Ұстаздық еткен жалықпас

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-деп хакім Абай атамыз айтқандай, ұстаздық жолды ұстанған мұғалім – даналықтың бағбаны.

Ұстаз болу оңай іс емес, бұл іс талмай ізденуді, өмір бойы оқуды талап етіп отыр. Елдің ертеңі- білімді, тәрбиелі, алған білімін өмірді қолдана білетін шәкірт қолында. Сондықтан мұғалімге артылар жүк те ауыр.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңаруда. Сондықтан білім берудің деңгейі мен сапасы жақсарып, оның тиімділігі білім мазмұнына сәйкес критерийлермен бағалануда. Жаңа, тез өзгермелі өмір жағдайында өзгермелі педагогикалық парадигма білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отыр. Білім алушылардың оқу ордасында табысты оқуы ғана емес , өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін кәсіби тәжірибеде байқадым. Мұғалім білім алушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай- ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.

Мен қарапайым колледж мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін.Ұстаздық жолды жүрек қалауымен қалағандықтан, қиындықты мойымай жеңуді, талмай ізденуді өзіме мұрат еттім. Өз шәкірттерімнің тек білімді болуын ғана емес, адамдық тұрғыдан тұлға болуын да басты назарда ұстаймын. Жас ұрпақты оқытуда Абай атамыздың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» даналық сөзін шәкірттеріме үнемі қайталап отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланып олардың пәнді игеруіне жағдай жасаймын.Оқушыларға пәндік білім дағдыларды игертумен қатар олардың шығармашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды да жүргізіп отырамын.

Адам баласының ең басты мақсаты- адам болу екендігін қалыптастыратын нәрсе- көркем әдебиет.Оқушылардың көркем дүниені танып-білуіне жағдай жасап, көркем әдебиетті оқып, өзіндік тұжырым жасау дағдыларының қалыптасуына байланысты «Кітап күндерін» өткізіп тұрамын. Бұл оқушыларымның шығармашылығын дамытуда көп көмегін тигізуде.

Оқытуда оқушының пәндік нәтижелер арқылы олардың тұлғалық, жүйелік- әрекеттік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасаймын. Оқытуда , ең бірінші, сабақ мақсаттарына назар аударып, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолдарын қарастырып отырамын. . Оқушының

танымдық аспектісін жетілдіру мақсатында педагог –ғалым Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын өз сабақтарымда жиі қолданамын. «Сатылай кешенді талдау» технологиясы оқушының жүйелі, тиянақты білім қалыптастыруына негіз қалайды.

Оқушылардың жүйелі жұмыс жасауына жағдай жасау мақсатында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша студенттерге арналған үйірме жұмыстарын да  қарастырдым. Үйірме студенттерді өздігінен ізденуіне, шығармашылығын дамытуға негізделген. Үйірме жұмысы баланы арнайы жоба жасауға дағдыландырып,  өз бетінше ізденуге, жан жақты дамытуға жетелейді.

Мұғалім мамандығы өмір бойы ізденуді, еңбектенуді қажет етеді.Еткен еңбек білім алушыларының нәтижелі жетістікке жетуіне жол ашты. Шәкірттерімді білімін таразылайтын әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, шығармашылық байқауларға дайындап, олардың биіктен көрінуіне өз үлесімді қосып келемін.

Ұстаздық жол өзімнің өмірлік мұратыма айналғандықтан, осы жолда аянбай еңбек ету- ел алдындағы, шәкірт алдындағы парызым.

You May Also Like

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз. эссе

Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері.…

One day without Internet, essay

“One day without Internet” The Internet is a great invention. He has…

«Мәңгілік ел» сәулетшісі – Елбасы, эссе

«Мәңгілік ел» сәулетшісі – Елбасы Ұшы қиыры жоқ көк аспанның астында барша…

Тәуелсіздік – ел тұғыры! эссе

Тәуелсіздік – ел тұғыры! Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы…