Бағыты:  Жаратылыстану-математика

Секциясы:  Информатика

Тақырыбы:  MS EXCEL – дің графикалық  мүмкіндіктері

Аннотация 

Зерттеу мақсаты: EXCEL – дің графикалық мүмкіндіктері, диаграммалар құру жолдарын зерттей отырып, оқушы білімін, нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

     Зерттеу кезеңдері:  

  1. EXCEL – дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету
  2. Диаграммалар құру
  3. Математика экономика т.б. салаларда статистикалық мәліметтерді талдау мен салыстыруда диаграмманың маңыздылығын ашып көрсету.

Эксперимент  әдістемесі: EXCEL – де диаграмма құру, интернет жүйесін

қарау, баспасөз беттерінен материалдар

жинау арқылы білуге қызығушылығын арттыра отырып,

өз бетімен жұмыстана білуге үйрету

Зерттеу жаңалығы:  зерттеу, ойлау қабілетін дамытып, жаңа іс –

қимылға жетеледі. Пәнге деген қызығушылығы артты.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты

орындаушы өз талдауларын  қорытындылай

келіп, санды деректердің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін визуалды қабылдауға ыңғайлы, түсінуге жеңіл етіп график түрінде ұсыну әдісінің тиімділігі зор деп түйіндеді.

Теориялық және практикалық маңыздылығы: Мәліметтерді салыстыруда сандық деректерді графикалық түрде ұсыну күнделікті өмірде пайдалануға тиімділігін дәлелдей білді. Өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы оқушы бойында қалыптаса бастаған.

Жоспар

І. Кіріспе

а) Диаграмма түрлері

ІІ. Негізгі бөлім

а) Диаграмма құру.

ә) Диаграмма элементтері. Оларды таңдау, өзгерту

б) Диаграмманы практикада қолдану

ІІІ. Қорытынды

а) Диаграмманы  өзгерту, форматтау.

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. EXCEL диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар   және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді. Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т.б. қосуға болады.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.

Диаграмма тұрғызу үшін Диаграмма шебері деп аталатын функцияны қолдану керек. Диаграмма шеберін екі тәсілмен шақыруға болады:

1-тәсіл. Енгізу – Диаграмма … командасын орындау арқылы;

2 – тәсіл. Стандартты саймандар панелінің Диаграмма шебері батырмасы арқылы;

Осы әдістерді пайдаланғанда экранда 4 қадамнан тұратын сұхбат терезелері бірінен кейін бірі пайда болады.

1-қадам. Диаграмма түрін анықтау.

2-қадам. Диаграмма тұрғызуға қажет мәндер жиыны туралы мәліметтерді енгізу.

3-қадам. Диаграмма параметрлерін енгізу.

4-қадам. Диаграмманы орналастыру.

Диаграмманы құру үшін:

  • Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
  • Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
  • Қою менюіндегі ДИАГРАММА командасын таңдау немесе СТАНДАРТ аспаптар тақтасындағы ДИАГРАММА батырмасын шерту;
  • Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
  • Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
  • Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады.

График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап отыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.

          Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100% -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады.

Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.

Диаграмманы белгілеу үшін курсорды диаграмманың ішкі кез келген нүктесіне алып барып, тышқанның сол жақ пернесін басу керек. Диаграмма айналасында жіңішке сызықпен қоршау пайда болады және кішкене төртбұрыштар шығады. Әрбір төртбұрыштар арқылы бөлінген аймақ диаграмманың элементтері деп аталады, олар: диаграмманысалу аймағы, диаграмманың өз аймағы, түсініктеме мәтін(легенда) аймағы, тақырып аймағы, мәліметтерді белгілеу аймағы, мәліметтер қатарлары.

Диаграмма элементтерін форматтау үшін жанама-тәуелді мәзірді әрбір аймаққа жеке-жеке шақыру керек.

Диаграмманың элементтерін жылжыту үшін белгіленген диаграмма элементінің кез келген ішкі нүктесіне тышқан курсорын алып барып, оның түймесін басып тұрып, жібермей жылжыту керек.

You May Also Like

Ккафедра еңбек гигиенасы, коммуналдық гигиена және ТҚН. Қазіргі кездегі тұрмыстық жағдайдағы және жұмыс орнындағы электромагнитті сәулелену, ғылыми жоба

Қазіргі кездегі тұрмыстық жағдайдағы және жұмыс орнындағы электромагнитті сәулелену žЖоспар: žЗерттеу өзектілігі…

Сарысудың дайындалу әдісі, ғылыми жоба

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:»САРЫСУДЫҢ  ДАЙЫНДАЛУ ӘДІСІ»» Тақырыптың өзектілігі: Сарысудың жасалу  әдісін және адам…

Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі  Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан…

Рахым Сәбденов ауылы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» П І К І Р  Бүгінгі заман…