Тақырыбы: «Асқабақтың сырлы әлемі»

Мазмұны 

I .Кіріспе………………………………………………………………………….

II.Негізгі бөлім………………………………………………………………….

2.1 Асқабақ шөптесін өсімдік…………………………………………….

  1. 2 Асқабақтың пайдасы және емдік қасиеті……………………….
  1. 3 Асқабақтан дайындалатын тағамдар…………………………….

III Зерттеу бөлімі:

3.1. Асқабақтан тағамдар дайындау               ………………..

3.2. Асқабақтың ерекше қасиеттерін және құрамын анықтау………………….

Зерттеу жұмысына пікір

Зерттеу білім беру аймағында «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқушыларды зерттеу әрекетіне үйрету, олардың зерттеушілік ізденіс білігімен дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға 2 – сынып оқушысы Әбілқайыр Балнұрдың   тырнақалды бастауы «Асқабақтың сырлы әлемі» тақырыбындағы еңбегі жоғары деңгейде жазылған.

Жас зерттеуші өз жұмысының мақсатын және оған байланысты міндеттерін көрсете және аша білген. Бақша өсімдіктеріне қызыға қарайтын Балнұр асқабақ туралы көптеген ақпараттар жинақтаған. Өзінің бақшасына еккен асқабағының да қалай өскеніні дейін анықтап, бақылап күнделік те жасаған. Жоба авторы жастығына қарамай көптеген деректерге сүйене отырып, материалдарды тиімді пайдаланған.

Бұл жұмысты атқаруды ата-анасы мен ұстазының еңбегі зор екендігі көрініп тұр.

Дегенмен осы еңбегін ары қарай жалғастырып толықтыра түсу керек. Біз осы салада талмай еңбек етіп жүрген ұстазына сенеміз.

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Д. Елеусізұлы  .

Аннотация

Бұл кітапшадан «Асқабақтың сырлы әлемі» оның қасиеті мен пайдасы туралы кең көлемде жинақталған деректермен танысасыздар. Асқабақтың өзі және оның түрлері мен дәнектерінің емдік қасиеттері жайлы мағлұматтар енгізілген.

Аннотация

В этой книге «Мир растительной тыквы» широко раскрывается его польза для человека и лечебные своиства. А так же рассказывается какие лечебные своиства  имеет тыква и его семена.

Annotation.

In this book, “The Word of piabt pumpkin” is widely disclosed its use for human and medical properties.

Болжамы: 

Асқабақтың қасиетін, биологиялық құрамын зерттей отырып, адам ағзасына пайдалы және емге қолдануға болатындығы.

Зерттеу кезеңдері: 

  • Зерттеу обьектісі ретінде асқабақты бақшаға егіп, басқа да асқабақ егілген жерлерді анықтап, бақылау.
  • Асқабақты өсіру, биологиялық құрамын зерттеу қасиетін анықтау.
  • Материалдық ақпараттар жинақтау.

Зерттеу жұмысының әдістемесі: 

Асқабақ туралы деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау.Асқабақтың пайдасын зерттей отырып, біршама ауруларға,әсіресе оның дәнектерінің ішекқұрт ауруларына ем екенін, шипалық қасиеттерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: 

Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарына зерттеу жүргізу арқылы нәтижелерді практикалық қолдану, салаларын анықтау.

Міндеттері:

  • Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу (ақпараттар жинау, деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау, интернет материалдарын пайдалану.)
  • Жұмыс нәтижесін шығару. 

Алға қойған міндеттерді шешу әдістері: 

  • Бақылау жасаудың мақсатын анықтап алу.
  • Қандай белгігіе басты назар аудару керектігін дәлме – дәл белгілеп алу.
  • Бақылау жасалатын обьектінің белгілерін анықтап алу үшін салыстыру тәсілін пайдалана отырып, анықталған заттың негізгі белгілерін топтастыру, жоспарын жасау. 

Кіріспе 

Мектепке 1- сыныпқа келгенімде әліппе, математика пәндерімен бірге дүниетану деген пәнді де оқи бастадық. Мені осы пән өзіне ерекше тарта бастады. Алғашқы сабақтардың бірінде апайымыз бізді далаға алып шығып, «бізді айнала қоршаған дүниенің бәрі «табиғат» деп аталады, адам да табиғаттың бір бөлігі, адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Табиғат тірі және өлі болып екіге бөлінеді,»- деп оларға нелер жататынын көрсете отырып түсіндірді. Мен сонда өсімдіктердің  тірі табиғат екеніне сенбейтіндігімді олар шіріп, өліп қалатынын өзімше дәлелдеп, апайыма бой бермей қойғанмын. Үйге келген соң да анама айтып, анам да апайымның айтқанын айтып түсіндірсе де сенбей қойдым. Өйткені маған өз пікірім дұрыс болып тұрды. Бір күні сабаққа келе жатып анам екуіміз мектепке тез жету үшін бір үйдің есігінің алдымен өттік. Бақшалары үлкен екен. Жапырақтары дәу-дәу, әртүрлі пішінде түйіндер жатыр. Өте көп.

Анамнан «қауын ба?» деп сұрадым, анам оның асқабақ екенін айтты. Мен асқабақ осылай өсе ме деп таң қалдым. Сабақта апайыма көргенімді айттым. Апайымнан  асқабақтың бақша өсімдігі екенін, біздің ауылда сол үйдегі Қуанған ағайдың жылда есігінің алдындағы жеріне асқабақ егетінін, күшті баптап өсіріп күзде өнімін мол етіп алатынын, қыста ауыл тұрғындары Қуанған ағайдан асқабақты сатып алып жейтіндерін, оның бір дәнінен 7-8 асқабақ өнімі алынатынын естігенде  қатты таң қалдым. Сыныптастарымның ішінде Жұлдызай деген досым апайымның сөзін растады, ол Қуанған ағайдың  асқабақтары піскен кезде көрші үйдің балаларын көмекке асқабақ жинауға шақыратынын, сосын бәріне көтере алатындай етіп асқабақ беретінін айтып қызықтырды. Мен сол кезден бастап қызыға бастадым. Үйге барған соң апама, әкеме бүгінгі көргенімді, естігенімді айтып едім, апам яғни өсімдіктер өседі, өнеді, көбейеді, жемісін береді олай болса ол тірі табиғатқа жататындығына көзімді жеткізді. Өйткені апам анаммен дауласқанымды естіген болатын. Ертесіне Қуанған ағайдың есігінің алдынан өтіп бара жатып, суретке түсіріп алдық. Кішкентайымыздан қызыға көретін «Золушка» мультфильміндегі басқа көкөніс емес дәл асқабақтың каретаға айналатыны да бұл өсімдіктің сыры мол екендігін көрсетеді.

Өсімдіктің, соның ішінде асқабақтың мен білмейтін сыры көп екен. Осы тұрғыда мен «Асқабақтың сырлы әлемі» деген тақырыппен өзімнің апайыммен бірге зерттеу жұмысымды бастадым.

Зерттеу бөлімі.

Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады екен.  Асқабақтың жабайы түрі  табиғатта кездеспейтіндігін білдім. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралыпты. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі екен.

Асқабақтың азықтық, дәрілік  және  техникалық мақсатта өсірілетіндігін түсіндім.     Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді – түкті келеді. Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары болады екен. 

Асқабақтың денсаулыққа пайдасы:

Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі екен. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады екен.  Интернеттен халық емі ретінде отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін  алып таңса  күйіктің ыстығын алып  тез  жазылуға  себеп  болатынын  оқыдым. Пікір білдіргендердің  ішінде мұны дәрігерлер де мақұлдапты. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Сонымен қатар ол:
асқабақ  көру  қабілеті  нашарлағандарға, қан аздықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ  ағзаны  шлактан  тазартып ,  зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жоятын қасиетке ие дейді.

Сонымен қатар, мал шаруашылығына пайдасы өте зор екен. Сиыр малының сүйіп жейтін азығы, асқабақты жем ретінде берсе сиыр малының сүті мол, майлы және де тәттәі болады. Оның  дәлелі  ауылда  апамның  замандас досы  Бейсен апа  деген кісі Ержан атаның ғана үйінен сүт алып  ішетінін, сиырларының сүті магазиннің «айналайын »  деген сүтіндей екенін айтып отырғанын естідім.

Асқабақ майының пайдалы қасиеттері

Орта ғасырларда-ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар екен.  Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегні соншалық,  Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылыпты.. Сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы  Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны « салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын»  деген факті айқын дәлелдейді. 

Асқабақ майының ас қорыту жүйесіне әсері.

Асқабақ майы бұрыннан бері халық медицинасында бауыр мен өт қабының жұмысын жақсартатын құрал ретінде пайдаланылаты. Өйткені асқабақ майының құрамына кіретін табиғи фосфолипидтер, қанықпаған май қышқылдарының, флавоноидтар, Т, А және Е дәрімендерінің кешені өт шығу үдерісін реттейді, бауыр құрылымын  қалпына келтіреді де, оны май басудан қорғайды. Сондықтан, асқабақ майын жүйелі түрде тамаққа қолдану өт қабына тас байлану ауруы, бауырдың май дистрофиясы,  вирустық гепатит сияқты ауруларда өте пайдалы болады.

Асқабақ майының құрамындағы пайдалы заттар

Асқабақ  майы  көптеген  басқа астық  майларынан  аса бай минералды  құрамымен ерекшеленеді,  оның ішінде жетекші орынды мырыш, магний, кальций, фосфор, темір және селен алады.

Мырыш адам ағзасындағы  көптеген  үдерістерде маңызды  рөл атқарады.

Магний де, мырыш сияқты, ағзамен инсулинді шығаруға қатысады, және де жүйке, бұлшық ет, жүрек-тамырлық және несеп шығару жүйелерінің  қызметін реттейді.  Ағзаға магнийдің жеткілікті түрде  кіруі қуық безі ауруларының, бүйрекке тас байлану ауруының, атеросклероз бен қант диабетінің пайда болу тәуекелін  төмендетеді.
Селен —темір қан ақуызы гемоглобиннің синтезінде маңызды рөл атқарады; кальций және фосфор сүйек және сіңір ұлпасының толыққұнды қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті. Май бактерицидтік және жараларды жазатын қасиеттері бар хлорофиллге өте бай көрінеді.

көзі нашар көретіндерге;   қан аздыққа (анемия); 

 бүйрекке; 

 семіздікке;  несеп-жыныс жүйесінің көптеген     

ауруларына; 
паразиттерді жоюға көмектеседі екен..  өт айдауға; 

Асқабақтың емдік қасиеттері:

Асқабақтың етінен басқа дәнектері де ем екен. Авиценаның жазбаларында да, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде де кездеседі. Бұл жазбаларда тіпті, асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы көтерілген адамдарға асқабақ шырынының шипалы әсер ететіндігі айтылады.Осынау дақыл дәндерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнидің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек қан-тамырлары ауруларын тудырады. Ал, дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді екен . Бұл деректі анам маған айтып берді.Сонымен қатар,

асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан амин қышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізеді. Дәнек құрамындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды да басатын қасиетке ие.

Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Дәрігерлер іш қату қиындықтарына тап болатындарға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес береді.

Ішек құртынан құтылғыңыз келсе……

200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні,

100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа

20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп – жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 – 2 үлкен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200 грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 – де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.Сондай – ақ жусанның  жапырағы  мен асқабақтың  дәнін  бірдей  мөлшерде алып,  бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.
Апам інім екеуімізге асқабақты асқа қолданған кезде дәнектерін тазалап алып, пештің желкесіне кептіріп шаққызып жүр.Біле жүріңіздер, сіздерге де кеңес бергім келіп тұр.

Дәрумендердің көптігіне бола, мың бір ауруға ем.. 

  1. Асқабақ шырыны балмен жатар алдында ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйқы дәрісі секілді әсер етіп, тыныш ұйықтайсыз.
    Жүкті әйелдердің жүрегінің айнығанын асқабақ шырыны басады.
    3. Ағза  жүдегенде, әлсіздік  кезде асқабақты сүтпен дайындап, қаймақ, май, жаңғақ,бадаммен қосып жейді.
    4. Асқазан  ішек жолдары, асқазанның  шырышты қабатында дерт болса, асқабақтан езбе дайындап, ішіңіз.
    5. Бүйрек ауырғанда тәулігіне жарты стақан шырыны немесе қайнатылғанын жейді.
    6. Терідегі қышыма, есекжем шыққанда, не болмаса күйік шалғанда үккіштен өткен мәйегінен компресс жасайды.
    7. Сары ауру дертінде 4 ай қатарынан үзбей мәйегін жеу керек. Бауырға өте жақсы, әрі қызметі жақсарады, әрі пайдалы.
    8. Ішектегі құрт дертінде асқабақты алып, дәні мен мәйегін ойып алып, жылы су құяды. Жарт сағат беті жабық ыдыстың ішінде болуы керек. Дайын кезде тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты стақан ішеді. 20 күн. Бір айдан кейін қайтадан жалғасы.
    9. Ішектегі паразиттен ең тиімді тәсілі қабығы аршылған дәнін ашқарынға жейдің. 7 шақты дәнді езіп, сүтпен ішеді.
    10. Простатит кезінде, 0,5кг тазаланған асқабақ дәнін, шикісін, еттартқыштан өткізіп, 1 стақан балмен араластырып жеу керек. Он шақтысын банкаға салып, қалғанын тоңазытқышқа сақтайды. Күніне 1 рет ашқарынға 30 минут бұрын жейді. Емді жылына 1 рет ғана жасайды. Көп жеу жүректі нашарлатып жібереді.
    11. Ұйқысыздық болғанда қайнатылған, буға піскен асқабақ мәйегінен ботқа дайындап күніне 2 рет 50гр ішеді. Жатар алдында қайнатпасына бал қосып, 3 стақаннан кәдеге жаратады. Екінші жағдайда; 20 бадам жаңғағына 1 шәй қасық асқабақ дәнегін қосып, үстіне қайнаған су құйып, 8 сағат тұндырады. Кешке тамақтан  соң ішу керек.

Ескерту! Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерімен әуестенбеуге кеңес беріледі.

Қызықты деректер:

  • Бастапқыда тек Орталық Америкада өскен асқабақ енді әлемнің барлық аймағында өсіріледі. Сол секілді Қазақстанда да түрлі тағамға қосылады. Оның пайдалылығы соншалық, балалар диетасында қолдануға болады. Дәнектерінен жоғары бағаланатын, емдік қасиеті бар май дайындайды.
  • Ол – Орталық Американың ең көне көкөнісі. Отанына айналған Мексика мемлекетінде б.з.д. 5 000 жылдықтан бастап өсіріле бастаған. Археолог мамандар оны Перуде жүгері өсірілмей тұрып пайда болғандығын айтады.
  • Америкалық үндістер асқабақты тамаққа қосып, ал қажетсіз бөлігінен ыдыс жасаған екен.
  • Жабайы асқабақтарды Вавилов экспедициясы 1926 жылы Солтүстік Африкадан тапқан. «Алғашқы асқабақтар Африкада өсірілген» деген осыдан шыққан.
  • Оны сорпа, пирог, гарнир және десерт жасау үшін тұтынады.
  • Дүкеннен қабығында дағы жоқ түрін таңдаған дұрыс.
  • Асқабақты жертөреде сақтаған жөн. Ауа температурасы +15°С төмен, +2°С жоғары болуы керек. Ұрығы бір-біріне тимей, күн сәулесі тікелей түспейтін жерде ұзақ сақталады.
  • Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ол зат алмасуды реттеп, өтті айдайды. Ал, құрамындағы Т дәрумені асқазанның жұмысын майды жылдам қорыту арқылы жеңілдетеді.
  • Асқабақтың 100 грамында 25 ккал ғана бар.
  • Асқабақтың адам ағзасына тигізер пайдасы күнделікті тұтынатын алмадан да асып түседі. Оның құрамына Т дәруменінен өзге А, В, С, D сынды дәрумендер  мен фолий қышқылы бар. Және калий, кальций, магний, фосфор сынды макро, йод, күкірт, фтор, темір сынды микроэлементтер бар. Ішінде ең көп кездесетіні – темір.
  • Оның құрамындағы калий қан тамырлар жүйесінің жұмысын жеңілдетіп, жүректің саулығын қамтамасыз етеді.
  • Құрамындағы жасұнығы ішектің жұмысын жақсартады. Ал, пектин ағзадағы боқат пен уытты тазалайды.
  • Құрамындағы Е дәрумені әжімдерді жазып, жасаруға септігін тигізеді. Ал, асқабақ дәні ағзаны маймен, ақуызбен және минералды тұздармен қамтамасыз етеді.

100г асқабақта 25 ккал бар. Құрамында адам ағзасына қажетті  жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері болатынын,құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтау үшін ем ретінде  қолданылатынын да білдім. Сонымен қатар, ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе – теңдігін реттейді, минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды, – деген мағлұматтарды интернет желісінен оқып, біліп, Ержан атаның асқабақты тектен – текке екпейтіндігіне көзім жетті. Ауыл кітапханасынан «Агрономия» кітабын алып асқабақтың қалай егілетінін, оны күтіп – баптаудың әдістерін оқып білдім.  мына схема бойынша себеді екен:

Ауылдағы асқабақ егудің бағбаны Қуанған ағаймен сұхбат.

Сыры мол, пайдасы көп асқабақты менің де өз бақшамда өсіргім келіп, әкеме айтып едім, әкем онша ұнатпайтынын, « қызықсаң егіп көр,» -деді.  Менің егіп көргім келіп, Қуанған ағайдан қалай егетінін сұрап алу үшін үйіне бардым.Ол кісі   асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік  екенін, асқабақтарды сәуір айының ортасында отырғызатынын, кептірілген  сапалы  дәнектерді  даярлап  қою  керектігін айтып, өзінің егуге дайындаған тұқымдық дәнін көрсетті. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өсетінін түсіндім. Тұқымды 10 см тереңдіктегі қуысқа 3-5 данадан салатынын түсіндірді. Алғашқы жапырақтар шыққан кезде, әр қуыста бір-бір өсімдіктен қалдырып, сирету жасайды. Ал дақылды жинауға дейінгі қалған уақытта отау мен топырақты қопсытумен айналысады. Жеміс піскен кезде жинауды бастайды. Ауа-райы суымай тұрғанда, асқабақтарды жинап алу шарт, өйткені аз да болса үсіген асқабақтар сақтауға жарамсыз болып қалады екен. Және де Қуанғай ағай  қыстай асқабақты сиырына береді екен.  «Сиырдың сүті көп майлы және тәтті болады»  – деді.

Сонымен қатар  Қуанған ағай асқабақты бақшаның жиегіне егіп,  қоршауға асып қойса жақсы өсетінін де айтып, кеңес берді.

Менің әрекеттерім… 

Мен бәрін түсініп алып, ол кісіден тұқымдыққа дәнектер сұрап алдым да былтыр сәуір айының 16-сы күні үйдегі бақшамыздың жиектеріне анам екеуіміз ектік.

Тура 15 күн дегенде екі құлақ болып шықты. Екі күнде бір түбін қопсытып, су құйып жүрдім.

Жазда Ақтөбе  қаласынан әпкемнің үйіне кетіп, 1 айдан кейін келсем өсіп кетіпті. Қуанған ағайдың  айтқаны рас екен, уақтысында шөбінен тазартып, түбін қопсытып жердің бетіне шығарып алсаң, одан кейін бой бермейді, тез өседі деп еді.

Мен демалыстан келген кездегі жағдай .  Қалай таң қалғанымды айта алмаймын.

Менің асқабақтарым

Ас адамның арқауы.

Асқабақтан тосап жасау сәтінен

Ас тұрған жерде, дерт тұрмайды.

Асқабақ туралы жұмбақтар:

Асқабақтың дәмі,

Таңдайымда әлі.

Кептірілген дәмі,

Таптырмайтын дәрі.

Қауын, қарбыз дей алмайсың,

Піскенменен жей алмайсың.

Жарғаныңмен қап-қатты,

Ал асқанда тәп-тәтті.Желтый, гладкий теленок

К веревке привязан с пеленок.

Веревка все время пьет,

Теленок быстро растет.

Золотая  голова  велика,тяжела.

Золотая голова отдохнуть прилегла.

Голова велика, ну а шея тонка. 

Қорытынды бөлім 

Зерттеу жұмысының нәтижесі.

      Осы зерттеу жұмысымен айналысу барысында өзіме  қажетті және болашаққа қажетті біраз нәрсені жинақтадым. Сырға толы, көп адам жақтыра бермейтін асқабақтың мың түрлі дертке дауа екенін және де оның пайдасының мол екеніне көзім жетті. Олай дейтінім, базарда асқабақтың 1 келісі 150 теңге, ал дәнегінің 100 грамы 200 теңге екенін өз көзіммен көріп қайттым. Егер де оның пайдасы болмаса ол сондай  қымбат болмас еді ғой деген ой түйіндедім. Сонымен қатар мен өз асқабақтарымды есептеп көрдім. Мен 8 түп асқабақ ектім, олардан 22 үлкен-кішілі асқабақ өнімін жинап алдым. Олардың салмағы әртүрлі болды. Сонда мен 5 келі асқабақты есептесем, 5 х150 = 750 теңге., ал оның ішіне дәнегі 200 грамм шығады екен, сонда дәнегі 200 х200 =400 теңге , сонда менің 5 келілік асқабағымның өзі  750 + 400= 1150 теңге болады екен. Мейлі орта есеппен Ержан ата сияқты 80 теңгеден сатсам да,  5 асқабақтың өзі менің шығынымды өтеп береді екен. Қазір біздің ауылдың өзінде асқабақты тағам ретінде қолданып жүрген үй көп. Тіпті дәнегінің өзін кептіріп, ішек құрты бар балалр шағып жеп те жүр. Дәріханада 1 қорабы 500 теңге тұрады екен. Мен оны қызықтап сұрап көрдім.Асқабақтың адам өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым. Ол жүрек – тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейтіндігін оқып білдім. Асқабақтың көне заманнан бері кеңінен таралғаны туралы тарихи дәлелдердің бірталайы бар: б.д. дейінгі III ғасырда көне үнді  көмулерде табылған асқабақ тұқымдары; асқабақтың кептірілген жемісінен жасалған көне грек құмыралары; асқабақ дәрілерінің Авиценна және Көне Шығыстың басқа да емдеушілерінің еңбектерінде аталуы.

Орта ғасырларда-ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар.  Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегні соншалық, Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылғандығы сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын деген факті айқын дәлелдейді.

16 ғасырда асқабақ еуропалық елдерден Азияға әкелініпті.

Емдік және жалпы нығайтатын қасиеттеріне, ағзамен тез сіңіп алыну қабілеттілігіне орай  асқабақ емдік-профилактикалық және диеталық тамақтану үшін ең жақсы өнімдердің бірі болып танылады. Сонымен қатар жақында «Замана» газетінен төмендегі қызықты деректі оқыдым

Әнас ибн Мәлик : «Бір кісі Алла елшісін  тамаққа шақырды. Мен онымен бірге бардым. Ол үйде ішінде асқабағы бар сорпа әкелді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) асқабақтан жей бастады, ол асқабақты ұнататын. Мен мұны көріп, асқабақ тіліктерін жемей, оған қарай ысырдым. Содан бері маған да асқабақ ұнайтын болды», – деген (Сахих Муслим).  Бұл дерек Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі ұнатқан бұл көкөністің  ағзаға тигізер пайдасы мол екендігіне дәлел.

Асқабақтың 90 пайызы судан тұратындықтан, ол диеталық тағам болып есептеледі, сондықтан, оны жеуге ешкімге шектеу жоқ.

Бауыр ауырғанда шикі асқабақты көбірек жеген жөн. Шикілей дәмі ұнамаса үккіштен өткізіп, түрлі ботқаларға, тағамдарға араластырып жеуге болады.

Менің апам да, әпкем де, анам да асқабақты жақсы көреді. Біз үйде неше түрлі ас тағамдарына пайдаланамыз. Керемет тәтті болады. Бұрын онша қаламайтын әкем қазір асқабақтан самса, манты жасаңдаршы деп отырады. Олай дейтіні анам екеуі Алматыға достарының үйіне қыдырып барғанда манты жепті, сондай дәмді болыпты. Дәмі ерекше екен деп таңғалғанда, анам оның фаршы ет пен асқабақ екенін айтқан сәттен әкем ұнатып қалыпты. Әкем келгеннен кейін апама айтып анам екеуіміз сабақтан келгенше  манты жасатып қойыпты. Маған балам келесі жылы құдай қаласа асқабақты көбірек егейік деп, қазір дәнегін өзі кептіріп жинап жүр. Міне, мен асқабақтың пайдалылығына әкемнің көзін жеткіздім. Себебі, сатсаң ақша, жесең тағам, малға әсіресе сиыр малына азық екен.

Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар химикатқа толы ағзаға пайдасынан гөрі зияны (кей ағзаларға) көбірек тиетін сансыз дәрілерді  іше бергенше, өзіміз қолымызбен, осындай пайдалы өсімдіктерді егіп  шипалық, емдік,  дәрілік қасиеттерін пайдалана білсек  Тайландтағыдай, біздің елде де барлық адамдар 89 жыл сенімді түрде өмір сүретін едік деп адамдарға үндеу тастағым келеді. Олай дейтінім олар кокос өсімдігін бірден ауырған адамдарға капельница ретінде қоя береді екен. Оны кинодан да көрдім. Интернет желісінен де оқыдым.  Мангоның да пайдасы мол екен ол елде. Біздің елде кокос пен манго екпесек те қарапайым асқабақты егіп, соның пайдасын дұрыс пайдалансақ жаман болмас еді.

«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған екенін  толық түсіндім.

You May Also Like

Ұлы Шоқан ізі–ұрпаққа үлгі, ғылыми жоба

«Арқалық қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы»…

Құлаққаптың біз ескермейтін қауіптері, ғылыми жоба

Мазмұны  Пікір             …………………………………………………………………………………….3 Аннотация   …………………………………………………………………………………….4 Кіріспе   …………………………………………………………………………………………..7 ІІ Негізгі бөлім 2.1Құлақ-адам өмірінде…

Пияз – жеті дертке ем, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Пияз – жеті дертке ем»             Мазмұны: Кіріспе________________________________ 5 Жұмыстың өзектілігі__________________…

Жылыжайлар, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе 3 1 Бөлім. Жылыжай туралы жалпы түсінік 1.1 Жылыжай жағдаяттарын…