Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанының патриоттық мәні зор. Ақын бұл дастанда жас батырдың ерлік істерін жеткізуге тырысқан.            Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет – батырға тән өзінің ерлігімен көрінеді. Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» – деген жолдармен жеткізеді. Бұл ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеясын анықтайды. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» – деген аталы сөз – Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің бастау алар кезеңі  балалық шағындағы арманынан басталады. Біріншіден, Еспенбет  Ақбөртені мініп, қару асынып, жау қайтаруды ойласа, екіншіден, «Еліме барып, ұл болсам» – деп армандайды. Міне, осы арманы оны ерлікке жетелейді.

Күндердің күнінде  Қабанбай бастаған батырлар ескі бір кекті қайтару үшін қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбеттің бастан кешкен күйін ақын:

«Басталар қашан соғыс» деп –

Белін шешіп жатпады,

Түнде кірпік қақпады.

Ерлік қысқан кеудеге,

Ішкен асы батпады,  – деп  елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген жас батыр бейнесін шынайы суреттейді.   Ал, ұрыстың шешуші сәтінде қазақтың жеті батырын жеңген қалмақ батырымен  өзі сұранып, жекпе-жекке шығады.  Осылайша, Еспенбеттің батылдығы арқасында  қазақ халқы жеңіске жетіп, үлкен олжаға кенеледі.  Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет бұл жолы да тоқ пейіл әдетінен таймай, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды.  Міне, осындай ерлік істер арқылы оның халқына қызмет ету арманы орындалады. Ақын халыққа қамқор, елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп оның батырлығын, ақыл-парасатын, қанағатшылдығын, мәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді.

            Қорытындылай келе, дастандағы Еспенбеттің әрбір ерлік ісі – оқырманға үлгі.  Үлгі болып қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. Еспенбет бойындағы ерлік істер – болашақ ұрпаққа мәңгі өнеге.

You May Also Like

Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз. эссе

Қасым шығармашылығы-қазақ поэзиясының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын…

Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. эссе

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы,…

Зар заман ақындарының шығармаларына арқау болған мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз. эссе

Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің…

Мои друзья, эссе

Эссе «Мои друзья» У меня во дворе три друга, они смешные и…