СӨЗДІҢ ЕҢ ҰЛЫСЫ- ТАРИХ

Ия, тарих туралы сыр шертсек, бір сағат тұрмақ, бір күн жетпейді- ау, сірә. Оның ішінде туған жер туралы тіпті ұзақ айтуға жалықпас едім.

Мен туған жер – жер жәннәті, сұлу да сымбатты, тауы қарағаймен өрілген, көрген жанды тамсандырмай қоймайтын Қарқаралы.

Қарқаралы дегенде кешегі Сәбит Мұқановтың шығармасына арқау болған Шәйтән көл қоса естілгендей болады. Себебі, Қарқаралы-Шәйтән көл егіз ұғым десем артық болмас еді. 200 жылдық тарихы бар туған жеріме кімдер келіп, кімдер кетпеді. Кешегі Шоқан Уәлиханов пен досы Потанин бастаған экспедиция тобы , одан кейін білім- ғылым жолында орасан еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев әкесі Құнанбай қажы Өскенбайұлы т.б.толып жатқан қазақтың біртуар даналары тоқтап, азды- көпті еңбек еткен.

Бұл күні Ш. Уәлиханов пен Потанин тоқтаған үй балалар кітапханасы ретінде алғашқы қалпында, жәдігер ретінде сақталып тұтынылуда. Ал, А. Байтұрсынұлы еңбек жолын бастаған Ақтерек ауылдық мектебі сол уақыттан осы күнге дейін  ауыл балаларын білім нәрімен сусындатуын тоқтатқан емес. Және, сол Ақтерек ауылында Ахаң еңбек жолын бастаған мектеп қабырғасы бүгінгі күні Ахаңа арналған мұражай ретінде сақтаулы.  Құнанбай қажы Өскенбайұлы салдырған мешіт бүгінгі күні өңдеуден өтіп, көк күмбезі алыстан мен мұндалап тұр. Ұлы ақын Абай Құнанбаев тоқтаған үй Абай мұражайы ретінде сақтаулы. Ішінде музыка мектебі өз жұмысын жалғастырып, өмірге талай өнерлі тарландары тәрбиелеуде.  Бұл жандар жұмыс бабымен тоқтап, Қарқаралы тарихына із салып өтсе, тума таланттары бір төбе ғой шіркін.  Өз туғандарынан қорлық көріп, ел ішінде қуғынға түске

Атыңнан айналайын Қарқаралы,

Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.

Сайыңнан сайғақ құрлы пана таппай,

Мен бір жан, қуған көрген арқадағы,- деп әнге қосып жыр арнаған Мәди Бәпиұлы бір төбе ғой. Ал, ақын Қасым Аманжолов ше.

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

О шетімен, бұ шетіне жүгіргең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қанама,- деп туған жеріне деген ыстық махаббатын жор жолдарымен білдірсе, бейбіт күннің батыры Тоқтар Әубәкіров ағамыздың ерлігін мақтанышпен айту парызым деп білемін.

Осындай Сары арқаның ханшайымның тәжі іспетті, бір сөзбен теңеу айтып жеткізу мүмкін емес, жер жәннәтінде дүниеге келгеніме өте қуаныштымын. Сол мекеннің баласы болмай, тасы болсам не етер едім. Туған жерімнің тарихын мақтан етіп, айта алмас едім ғой. Бұл үшін де, Аллаға шүкіршілік етемін!

You May Also Like

Электронная вахта через Html, Css, Php, MySql

Система «Электронная вахта» – это проект автоматизации контроля доступа для учебных заведений…

Бедеу неке

Тақырыбы:  Бедеу неке. Жоспар: Кіріспе:  Бедеу некеге түсінік Негізгі бөлім: – Бедеуліктің…

Мінез-құлық туралы нақыл сөздер

Мінез-құлық туралы Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, Мейірбандылық, әр…

Обереги – возвращение к истокам

Тема: «Обереги – возвращение к истокам»                               Содержание Введение………………………………………………………………………………..3 Что же такое…