр дәстүрінде орындалатын «Қоңыр»,

«Әсем қоңыр», «Майда қоңыр» т.б. және шартты түрде «тоқсан тоғыз

Кертолғай» аталатын күйлер тобы – қымыран қызуындай) мен әндеріміздегі

Iedato-лық тұрақтылық. Ағзамызда С,Д,А,Е,РР дәрумендерінің және В

дәрумені тобының әрдайым бір деңгейде – аштықта да тоқтықта да,

ауырғанда да тұрақты сақталуы бұған дәлел. Мұны былай да түсіндіруге

болады. Әлем Глинка музыкасын – тек қана поляк, Григ музыкасын – тек

қана норвегиялық, Лист музыкасын – венгерлік музыка, ал Құрманғазы

күйлерін – тек қана қазақ музыкасы деп таниды. Соны мен қазақ музыкасын-

дара-лап тұрған көгілдір, қоңыр бояу, әндегі Iedatoлық тұрақтылық малды,

мал өнімдерін ғасырлар бойы үздіксіз, тұрақты тұты-нушылықты, сол

арқылы қалыптасқан генетикалық түрленушілікті, табиғаттағы қиыннан

қиыстырылған бір заңдылықты аңғартқандай.

Ән-көңілдің ажары деп айтылады. Ал ажарлы көңіл алдымен денсаулық

көрінісі. Бірақ «Әннің де естісі бар, есері бар» (Абай) – дегендей,

денсаулықты сақтудың есті, есер жолдары бар ғой».

Дініміз музыка туралы

Ұлық Пайғамбарымыз Мұха- ммед (с.ғ.с.) музыкаға байла-нысты өзінің

бірқатар хадис-шәріптерінде өз өсиеттерін айтып қалдырған. Оның музыкаға

рұхсат ететін де, тиым салатын да хадистері бар. Осыған орай ғұламалардың

ішінде музыканы жалпы харам дегендер де, адамға пайдалысы халал

дегендер де болды. Соған байланысты олар өз фәтуаларын берді (Әл-

Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, әл-Фәтаауа. 355 бет. Дәруш – шуруқ, Египет.

2004 ж.). Осы беттегі басқа да фәтуаларда табиғаты таңғажайып адам баласы

жан дүниесін ләззатқа бөлейтін құстардың дауысы, судың сылдыры тәрізді

дыбыстарды естуге құмартатынын, оны тыдауға Ислам дінінің қарсы еместігі

айтылады.

Яғни, музыка адам бала- сының уақытын босқа өткі-зуіне, ғибадаттарын

бұзу- ына, нәпсісінің қозуына, ойына жаман пиғылдардың жолауына,

даңғырығының жағымсыз, күшті болуынан ми жасушаларының өлуіне,

мінез-қылықтың теріс жаққа қарай өзгеруіне ықпал жасамауға тиісті. Осыған

орай ХІ ғасырда өмір сүрген тақуа ханафи ғалымы Абдул – Ғани ән-

Нәбулуен өзінің «Идахут – дәлалат фи самағил – әәләәт» (музыка аспаптарын

тыңдауға байланысты дәлелдерді баян-дау) атты кітабында былай дейді:

«Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі музыкаға байланысты тыйымдар

осын-дай теріс бағытқа жетелейтін музыкаларға байланысты бол-са керек».

«Әннің де естісі бар, есері бар»

«Шәмші кеткеннен кейін қазақ әні жетімсіреп қалды», – дейтіндер де бар. Біз

сұхбаттасқанымызда қазіргі қазақ әндерінің басым бөлігінің айқай-шу, ән

мен сөзінің мәні жоқ даурығу екенін Еркеғали Рахмадиев ағамыз да айтқан

болатын. Мұның сыртында атақ-даңқы дардай талай әншілер әркімнің

тамадасы болып, түрі де, әні де, қылығы да сұйылып барады. Не болса соған,

кім болса соған ән шығаратын, оның сөзін жазып беретін

композиторсымақтар, ақын- сымақтар да көбейді. Сөйтіп, қазақ өнерінің

құны түсе бастады. Бұл енді аздай-ақ, біздің күнделікті тіршілігімізде неше

түрлі шетелдік ән ырғағы, би түрлері көбейді.

Қазір сахнадан, теле-дидардан етек-жеңі кең футболка киген, басында –

кепка, мойынына шынжыр, медальон, брелок таққан, екі иығын жұлып жеп

билеп жүрген қыз-жігеттерді көре- тін болдық. Олар бұттар-ындағы

далаңдаған шал-барын «тұрба», өзде-рін – «рэпперлер» деп атайды. Олардың

шетелдегі «жұлдыздарын» ұл-қызда-рымыз жатқа біледі.

1970 жылдардың соңында афроамерикалықтар арасында пайда болған һір-

һор субмәдениеті енді қазақ жастарының де ақыл-есін тандыруда. Олардың

музыкасының – рэп , рэгти екенін, өзіндік жаргондары мен сән үлгілерінің

бар екенін де, билеу стилінің – брейк-дэнс екенін де, граффити деп аталатын

графикалық өнерінің де бар екеніне жастар түгілі біздер де қатты қанықпыз.

Өйтпегенде ше, біздің кейбір ағаларымыз өздерінің мерейтойларында,

балаларының үйлену тойла-рында жан-жақтан келген қонақтарды таң-

тамаша қалдыру үшін ортаға осындай ән, бимен айналысушы қазақ

балаларын шығарып, олардың әлем-жәлем киім-кешек, темір-терсектерін

көрсетіп, азан-қазан шула- ған дауысымен үлкендерді үркітіп, таң-тамаша

«қызық- қа» батыратынды шығарды. Жартылай тыржалаңаш қыздардың

бұттарын көтеріп билегенінен жиіркенген шал-кемпірлер енді тойдағы

маймыл сияқтылардың ісінен естерінен тана жаздауда. Мен үйде бір-екі рет

компьютер, теле-дидардан осындай музыка, биді тыңдап отырған немереме

мұның қазақтарға жат өнер екенін айтып түсіндіргенмін. Соңғы кезде барған

тойларымнан қазақ «рэпперлерін», басқа да шетелдік өнер ағымдарының

қазақ өкілдерін көргеннен бері енді немереме не айтарымды білмей жүрмін…

Ән-күй табиғаты

Қазақтың қай әні мен күйін тыңдап отырсаң да оның қуанышты ма, мұңды

ма, асқақ па, жігерлі ме екенін бірден аңғарасың. Осы орайда музыка

зерттеушілері былайша ой қорытады: «Ән-күйде дыбыстардың биіктік және

уақыттық (ырғақтық, ритмдік) қатынастары өте қатаң тәртіпке келті- рілген.

Нәзік сезім шырға-лаңдарының ішінен ол ең алдымен көңіл-күйді білдіреді.

Оның астарынан жеке адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық салдарын

аша отырып, сол арқылы идеялар әлемін, алуан құбылыстардың және болмыс

шындықтағы процес-терді суреттейді».[3]

 «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзінің көркемдік

талғамың мен білімің жоғары болсың».[4]

 «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп

тындай білуің керек».[5]

Егер көпшілік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбіркүрделі

дауысқа арналған немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығармаларды

тек музыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік

қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны

тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі, білімі таяз.[6]

3.Қазіргі заман әуендерінің жасөспірмдерге әсері 

Британдық социологтардың зерттеу жұмыстары адамның өмрінің салты оның

музыкалық талғамымен  өте қызық және тығыз байланысты екендігін айтты.

Есірткіге құштарлық тек қана клубтық жастар емес сонымен қатар

классикалық және опералық музыканы тындаушыларда байқалатындығы

анықталған.

Басқаларымен салыстырғандағы ең көп есірткіге құштар адамдар ол аталмыш

«клубтық қозғасыстағы» жастар, әсіресе оның ішінен House, R&B және

Trance сияқты музыкалық жанрларды көп тындайтын жастар болып шықты,

сонымен қатар зерттеу жұмыстары классикалық музыканы сүйіп

тындайтындардың  ¼  бөлігінің көбі гашиштын дәмін, ал операны

тындаушылар галюциногендік сңырауқұлақтың дәмін көргендігін көрсетті .

Сондай-ақ  блюзды сүйіп тындайтын адамдардың  қылмыстық істер жағынан

алдыңғы қатарда тұрғаны анықталды. Бірақ қоғамдағы ең  жаман топ, ол

 «Хип-хоп» тындаушылар екендігі анықталды себебі:олардың есірткіге деген

ең жоғары құштарлық танытунда ғана емес, олардын сонымен қатар ең

ұсқынсыз жыныстық өмір сүретіндіктері болып табылады.

Зерттеу жұмыстарына сүйінетін болсақ онда тәртіпті азамат меломан болып

шықты. Дәл осы топтағы адамдар қылмыстық істер жағынан да, есірткіге

құштарлығы жағынан да ең төмен көрсеткішке ие болды.

Жалпы осы анықтамаларда 2500 аса адам  қатысқан. Осы зерттеу

жұмыстарының авторы Адриан Норттың айтуынша осы алынған нәтижелер

музыканың адам өміріне қалай әсер ететіндгін көрсетті және « Алған нәтиже

қуанарлықтай емес, себебі қазіргі заманның музыкалық ағыны қоғада

нашақорлар мен қылмыскерледің көбеюіне әкеліп жатыр».

Рухани құндылықтардың қалыптасу кезінде музыкалық мәдениет маңызды

рөл атқарады. Ақиқатты, өмір шындығын музыка арқылы жеткізе білу

адамдағы жалпыадамдық қасиеттін туындауының өзіндік ерекшелігі болвп

табылады. Бұл специфика тек эстетикалық тұтынушылықты ғана емес,

сонымен қатар тәрбиелік мәні жоғары музыка арқылы рухани тәрбие алу

мақсатында қолданылады.Бірақ соңғы кездердекөңілді көтерктін әуендер

музыканың баска жанрларынан басым шығып адамның сау талғамды, саналы

комуникативті ойлауына кедергі келтіреді.

Мектеп оқушыларын жоғары музыкалық өнерге баулу өте өзекті және

маңызды нәрселердін бірі, себебі жасөспірімдер мен жастардың музыкалық

мәдениетінің дамуы, гуманизацияның маңызды бөлігі болып келеді. [7]

Сондықтан менің жобам осы қазіргі заманның қоғамының таптары мен

қажеттіліктеріне сай рухани тәрбие алу үшін, жасөспірімнің күнделікті

тындап жүрген музыкасын зерделей отырып, жасөспірімдердің

қызығушылықтарын ескере отырып оларды жақсы жолға бағыштау.

4.Жүргізілген сауалнамалар қорытындылары

Мектебімдегі 14-18 жас аралығындағы жасөспірім балаларға  келесі сұрақтар

арқылы олардың қызығушылықтарын анықтауға тырыстым:

Ең бірінші қойылған сұрақ:

Сіздің ата-ананыз қандай музыканы тындайды?

Жоғарыдағы диаграммаға қарап қортындылайтын болсақ, жасөспірімдердің

ата-аналары қазіргі эстрадалық және поп музыканы көп тыңдайтындығы

белгілі болды. Осыдан үйде теледидар, радиодан эстрадалық, қазіргі заман

әуендері көп тыңдалатындығы және халық әуендері мен классикалық музыка

екінші орында екендігі анықталды.Бұл, халық әндері мен классикалық

музыка мұрасын жандандыру үшін жаңа с іздеу керектігін

айқындайды.

  1. Сіз өзіңіз қандай әуен  түрлерін тындайсыз? – деген  сұраққа 14-16 жас

аралығындағы  жасөспірімдер поп музыка (45%) мен  рок(25%)  бірінші

орынға қойса, екінші орында реп(25%), және ең сонғысын классикалық

музыкаға(7%) берді.

Ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар адамның музыкалық

талғамының  адамның өсіп жетілуімен байланысты болып келеді себебі олар

алдыңғы қатарға поп музыка(40%)  мен классикалық  музыканы(30%) , одан

кейін реп(17%) және соңғы орынға рокты(13%) қойды.

3.Сіз өнердің қандай түрін ұнатасыз?- деген сұраққа жауап бергенде жасөспірімдер бірінші орынға кино(67.8% ) мен музыка (67.4% ) , екінші орынға- әдебиетті ( 23,6%), үшінші орынға бейнелеу өнері (12%) , архитектураны( 7,5%) қойғандығын көреміз және музыканың өнердін басқа түрлерін тұтынушылық жағынан озып жатқаның қөреміз.

4.Сіз ноталық грамотаны білесіз бе? Музыкалық аспаптарда ойнай аласыз ба деген сұрақтарға жауап қайтарғандарынан, көптеген оқушылардың нота тани білетіндгі және түрлі музыкалық аспаптарда ойнай алатындығы және дәл осы ноталық грамотаны білетін жастардың классикалық музыка  мен халық әндерін сүйіп тындайтындығы, ал ноталық грамотаны білмейтін балалар эстрадалық әндерді ұнататындығы анықталды.

5.Музыканың сіздің өмірініздегі  алатын орны қандай?- деген сұраққа жасөспірімдердің 90%-ы « Музыкасыз өзімнің өмірімді елестете алмаймын»  деп жауап қайтарса 10%-ы ғана «Мен оған онша көп көңіл бөлмеймін» -деп

жауап берді. Бұл музыканың адамның жан дүниесіне  адамның қандай музыка тындайтындығына қарамастан  терең сініп алғаның көрсетеді.

  1. Сіздің бос уақытта шұғылданатын ісінің қандай?
Жауап нұсқасы %- ы
Далада қыдырамын 30
Көмпьютер ойнаймын 23
Спортпен шұғылданамын 17
Музыка тындаймын 17
Кітап оқимын 13
Жалпы 100

III.Қорытынды бөлім

Осы ғылыми жобадағы қазіргі заман әуендерінің жасөспірімдерге әсерін

қортындылай келе мен музыканың адамға әсерін анықтадым. Оның

жағымды және жағымсыз әсерлерін талдадым. Музыканың емдік

қасиеттірінің бар екендігі жайлы баяндадым. Оның жасөспірімдердің жетілуі

мен эстетикалық қалыптасуындағы және өмірлік ұстанымдарының

қалыптасуында маңызды рөл атқаратындығын анықтадым. Түрлі

музыкалық телеарналарға бақылау жүргізу арқылы қазіргі заманда

теледирардан қандай өмірлік маңызы бар бейнебаяндар көрсетілітіндігін

бақыладым. Жасөспірімдердаен музыкалық қызығушылықтары жайлы

сауалнама  жүргізіп оның қорытындыларын диаграмма түрінде көрсеттім.

Бұл диаграммада жасөспірімдердің музыкалық талғамында ең қызығып, толғанып тыңдайтын музыкасы қазіргі заман музыкасы екендігін көруге

болады. Ал  осы қазіргі заман әуендерінің жасөспірімдердің қандай қасиеттаріне қаншалықты әсер ететінің келесі дианраммадан көруге болады

You May Also Like

Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының үндестігі, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:  Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының…

Қазақ ертегілерінің маңызы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:   «Қазақ ертегілерінің маңызы»  Бағыты:   Әдебиеттік оқу Секциясы:  Бастауыш сынып…

Жусан емдік қасиеті бар шөп, ғылыми жоба

Бағыты:  Жер жәннаты Қарқаралы Секция:   Өлкетану Ғылыми жоба Тақырыбы: «Жусан емдік қасиеті…

Тез есептеудің тәсілдері және қажеттілігі, ғылыми жоба

Тақырыбы:      Тез есептеудің тәсілдері және қажеттілігі Бағыты:   Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық…