Мінез-құлық туралы

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, Мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек – бұлар жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі.

Абай Құнанбаев

Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

Абай Құнанбаев

 

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

Абай Құнанбаев

Ашулы адамның сөзі аз болса – ыза қуаты артында болғаны.

Абай Құнанбаев

 

Өзімшілдік – адамды бұзатын пиғыл.

Абай Құнанбаев

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар – надандық еріншектік, залымдық.

Абай Құнанбаев

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі – зор билік, екіншісі – есепсіз байлық.

Абай Құнанбаев

Адам баласының ең жаманы – талапсыз.

Қайратсыз, қорқақ кісі – мақтаншақ келеді.

Жинақылықтың түбі – кеніш.

Уайым – қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу – антұрғандық.

Абай Құнанбаев

Бірлік малға сатылса – антұрғандықтың басы осы.

Абай Құнанбаев

Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі.

Абай Құнанбаев

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абай Құнанбаев

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды –

Әдеті надан адамның.

Абай Құнанбаев

Кекшіл болма – көпшіл бол.

Абай Құнанбаев

Дұшпаныңа әділ бол.

Абай Құнанбаев

Асығыс түбі – өкініш.

Абай Құнанбаев

Түзде – мырзаң, үйде – сырдаң.

Абай Құнанбаев

Момыннан жаман қорқақ жоқ.

Абай Құнанбаев

Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді.

Абай Құнанбаев

Өзінде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Абай Құнанбаев

Күндестік шырық бұзады.

Абай Құнанбаев

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

Абай Құнанбаев

Қулық пен құбылудан жалығудың өзі – жақсылық.

Абай Құнанбаев

 

Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.

Абай Құнанбаев

Өсек тасып құмардан шығатындар болады.

Абай Құнанбаев

Құмарлық – нәпсі құлы.

Абай Құнанбаев

 

Қулық та – бір дерт.

Абай Құнанбаев

 

Ішсем, жесем, ұйықтасам – тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен – жан құмары.

Абай Құнанбаев

 

Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады.

Абай Құнанбаев

Көрсеқызар, күнде асық – дуаналық.

Абай Құнанбаев

Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.

Абай Құнанбаев

Жеңсікқойлық – тез тозар.

Абай Құнанбаев

Ынсапсыз істің ақ-қарасына қарамайды.

Абай Құнанбаев

Өсекші – ел тыныш болса азады.

Абай Құнанбаев

 

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

Абай Құнанбаев

 

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.

Абай Құнанбаев

 

Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу.

Абай Құнанбаев

 

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: бірінші – көкірегі байлаулы беріктік, екінші – ғибратлану, тұщынып, ынтамен ұғу, үшінші бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші – ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек.

Абай Құнанбаев

 

Жалтақтық пен жалпақшешейлікті суқаным сүймейді.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

Мұхтар Әуезов

 

Қарада да қара бар – хан ұлы басып өткісіз.

Махамбет Өтемісұлы

 

Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрған адам сияқты екен.

Ғабит Мүсірепов

 

Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды.

Ғабит Мүсірепов

 

Мінез: от басында күл шашып, күпілдеген көпірме.

Ғабит Мүсірепов

 

Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін тауып, өрлеп барады.

Ғабит Мүсірепов

 

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

Әлихан Бөкейханов

 

Сүтпен біткен мінез – сүйекпен кетеді.

Шортанбай Қанайұлы

Мінезі жаман адамға – енді қайтып жуыспа,

Тәуір көрер адаммен – жалған намыс қуыспа.

Асан қайғы

Басында батпан міні көп – кісі айыбын тергеген,

Дәулет бітсе жаманға – сәлем берер жеңменген.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Мінездеме: аттың жемін жеп, тайдың ісін істейді.

Мақал – мәтел

Құл – кекшіл.

Мақал – мәтел

Жетім қозы – тасбауыр: отығар да – жұбанар.

Мақал – мәтел

Тентек шоқпар жинайды.

Мақал – мәтел

Үндемеген үйдей бәледен құтылады.

Мақал – мәтел

Берген – жомарт емес, алған – жомарт.

Мақал – мәтел

Жалқаудың ертеңі бітпес.

Мақал – мәтел

Үндемегеннен үйдей пәле шығады.

Мақал – мәтел

Адам аласы – шінде, мал аласы – сыртында.

Мақал – мәтел

Асатпай жатып құлдық.

Мақал – мәтел

Жуас түйе жүндеуге жақсы.

Мақал – мәтел

Пәле түбі – жұт, жақсы мінез – құт.

Би-шешендер

Сүтпен біткен мінез-сүйекпен кетеді.

Шортанбай Қанайұлы

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –

Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

Міржақып Дулатов

Әркім өз қолынан келгенше жомарт.

Міржақып Дулатов

Қылымсығанда – қызыл киеді,

Жарамсақтанғанда – жасыл киеді.

Махмұд Қашқари

От – түтінсіз болмас, жігіт – мінсіз болмас.

Махмұд Қашқари

Ашу қысса – ақылың ғайып болады.

Махмұд Қашқари

Тәкаппар тақсірет тартырады.

Махмұд Қашқари

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.

Білге қаған

Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.

Білге қаған

Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.

Білге қаған

Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Мінез – жанның айнасы.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Құрсақта біткен мінез – қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді – өлгенше өзгерте алмайсың.

Жүсіп Баласағұн

Ойласа – ойдың көсемі, сөйлесе – қызыл тілдің шешені, ұстаса -қашағанның ұзын құрығы, қиып алған жас орманның сырығы.

Қазтуған Сүйінішұлы

Кекірейген кердеңдерден қаш.

Қожа Ахмет Йассауи

 

You May Also Like

Адам өмірін өзгерткен 3 ғылыми жаңалық

Адам өмірін өзгерткен 3 ғылыми жаңалық. Адамзат тарихы – бұл әлемді технологиялық…

Өнімнің өзіндік құнын талдау

9 ТАҚЫРЫП.  ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ 1. Өнімнің өзіндік құның талдау міндеттері…

Ізгілік тілесең–ізгі бол

Ізгілік тілесең – ізгі бол Әрбір адам өзінің жақсы жақтарымен, яғни мінезімен…

Жылқы туралы жалпы сипаттама

Кіріспе 1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері 1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері 1.2…