«Тоқылдақ тұмсығының құпиясы»

Мазмұны:

  1. Кіріспе

1.1.Құстардың пайда болуы…………………………………………………………………..5

Құс топтары………………………………………………………………………………………….7

  1. Негізгі бөлім

2.1. Тоқылдақ – орман емшісі……………………………………………………………..10

Зерттеу бөлімі

2.3. Тоқылдақ тұқымдастар………………………………………………………………..11

Ғылыми  жұмыстың мақсаты:

Шұбар тоқылдақтырдың пайдасын анықтау және олар жөнінде мағлұмат беру, қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін арттыру, балалардың биологиялық ғылымдарына қызығушылығын қалыптастыру.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

Шұбар тоқылдақтардың еліміздегі түрлерін анықтап, қанша түрлерінің елімізде мекенедейтінін зерттеу.

Гипотезасы:

Елімізде тоқылдақтың қанша түрі болса да, олардық өмірде табиғатқа, соның ішінде орманға тигізер пайдасы мол екенін, тоқылдақтың тоғай емшісі ретінде құстардың ішіндегі ерекеше құс және сұлу құстардың біріне жатып, қызыл кітапқа енгенін ескерту.

Ғылыми зерттеу болжамы:

Тоқылдақтарды орман емшісі ретінде аялап, табиғатымызға көп пайдасы зор екенін түсіндіру.

Ғылыми зерттеу әдістері:

  • ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
  • бақылау;
  • зерттелген нәтижеге талдау жүргізу;

Жоба тақырыбының өзектілігі:

Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақ тәрізділердің көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Тоқылдақ өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді. Тырна-ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құс.
Тоқылдақ – ұсақ және орташа келген орман құсы. Елімізде токылдақтың 9 түрі кездеседі.

Бұлар үяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған.

Кіріспе.

  • Құстардың пайда болуы.

Құстар –  омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:

алғашқы құстар – археоптерикс;

тісті құстар;

қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;

қырлы төсті құстар.

Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы шатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.

1..2. Құс топтары

Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар); жүзетін құстар (пингвиндер); қыртөстілер (ұшатын құстар).

Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар

Казуар

Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарын сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқус (страус), америкалық түйеқус (нанду), австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады. Түйеқұстардың ең ірісі – африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы – аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетелі. Африка да, өзге де ел дер де арнайы қолда әсіре ді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Африкалық түйеқұсҚазақстанда да қолда өсіріле бастады. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі – киви, оның салмағы 2 – 3 килограмдай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг). Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.

Нанду – үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам жүгіреді. Оның 2 түрі бар (кәдімгі және үзынтұмсықты нанду). Оңтүстік Американың далалы, шөлейтті аймақтарында таралған. Қораздары да жұмыртқа басады әрі ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады. Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.

Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы – 45 – 50 кг. Жұмыртқасын қоразы шайқайды (басады). Көбіне жемістермен қоректенеді. Қолда өсіріледі.

Тауықтәріздестер.

Алтай ұлары

Тауықтәріздестерге жататын алтай ұлары биік таулы алқаптарда кездеседі. «Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін же дің бе?» деген мәтел ұлардың таулы өңірле таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді. Тауықтәріздес құстардың тұмсықтары қысқа әрі доғалданып келеді. Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп атайды, қорғаныштық қызмет атқарады.

Тырнатәріздестер.

Тырнатәріздестер: ақ, сұр, ақбас тырна сулы, батпақты жерлерде таралған. Дуадақ – ірі құс, оның салмағы кейде 16 килограмға жетеді. Оны кейде «тоқтыбалақ» немесе «қозыбалақ» деп те атайды. Ертеде далалы өңірле көптеп ауланған.

Тарғақ, орақтұмсық және реликті шағалалар (қарамойнақ, көнекөз шағала) Қызыл кітап тізімін де бар. Реликті тазала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана таралған. Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998) ұйымдастырылды.

Жапалақтәріздестер.

Жапалақтәріздестерден тек үкі ғана Қызыл кітапқа тіркелген. Халқымызда үкі – ерекше құрметке бөленген құс. Қолда ұстап, қауырсынын (үкісін) қадірлеп, бас киімге, домбыраға, үйге, бесікке іліп қою дәстүрі бар.

Торғайтәріздестер.

Торғайтәріздестердің түрлері көп және кеңінен таралған. Қазақстанда жорға торғай, көкқұс, үлкен қаралай сирек кездеседі. Жорға торғай еліміздің шөлейтті алқабында мекендейді. Сексеуіл ағаштарының арасында (Іле, Балқаш өңірінде), жер бетінде жылдам жүгіретіндіктен «жорға торғай» деп аталған. Сирек кездесетін құстар қорықтарда, қорықшаларда арнайы қорғауға алынған.

Құстарды топқа бөлудің әр түрлі жолдары бар. Дене құрылымы, тіршілік әрекетіне байланысты қыртөссіздер, жүзгіш құстар, қыртөстілер деп бөлінеді. Ал тіршілік орта жағдайларын байланысты экологиялық топқа да топтастырылады. Экологиялық мынадай топтар бар: сулы, батпақты жерлердің құстары, орман құстары, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, көшпелі құстар, қыстал шығатын құстар. Қыстал шығатын құстар жыл бойы бір аймақта өмір сүріп, ешқайда орын ауыстырмайды, яғни жылыстамайды. Қазіргі заманда тіршілік ететін құстар түрі 35-40 отрядқа топтастырылған. Зоолог ғалымдардың пайымдауы бойынша құстар бұдан 180 млн жыл бұрын пайда болды деп есептеледі.[2] Бірқазан құсында кейде адамдарға жұқпалы ауру түрі де кездеседі. Оны және де адамдарды сақтап қалу үшін құс дәрігерлері оларға операция жасайды. Ал кейде оны емдеу үшін мақта пайдаланылады. ол үшін мақтаны оның тағамына қосып беру керек. Бұл әдісті тек құс асырайтын адамдар мен құс дәрігерлері ғана пайдаға асырады. алайда оны жай үй шаруашылығында қолдану өте қауіпті.

1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.

 

Негізгі бөлім.

2.1. Тоқылдақ – орман емшісі.

Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақ өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді. Тырна-ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құс.
Тоқылдақ – ұсақ және орташа келген орман құсы. Елімізде токылдақтың 9 түрі кездеседі.

Солардың ішінде ең үлкені – қара тоқылдақ, оның салмағы – 360 грамм, ал кішкенесі – шұбар тоқылдақ (салмағы – 21-25 грамм). Тоқылдақтар Республикамыздың тек қана Шығыс және Солтүстік аудандарының қылқан жапырақты ормандарында кездеседі.

Тоқылдақтардың алуан түстері.

Тоқылдақтардың алуан түсті қауырсындары оларды басқа құстардан ерекшелендіріп бірден көзге түсіреді. Өткір тырнағы мен ерекше тіреуіш құйрығы арқылы ағаш діңімен өрмелеп, шапшаң жүре алады әрі ұзақ отыра береді. Ол ағаш қабығының астында жасырынып жатқан зиянды жәндіктерді, оның дернәсілдерін тауып жеп, ағашты зақымдалудан сақтайды. Тоқылдақтардың ағаштағы жәндіктерді тауып жеу үшін жасаған қуыстары басқа ұсақ құстар мен аңдарға дайын ұя болады.

Көктемде тоқылдақтар ағаш діңіне 2,5 метрден биік құыстарда ұя жасап, балапан шығарады. Тоқылдақтың негізгі жауы – тиін. Тиін тоқылдақ жұмыртқаларын жеп, ұясын бұзып кетеді.

Шұбар тоқылдақтар туысы немесе Тоқылдақтар (лат. Dendrocopos) – Тоқылдақтәріздестер отрядына жататын Тоқылдақ тұқымдастарының ақ, қара және қызыл түстердің үйлесімінде жабын қауырсындармен сипатталатын кішкене және ірі денелі тоқылдақтар туысы. Шұбар тоқылдақтар туысы отыз үш түрден тұрады. Қазақстанда солардың төртеуі кездеседі.

Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады[1].

Зерттеу бөлімі.

2.3. Тоқылдақ тұқымдастар (Рісidае) – ерекше ұзын қашау тәрізді тұмсығы бар шағын және орташа денелі (300 г шамасында) тоқылдақтәріздес құстар отрядына жататын тұқымдас құстардың бірі.

Тұмсықта бойлай созылған қырлар мен қатпарлар болады, тілі – ұзын және нығыз, тұмсықтың ұзындығындай алға созылып шығуға бейім, тілінің ұшы үшкір, арнайы сөл шығатындықтан, жабысқақ болып келеді. Тоқылдақтар осы тұмсықтың жәрдемімен қабық тесігі мен жарығына және сүрегіне тереңірек бойлап, бунақденелілерді және олардың дернәсілдерін жапсырып немесе шаншып алады. Жабын қауырсындары – қатқыл, көбінесе ашық түсті. Құйрығы – ұзын, конус пішінді қатқыл. Құс құйрығын таяныш етіп, қысқа және өте имек, өткір тырнақтарымен тік бетке жабысады. Аяқтары – қысқа және күшті екі саусағы – алға, екі саусағы – артқа бағытталған 4 саусағы болады. Орман құсы, отырықшы өмір сүреді, кейде шағын қашықтыққа қоныс аударады. Топ та үйір де түзбейді. Моногамиялы, жұбын көптеген жылдар бойы жиі сақтайды. Қабықта және сүректе тіршілік ететін бунақденелілерді және солардың дернәсілдерін жейді, дегенмен затия бетіндегі азықтарды да шоқиды. Күзде және қыста тұқымдар мен жемістерді жейді. Тоқылдақтар отрядында 207 түрді қамтитын 34-35 туыс бар. Қазақстанда 5 туыстан 8 түр кездеседі.

Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды[1].

Шұбар тоқылдақ (Dendrocopos major) – орташа денелі (70-100г) тоқылдақ. Иығында ақ теңбілдері бар, денесінің үстіңгі бөлігі қара реңді, қанты ақ шұбар болып келеді. Бауыры – ақ немесе қызғылтсары, құйрықасты – қызыл. Аталығының және жас құстардың шүйдесінде қызы «телпек» болады. Ересек аналықта мұндай белгі болмайды. Еуразияның қылқанды және жапырақты ормандарында қоныстанады. Қазақстада орманды дала зонсында және шығыс және оңтүстік – шығыстың таулы ормандары бойынша Іле – Алатауына дейін кездеседі. Шұбар тоқылдақ ағаш қуысының кірер аузын өзі дөңгелек етіп қашайды. Салындыда 5 – 7 ақ түсті жұмыртқалар болады. Сұр түстес балапандары 2 аптадан кейін пайда болады, тағы 2 аптадай оны ата – енелері қоректендіреді. Жас балапандар ұядан ұша салысымен ұялас балапандар тарқап кетеді. Бұлар – отырықшы құстар, тек қана жас балапандар азық іздестіріп, аздап орындарын ауыстыруға тура келеді.

Боз тоқылдақ

(Picuscanus) -«жасылтоқылдақтар » туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі , дене мөлшері орташа (115-130 г). Жабын қауырсындары бірыңғай реңкті сұрғылт жасыл , ашық сұр түсті басында (сондықтан боз атауы берілген) қызыл телпегі бар.Дыбыс шығармайды және көзден таса жүреді . Еуразияның аралас және жапырақты ормандарында қоныстанады.Қазақстанда тек қана Алтайда ұялайды.Көктемде тұмсығымен ұзақ және жиі даңғырлатып , тоқылдақтарға тән «даңғыраны жиі қаққан» дыбысын шығарып, ағаш дінің соққылайды .Боз тоқылдақтың өмір сүру дағдысы Қазақстанда зерттелмеген.

Ақжон тоқылдақ(DendrocopusLeucotos) – шұбар тоқылдаққа өте ұқсас, дене мөлшері де дәл сондай құс.

Айырмашылығы – қанатында едәуір жалпақ ақ жолақтардың, бауыры шұбарланып, арқасының төменгі бөлігі және шапаншасының ақ теңбілді болуы ұшып жүргенде жақсы көрінеді. Қазақстанда тек қана солтүстік бөліктің ормандарында, орманды далада және Алтайда ұялайды. Өмір сүру дағдысы шұбар тоқылдақтарға ұқсас. Қазақстанда зертелмеген.

Тоқылдақ құсы.

Тоқылдақ тәрізділердің көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар.
Бұлар үяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.
Тукандар (Rһаmр-һаstedае) — Оңтүстік және орталық Американың тропикалык ормандарын мекендейді. Бұлар өте ашық түсті, тұмсығы өте үлкен, жиегінде тісшелері болатын организмдер. Жеміспен, кейде құстармен және олардьң жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар ағаштың қуысына ұялайды.
Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді.
Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3—5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді.
Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б.
Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.

Кіші тоқылдақ.

(Dendrocopos minor) дене бітімі және реңі бойынша үлкен тоқылдаққа өте ұқсас ең кішкене денелі (24- 32 г) құс.

Биологиялық сипаттама

Өте ширақ. Тоқылдақтарға тән тәсілдермен ағаш діңін тексеріп, бунақденелілерді аулайды, дегенмен кейде шымшықтарша жіңішке бұтақтардың ұшына да асылып тұрады. Күзде және қыста шымшықтар және көктекелермен бірге орманды бойлай көшкіндеп ұшады. Ұялары ағаш қуысында болады. Мамырда ұяға жұмыртқа салынады, ал маусымның соңында – шілденің басында балапандар ұяны тастап, шымшықтар тобымен қоныс аудара бастайды. Қазақстанда кіші тоқылдақтың биологиясы өте нашар зерттелген, соған қарамастан бұл құс орман үшін өте пайдалы құстардың бірі деп есептеледі.

Таралуы

Кіші тоқылдақ Еуразия және Солтүстік Африканың жапырақты және аралас ормандарында қоныстанады. Қазақстанда тек үш жерде ғана: Алтайда, Жайық өзенінің аңғарында және Көкшетау көтерілімінде ұялайды.

Құс – табиғат ажары.
Құс-табиғат ажары. Сұлулық сәнін, сазды әнін келтіретін әсем құстар-табиғаттың асыл қазынасы. Олардың табиғатқа тигізетін пайдасы орасан зор. Құстардың табиғаттағы санитарлық, эстетикалық орны ерекше. Табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес. Адам өмірінде де маңызы сан алуан құстардың дәмді еті, жұмыртқасы, бағалы мамығы, тыңайтқыштық қасиеті бар саңғырағы, өзге де өнімдері күнделікті тұрмыс қажетімізді өтейді.
Құстардың тіршілігін бақылау, оларға қамқорлық жасау өте қызықты, әрі пайдалы жұмыс. Құстарға жыл сайын көптеген ұялар жасау-қамқорлық жасаудың басты шарты.
Құс-табиғат байлығы. Ежелден-ақ адам баласы бүркіт, тұйғын, қаршыға, лашын, ителгі, қырғи сияқты кейбір жыртқыш құстарды қолға үйретіп, олармен аң аулаған. Құс салу өнеріне құмар елдің бірі-осы біздің қазақ еліміз. Адам баласы ертеден бері жабайы құсты аулап кәсіп еткен. Сондықтан байлықтың бір көзі құстарды қорғау-біздің қолымызда!

Тоқылдақ десек, далада өскен әрбір қазақ баласының санасына ағаштан-ағашқа қонып, ағаштардың дәрігері атанған құс оралады. Кейбіріміз жүрдек пойыздың қазақша баламасы тоқылдақ екенін еске түсіре бастаймыз. Ал бұл атаулы аспаптың барын көпшілігіміз біле бермейміз. Аспаптың тоқылдақ аталуына құстың атының, оның үнінің әсері тисе керек. Тоқылдақ – жаңғырықты аспап, ал тоқылдақ құсының ағашты тұмсығымен соққандағы жаңғырығы тақілеттес.

Тоқылдақ – үні ерекше, жаңғырығып шығатын, соғып ойналатын аспап. Соқпалы, ұрмалы аспаптар секілді тоқылдақ аспабын да берік, қатты ағаштардан жасайды. Бір көлемді ғана емес, пайдалану мақсатына қарай аспап әр түрлі көлемде пішінін сақтай отырып жасалады.

Тоқылдақ аспабының жасалуы аса қиын емес. Әрине жасалу әдісін білер шеберлер үшін. Ағаштан бір жақ беті ойылған аспаптың бастапқы қалпында сырты түгел тегістеледі. Содан соң аспапты кептіріп қояды. Кепкен сайын аспаптың үні артып, жаңғырығы күшейе түседі. Аспаптың арнайы ұрып, соғып ойнайтын арнайы таяқшасы болады. Арнайы ойығы да бар. Алақанмен немесе саусақтың ұшымен сол ойықты ашып немесе жауып аспаптың үнін сан құбылтып, әсерлендіріп, жаңғырығын еселей түсуге болады. Аспапты тұтас ағаштан ойып, жоғарғы жағын доғалдау пішінмен жасайды. Тоқылдақтың ернеуі жұқа болған сайын дауысы екпінді, күшті болады. Аспаптың әсерлілігін арттыра түсу үшін осындай тәсілдер қолданылады. Тоқылдақ аспабын кез келген ағаштан жасай бермейді. Шеберлер арнайы ағашты тұтас жона отырып, дауысын анықтай келе аспапты талғампаздықпен жасайды.

Тоқылдақ өзінің ерекше үнімен көптеген күйлердің, ән-жырлардың сүйемелшісі болды. Мысалы, Нұрғиса Тілендиев ағамыздың «Отырар сазы» оркестріндегі «Ата толғауы» атты күй осы тоқылдақ аспабының жаңғырығымен басталып, ары қарай орындалып кетеді.

«Тоқылдақтар әлемі» ертегісі.

Тоқылдақ құсына арнап ертегі құрастырдым.

– Кел тоқылдақ құрайық! – деді Тұрғазы. – Қызыққа батамыз!..
– Не ол?!
– Күлкілі ойын… Ол жан қалтасынан жалғыз тал кәртөп пен бір бума қырқыншы жіп алды. “Тоқылдақ” деп тықылдап тұрғанына қарағанда, алдын-ала әбден сайланып, дайындалып келген сыңайлы. – Міне, кәртөпті көрдің ғой!- Жан-жағына қарады да, жерден жіңішке ағаш алып кәртөпке шаншыңы. Ағашқа жіп байлады. Жіпті көтеріп, кәртөпті қозғап еді, ілгерінді-кейінді тербелді.- Осыны Амантай мұғалім үйінің терезесіне… кешқұрым… қараңғыңа… бас бағып… байқатпай барып ілеміз… Кәртөптің түбінен жіп байлаймыз. Жіптің екінші ұшын жүз-жүз елу метрге- өзіміз отыратын жерге дейін апарамыз. Соңан соң… сайқымазақ ойын басталды дей бер! Қолымыздағы жіпті тартамыз… Жібереміз… Тартамыз…. Жібереміз… Біреу терезені шертіп тұрғандай! Қызық емес пе? Аһа! Айтшы?!-Қалқан құлақ, бадырақ көз Түкең жерден жеті қоян тапқандай мәз-мейрам…
“Күлкілі ойынды” көз алдыма елеететіп, қиялға шомдым. Бақсам… шынында, тұп-тура киноңағыңай… Түн. Ай жарық. Жоқ… сәл қараңғылау… Кенет Амантай мұғалім үйінің терезесі қағылды. Бастапқыңа ақырын… сирек… Оңан соң… жиі-жиі… Әне, мұғалім үйден жейдешең атып шықты. Қараңғылыққа көзін үйретіп аз-кем тұрды. Төңірекке тегіс қарады. Ешкім жоқ… Дыбыстайды… Ары-бері жүреді… Тұрып-тұрып үйіне кіріп кетеді… Сәлден соң терезе қайтадан…тық-тық!..
Амантай мұғалім үй тапсырмасын орындамай келген оқушыларды тақтаның алдына қатар-қатар тізіп, сабақтың соңына дейін тұрғызып қоятын. Сол… көп тұратындардың бірі Тұрғазы еді….
– Мынауың… шынында… керемет ойын екен! Қайдан үйреніп жүрсің?
– Өткенде Ақшиге барғанда… Қайта мен кәртөп пайдаланбақшымын. Ал Ақшидің балалары темір болт байлайды…
– Түке, ойланшы… Әкеміздей адамды мазақтап, тәлкек қылуымымз ұят емес пе?! Әрі … жақсы мұғалім…
– Ештеңе етпейді! Ондай “оқымыстыға” бұл аз! Тәубесіне келеін!.. Кеншар ғаражында ұста болып істейтін Тұрғғазының әкесі Мұтәллап аға ғазет-жүрнал мен әдеби кітапты көп оқиды. Жеті кластық біліміне қарамастан дипломы бар талайларды шаңға көміп кетеді. Сол кісі Амантай мұғалімнің адалдығына, білімне ырза болып: “Ол оқымыстыазамат” деп отыратын. Тұрғазының айтып тұрғаны сол… әкесінен естігені…

Ескерту!

You May Also Like

Тәрбие басы-тал бесіктен, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Тәрбие басы-тал бесіктен» Орындаған: Мұратқалиев Абат Мазмұны Мазмұны………………………………………………………………………………………………….2…

«Бауыр» атауының қолданылу аясы, ғылыми жоба

MS EXCEL – дің графикалық  мүмкіндіктері, ғылыми жоба

Бағыты:  Жаратылыстану-математика Секциясы:  Информатика Тақырыбы:  MS EXCEL – дің графикалық  мүмкіндіктері Аннотация …

Ораза-жанның азығы, тәннің шипасы, ғылыми жоба слайд