Мен – елімнің патриотымын

Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, өзімен бірге өмір сүрі жатқан адамдарға махаббаты шексіз, өз ұлтының, елінің дамуына барынша  үлес қосатын адам. Дегенмен, заманың түлкі болса тазы болға салып, өзінің тілінде сөйлеуге арланып, атақ мен дәреже, юайлық үшін Отанын сатып, өзге елдерде сұлтан болып жүргендер де аз емес. Соларға қарап қынжылып, жүрегім ауырған кезде, Қазақ еліне деген махаббатым арта түседі. Сол себептен шығар, мен өзімді елімнің патриотымын деп санаймын.

Патриот болу – әр азаматтың Отанына деген махаббатынан бастау алады. Ал, Отанға деген махаббат – кіші Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Яғни, өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен үйіңе, алғаш топырағын басып, суын ішіп, қозы-лақ қуып, балалық шағың өткен ауылыңа, бір нан болса да бөлісіп жеп, құлын-тайдай бірге өскен достарыңа,  оңымыз бен солымызды көрсетіп, қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ата-анаңа, алғаш қолыма қалам ұстатып, басымнан сипап, білім нәрін берген мектептегі ұстаздарыңа деген сыйластықтан, шексіз алғыс білдіруден көрініс табады. Менің жүрегіме патриоттықтың дәнін егіп, қаныма патриоттықтың суымен суарған осылар.

Патриот болу – өзіңнің жеті атаңды білу. Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз»,  «Жеті атасын білмеген – жермен тең» деген сөз орамдары бар. Бұл сөз орамдары тек қана жеті атасын білуді меңзеп  тұрған жоқ, өзінің арғы тарихын, яғни қазақтың ұлан байтақ жерін қасық қаны қалғанша қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ата-бабамыздың ерлігін білу, солардың ерлігін ұрпаққа өлең-жырларына арқау еткен ақын-жазушы, жыршы, жырауларымыздың өлең, дастандарын жаттау,  кешегі репрессияда қаза болған қазақ зиялылары мен желтоқсанда тепкіленіп, шаштан жұлынған аға-әпкелеріміздің аруағын бас ию, кешегі аштықтан бұратылып, осы күнді армандап кеткендердің арманын жалғастыру. Иә, тарих қойнауына бір сәт көз жүгіртсең, бүтін бір қазақ елінің талай-талай белестерден өтіп, сол белестен өту жолында неше түрлі құрбандық бергенін көресің. Өткенге көз жүгірту арқылы – қаріргі бейбіт өміріміздің, тәуелсіздіктің  бал дәмін сезінеміз. Бүгінгі тарих – өткен тарихтың жалғасы. Сондықтан өткен тархымызды білу – елін, жерін сүйетін, тіпті сүймейтін де әр азаматтың парызы, борышы, міндеті. Сол себепті мен мектепте «Қазақстан тарихы» сабағын беске оқып, «Жеті атамызды білеміз бе?»  деген тақырыпта ғылыми жұмыс жазып жүрмін. Бұл менің елімнің тарихына қосқан кішкентай болса да үлес деп білемін.

Патриот болу – тек қана адамзатқа ғана тән қасиет емес. Жан-жануар, құстардың өзі өзінің мекенін іздеп тұрады. Жылқыларды басқа жерлерге алып келетін болса, олар қашып кетеді, мысықты өз үйінен басқа жерге алып барса, ол даүйіне қайтып келеді, құстар үнемі көктемде өз мекендеріне оралып оытрады. Осыған қарап, отансүйгіштік сезімнің ұлы екенін білуге болады.

Патриоттық сезімге толы адам ретінде  бүгінгі бізге үлгі болушы – елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз халқы үшін ерінбей еңбек етіп, елімізді дамыған елу елдің қатарына қосу үшін түрлі сртатегияларды ойлап тауып, қарзіргі жайнаған жас қала Астанамызды бүкіл әлемге танытты. Тәуелсіздік пен Елбасы – қазақ елінің маңдайына біткен бақыты.

Патриот болу – тек өз ұлтыңды жақсы көру емес. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет болғандықтан, еліміздің дамуы үшін басқа ұлт өкілдері де аянбай еңбек етуде. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріне келіп қоныстануына, қазіргі ұрпақ кінәлы емес, ол өткен тарихтың ізі. Бірақ орыс та, ұйғыр да, неміс те қазақ елінінің құдығынан су ішіп отырғандықтан. Ішкен суына түкірмесі анық. Сондықтан барлық адамзатты бірдей жақсы көруіміз керек. Түптеп келгенде барлығымыз бір Адам атаның ұрпағымыз. Тек қана түріміз бен, тіліміз басқа.

Ойымды қорытындылайтын болсам, патриот болу үшін соғысқа барып ерлік жасаудың қажеті жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамызша айтсам: «Барлық халық пен ұлт – барлық ұлы мен тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуі тиіс». Яғни, еліміздегі ұлтаралық достастық пен бейбітшілік пен келісімнің көрінісі – өз еліңді, жеріңді, сол елде өмір сүріп жатқан адамдар мен жан-жануарларды сүю. Ары қарай тарихымызды түгендеп,  елбасымыздың ерен саясатына үнемі қолдау көрсету. Айналамыздағы барлық Аллаһ жаратқан жаратылысты жақсы көрсек, Аллаһтың назары да біздің елімізге түсері анық. Бір-бірімізді жай ғана жақсы көрсек, барлық жақсы істің бастауы содан басталмақ. Сондықтан жай ғана бір-бірімізді жақсы көрейік,  әрбір азақстандықтың тағдыры – біздің тағдырымызбен байланысты деп қарайық. Тағдыр жолымызды бір арнаға түйістіріп, барлық иыншылы пен кедергілерді бірге өтуге шақырамын.

You May Also Like

Ұстаздық еткен жалықпас, эссе

Ұстаздық еткен жалықпас «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-деп хакім Абай атамыз айтқандай,…

Сал-серілердің(әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз, эссе

     Қазақ поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ…

Тәуелсіздік-тұғырым, эссе

Тәуелсіздік-тұғырым Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына міне 30 жыл.Және мен бұл үшін мақтанамын.Біз…

Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз. эссе

Қазақ әдебиетіне алпысыншы жылдары келіп қосылған бір көш талантты жастардың ішінде Қабдеш…