Теректі өлкесінде өсетін шипалы өсімдіктер

 Тақырыптың өзектілігі:  Жасыл желек мәселелері (қалалық саябақ, баубақша және т.б.) Жезқазған қаласы бойынша экологиялық өзекті мәселелердің бірі. Біздің қаламызға жақын орналасқан киелі жерлерде кездесетін ерекше емдік қасиеті бар өсімдіктердің адам үшін маңызды жақтарын  зерттеу жұмысымыздың тақырыбын  «Теректі өлкесінде өсетін шипалы өсімдіктер»  деп тандауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Емдік, шипалы өсімдіктердің адам өміріндегі маңыздылығы жайлы ұсыныстар айту

Зерттеудің міндеттері:

  • Табиғи байлықтар қатарындағы шипалы өсімдіктердің маңыздылығын анықтау
  • Жезқазған өңірінде өсетін шипалы, емдік қасиеті бар өсімдіктерді анықтап, сипаттау және олардың қазіргі жағдайларын анықтау
  • Шипалы өсімдіктерді көбейту туралы ұсыныс жасау

Зерттеу нысаны: Жезқазған өңірінде өсетін шипалы өсімдіктер

Зерттеу пәні: Жезқазған өңіріндегі шипалы өсімдіктерінің жағдайы және жақсарту жолдары

Зерттеу әдістері: салыстыру, табиғатты бақылау, тарихи талдау

Зерттеу жұмысының дерек көздері: Ғылыми мақалалар мен әдебиеттер, анықтауыштар, өсімдіктер

Шипалы өсімдіктердің маңыздылығы:

1) Адам денсаулығын нығайтуда, медициналық маңызды рөл атқарады

2) Ауаны оттегімен байытады

3) Құрамындағы шипалы заттары фитотерапия саласында маңызды рөл атқарады

Кіріспе

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әртүрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңіне бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру – сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрамыздың 6 мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен, ауру емдейтін әртүрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екенін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсімдіктердің арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, мендуана, жалбыз т.б. өсімдіктердің жалпы қасиеттерін ашқан.

Өсімідіктерді ауру – сырқауды емдеуге пайдалана әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген.  Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктердің емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуге үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда греция елі біраз рөл атқарған. Гиппократ дәрілік өсімдіктердің 200-ден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы ғылыми тұрғыда түсінік берген [1].

Дәрілік өсімдіктер өзім туып – өскен Теректі ауылының төңірегінде бар. Теректі өлкесі Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласына 70 шақырым жерде орналасқан. Теректі «Республикалық табиғатты қорғау»  ұғымының назарына алынған әулиелі жер, шағын-шағын қырқаларын қоспағанда жазық далалы болып келеді. Өлкенің маңайы тұнып тұрған дәрілік өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктер тобынан емге керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, углевод, май, соның ішінде эфир майы май болуына байланысты оларды тамаққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Ауыл халқы сол дәрілік өсімдіктерді емдік мақсатта жиі пайдаланылады. Соның ішінде көптеп өсетін кейбір өсімдіктерге сипаттама берейік.

Адыраспан ( Peganum harmala L.) – көп жылдық, иісі жағымсыз, шөп тектес өсімдік. Сабақтары көп бұтақты. Жапырақтары кезектесе орналасқан. Бұтақтарының басында ақ түсті немесе сары гүлдері болады. Дәндері үш ұялы қорап ішінде . Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жайылымда, далада, үй айналасында өсетін. Дәрілікке адыраспанның шөбі пайдаланылады. Онда төрт проценттей алкалоид бар. Халық арасында адыраспанды ревматизмді емдеуге пайдаланады. Ол үшін 100г адыраспан шөбін, беті  жабылатын ыдысқа салып, үстіне 10 литр су құйып, 15-20 минут қайнатып, салқынданғаннан кейін сүзіп, 37-380 температурада ваннаға құяды. Ауру адам әрбір екі күн сайын 10-15 минуттан осылай әзірленген ваннаға түсу керек. Емделу мөлшері 10 ванна. Керек тұнба әр қабылдауға жаңадан дайындалған жөн [2].

Жалбыз (Mentha) – биіктігі 20-60 см, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көп жылдық өсімдік. Тамырлары көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып, масақ тәрізді сабақ басында орналасқан. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдейді.

Жалбыз еліміздің барлық аймақтарында өседі. Дәрілікке жалбыздың емдікке жапырағы пайдаланылады. Жапырақты эфир майы 2,5-3,0%, гүлінде 4-6%, сабағында 0,3% болады. Осы эфир майынан дәрілік қасиеті бар ментол препаратын жасайды. Бұл көбіне салқын тигенде, бауыр, асқазанның кейбір ауруларын емдеуге қолданылады. Жалбызды әртүрлі «Эфкамон» майын «Аницизол» свечкасын, «Олимотин», «Энатин» сияқты препаратты дайындауға қолданылады. Жалбыздан тұнбаны төмендегідей жолмен әзірлейді.

Жалбыздың кептіріліп, уақталған шөбінің бір шай қасығын ыдысқа салып, үстінен бір стакан қайнаған су құйып, 15-20 мин сүзеді. Осы тұнбаны күніне үш – төрт мезгіл, тамақтанудан жарты сағат бұрын бір ас қасықтан ішу керек.

Жусан (Artemisia L.) – биіктігі 1 метрге жететін сұр түсті көпжылдық шөп. Сабағы тік өседі деп, бас жағы бұтақтанады. Жапырақтары уақ, кезектесіп орналасқан. Бет жағы жасыл түсті төменгі жағын сұр түсті түктер басқан. Гүлдері де уақ, сабақ басында бірнеше себеттер құрып өседі. Шілде, тамыз айларында гүлдейді [2].

Еліміздің барлық жерлерінде кездеседі. Теректі өлкесінде кең таралған. Шөлейт жайылымында, шабындық жерлерле өседі. Жусанның шөбінде абсентин, анапситингликозиттер, эфир майлары, С витамині илік заттары бар. Жусан шөбінің тұнбасы көбіне ас қорыту жолын жақсатуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады.

Экстрат жасау үшін кептіріліп, уақталған шөпті ыдысқа салып, үстіне 40%  спирт құяды. Өсімдікпен спирт өлшемі 1:5 болу керек. Бұл эсктракт 7-14 күнде сақталады. Осы экстракты күніне 3 мезгіл тамақтан жарты сағаттан сұрын 15 тамшыдан ішеді. Ауыз шаюға керекті тұнба су қосып жасалады. Бір ас қасық өсімдіктің үстіне бір стакан қайнаған су құйып, кәдімгі шай сияқты қайнатып, содан кейін 20 мин тұндырып, дәкемен сүзеді. Осы тұнбаны күніне 3 мезгіл тамақтан жарты саған бұрын стаканның 1\4 бөлігін ішеді.

Итмұрын (Rosa) – көп сабақты, тікенді кішілеу бұта. Гүлдері қызғылт түсті, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан, еліміздің барлық жерлерінде тараған. Тоғайлы жерлерді ашық аландарында, бұталар арасында өседі. Дәрілікке жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланылады. Жемісінде С, А,В,К,Р витаминдері, ал дәнінде Е витамині бар. Итмұрын тұнбасына асқазан жұмысын реттеуге бауыр,бүйрек,қуық ауырғанда ішеді. Кептіріліп уақталған итмұрын жемісінің бір ас қасығын ыдысқа салып, үстіне 2 стакан (400 мл) қайнаған ыссы су құйып 10-15 мин беті жабық ыдыста қайнатады. Тұнбаны салқындатып дәкемен сүзеді. Осылай дайындаған күніне 2 мезгіл тамақ алдынан 0,5-1 стакан ішеді. Бұдан басқа кепкен жемістін 40-50 г қайнаған ыстық суға салып, тұндырып күніне 3 мезгіл жарты стаканнан ішуге болады. Ал гүлін шай ретінде ішеуге болады.

Көкжалбыз (Nepeta cataria) – биіктігі 90 см, сабағы төрт қырлы, бұтақты көпжылдық шөп өсімдігі. Жапырағы жұмыртқа тәрізді, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері уақ, ақ түсті, жиналып гүл шоғын құрады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Бұл өсімдікке тән күшті иісі бар. Бұталы, ағашты жерлерде, өзен арналарында өседі. Дәрілікке шөбі пайдаланылады онда эфир майы (цитрол,гераншель,цитронелол) бар. Бұл өсімдіктің тұнбасын қан азайғанда, асқазан қабынуына, жөтел, демікпе, бауыр ауырғанда қолданады.

Қараңдыз (Nepeta cataria) – биіктігі 1,0-1,5 м көпжылдық өсімдік.Тамыры жандау қысқа келеді. Сабағының жоғарғы жағы бұтақты, сыртын түп басып киіз сияқты тұтып тұрады.  Жапырақтары ірі, бет жағы қатты түктермен жабылған, ал төменгі жағы тығыз барқыт сияқты. Гүлдері ашық-сары түсті, себет құрады. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Өлкеміздің өзен, көл жағаларында ылғалы мол жерлерде көп өседі.

Қараңдыздың дәрілік қасиеті тамырында. Онда инулллин, гениллин, эфир майлары бар. Бұл өсімдіктің тұнбасын қақырық түсіру үшін қолданады. Қараңдыз тамырынан тұнба дайындау үшін кептіріліп, уақталған тамырдың бір ас қасығын ыдысқа салып, үстіне бір стакан қайнаған су құйып, 10-15 минутта қайнатады. Содан соң жылы күйінде 3-4 мезгіл әр екі сағат сайын бір ас қасықтан ішеді.

Қараңдыз тамырының жасалған «Энолон» препараты және дайын экстратты дәріханаларда сатылады.

Түймедақ (Matricaria L.) – Күрделі гүлділер тұқымдастарына жататын бір жылдық, шөп сабақтас өсімдік. Биіктігі 15-30 см тамыры, білеуленген. Гүлі корзинкаға жинақталған. Шеткі және аналық гүлдері ақ түсті. Ортаңғы сары г.үлдерінде аталығы болады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Тамыз, қыркүйекте тұқым береді. Түймедақ тау шалғынында жол маңайында, бақтарда үйдің айналдасында арамшөп ретінде кездеседі. Сондай-ақ өзендермен бұлақиардың жағалауларында да өседі. Оның ішінде дәрілік түймедақ өлкемізде кең таралған пайдалы өсімдіктердің бірі болып саналады.

Дәрілік түймедақ  (M. chamomilla L) қош иісті өсімдік, дәрі-дәрмектік қасиеті бар. Гүл шоғыры корзинкаға жинақталған. Онда 0,2 процентке дейін эфир майы болады. Негізгі құрамы көмірқышқыл сутегі азулен. Қасиеті, түрлі ісіктерді басады, нерв ұштарына әсер етеді. Соған байланысты түрлі қозбалы ауруларды жазады. Бұл өсімдікте шайыр заттары, май қышқылдары, С витамині және каротин кездеседі. Ерте заманнан бері ресми халықтық медицинада іш босату жел кетіру және асқазан мен ішек-қарынның жұмыстарын реттеу үшін пайдаланылады. Тері шығарып, ыстықты азайтады. Бүйрек пен өт жолы ауырғанда пайдаланылады. Сыртқы жараларға, ісіктерге және суықтан болған түрлі ауруларға құянға қарсы пайдаланылады.

Жуа (alium L.) – Көпжылдық, пиязшық, шөптектес өсімдік. Лалагүлі тұқымдастарына жатады. ҚАзақстанда 108 түрі бар екендігі анықталған. Жуаның жапырақтары қынапты, сабақтың түбіне топталып бітеді. Гүл шоғыры шатыр тәрізді. Тұқымы ұсақ жуаның көшілік түрлерінің тағамдық маңызы зор. Жабайы жуа біздің өлкемізде сирек болса да кездеседі. Зерттеулердің нәтижесінде мұнда цингаға қарсы пайдаланатын С витамині көб екендігі анықталды. Мәделендірсе аскарбин қышқылы екі есеге жуық артқан болар еді. Витаминнің басқа бұл жуада 0,007 % эфир майы, лизосима деп аталатын фитонцид бар. Бұлар антибиотикті заттар. Черемша тұздалған және табиғи күйінде ауыздың дәмін келтіруге, тәбетті арттыруға пайдаланылады. Жуаның бұл түрі артесклерозға   қарсы  бірден-бір қарсы ем. Гүлденгенге дейін  жас кезінде тағамға пайдаланылады. Кейіннен сабағы мен жапырағы қатайып кетеді. Гүлі көп бал береді. Сонымен қатар жуаның бірнеше улы түрлері бар.

Жолжелкен (Plantago L.) –  Бір жылдық, екі жылдық және көпжылдық, шөп сабақтас өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлсеріктері масаққа жиналған. Тостағаншалары да , аталығы да төртеу, аналығы біреу. Жемісі қос ұялы, қорапты. Қазақстанда жолжелкеннің 16 түрі өседі. Аймағымызда көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен. Биіктігі 10-50, кейде 70см жететін екі жылдық өсімдік.  Сабағы аздап түкті болып келеді, жапырақтарының  ұзындығы  2-15 см көлденең 1,5-10см. Жалпақ эллипс тәрізді. Мамыр, маусымда гүлдейді, қыркүйек қазанда жеміс береді. Жолжелкеннің басқа түрінен көбірек зерттелгені осы жолжелкен. Дәрі-дәрмекке жапырақтары мен тұқымы пайдаланылады. Жабырағында әсіресе гүлденген мезгелді калии тұздары, сондай-ақ глюкозидаукубин, ащы және иілі заттар, шаян, лимон қышқылы, сапоминдер және ферменттер, инвертин мен эмульсин кездеседі. Сонымен қатар С, К витаминдері, каротин, эфир майлары және фитонцидтер бар.

Жолжелкен адамның тәбетін арттырады, қандағы гемоглобиннің көбеюіне себептер болады. Түрлі нерв ауруларуына, қан тамырлары қатайып, холецисцитке айналған кезде пайдаланғанда адамдарға күш әсер етеді. Кейбір деректерге қарағанда асқазанның жарасына пайдалы. Кейбір түрлерінің жапырақтары түрлі тыныс ауруларына, өкпенің туберкулезіне және бүйрек ауруларына қарсы қолданылады. Онда белок, илі заттар, майлар, желімді заттар бар. Ендігі бір қасиеті ішектің бүруін бәсендетеді. Теректі өлкесінде жол жағалауларында, дымқыл шалғындарда, өзен мен көлдердің жағалауларында, сайлардың түбінде, батпақты жердің маңында көптеп кездеседі.

Қорытынды

Адам денсаулығын сақтау жолындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. Оның негізгі тұтқасы – өзіміз тңршңлңк етіп отырған орта. Ол әр түрлі зиянды қосылыстардан таза болса ғана халықтың дені сау болатының естен шығармауымыз керек. ОСыған байлынысты ауа кеңістігін таза ұстаудың нақты жолдарының ең негізгі өсімдік дүниесі екендігін білген орынды. Сондықтан жасыл желектің көптеп отырғызылуы, оларды қорғау, халық игіліне жарату бүкіл адамзат алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Табиғаттың бізге берген сыйы – дәрілік өсімдіктерді пайдалану адам ағзасына зиянсыз әрі тиімді екені сөзсіз.

Қорытынды 

Адам денсаулығын сақтау жолындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. Оның негізгі тұтқасы – өзіміз тңршңлңк етіп отырған орта. Ол әр түрлі зиянды қосылыстардан таза болса ғана халықтың дені сау болатының естен шығармауымыз керек. ОСыған байлынысты ауа кеңістігін таза ұстаудың нақты жолдарының ең негізгі өсімдік дүниесі екендігін білген орынды. Сондықтан жасыл желектің көптеп отырғызылуы, оларды қорғау, халық игіліне жарату бүкіл адамзат алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Табиғаттың бізге берген сыйы – дәрілік өсімдіктерді пайдалану адам ағзасына зиянсыз әрі тиімді екені сөзсіз.

You May Also Like

Түйменің таңғажайып тарихы, ғылыми жоба

Түйменің таңғажайып тарихы І Кіріспе Менің зерттеу жұмысым «Түйменің таңғажайып тарихы» деп…

Асқабақтың сырлы әлемі, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Асқабақтың сырлы әлемі» Мазмұны  I .Кіріспе…………………………………………………………………………. II.Негізгі бөлім…………………………………………………………………. 2.1 Асқабақ шөптесін…

СУДЫ ҮНЕМДЕУДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ, ғылыми жоба слайд

Қазақ хандығының құрылуы, ғылыми жоба