Ғылыми жоба 

«Қарттар үйі – қара шаңыраққа айналып барады»

Секциясы:  Әдебиеттік оқу

Қарттар – халқымыздың өткені мен бүгіні, яғни тұнып тұрған  тарихы. Үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата – бабадан жалғасып келе жатқан салтымыз. Қарттарымыз бағасыз байлық. Осындай брилианттан да бағалы, алтыннан да қымбат байлығымызды қарттар үйіне өткізушілер де көбейіп келе жатыр.

Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата – әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы. Қарттар үйі… Бұл — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.

Бүгінде қазақтың қарияларынан қадір кетіп тұр. Бейнетінің зейнетін көріп, төрде отырып ақыл айтар шақта ата – анасын қарттар үйіне апарып тастайтындар көбейді. Өкініштісі де сол – олардың қатары жылдан – жылға артып келеді.

Жас ізденуші өзі тұратын Атырау қаласындағы  қарттар үйіне  арнаған сыйлығын ала барып, танысып, пікір алмаса отырып, олардың шынай өмірімен танысқан.  Қарттарымыздың  көңіл күйлерін көтеруге тырысып ертегі, әңгіме, өлеңдер айтып, би билеген. Ізденуші  қарттар үйінің тіршілігімен таныса отырып қарттардың, ата – ананың бала үшін ерекше екендігін түсінген. Зерттеуші жұмысын жүргізе отырып, алдына қойған  мақсатына жете білген. Нәсіпқали Бекжанның  жаны адамгершілік пен кішіпейілділікке толы екендігін байқай отырып,  мұндай іске батыл баруын құптап, сәттілік тілеймін!

Мазмұны

Кіріспе

   I тарау. 1. Отбасы.

  1. Үлкендерімізді сыйлау.
  2. Қарттар үйі

  II тарау. 1. Қарттар үйіндегі сұхбат.

  1. Қарттарымызды құрметтейік, ағайын !

    Қорытынды. Қарттарымыз – асыл қазынамыз!

Кіріспе

Менің  бұл тақырыпты таңдап зерттеуімнің мақсаты – қарттарымыздың өмірімен танысып, оларды сыйлау, құрметтеу  керектігін дәріптегім келді. Олардың мейірім шексіз екенін түсіне отырып, іні – қарындастарыма түсіндіргім келді.

Отбасы! Мағынасы көп әрі әсерлі ұғым.

Отбасы дегеніміз не? Менің ойымша отбасы дегеніміз – әрбір адам үшін өте жақын әлеуметтік орта. Адам алғаш рет шыр етіп дүниеге келгеннен бастап өмірмен, айналасындағы қоршаған ортамен танысады. Мінез – құлық нормаларын отбасы мүшелері арқылы игереді. Бала қандай азамат болып өсетіні осы отбасыға байланысты. Яғни отбасы негіз болады деген сөз. Демек, отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Осы бала тәрбиесінен бәрі де басталмақ. Ата – ана және де отбасы мүшелері бала дүниеге келгеннен бастап оның өмірін қамқорлыққа алады. Нәрестенің болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Баланы дене мен ой еңбегіне, күн тәртібін дұрыс жоспарлауға, адамгершілікке, жаманнан жиренуге үйретеді, салауатты өмір сүруге , адал , әділетті болуға тәрбиелейді.

Отбасында тәрбиелеу түрлерін жүзеге асырудың басты бір мақсаты – жан – жақты жетілген азамат тәрбиелеу. Дене тәрбиесінің маңыздылығы ол – бала денесін дамытып, шынықтыру, денсаулығын дамыту, салауатты өмір сүруге дағдыландыру болып табылады. Ал еңбек тәрбиесіне келетін болсақ, ол – …

Тәрбиелі бала отбасы мүшелерінің барлығына құрметпен қарап, оларды сыйлайды, қиын – қыстау кезінде оларға қол ұшын береді. Ауырып қалған жағдайда оларға қарайласып, баптайды. Отбасындағы үлкендер әрине ата, әже немесе әке, ана. Біз оларға барымызша көмектесіп, қолғабыс етуіміз керек. «Осы қариялар дегеннің өзі кім?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Менің ойымша, қария, қарт дегеніміз – ағып жатқан дария немесе теңіз секілді. Осы дария мен теңіздің тұнықтығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың білетіні де сондай терең, тұнғиық болмақ. Қарттар – халқымыздың өткені мен бүгіні, яғни тұнып тұрған  тарихы десек те болады. Үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата – бабадан жалғасып келе жатқан салтымыз десек те болады. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл кеңестері, тәлім – тағылымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда да болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет – ілтипат ерекше болған. Және олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне кейінгі ұрпақ ден қойып отырған. Жалпы айтқанда, қарттардың отырған жерінің өзі береке ғой, шіркін! Негізі, сол кісілердің арқасында осындай тыныш заманда өмір сүріп, шалқып жүргеніміз. Осыны ешқашан ұмытпай, әрқашан біліп жүрсе екен деген ізгі тілегім бар. Және де өзімізден кіші бауырларымызға да айта жүргеніміз абзал деп ойлаймын. «Өткен менен кеткенді көп жасаған қарт білер» демекші, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында, сонау ел басына қиын – қыстау күн туғанда, бір сөзбен айтқанда аласапыран уақыттарда халықтың бейбіт заманда өмір сүруі үшін бастарын бәйгеге тігіп, өлім мен өмірдің ортасында елі, жері, тілі, діні, салт – дәстүрі үшін жан пида еткен осы қарттарымыз емес пе еді? Елін, жерін, дінін, тілін, салт – дәстүрін болашақ ұрпаққа, яғни бізге аман – есен жеткізген де осы қарияларымыз емес пе еді? Біз – жас ұрпақ қарттарымыздың осындай ерлігі үшін оларға қарыздармыз. Сондықтан да қарттарымызды ерекше құрметтеп, ардагерлерімізді ардақтауымыз керек. Мейлі ол тыл ардагері, мейлі еңбек ардагері, мейлі тіпті ардагерлер қатарына да жатпаса да ардақтап, құрметтеуіміз керек. Себебі, бүгінгі жас, ертеңгі – қария. Бұны әбір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйген дұрыс деп ойлаймын. Атасыз үйлер – батасыз, анасыз үйлер – панасыз қалатынын да ескергеніміз абзал. Қарттарымыз бағасыз байлық. Олардың төрімізде отыруының өзі бір бақыт емес пе? Бұндай бақытқа екінің бірі жете бермейді.  Сондақтан да қарияларымызды, ақсақалдарымызды құрметтеп, қадірлейік ағайын!  Оларға бас исек те артық етпейді.  Және де өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық!

Қарттар дегеніміз… біздің аналарымыз, әкелеріміз. Тіпті біздің өзіміз қартаямыз ғой. Сонда адамзаттың барлығы қартайғанда ақ жаулықты әже мен ақ сақалды ата болмай ма? Иә, әрине.

Мен қариялармен сөйлескенді, олардың мағынасы зор әңгімелерін тыңдағанды жаным сүйеді. Олардың ғибратты әңгімелерінің өзі қандай десеңізші! Пай – пай, шіркін! Әңгіменің майын тамызып тұрып айтады. Айтып қана қоймайды, арасында ненің дұрыс, ненің бұрыс екенінде айтып отырады. Тіпті тыңдай бергің келеді. Олардың көздерінің өзін айтсаңызшы! Мейірімге, шапағатқа толы. Саған қарағанда, құдды бір күн шуағын шашып тұрған күн секілді.

Қариясы бар үйде береке де бірлік те болады. Қарияларымыз жас ұрпақты тәрбиелеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Нәресте дүние есігін ашқан күннен бастап тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай өсіреді. Тіпті алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысып, өмірдің салқынына тонып, ыстығына күйіп – піседі. Ал біздер – жас ұрпақтар оларды қарттар үйіне мыңқ етпестен әкеліп тапсырамыз. Сондағы оларға айтқан рахметіміз осы ма?

Мен қарттар үйіне апаммен және анаммен жиі барып тұрамын. Қарияларымызбен сөйлесіп, ақыл – кеңес те сұраймын. Тіпті апаммен, жиен апаларыммен қайырымдылық концертін де өткізіп келдік. Олар бала сияқты мәз болып, қуаныштан жылап та жіберді. Олар сондай мейірімді, дана, жүректері жұп  – жұмсақ. Қараған көздері елжіреп тұрады. Олар сондай данагөй, мен барған сайын бата айтып, менің тілеуімді тілеп отырады. Олар балаша қуанып қарсы алады. Бірақ кетерде жылап шығарып салады. Сол кезде менің кішкентай ғана бала жүрегім қатты ауырады. Себебі, олардың қимай қоштасқандары сондай әсерлі. Жаныма батады.

Неге? деймін дағы. Неге? Қарттарымызды осылай қорлап қойдық. Неге? Осыншама қатыгез бе едік әлде? Неге оларды өмірінің соңында тағдырдың тауқыметіне салып қойдық. Бұлай жасамақ түгілі ойласам денем түршігіп кетеді. Олар осындай азапқа төзетіндей не жазып қойды? Сондағы кінәлары – елімізді, жерімізді қас – жауларымыздан қорғағандағысы ма? Әлде….

Қазіргі заманда балалар үйі мен қарттар үйі күннен – күнге, жылдан – жылға көбейіп бара жатыр. Балалар үйінің көбеюінің бірден – бір себебі – ол ер азаматтарымыздың ез және жауапкершіліксіз болып бара жатуында болса, ал қарттар үйінің көбеюінің себебі көп деп ойлаймын.

Біріншіден, бала дүниеге келген күннен бастап, ата – анасы оны бала – бақшаға беруге асығады. Таңнан кешке дейін күнін балабақшада өткізсе, кешке жұмыстан шаршап келген ана баласына мүлдем көңіл бөлмейді. Міне, кейін үйден жылу таба алмаған, ана махаббатын сезінбеген бала мектепке барады. Кейін жоғарғы оқу орын. Осылай отбасы бақытын сезінбеген бала кейін әке – шешесін қарттар үйіне тапсырмайтынына кім кепіл.

Екіншіден, бала ортасына қатты көңіл болу керек. Қатал, тәртіпсіз достарымен бала да қатая түседі. Аяушылық сезімі жоқ бала әке – шешесін еш аямастан қарттар үйіне тапсырмағанда не істейді?

Сонда кім кінәлі? Тәрбие бермеген ата – ана ма, әлде тәрбие алмаған бала – шаға ма?

Ата – анасын қарттар үйіне тапсыратын қатыгез ұрпақ пен баласынан жеритін аналар бұрынғы заманымызда ешқашан болмаған..

Қарттар үйіне өз еріктерімен де келген қарттарымыз да бар екен. Неге? деген сұрақ туындауы да мүмкін. Себебі, тағдырдың тауқыметіне түсіп, бала – шағасынан жазмышта айрылып, жалғыз қалған қарттарымыз өз еріктерімен барады. Бармағанда қайтпек? Кім олардың жағдайын жасап, күтім көрсетеді? Қарттар үйінде өз үйіндей болмағанмен, үкімет барлық жағдайды жасап қойған.

Мен жақында тағы бір рет қарттар үйіне бардым.  Мамыр айының басында үлкендерімізді Жеңіс күнімен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Біз аулаға кіргеннен ата – әжелеріміз құрақ ұшып жүгіріп жүр. Мені құшықтап, бетімнен сүйіп, жағдайымды сұрап әлек болып жүр. Бізді құшақ жая қарсы алып, қонақ бөлмесіне кіргізді. Ол жердегі тек қарттарымыз ғана емес,  сол  үйдің басшысынан бастап, қарапайым қызметшілеріне дейін мейірімді. Біздің келгенімізге қуанып, қонақ етті.

Мен Каршигаев Баяз атамен сөйлестім. Атамыз тыл ардагері екен. Баяз ата 1927 жылы қаңтарда дүниеге келген, қазір атамыз 92 жаста.

  • Менің жағдайым өте жақсы. Бір бөлмеде екі адам жатамыз. Бөлмеде тоңазытқыш, теледидар, кереует, үстелдер мен орындықтар бар. Барлық жағдайымыз жасалған. Мен 13 жасымнан бастап жұмыс жасадым. Әкем әкімшілікте жасайтын. Мен 5 – ші сыныпта оқып жүргенімде конторда әкеме көмектесетінмін. Сабақты өте жақсы оқыдым. 16 жасымды орынбасар болып жұмыс жасадым. Кейін мал шаруашылығын басқардым. Сондай еңбекқор болдым. Шаршау дегенді білмедім. Әскерге де бардым. Әскерден келгенде полковниктің көмекшісі болып жұмыс жасадым. 45 жыл халыққа, 10 жыл үкіметке жұмыс жасадым. 1947 – 1970 жылдар арасында жүргізуші болып жұмыс жасадым.
  • жылы колхоз құрылды. Ал 1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталды. Сталин үлкен шеру өткізді.

Соғыстың уақытында халыққа өте қиын болды. Бұндай қиын – қыстау күнді жауыма да тілемес едім. Халық ашықты. Барлық ер азаматтарды әскер қатарына алып кетті. Ауылда тек бала – шаға мен әйелдер қалды. Жұмысқа жарамсыз қарттарымызда қалды. Ұлы Отан Соғысы дегеніміз 13 мемлекеттің біріккен соғысы. 3 шілдеде Сталин сөйледі. Сталинді барлық халық жылап тұрып тыңдады. Сөйлегенде сұмдық сөйледі. Мекеме, ұйым, мектептер жабылды. 1 адам 3 адамның жұмысын атқарды. Біздер 1 – ақ вентовкамен соғысты бастадық. Колхоздың малынан әскерге ет берілді. Адамдар аштан өлмеу керек еді. Маған барлығын бақылауда ұста деген бұйрық келді. Мен халықты және әскерді аралап, бақылауда ұстадым. «Мен халықтың ашыққанын қалай білемін?» деп сұрағанымда, «қарны аш адамның көзінің үсті іседі», -деді. Осылай халықты аралап, ашыққан адамға барымша көмектесіп, тамақпен қамтамассыз етіп отырдым. Бірақ деймін – дағы, сол еңбегімізге ақша төлемейтін еді. Біз халықты ойлап, соғыста еліміз үшін айқасып жатқан халқымыз деп ерінбей еңбек еттік. Солай   вентовкамен соғысты бастап, жеңіске жеттік. Жеңіске жетуіміздің бірде – бір себебі халықтың бірлігі еді. Соғыс мамырдың  5 – ші жұлдызында тыйылғанмен, 9 күні салтанатты түрде жарияланды. Міне, біз осындай қиындықпен жеңіске жетіп, бейбіт өмірге де қол жеткіздік. Сол кездегі менің көзімнен еріксіз жасты айтсаңшы. Ой еріксіз жыладым. Ол қуаныштың көз жасы еді, – деп сөзін аяқтады.

Сосын Ишимова Жаннат деген 87 жастағы әжемен сұхбаттастым. Атырау балық зауытында жұмыс жасаған. 2011 жылы 6 наурыз айында Алматы қаласында тұратын сіңлісі қарттар үйіне әкелген. Әкелген себебі, әжеміздің 2 перзенті болған. Екі перзенті де қайтыс болып, амалсыз осы қарттар үйіне келуге мәжбүр болған. Қазіргі кезде 8 жыл осы үйде тұрып жатыр.

  • Жағдайым жаман емес. Өз үйіндей болмағанмен, жақсы қарайды. Дәрігерлер де жиі келіп қарап кетеді. Үнемі көмектесіп, уақытылы тамағымызды береді. Бізге содан артық не керек? Осылай тұрып жатқан жағдайым бар, – деп өз өмірін баяндап берді. Әрине, жалғыз қалған қиын. Бірақ қараласатын кісің болмаса, келесің дағы қарттар үйіне.

Міне, осылай ата – әжеммен қысқаша ғана сөйлесіп қайттым. Олар өздерінің  қиындықпен өткен күндерін ғана айтқан жоқ. Әрине, қызыққа толы көңілді күндері жайлы да айтып берді. Бірде жылап, бірде күліп, үлкендеріммен уақытымды тамаша өткізіп келдім. Уақыттың қалай зуылдап өтіп кеткенін де сезбей қалыппыз. Мен кетерде «тағы келіп тұрыңдар!»  – деп қимастықпен шығарып салды.

Еее, қарттар үйіне тастап кетеді деп ойлайтын ата – әжелеріміздің лажсыздан да баратынын ойламаппын. Үйлері болғанмен, қарайласатын адамы, яғни балалары болмағаннан да барады екен. Қарттырымыз – асыл қазынамыз. Құрметтейік ағайын, қарттарымызды! Қадірлеп, қадіріне жетейік! Үлкендеріміздің мейіріміне бөленіп, өмірімізге шуағы шашылса, өміріміз нұрлана түсер еді!

You May Also Like

Құрманың пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Құрманың пайдасы МАЗМҰНЫ І. Кіріспе ……………………………………………………………………………………1 ІІ. Негізгі бөлім 1 Құрма…

Қос жанарың-тіршілігің өмірің , ғылыми жоба слайд

Легенда о  Полынушке, научный проект

НАУЧНЫЙ  ПРОЕКТ Тема: Легенда о  Полынушке  Секция : русская  литература  Оглавление.  Введение……………………………………………………………стр.…

Бөлме гүлдерінің пайдасы және емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Мазмұны   Кіріспе Негізгі бөлім Зерттеу бөлімі ІІІ. 1.     Бөлме гүлдері ІІІ.…