ТақырыбыБедеу неке.

Жоспар:

Кіріспе:

 Бедеу некеге түсінік

Негізгі бөлім:

Бедеуліктің жіктелуі

Бедеуліктің себептері

Әйел бедеулігінің негізгі түрлері

Ерлер бедеулігі

Некедегі бедеулік факторлары

Бедеуліктің диагностикасы

Бедеулік емі

Алдын алу

Қорытынды:

Кіріспе

Бедеу неке казіргі кезде өте маңызды және қиын медико-әлеуметтік мәселелердің бірі болып есептелінеді, себебі бедеуліктің кездесу жиілігі 18-20% және жылдан жылға өсіп жатыр. Босанған әйелдердің арасында репродуктивті денсаулықтың төмендеуі, психосексуалды бұзылыстарға, гинекалогиялық патологияның жоғарлауына, репродуктивті жүйенің ісіктеріне әкеледі. 35 жастан асқан әйелдердің ұрықтану қабілеті 3-4 есе төмендейді, бедеулік 3 жылға созылған кезде 25-35 жас аралығындағы әйелдерде репродуктивті жүйенің қайта қалпына келуі 50-20% кездеседі.  

Бедеу неке

Бедеу неке дегеніміз репродуктивті жастағы ерлі-зайыптылар 1 жыл ішінде ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қарсы заттарды (контрацептивтерді) қолданбаған кезде жүктіліктің болмауын айтамыз

Бедеуліктің жіктелуі

  1. Абсолютті 
  2. Салыстырмалы
    1. Біріншілік 
    2. Екіншілік

БЕДЕУЛІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ

  1. АБСОЛЮТТІ – организмде кері қайталанбайтын потологиялық өзгерістердің болуы. ( жатырдың, жатыр түтігінің, аналық бездің болмауы)
  2. САЛЫСТЫРМАЛЫ – бедеуліктің себептерін жоюға болатын жағдайлар.
  3. БІРІНШІЛІК- жыныстық қатынастағы әйелде өмір бойы бірде бір жүктілік болмағанда.
  4. ЕКІНШІЛІК- бұрын соңды жүктілік болғанмен ендігі жүктілік болмауында, яғни әйелдің қазіргі таңда 1 жыл арасында көтере алмауы.

Бедеулік неке жиілігі  10-15% құрайды. 45% жағдайда бедеулік себебі әйел организміндегі бұзылыстар, 40% жағдайда ер кісі организміндегі жағдайға байланысты. (сперма жетілмеуі, эякуляция бұзылысы, импотенция). Ал қалған пайызы бедеуліктің екеуінде де болуымен сипатталады.

Бедеуліктің себептері

Жыныс мүшелерінің анатомиялық және функцияналды өзгерістер.

Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары, гонорея, туберкулез, кіші жамбас қуысының жабысқақ процестері.

Жатыр мен оның қосалқыларының даму ақаулары.

Жарақаттар

Ісіктер

Түсіктер

Індетті ауырулар

Стресс жағдайлар

Эндокринді бұзылыстар

Семіздік

Экстрагениталды аурулар

Эндометрийдің рецепторларының бұзылыстары

Зиянды әдеттерге салыну (шылым, алкоголь, нашақорлық)

Әйел бедеулігінің себептері:

  • Эндокринді бедеулік 35-45 %;
  • Түтіктік бедеулік 20-30 %;
  • Гинекологиялық патологияға байланысты 15-25 %:
  • а)эндометриоз;
  • б)жатыр миомасы;
  • в)эндометри патологиясы.
  • Жатырлық түрі (анатомиялық бұзылыстар);
  • Иммунологиялық бедеулік 2-5 %;
  • Идиопатиялық бедеулік не генезі белгісіз бедеулік 8-10 %;
  • Абсолюттік бедеулік.

Себебіне байланысты әйел бедеулігінің негізгі түрлері

түрлері сипаттамасы Кездесу жиілігі(%)
1.Эндокринді түрі Бұл кезде овуляция процессі бұзылады. 35-45%
2.Түтіктік түрі және перитонеальді түрі Жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары бар,операция жасалған, жабысқақтары бар науқастар жатады. 20-30%
3.Әртүрлі гинекологиялық аурулар Қынап және жатыр мойнының аплазиясы,эндометриоз,жатыр миомасы бар науқастарда кездеседі. 15-25%
4.иммунологиялық Бұл кезде шәуетке антиденелер түзіледі 2-5%
5.Түсініксіз(генезді түсініксіз) белгісіз 8-10%

Түтіктік бедеулік.

Бұл бедеулі неке көбіне екіншілік болады, қабыну процесі нәтижесінде дамиды. Жатыр түтіктері қабырғаларының инфильтрациясы, қуыстарының облитерациясы, иілулердің, перитубарлы жабысулардың әсерінен өткізгіштігі бұзылады. Жатыр түтіктерінің қабыну процестерін шақыратын микроағзалар патогенді және шартты патогенді  болып келеді. Ең жиі кездесетін қоздырғыштар гонококк және стафилококк.

Түтіктік бедеулік болуы мүмкін:

  • анато-функционалдық бұзылыстар (тума аномалиялар, генитальды эндометриоз);
  • Бұрын ауырған қабыну аурулары (гонококктық, хламидиялық және т.б. сальпингит, жыныс ағзасының туберкулезі);
  • Жатырішілік манипуляциялар (аборт, жыныс мүшелеріне жасалған операциялар).

Жатыр түтігінің өткізгіштігінің бұзылуы қаупінде:

  • Инфекциялық тексеру:

    а)бактериоскопиялық;

    б)культуральды;

    в)иммунофлюоресцентті;

    г)ПЦР.

  • Гистерсальпингография– 42-77%.
  • Гистероскопия.
  • Эхогистеросальпонгоскопия ЭГСС)-88,9%.
  • Лапароскопия-97%.
  • Фертилоскопия-90-96%. Микросальпингоскопия.                     

Эндокринді бедеулік.

   Бедеуліктің бұл түрі кең мағынаны білдіреді, этиологиясы, патогенезі, клиникасы түрлі көптеген эндокринді аурулады қамтиды.

 1 топ – гипоталамды-гипофизарлық жетіспеушілік.

  2 топ – гипоталамды-гипофизарлық дисфункция.

  3 топ – аналық бездік жетіспеушілік.

  4 топ – жыныстық жүйенің туа біткен немесе жүре дамыған бұзылыстары.

5 топ – гипоталамды – гипофизарлық аймақтың ісігіндегі гиперпролактонемия.

6 топ – гипоталамды гипофизді аймақтың ісігіндегі аменорея.

Эндокриндік бедеулікке әкелетін  аурулар мен синдромдар:

  • Бүйрекүсті безінің гиперандрогениясы (17-КС,

    17а-гидроксипрогестерон)

  • Гиперпролактинемия (ПРЛ,кейде ТТГ).
  • Гипертиреоз (ТТГ).
  • Гипотиреоз (ТТГ).
  • Гипергонадотроптық аменорея (ФСГ).
  • Иценго-Кушинг ауруы-гиперкортицизм

    (кортизол).

  • Адисон ауруы-гипокортицизм (кортизол).
  • Гипопитуитариз (АКТГ,ТТГ).
  • семіздік.

Иммунологиялық бедеулік. 

Бұл жерде жасушалық және гуморальдық иммунитет бұзылыстары болады

Иммунологиялық бедеулік.

       Бұл жағдай әйел жыныс мүшелерінде, яғни жатыр мойнында, эндометриінде, жатыр түтігінде еркек спермасына карсы антиденелердің пайда болуымен сипатталады. Пайда болған антидене сперматозоидты фагоцитоздап, жойып жибереді

Әртүрлі гинекологиялық аурулар кезіндегі бедеулік.

Бұл эндометриоз, жатыр миомасы, эндометрия полиптері мен жатырішілік синехиялар секілді аурулар кезінде эмбрионның жатыр қуысына имплантациялана алмауынан яғни бекіне алмауынан болатын бедеулік.

Ерлер бедеулігі.

Ерлер бедеулігі әртүрлі аурулардың симптомы болып табылады. Сперманы зерттеу арқылы ерлер бедеулігін анықтауға болады. Жақында жиналған сперманы микроскоппен қарайды, жасушаларды санақ камералары арқылы санайды. Сперматозоидтар 1мл спермада 20млн кем болмауы керек.

  Астеноспермия – белсенді қозғалғыш сперматозоидтардың аз болуы.

  Некроспермия – тірі сперматозоидтардың болмауы.

   Тератоспермия – патологиялық түрлерінің көп болуы.

   Олигоспермия – сперматозоидтар санының аз болуы.

   Азоспермия – сперматогенез жасушаларының болғанымен, сперматозоидтардың болмауы.

   Аспермия – сперматагенез жасушаларының болмауы.

Некедегі бедеулік факторлары

  • Әйелдегі:
  • Психосексуалды бұзылыстыр; гиперпролактинемия;
    гипофизарлық бұзылыстар (ісік);
    – ФСГ
    жоғары мөлшеріндегі аменорея;
  • Эстроген қалыпты мөлшердегі;
    кіші астауындағы спайкалық процесстер;
    эндометриоз;
  • Эстроген төмен мөлшердегі аменорея;
  • олигоменорея;
    – циклы
    бұзылған менструация немесе ановуляция;
    қалыпты менструация кезіндегі ановуляция;
    тума аномалиялар;
    түтікшенің екі жақты өтімсізділігі жатырдың және жатыр мойнының жүре пайда болған патологиялары;
    жүре пайда болған түтікше патологиялары;
  • жүре пайда болған аналық без патологиясы;
    генезі белгісіз бедеулік;
    ятрогенді себептер;
    жүйелік аурулар;
  • Ерлердегі:

варикоцеле;

– Эндокринді бұзылыстар

ұрықтық плазманың жекелеген бұзылысы;
ятрогенді себептер;
жүйелік аурулар;
тума аномалиялар;
Психосексуалды бұзылыстыр;
иммунологиялық фактор;
эндокринді себептер;
идиопатиялық олигозооспермия;
идиопатиялық астенозооспермия;
идиопатиялық тератозооспермия.

– жыныс мүшелерінің індетті қабыну ауру

– Хромосомды аномалиялар

– крипторхизм

Диагностикасы:

Біріншілік консультативті тексеруде дәрігер әйелдің келесідей  клинико-анамнездік жағдайларды бағалуы тиіс:

  • Пациент шағымдары: құрсақ көтермеуіне, жағдайының төмендеуіне (әлсіздік, бас ауруы, ұйқы бұзылысы т.б.) және олардың локализациясы (іштің төменгі жағы , мықын аймағы, етеккір циклімен байланысты не байланыссыз) , етеккір циклінің бұзылыстарына, дене салмағының өзгерістеріне, сүт безіне бөліністеріне, психололгиялық мазасыздыққа шағымдануы мүмкін.
  • Анамнез.
  • Менструальдық анамнез. (менархе жасы, циклдің реттілігі, ұзақтығы, көлемі, ауыру сезімінің бар жоғын т.б.)
  • жыныстық функция (қанша жастан басталды, нешінші неке, жыныстық өмірдің реттілігін, ұзақтығын, партнер санын, жыныстық акт кезінде ауру сезімінің бар жоғын)
  • Пайдаланылатын контрацепция түрлері және пайдалану ұзақтығы.
  • Алдыңғы жүктілік саны, жүктіліктің өту жағдайы, босану саны, босану жағдайы, тірі қалған балалар саны, түсік пен аборт санын сұрастыру.
  • Бедеулік мерзімі.
  • Тұқымқуалайтын аурулар мен экстрагенитальді ауруларының бар жоғын.
  • Бедеулікке әкелетін операциялардың болған немесе болмағанын

Гинекологиялық анамнез: дәрігер аурудың қашан алғаш рет бедеулік жөнінде  акушер-гинекологқа қаралғанын, онда не анықталғанын білуі керек. Бұған дейн жыныс ағзаларының қабыну аурулары мен инфекциялық аурулардың  болған немесе болмағандығын, болған жағдайда ұзақтығын, жатыр мойнының ауруларымен аурғанын, ауырса қандай ем қабылдағанын анықтау қажет. Бедеулік жөнінде өткен бүкіл тексерулерін ретімен жинақтау. Егер жыныс жолының қабыну ауруы болса,ол немен байланысты болғанын білу. Гормональды терапияға қарсы көрсеткіштерін қадағалауАлдында  алған  физиожәне  бальнеотерапиясын, оның әсерін, осы аралықтағы бүкіл медикоментозды емдік заттарын , оларды қолданған  ұзақтығын нақтылап анықтау қажет.

  • Объективті тексеру:

   Антропометриялық мағлұмат (бойы, салмағы) дене бітімі

   Тері жабындысының қалпы, түктенуі, бөртпелердің бар жоғын,

   гипертрихоз.

   Сүт безінің жағдайы.

  • Бимануалды гинекологиялық тексеру, жатыр және жатыр мойнын қарау.
  • Аспаптық тексеру:
  • кольпоскопия,
  • Цервикальді канал, уретра, және қынапты тексеріп, жағынды алу, жағындыны цитологиялық зерттеу . Керек болса ПЦР жасау, инфекцияға тексеру, және антибиотикке сезімталдығын анықтау.
  • Жатырды және аналық безін, бүйрекүсті безінің УДЗ
  • Терапевтің консультациясы

Горманальды бұзылыстар қаупі кезінде әйел келесі тексерулерден өту керек:

  • Ректальды температураны өлшеу.
  • Функциональды диагностика тесттерін тапсыру.
  • Гормандарды тексеру:
  • ФСГ
  • ТТГ
  • ПРЛ -п-КС
  • 17а-гидроксипрогестерон .
  • АКТГ
  • Прогестерон.
  • СТГ
  • Бастың және түрік ершігінің рентгенографиясы.

                     Бедеулікті емдеу.

  Бедеулікті емдеу репродуктивті жүйе бұзылысының негізгі себебін жоюға негізделген. Түтіктік бедеулікте консервативті шаралардан басталады және қабынуға қарсы ем тағайындау қажет. Жатырдың ретродевиацияларында физиоем гинекологиялық уқалаумен қосып беріледі. Консервативті емнің нәтижесі болмаса, хирургиялық ем жасалынады.

ЭКҰ және оған көрсеткіштері:

  • ЭКҰ дегеніміз жұмыртқа жасушасын in vitro жағдайында ұрықтандырып, пайда болған эмбрионды жатырға культировать ету және оны ендіру.

ЭКҰ ға көрсеткіштер:

  • Әйел бедеулігі:
  • түтікшенің абсолюттік бедеулігі (түтікшенің болмауы не өткізуінің бұзылысы);
  • эндометриозға байланысты бедеулік(медикаментоздық терапия нәтижесі болғанда);
  • эндокринді бедеулік( гормонотерапия нәтижесіз болғанда),
  • этиологиясы белгісіз бедеулік;
  • цервикальды факторлы бедеулік
  • абсолюттік бедеулік (гонадтардың дисгенезиясы, ерте менопауза)
  • Ерлер бедеулігі:
  • олигоастенозооспермия I-II сатысы.
  • Аралас бедеулік.

ЭКҰ қарсы көрсеткіштер:

  • соматикалық және психикалық аурулар, жүктіліктің қалыпты өтуіне кедергі келтіреді ;
  • тума аномалилар;
  • тұқымқуалаушылық аурулар;
  • жатырдың және аналық бездің гиперпластикасы;
  • жатыр қуысындағы синехиялар.

 ЭКҰ методикасын жүргізу этаптары:

  • гормональных препараттар көмегімен суперовулияны стимулдеу
  • Жалпы анестезия көмегімен УДЗ арқылы аналық без жасушаларын алу
  • Аналық жасушаны жұбайының не донордың алдын ала өңделген спермасымен ұрықтандыру (капацитирленген) .
  • Эмбрионды арнайы қоректік орталарда 2-5 күн өсіру;
  • 1-3 эмбрионды науқастың жатыр қуысына еңгізу.
  • Эмбрионның имплантациясына қажет жағдай тудыратын лютеинді фазаны жақсарту мақсатында, прогестерон және хорионды гонадотропин препараттарын енгізу.

ЭКҰ кезіндегі асқынулар:

  • Гиперстимуляция;
  • Көп ұрықты жүктілік-20-30%;
  • Жатырдан тыс жүктілік;
  • Спонтанды аборт -12-15 %;
  • Босанудан кейінгі асқанулар
  • Психологиялық стресс.

                           Алдын алу.

  Бедеуліктің алдын алу тек акушер-гинекологтардың ғана емес, педиатрлардың, мектеп дәрігерлерінің, венерологтардың, эндокринологтардың, терапевттардың мақсаты болып табылады. Қыз туылғаннан бастап алдын алу шараларын жасау қажет. Бедеуліктің алдын алуда балалық шақта және жасөспірімдік кезеңде инфекционды және басқа ауруларды болдырмау шараларының маңызы зор. Санитарлық ағарту жұмысының, жыныстық тәрбие мәселесінің маңыздылығы бедеулік аясында зор дәлелденген.

Қорытынды

     Қорыта келгенде бедеу неке ол ерлі-зайыптылардың жоғарыда айтылған бірнеше себептердің салдарынан ұрпақ сүйе алмау қасіреті. Басты айта кетер бір жағдай бедеулік бұл жаза емес, тек ерлізайыптылардың кезіндегі  жыныс мүшелеріндегі  аурулардың салдары ғана, сондықтан бұл сорды болдырмаудың ең басты шешімі мейлі ол қыз болсын, не жігіт болсын өз денсаулығына о бастан үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қорғау. Ал болашақ ұрпақтарына дұрыс тарбие беріп, денсаулық маңыздылығын, бала сүю маңыздылығын түсіндіре білу.

You May Also Like

Нұр-Сұлтан (Астана) –тәуелсіз Қазақстанның астанасы.

Нұр-Сұлтан (Астана) –тәуелсіз Қазақстанның астанасы. «Астана – бас қала» – деп айтылуында үлкен…

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда

“Өзге емес, өзім айтам өз жайымда” Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң…

Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған

 Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған  Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын…

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру

Блокты сығымды сораптық станцияны автоматтандыру Барлық өндірістік мекемелерде сораптык кондырғылар қолданылады.Көбінесе поршенді…