Htmlдеген не? Html не істейді?

Кодтап бастамай тұрып оқып алыңыз!

Html-бағдарламалау тілі емес, біл гипермәтіндік құжаттарды белгілеу, басқаша айтқанда, сіздің мәтіндеріңіз, суреттеріңіз, кестелеріңіз т.б жасауға арналған. 2 + 2 тең қанша болады деген логикалық функция онда жоқ, тек 2 + 2 = 4  болады деген функцияны жазу оңай.

Енді командалар туралы – олар дескрипторлар деп аталады, бірақ көбінесе тегтер деп атайды. Алғашқы жасаған бетімізге оралайық. Біз онда осылай енгізген едік:

<html>

<head>

<title>

Менің алғашқы веб-бетім

</title>

</head>
<body>

Сәлем әлем!!!
<br>
Менің есімім Нұржан, менің алғашқы веб-бетім

</body>

</html>

<…> Арасына жазылғанды тегтер деп атайды, олар веб-бетте көрінбейді, тек олардың қызметі ғана білінеді. </…> Тегтер осылай жабылады.

Сонымен біз не жаздық, браузер оны қалай оқиды?

<html> – Құжаттың басы…

<head> – Ағылшын сөздігін ақтарсақ бас-деген мағынаны білдіреді, мұнда құжат туралы негізгі ақпарат сақталады.

<title>

Менің алғашқы веб-бетім

</title> // тағы да сөздікке, атау? Бұл беттің шапкасының атауы

</head> – оны жабуға да болады, ары қарай…

<body> – сіздің веб-бетіңізде не дизайн көрінеді осының ішіне жазасыз.

Сәлем әлем!!!

<br> – арнайы абзац жасау үшін қолданылады.

Менің есімім Нұржан, менің алғашқы веб-бетім

</body>- Бұл не? Басқа көрсетілмесін деген бұйрық осымен аяқталды!

</html> – бұл соңы…

Біздің бет туралы қысқаша ғана түсіндірілді. Көріп отырғаныңыздай дизайнда қателік орын алса, ол жұмыс істемейді немесе дизайн бұзылады.

Бұзылмас үшін оны өз талаптарына байланысты жазу керек. Қысқаша тоқтала кетсек:

  1. Сіз байқағаныңыздай, әр ашылған тег барда, жабылатын тег болуы керек. Бұндай жағдай кейбір тектерге қажет болмауы мүмкін. Мәселен: <br>. Ия, ол келесі абзацқа жылжытады, ол жабылуды қажет етпейді. Практика жүзінде бетке тағы да текст жазып көріңіз (өзіңіз қалаған текст.) .Блокнотта сақтауды және браузерді жаңартуды ұмытпаңыз. Сіз байқағаныңыздай екі текст бір қатарда орналасқан. Абзац қажет, сіз оған <br>-қолданасыз, тег осындай негізде жазылады, жабылуының қажеті жоқ…

<html>Документтің басталуы

<head>Көмекші тектердің басталуы
</head>Көмекші тегтерді енгізетін орынның жабылуы.
<body>Сізге керекті дизайнды сызатын орынның бастаулы
</body>Сізге керекті дизайнды сызатын орынның жабылуы

</html>Документтің жабылуы…

Бұл тек міндетті түрде жазылады, әрбір бетті ашқанда жазылуы керек, тек осындай бастамамен. Барлығын бірден үйреніп алуға тырыспаңыз.
Ашылатын тег <…> және жабылатын тег </…>-осындай типте жазылады. Басқа тегтерді бір тегтің ішіне салуға болады, қарапайым қораптар тәрізді.

<Тег «үлкен қорап»>

<Тег «орташа қорап»>

<Тег «кіші қорап»>

мәтін

</Тег «кіші қорап» >

</Тег «орташа қорап» >

</Тег «үлкен қорап»>

Барлығы жақсы, ал егер сіз осылай жазған болсаңыз.

<Тег «үлкен қорап»>

<Тег «орташа қорап»>

<Тег «кіші қорап»>

содержание

</Тег «үлкен қорап»>

</Тег «кіші қорап»>

</Тег «орташа қорап»>

Сосын сіз қателлікке ие боласыз. Ортаңғы және кіші үлкенінде, бірақ жабылар кезде ол ең бірінші жабылады, бұлар шашыраңқы орналасқан, тіпті адамға браузер туралы не айту керектігін елестету қиынға соғады. Кодты ақырындап қайта баптаңыз, әйтпесе сіздің код мүлдем жұмыс жасамайды.

Міне, қарапайым мәтін жазуды үйрендік келесі сабақта мен онымен не істеуге болатыны туралы айтамын.

Пайдалы кеңестер:

  1. Сіз беттерді жасағанда, оны дискіңіздегі кез-келген орыннан қалта(папка) ашып, файлдарды сонда сақтаңыз.
  2. Оларға мағыналы атау беру. Мәселен: login.html, register.html-осы тәрізді. Олай жазбаған болсаңыз шатасуларға алып келеді. Бұл кезеңде бұл кеңес практикалық болып көрінбейді, бірақ болашақта маңызды болады, елестетіңізші бір сайт жазып жатырсыз 50-ден астам html-файлдар, сіз оларға сілтеме жасауды ұмытпаңыз, ол үшін атау арқылы ажыратып табасыз.

Кодты жазу кезінде сізге бәрін көрсетілгендей жазуды ұсынамын, яғни баспалдақ арқылы. Уақыт өте келе сіз не оқу керектігін түсінесіз. Төмендегідей:

<html>

<head>

<title>

Менің алғашқы веб-бетім

</title>

</head>
<body>

Сәлем әлем!!!
<br>
Менің есімім Нұржан, менің алғашқы веб-бетім

</body>

</html>

Демек, осылай жазылғаннан қарағанда түсінікті:

<html>

<head>

<title> Нұржан, бұл менің алғашқы веб-бетім </title>

</head>

<body>

Сәлем әлем!!!

<br>

Менің есімім Нұржан, бұл менің алғашқы веб-бетім!</body>

</html>

Және бұдан да:

<html><head><title>Менің алғашқы веб-бетім</title></head><body>Сәлем әлем!!!<br>Меніңесімім Нұржан, бұл менің алғашқы веб-бетім!</body></html>

Бұл әдетке айналғанымен, түсінікті етіп жазған дұрыс.

43 comments
  1. hey there and thank you for your information – I have certainly
    picked up anything new from right here. I did however expertise
    several technical issues using this site, as
    I experienced to reload the web site a lot of times previous to I could
    get it to load properly. I had been wondering if your hosting is
    OK? Not that I’m complaining, but slow loading instances
    times will sometimes affect your placement in google and could damage
    your high-quality score if advertising and marketing with Adwords.

    Anyway I am adding this RSS to my email and can look out for
    a lot more of your respective exciting content. Ensure that you update
    this again very soon.. Escape room lista

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту

Тақырыбы: Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім…

Металдар және олардың химиялық реакциясының энергетикасы, дәріс жоспары

Дәріс-7 Металдар және олардың химиялық реакциясының энергетикасы. 8.1Реакция жүруінің термодинамикалық мүмкіндіктері. Өздігінен…

Ғылыми – техникалық құжаттарды пайдаланудың құқықтық негізі, баяндама

Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: Ғылыми – техникалық құжаттарды пайдаланудың құқықтық негізі; ә)…

Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам

Жобаның тақырыбы: Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам. Жобамды бастамас бұрын айтарым, бұл…